"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14636 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 28 мамырдағы № 113 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 28.05.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау парағының нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуді ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді өткізу нұсқаулығы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті (бұдан әрі – Агенттік) заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын Агенттік төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 112 бұйрығына
1-қосымша

Аттестаттаудан өтуге жататын
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерін бағалау парағының
НЫСАНЫ

фото
3х4


      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________

      жұмыс орны, лауазымы, санаты

I БӨЛІМ. Жеке мәліметтер

№ р/н

Мәліметтер
 

1

Туылған жылы

күні/ айы/ жылы

2

Білімі

Маман, бакалавр, магистр/
Оқу орнының атауы (аяқтау жылы)/
Мамандығы бойынша біліктілігі

3

Ғылыми және/немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы

Дәрежесі, атағы/Алу күні

4

Шет тілдерін меңгеру

Тіл/
Меңгеру деңгейі

5

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары, басқа мадақтары

Награданың, құрметті атақтың, басқа мадақтың түрі /Алу күні

6

Тәртіптік жазалары туралы мәліметтер

Жаза түрі/қолдану туралы актінің № мен күні

7

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған әкімшілік жаза туралы мәліметтер

Жаза түрі/қолдану туралы актінің № мен күні

8

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жаза қолданылғаны туралы мәліметтер

Жаза түрі/ қолдану туралы актінің № мен күні

9

2016 жыл үшін қызметшінің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

Бағалау түрі (тоқсандық, жылдық)/Бағалау нәтижелері

      Мөр орны

II БӨЛІМ. Лауазымдық міндеттердің негізгі шеңбері

"Б" корпусы қызметшісінің қызметінің спектрін айқындайтын негізгі 5-тен аспайтын өкілеттіктері көрсетіледі

IIІ БӨЛІМ. Еңбек жолы

1

Еңбек жолының жалпы өтілі

(Жылы/айы)

2

Мемлекеттік қызметтегі өтілі

(Жылы/айы)

3

Мемлекеттік орган жүйесіндегі өтілі

(Жылы/айы)

4

Атқаратын лауазымындағы өтілі

(Жылы/айы)

IV БӨЛІМ. "Б" корпусы қызметшісіне қызметтік мінездеме

      (Тікелей басшысымен толтырылады)

"Б" корпусының қызметшісіне қатысты келесі ақпарат:
1. Мемлекеттік орган өкілеттіктері саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың білуі (стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан туындайтын міндеттердің білуі және бағдарлануы сипатталады).
2. Лауазымдық міндеттерін орындауы (аттестаттаудан өтуге жататын қызметшінің шешуге қатысқан мәселелердің негізгі тізбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерін орындауда тиімділігі мен адалдығы, лауазымдық міндеттерін орындау барысында бастамашылығы, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағдарлануы бағаланады).
3. Кәсіпқой білімін қолдануы (жұмыста кәсіпқой және ақпараттық технологияларды қолдануы және дейңгейі сипатталады).
4. Этикалық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауы келтіріледі.

      Тікелей басшысы: __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қолы _______________                               Күні ______________________

      Мінездемемен таныстым: ___________________________________________________

      (аттестатталатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда))

      Қолы _______________                               Күні ______________________

      Мінездемемен келіспеген жағдайда негіздеме: __________________________________

      __________________________________________________________________________

      Персоналды басқару қызметінің басшысы (кадр қызметінің): ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қолы _______________                               Күні __________________

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 112 бұйрығына
2-қосымша

Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуді ұйымдастыру қағидалары

      1. Осы Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 27-тармағына сәйкес әзірленді және аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуін өткізу тәртібін және бағдарламаларын айқындайды.

      2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі – әкімші) өткізіледі.

      3. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

      4. Жеке құзыреттерді бағалайтын тестілеу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылатын бекітілген кестелерге (бұдан әрі – тестілеу кестелері) сәйкес өткізіледі.

      5. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшісі) жіберіледі.

      6. Тестілеу басталғанға дейін әкімші "Б" корпусының қызметшілері үшін нұсқама жүргізеді және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.

      7. "Б" корпусының қызметшілері жеке құзыреттерді бағалайтын тестілеуден осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бағдарлама бойынша атқаратын мемлекеттік лауазымдарының санаттары бойынша өтеді.

      8. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген "Б" корпусының қызметшілері ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды.

      Бұл жағдайда "Б" корпусы қызметшілерінің тестілеуі осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      9. "Б" корпусының қызметшісі кестеге сәйкес тестілеуге келмеген жағдайда қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі уәкілетті органды "Б" корпусы қызметшісінің келмеу себептері туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті орган осындай қызметші үшін қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметімен келісе отырып, тестілеудің жаңа уақытын белгілейді.

      "Б" корпусы қызметшісінің кестеге сәйкес тестілеуге екі реттен көп дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда уәкілетті орган осындай қызметшіге одан әрі тестілеуден өткізуден бас тартады.

      10. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусының қызметшісін сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

      11. Әрбір компьютер "Б" корпусының қызметшісін суретке түсіру және тестілеу процессіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      12. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.

      Тестілеуден өту барысында қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) қолданылмайды. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында өшірілуге жатады.

      13. "Б" корпусының қызметшісі осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші "Б" корпусы қызметшісінің тестілену процессін тоқтатады және оны орын-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте әкімші бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағидаларды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады, және тиісті аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарына қосу үшін жолдайды.

      Қайта тестілеу тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні рұқсат етіледі.

      14. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және т.б.), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.

      Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      15. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.

      16. Тестілеу аяқталғаннан кейін "Б" корпусының қызметшілеріне осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда аттестаттау өткізу кезеңінде жарамды тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындылар беріледі.

      "Б" корпусы қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындылар мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі немесе "е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға электрондық түрде жолданады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

  Аттестаттаудан өтуге
жататын "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жеке
құзыреттерін бағалайтын
тестілеуді ұйымдастыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Бекітемін

      Аттестаттау

      комиссиясының төрағасы

      ____________

      " " _________ 20__ жыл

      _______________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _______________________________________

      (аттестаттау комиссиясының деңгейі)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Аттестатталатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Аттестатталатын қызметшінің лауазымы

Санаты

Құрылымдық бөлімше

Тестілеуден өту күні







  Аттестаттаудан өтуге
жататын "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жеке
құзыреттерін бағалайтын
тестілеуді ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеу бағдарламалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Тестілеу бағдарламалары, қатерлі аймақ және тесттерді орындау уақыты

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар

Санаты

1

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеу қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті тұтынушыны хабарландыру, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық құзыреттері көріністерінің деңгейін бағалау бойынша тесттерді қамтиды.
Сұрақтардың жалпы саны – 220 (екі жүз жиырма).
Құзыреттер көрінісінің деңгейі:


өте жақсы – "А";
тиімді – "В";
қанағаттанарлық – "С";
ең төмен – "D".
Тестілеу рәсімінің ұзақтығы – 120 минуттан көп емес.

Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары

С-1

Департамент директоры

С-1

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

С-1

Сенімді уәкіл

С-1

Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары

С-1

Бас консул

С-1

Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі

С-1

Басшы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органының басшысын қоспағанда

С-О-1

Мәслихат аппаратының басшысы

D-1

Әкім аппараты басшысының орынбасары

D-2

Басшы

D-О-1

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

Е-1

2

Екінші бағдарлама бойынша тестілеу қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті тұтынушыны хабарландыру, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық құзыреттері көріністерінің деңгейін бағалау бойынша тесттерді қамтиды.
Сұрақтардың жалпы саны – 220 (екі жүз жиырма).
Құзыреттер көрінісінің деңгейі:


өте жақсы – "А";
тиімді – "В";
қанағаттанарлық – "С";
ең төмен – "D".
Тестілеу рәсімінің ұзақтығы – 120 минуттан көп емес.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы

В-1

Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

В-1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары

В-1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы

В-2

Сектор меңгерушісі

В-3

Департамент директорының орынбасары

С-2

Консул – консулдықтың басшысы

С-3

Басқарма басшысы

С-3

Басқарма басшысының орынбасары

С-3

Басшының орынбасары

С-О-2

Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі

С-О-2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

С-О-2

Басқарма басшысы

С-О-3

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосының аумақтық органы басқармасының басшысы

С-О-3

Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы

С-О-3

Бөлім басшысы

С-О-4

Аудандық аумақтық басқарманың басшысы

C-R-1

Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі

C-R-1

Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары

C-R-2

Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы

C-R-3

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы

D-2

Мәслихат аппараты басшысының орынбасары

D-2

Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі

D-2

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

D-3

Басшы орынбасары

D-О-2

Бөлім басшысы

D-О-3

Аппарат басшысы

Е-2

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Е-3

Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері

E-R-1

Бөлім басшысының орынбасары

E-R-2

Сектор меңгерушісі

E-R-3

Әкімнің орынбасары

E-G-1

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

E-G-2

3

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеу қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті тұтынушыны хабарландыру, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық құзыреттері көріністерінің деңгейін бағалау бойынша тесттерді қамтиды.
Сұрақтардың жалпы саны – 220 (екі жүз жиырма).
Құзыреттер көрінісінің деңгейі:


өте жақсы – "А";
тиімді – "В";
қанағаттанарлық – "С";
ең төмен – "D".
Тестілеу рәсімінің ұзақтығы – 120 минуттан көп емес.

Инспектор

А-1

Консультант

А-2

Сарапшы

А-3

Референт

А-4

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі

В-2

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

В-2

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

В-2

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

В-2

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

В-2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы

В-2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі

В-3

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі

В-3

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі

В-3

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі

В-3

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі

В-3

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі

В-3

Бас консультант

В-3

Бас сарапшы

В-4

Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі

В-4

Сарапшы

В-5

Шетелдегі мекеменің кеңесшісі

С-2

Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы

С-3

Шетелдегі мекеменің бірінші хатшысы

С-3

Бас сарапшы

С-4

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі

С-4

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы

С-4

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің екінші хатшысы

С-4

Бас консулдықтың консулы

С-4

Сарапшы

С-5

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің үшінші хатшысы

С-5

Бас консулдықтың вице-консулы

С-5

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің атташесі

С-5

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің референті

С-5

Сот орындаушысы

С-О-4

Бас маман

С-О-5

Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

С-О-5

Жетекші маман

С-О-6

Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

С-О-6

Бас маман

C-R-4

Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

C-R-4

Жетекші маман

C-R-5

Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

C-R-5

Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі, кеңесшісі

D-3

Бас инспектор

D-3

Баспасөз хатшысы

D-3

Бас маман

D-4

Жетекші маман

D-5

Бас маман

D-О-4

Жетекші маман

D-О-5

Маман

D-О-6

Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы

Е-3

Бас маман

Е-4

Жетекші маман

Е-5

Бас маман

E-R-4

Жетекші маман

E-R-5

Әкімнің көмекшісі, кеңесшісі

E-G-2

Бас маман

E-G-3

Жетекші маман

E-G-4

  Аттестаттаудан өтуге
жататын "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жеке
құзыреттерін бағалайтын
тестілеуді ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу туралы акт

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      201_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.

      Тестілеу әкімшісі _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Тестілеу операторы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      "Б" корпусы қызметшісінің

      ____________________________________________ ЖСН ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

      жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуді ұйымдастыру қағидаларын 12-тармағын бұзу

      фактісі анықталды:

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (Ереже бұзудың қысқаша сипаты)

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы:________________________________________

      Актімен таныстым: ________________________________________________

      (жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген "Б" корпусы қызметшісінің

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған

      бұзушылыққа жол берген "Б" корпусы қызметшісінің осы актіге қол

      қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)

      _____________________________________________________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген "Б" корпусы қызметшісінің

      осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы,

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

  Аттестаттаудан өтуге
жататын "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жеке
құзыреттерін бағалайтын
тестілеуді ұйымдастыру
қағидаларына
4-қосымша
  Форма

Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акт

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Күні ___________ж.

      Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті

      20__ жылғы "___" __________ ___ сағ. ___мин.


байланыс ақауының

компьютерлік техника ақауының

тоқ қуаты ақауының

өзге себептің салдарынан жасадық.

      Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тестілеу келесі "Б" корпусының қызметшілеріне қатысты тоқтатылды:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

ЖСН




      Тестілеу әкімшісінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) мен қолы: _____________________________

      Тестілеу операторының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда) мен қолы: ______________________________

  Аттестаттаудан өтуге
жататын "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жеке
құзыреттерін бағалайтын
тестілеуді ұйымдастыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытынды

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):


фото

Тестілеуден өткен күні:


Жеке құзыреттер бейіні



Құзыреттер көрінісінің деңгейлері



      Құзыреттер көрінісінің деңгейі: "А" – өте жақсы, "В" – тиімді, "С" – қанағаттанарлық, "D" – ең төмен.

Сипаттамма

Әлді жақтары




Сипаттамма

Дамыту үшін құзыреттер



      Тестілеу әкімшісінің қолы: ________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ______________________________

      М.О. 20 __ ж. "____"_______________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 112 бұйрығына
3-қосымша

Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді өткізу нұсқаулығы

      Ескерту. Нұсқаулық мәтінідегі барлық "жеке құзыреттерді бағалау бойынша" деген сөздер тиісінше "жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша" сөздермен ауыстырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді өткізу нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық), аттестаттау комиссияларында "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшісі) әңгімелесуді өткізу процедурасын нақтылайды.

      2. Әңгімелесу барысы дыбыс- немесе бейнежазба құралдарын пайдаланумен белгіленеді.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар аттестаттау аяқталған сәттен алты ай мерзім бойы "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде сақталады.

      3. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелері аттестаттау комиссияларында әңгімелесу өткізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

2-бөлім. Әңгімелесуді өткізу

      4. Әңгімелесу аттестаттау комиссияларында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген және олардың интернет-ресурстарында орналастырылған әңгімелесу өткізу кестелері бойынша өткізіледі.

      Әңгімелесу өткізу кестелері (бұдан әрі – Кесте) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      5. "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі әңгімелесу өткізуге үш жұмыс күніне дейін, тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органына толтырылған бағалау парағын және жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындыны ұсынады.

      6. Тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органы "Б" корпусының қызметшісін әңгімелесу өткізу туралы оның өткізілуіне дейін кемінде бес жұмыс күнінен бұрын хабардар етеді.

      Хабарландыру телефон арқылы немесе "Б" корпусы қызметшілерінің электрондық мекенжайына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Аттестаттау комиссиясы әңгімелесуді аттестатталушы "Б" корпусы қызметшісінің қатысуымен өткізеді.

      8. Әңгімелесу сәтiнде өзiн нашар сезiнген "Б" корпусының қызметшілері ол туралы комиссияның хатшысына әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін хабарлайды.

      Бұл жағдайда олар әңгімелесуден осы күнгі басқа уақытта немесе кестеге сәйкес басқа күні өтеді.

      Растайтын құжаттарды ұсынбай өзiн нашар сезiну себебі бойынша екі рет әңгімелесуге қатыспаған "Б" корпусының қызметшілері аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен келмеген деп саналады және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес қызметтен шығарылуға ұсынылады.

      9. "Б" корпусының қызметшісімен әңгімелесуді бастаудың алдында аттестаттау комиссиясы оны бағалау парағымен және жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындымен таныстырады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. "Б" корпусының бір қызметшісімен әңгімелесуді өткізу уақыты жиырма минуттан аспайды.

      11. Бір санаттағы лауазымдарды атқаратын "Б" корпусының қызметшілеріне сұрақтар тең санда қойылады.

      12. Сұрақтар өзіне бейінді және құзыреттер бойынша сұрақтарды қамтиды.

      Бейінді сұрақтар бағалау парағының екінші бөлімінде көрсетілген лауазымдық міндеттердің шеңберіне сүйене отырып қалыптастырылады. Қойылатын бейінді сұрақтардың саны екеуден көп болмауы тиіс.

      Құзыреттер бойынша сұрақтар жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындысында көрсетілген "Б" корпусының қызметшісін дамыту үшін облыстардан қалыптастырылады. Құзыреттер бойынша сұрақтар үшеуден көп болмауы тиіс.

      13. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері әрбір "Б" корпусының қызметшісіне бағаларды бағалау парағында жекеше қояды.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау тек оның қойылған сұрақтарға жауабына негізделеді.

      Бағалау барысында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері жағынан біржақтылық көріністеріне тыйым салынады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалаудың нәтижелері нысаны осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес анықталған аттестаттау парағының (бұдан әрі – аттестаттау парағы) "Әңгімелесуді бағалау" бөліміне енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Әңгімелесуді бағалау бағалау парағы мен жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындымен бірге "Б" корпусының қызметшісіне қатысты шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

      "Б" корпусының қызметшісіне қатысты шешім аттестаттау парағының "Ұсынылатын шешім" бөлімінде көрсетіледі.

      15. Әңгімелесу парақтарына оны толтырған тұлғалар қол қояды.

      16. Аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімі хаттамамен аттестаттау комиссиясының отырысы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделеді.

      Хаттама аттестаттау комиссиясының төрағасымен және хатшысымен бекітіледі және мөрмен расталады.

      17. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының хатшысы әңгімелесу парақтары мен қорытынды шешімнің хаттамасын әңгімелесудің басқа материалдарына қосып, қорытынды шешімнің хаттамасын қол қойылған сәтінен бір жұмыс күні ішінде оларды "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін персоналды басқару қызметіне сақтау үшін жолдайды.

      Материалдарды сақтау мерзімі аттестаттау аяталған сәттен алты айды құрайды.

  Аттестаттаудан өтуге жататын
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерімен
әңгімелесуді өткізу
нұсқаулығына
1-қосымша
  Нысан

      Бекітемін

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы

      ____________

      20__ жылғы " " _________

      _______________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _______________________________________

      (аттестаттау комиссиясының деңгейі)

№ р/с

Аттестатталатын қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Аттестатталатын қызметшінің лауазымы

Санаты

Құрылымдық бөлімше

Әңгімелесуден өту күні







  Аттестаттаудан өтуге жататын
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерімен
әңгімелесуді өткізу
нұсқаулығына
2-қосымша
  Нысан

Аттестаттау парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Б" корпусы қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________________________

      Лауазым _________________________________________________________

      I. Жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері: ______________________

      (құзыреттер көрінісінің деңгейі)

      II. Әңгімелесуді бағалау

№ р/с

Қойылатын сұрақтар
(бейінді/құзыреттер бойынша)

Балл (1-ден 4-ке дейін)*

1



2



3





Орташа балл


      Ескертпе*:

      1 балл – аттестатталушы жауап беруге қиналады, тәжірибеден нақты мысалды келтіре алмайды, сұрақты ашпайды немесе жауап беруден кетуге тырысады, өзінің міндеттер шеңберін қалыптастыруды қиналады, мемлекеттік органның қызметі туралы шамалы біледі;

      2 балл – аттестатталушы сенімсіз жауап береді, абстрактілі мысалдарды келтіреді, жалпы сөздермен сөйлейді, өзінің функционалдық міндеттері мен мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы біледі;

      3 балл – аттестатталушы сұрақты біртіндеп ашады, барабар мысалдарды келтіреді, сауатты ойлайды, өзінің функционалдық міндеттерін жақсы білетінін көрсетеді және мемлекеттік органның қызметін жеткілікті түрде біледі;

      4 балл – аттестатталушы сенімді және нақты жауап береді, тәжірибеден анық мысалдарды келтіреді, өзіне сын көзбен қарайды, қойылған сұрақтың тақырыбын толық меңгерген, сұрақтың түсінуін және жоғары интеллектуалдық әлеуетін, өзінің функционалдық міндеттерін өте жақсы білетінін көрсетеді және мемлекеттік органның қызметін біледі.

      III. Ұсынылатын шешім


Иә/жоқ

Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады
 



Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді
 



Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады
 



Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады




      __________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясы төрағасының/мүшесінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қолы _______________ Күні __________________

  Аттестаттаудан өтуге жататын
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерімен
әңгімелесуді өткізу
нұсқаулығына
3-қосымша
  Нысан

Аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімінің хаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/бірыңғай аттесттатау комиссиясының атауы)


р/с

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің бағасы

Қабылданған шешім

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады (дауыстар саны)

1








...








      Комиссияның хатшысы: ________________________________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссияның төрағасы: ________________________________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Мөр орны