"Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 811 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 14688 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.05.2018 № 346 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11762 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:     

      "17. Бақылау барысында құзыреттi органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мониторинг деректерiн талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Заңға және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар шарттардың шартарын сақтауы бойынша оларға тексеру жүргiзедi.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (А.Ж. Шалабаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 15 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      ___________________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 2 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 29 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 7 желтоқсан