Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14601 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлтттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 296 бұйрығымен бекітілді

Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқауды өткізу кезінде негізгі капиталға салынған инвестициялар жөніндегі статистикалық ақпаратты алудың негізгі аспектілері мен әдістерін анықтайды.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты инвестициялар статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру болып табылады.

      4. Әдістемені Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде қолданады.

      5. Осы Әдістеме 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің қағидаттарын ескеріп әзірленді.

      6. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегатталған – төмен деңгейдегі экономикалық көрсеткіштердің келесі барлық деңгейлерде ірі жиынтықтарға бірлесуі;

      2) егу биологиялық ресурстар –үнемі өнім беретін, табиғи өсуі және қайта өндіруі институционалдық бірліктердің тікелей бақылауында, жауапкершілігінде және басқаруында болатын жануарлар, ағаштар, ауылшаруашылық дақылдары және көшеттер;

      3) импутация – ескерілмеген, дұрыс емес немесе мәнсіз мағыналарды басқа мағыналармен ауыстыру үдерісі;

      4) құрылыс-монтаж жұмыстары және күрделі жөндеу – ғимараттар мен имараттарды көтеру, кеңейту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар кешенін қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі, энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары, сонымен қатар тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу шығындары;

      5) машиналар мен жабдықтар – машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарды қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі;

      6) мердігер – тиісті қызмет түріне лицензиясы бар, мердігер шарты бойынша құрылыс саласында немесе тапсырыс берушімен жасалатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарты бойынша мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;

      7) негізгі капиталға салынған материалдық емес инвестициялар – ақшалай бағасы бар, бір жылдан көп шаруашылық қызметте пайдаланылатын айыру қабілеті бар және пайда әкелетін, бірақ материалдық-заттай құндылығы жоқ ұйымдар сатып алған немесе жасаған объектілерге шығындар;

      8) негізгі капиталға салынған материалдық инвестициялар – тұрғын ғимараттарға, басқа ғимараттарға, имараттарға, машиналар және жабдықтарға, егу биологиялық ресурстарға шығындар;

      9) негізгі қорлар – өндіріс үдерісінде бір жылдан артық бірнеше рет немесе тоқтаусыз пайдаланылатын туынды активтер;

      10) өзге де жұмыстар мен шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына шығындарды, авторлық қадағалауды, салынып жатқан объектілердің дирекцияларын ұстауды, құрылыс аумағын дайындау және игерумен байланысты және басқа құрылыс сметасына кіретін және кірмейтін шығындарды көрсететін инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі;

      11) тапсырыс беруші – меншікті немесе мемлекеттік мұқтаждықтар үшін коммерциялық мақсатта кәсіпорындардың, ғимараттардың, имараттардың құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыратын инвестордың уәкілетті (немесе өзі инвестор болатын) жеке немесе заңды тұлғасы;

      12) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижесін сипаттайтын белгілі бір шоттар және кестелердің жинағы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

      13) ұлттық шоттар жүйесінің тұжырымдамасы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар – негізгі капиталға материалдық және материалдық емес салымдар.

      14) Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) инвестициялық салымдардың серпіндегі өзгерісін сипаттайды, есептік және салыстырмалы кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемдерінің салыстырмалы бағадағы қатынасымен анықталады.

2-тарау. Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру

      7. Жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан инвестициялық қызметті жүзеге асыратын барлық шаруашылық субъектілері статистикалық байқаудың бірліктері болып табылады.

      8. Негізгі капиталға салынған инвестициялар жөніндегі статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беру туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулары негізінде қалыптастырылады.

      9. Инвестициялық қызметтің географиялық қамтуы инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектінің тіркелген орнына қарамастан, олардың нақты жүзеге асыру орны бойынша инвестициялық салымдардың есебін көздейді.

      10. Статистикалық зерттеулерде инвестициялық салымдар қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша алғашқы бухгалтерлік есеп негізінде ескеріледі.

      11. Алғашқы статистикалық деректердің есебі қосылған құн салығынсыз жүзеге асырылады.

      12. Шетел валютасында жасалған инвестициялық салымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің деректері бойынша ресми (нарық) валютасының құны бойынша ұлттық валютаға келісім жасау күніне қайта есептеледі.

      13. Активтердің экономикалық мүлік иесі болатын және оларды өзінің балансында көрсететін, жалға алушы қаржы лизинг шарты негізінде сатып алынған негізгі құралдар инвестициялар көлеміне кіреді.

3-тарау. Инвестициялық салымдарды қайта бағалау алгоритмі

      14. Әрбір өңір бойынша ай сайын шаруашылық субъектілерінің инвестициялық қызметі жөніндегі жедел деректерді қалыптастырған кезде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемін қайта бағалау жасалады.

      Инвестициялық салымдардың жиынтық көлемі есеп берген респонденттердің негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінен, жеке құрылыс салушылардың және толық қамтылмаған және шаруашылық субъектілердің жылдық көлем салымдарының қайта бағалау көлемінен тұрады.

      15. Толық қамтылмаған негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін қайта бағалау деректерді пропорционалдық импутациялау әдісіне негізделген. Бағалау қағидаты бір жұмыс істейтінге инвестициялар көлемін есептеуге негізделген.

      Деректерді пропорционалдық импутациялау әдісі кезінде импутацияланған көрсеткіштер айқын модельдер арқылы (қосалқы көрсеткіштерді қолдану арқылы) жоқ мәндерді (импутацияланған көрсеткіштерді) болжамдау жүзеге асырылады. Қосалқы көрсеткіш ретінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды пропорционалдық импутациялау үшін еңбек статистикасы және құрылымдық статистиканың зерттеулері шеңберінде қалыптастырылатын жұмыс істейтіндердің саны пайдаланылады.

      16. Пропорционалдық импутациялау кезінде қосалқы көрсеткіштер және импутацияланатын көрсеткіштердің арасында қатынасы кезінде есеп берген және есеп бермеген респонденттер үшін бірдей болып табылады, бұл осы әдістің басымдығын сипаттайды.

      Пропорционалдық импутация келесі формула бойынша жүзеге асырылады:


(1)

      бұнда:

      xi – қосалқы көрсеткіштің мәні;

      уi- импутацияланатын көрсеткіштің мәні;

      R – жауап берген респондент үшін орташа у орташа х қатынасы.

      17. Қайта бағалау есебі келесі ретпен жүзеге асырылады:

      1) айлық кезенділіктегі статистикалық байқау бойынша жеке каталогтан ірі кәсіпорындардың ішінен есепті айға экономикалық қызмет түрлері бойынша есеп бермеген респонденттер таңдап алынады.

      2) есеп берген ірі кәсіпорындардың базасынан есеп бермеген респонденттердің парметрлеріне ұқсас параметрлерімен кәсіпорындар таңдап алынады. Төмен және жоғары экстремалдық мәндердің әсерін төмендету мақсатында кесу жолымен ең жоғары және ең төмен негізгі капиталға салынған салынған инвестициялар көлемінің мәндері бар респонденттер алынып тасталады.

      3) әрбір экономикалық қызмет түрі бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің орташа мәні есептеледі.

      4) әрбір экономикалық қызмет түрі бойынша кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндердің орташа мәні есептеледі.

      5) пропорционалдық әдіспен әрбір экономикалық қызмет түрі бойынша инвестициялар көлемінің орташа мәнінің орташа жұмыс істейтіндердің санына әрбір қатынасы есептеледі.


(2)

      мұнда:

      qir – бір жұмыс істейтінге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі;

      i – экономикалық қызмет түрі;

      qisr – негізгі капиталға инвестициялар көлемінің орташа мәні;

      risr – жұмыс істейтіндердің орташа саны.

      6) экономикалық қызмет түрлері бойынша есеп бермеген кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны анықталады (kir).

      Экономикалық қызмет түрі бойынша бір жұмыс істейтінге негізгі капиталға салынған инвестициялардың есеппен алынған көлемі тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша есеп бермеген кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің санына көбейтіледі.


(3)

      мұнда:

      qid – есеп бермеген кәсіпорындарда қайта бағалау көлемі;

      i – экономикалық қызмет түрі;

      qir – бір жұмыс істейтінге негізгі капиталға инвестициялар көлемі;

      kir – есеп бермеген кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны.

      7) тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша есеп бермеген респонденттер бойынша қайта бағалау көлемдерін агрегациялау жолымен экономикалық қызмет түрі бойынша қайта бағалаудың мөлшері анықталады.

      8) экономикалық қызмет түрі бойынша алынған мәндердің қосындысы өңірдің ірі кәсіпорындар бойынша толық емес қамтудың қайта бағалауына тең.

      9) Қазақстан Республикасында ірі кәсіпорындар бойынша толық емес қамтудың қайта бағалау көлемі формулаға сәйкес өңірлерде ірі кәсіпорындар бойынша қайта бағалауды агрегациялау жолымен есептеледі:


(4)

      мұнда:

      qkr – Қазақстан Республикасында ірі кәсіпорындар бойынша толық емес қамтудың қайта бағалау көлемі;

      j – өңірлер;

      qjkr – өңірлерде ірі кәсіпорындар бойынша толық емес қамтудың қайта бағалау көлемі.

      18. Орташа және шағын кәсіпорындар үшін инвестициялық салымдарды қайта бағалау алгоритмі ірі кәсіпорындар үшін ұқсас есеп болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша деректер өңірлер бойынша қайта бағалауды агрегациялау жолымен қалыптастырылады.

      19. Қазақстан Республикасы бойынша толық емес қамтудың инвестициялық салымдарының қайта бағалау қорытынды қосындысы шағын, орташа және ірі кәсіпорындар бойынша барлық өңірлер бойынша толық емес қамтудың қайта бағалаудың қосындысына тең және келесі формула бойынша есептеледі:


(5)

      мұнда:

      qd – Қазақстан Республикасында респонденттерді толық емес қамтудың инвестицияларды қайта бағалау көлемі;

      qkr – ірі кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі;

      qsred – орташа кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі;

      qmal – шағын кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі;

      20. Жылдық көлемге дейін инвестициялық салымдарды қайта бағалау салыстыру және жедел деректерді және тиісті жылғы жөнделген жылдық деректерді талдау жолымен анықталады.

      Алғашқы деректер деңгейінде жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кәсіпорындар каталогы және жедел деректердің кәсіпорындар каталогы салыстырылады. Жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқау бойынша есеп берген кәсіпорындардың инвестициялар көлемінің деректері, он екі айға бөлінеді және экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша қосылады. Қайта бағалау әрбір өңірдің ірі, орташа және шағын кәсіпорындары бойынша жүзеге асырылады.

      21. Қазақстан Республикасы бойынша деректер өңірлерді қайта есептеуді агрегациялау жолымен қалыптастырылады.

      22. Өңірлер бойынша қалыптастырылған агрегацияланған қайта бағалау көлемі серпінділік қатарларға талдау жасау жолымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық шамасын ескере отырып редакцияланады. Түзетілген қайта бағалау көлемі алгоритмге сәйкес бөлінеді және агрегацияланған есеп деректеріне қосылады.

4-тарау. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексін есептеу

      Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін есептеу салыстырмалы бағада жүзеге асырылады және дефлятор әдісі негізінде есепті кезең үшін тиісті баға индекстері деректерін пайдалана отырып қолданады. Дефляторлар ретінде (баға индексі) баға статистикасы қалыптастыратын деректер пайдаланылады.

      НКИ есептеу үшін негізгі капиталға салынған инвестициялардың егжей-тегжейлі активтерінің құрылымы пайдаланылады.

      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өткен айға, өткен жылғы тиісті кезеңге (айға, кезеңге өспелі жиынтығымен) және алдыңғы жылға қалыптасады.

      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде өңірлік баға индекстерін пайдалана отырып есептеледі.

      23. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ шығын және олардың агрегация компоненттерінің НКИ өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар келесі компоненттерді: құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар шығындары, өзге де шығындарды қамтиды.

      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың компоненттері бойынша НКИ есептеу кезінде активтер түрлері бойынша тиісті баға индекстері қолданылады.

      24. Бірінші кезеңде есепті кезеңдегі деректердің тиісті дефляторды ескеріп салыстырмалы кезеңге құрылыс-монтаж жұмыстары бағасының индексі ара қатынасымен анықталатын құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялардың НКИ есептеу жүргізіледі.


(6)

      мұнда:


– құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялардың НКИ;

      qsmr – құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;

      ismr t/t-1 салыстырмалы кезеңдегі құрылыс-монтаж жұмыстарының баға индексі.

      25. Машина және жабдықтарға салынған инвестициялардың НКИ есептеу машина және жабдықтар өндірушілердің тиісті баға индексін қолданылуымен жүзеге асырылады.


(7)

      мұнда:


– машиналар мен жабдықтарды сатып алуға салынған инвестициялардың НКИ;

      q mach – машиналар мен жабдықтарды сатып алуға салынған инвестициялардың көлемі;

      imach t/t-1 – салыстырмалы кезеңдегі машиналар мен жабдықтарды өндірушілердің баға индексі.

      26. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлеміндегі өзге де шығындардың НКИ бағаның құрылымдық индексінен қалыптасқан өзге шығындардың баға индексін пайдалана отырып есептеледі. Басқа да активтерді нақтылау мынадай шығындардың баптарынан: көпжылдық дақылдарды егу және өсіру, жұмысшы, өнімді және асыл тұқымды табынды қалыптастыру, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер базасын құрастыру және сатып алу, пайдалы қазбалар запастарын барлауға және бағалауға, материалдық және материалдық емес негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындардан тұрады.

      Инвестиция көлеміндегі өзге де шығындар бойынша НКИ есептеу келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) инвестиция көлеміндегі өзге де жалпы шығындар құрамының үлесі анықталады;

      2) өзге де шығындардың негізін құрайтын баға индексінің құрылымын есептеу кезінде тиісті баға индекстері қолданыла отырып өлшеу әдісін пайдаланылады;

      3) бұдан әрі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінде өзге де шығындардың жалпы баға индексін есептеу жүргізіледі:


(8)

      мұнда:

      Iproch – инвестициялар көлемінде өзге де шығындарға баға индексі;

      is sost – өзге де шығындардың көлемін құрайтындар бойынша құрылымдық индексі.

      4) негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінде өзге де шығындардың НКИ келесі формула бойынша жүзеге асырылады:


(9)

      мұнда:


– инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындардың НКИ;

      q proch – инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар көлемі;

      iproch t/t-1 инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындардың баға индексі.

      27. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу үшін инвестиция көлеміндегі олардың үлестерін пайдаланумен НКИ компонентерін өлшеу жүргізіледі.

      Содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына, машиналар мен жабдықтарға салынған инвестициялардың және өзге шығындардың инвестициялар көлеміндегі үлестері бойынша өлшенген НКИ есептеледі:


(10)

      мұнда:


– құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялардың өлшенген НКИ;

– құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялардың НКИ;

      Dsmr – инвестициялар көлеміндегі құрылыс-монтаж жұмыстары шығындарының үлесі.

      Машиналар мен жабдықтарды сатып алу және өзге шығындарға жұмсалған шығындардың өлшенген НКИ осы Әдістеменің 10 формуласы бойынша іспеттес есептеледі.

      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ агрегаттау арқылы мынадай формула бойынша анықталады:


(11)

      мұнда:


– негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ;

– құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялардың өлшенген НКИ;

– машиналар мен жабдықтарды сатып алуға салынған инвестициялардың өлшенген НКИ;

– инвестиция көлеміндегі өзге шығындардың өлшенген НКИ.

      28. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есепті кезеңдегі базистік жылға тізбе әдісімен есептелінеді, бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың жылдық НКИ дәйекті түрде көбейтіледі (Iq), мысалы:


(12)

      мұнда:

      Iq – НКИ, % - бен.

      Индекстерді есептеу бір базистік жыл негізінде 5 жыл ішінде өткізіледі. Содан кейін базистік жыл жаңартылады. Базистік жыл ретінде "0" немесе "5" бітетін жыл таңдалады.

      29. Инвестиция статистикасының көрсеткіштері түпкілікті жылдық деректер қалыптастырылғанша, есепті жылда жыл бойы жедел деректер бойынша ай сайын қалыптастырылады. Нәтижесінде жедел және жылдық түпкілікті деректер арасындағы айырмашылық жинақталады.

      Ай сайынғы деректердің жылдық деректермен үндестірілген серпінділік қатарын қалыптастыру мақсатында алынған жылдық деректерді ескере отырып, жедел деректердің мұрағаттық базасы қайта есептеледі.

      30. Жоғарыда баяндалғандардың нәтижесінде алынған жаңа ай сайынғы деректер жылдық деректермен толық үндестірілген болып табылады және ай сайынғы деректердің жалпы серпінділік қатарына қосылады.

      31. Жылдық деректерді алғанға дейін және мұрағаттық ай сайынғы деректерді қайта санағанға дейін база ретінде алдыңғы жылдың қайта есептелмеген мұрағаттық базасы қолданылады. Қайта есептелген серпінділік қатарды алғаннан кейін, алдыңғы жылдың мұрағаттық базасы жаңасына ауыстырылады.

5-тарау. Модельді талдау сызбалары негізінде ұйғарынды
деректердің негізгі топтамалары

      32. Модельді сызба бойынша инвестициялық қызметтің кешендік талдауы экономиканың әртүрлі салаларының өзара байланысын анықтайды. Инвестициялық қызмет талдауының модельдік сызбасы (бұдан әрі - Модельдік сызба) айқасқан топтамалардың көмегімен инвестиция статистикасы бойынша алғашқы деректер негізінде жүзеге асырылады.

      33. Жүзеге асырылатын талдаудың сипатына байланысты инвестициялық көрсеткіштер әртүрлі топтамаларға агрегатталады. Модельдік сызбаны қолдану негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі және серпіні, құрылымы, қаржыландыру көздері және инвестицияны қаржыландыру шарттары, табыстылықты зерттеу, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық тиімділік және бұдан әрі талдау мақсатында қолдану жайлы мазмұнды ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

      34. Инвестициялық салымдардың аумақтық құрылымы негізгі капиталға салынған инвестициялардың географиялық бағыты ескеріліп қалыптастырылады.

      Топтама пропорционалды бөлуді және инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін толығымен ел деңгейінде және өңірлер бойынша бағалайды.

      35. Инвестициялық салымдардың технологиялық және қайта өндіру құрылымы ұйғарынды көрсеткіштері топтамаларының маңыздысы болып табылады.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығыстар, жабдықтардың құны, құралдар және өзге күрделі жұмыстардың шығыстары жөніндегі қолда бар зерттелетін статистикалық көрсеткіштердің негізінде инвестициялық салымдардың талдауына қажетті технологиялық құрылым шығыстары бойынша топтамалар қалыптастырылады.

      36. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экстенсивті және қарқынды дамуына салынған қаражатты талдау үшін инвестициялық салымдардың қайта өндіру құрылымының топтамалары қалыптасады. Инвестициялық салымдардың қайта өндіру топтамасының құрылымы келесідей қалыптастырылады:

      жаңа құрылыс және әрекет етуші кәсіпорындарды ұлғайту (жаңа), ғимараттар мен имараттардың күрделі жөндеуінсіз құрылыс-монтаж жұмыстарына кеткен шығыстар;

      реконструкциялау және әрекет етуші кәсіпорындарды

      ұлғайту – ғимараттар мен имараттардың күрделі жөндеуіне кеткен шығыстар;

      техникалық қайта құралдандыру – көлік құралдарын есепке алусыз жабдықтарды, машиналарды сатып алуға шығыстар, жабдықтардың күрделі жөндеуі қалыптасады.

      37. Инвестицияның қаржыландыру көздерінің топтамасы меншікті және тартылған қаражаттарды агрегаттау жолымен қалыптастырылады, өзара қатынасы шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Топтамада көрсетілген көрсеткіштер инвесторлардың меншікті қаражаты бар екендігін, инвестициялық үдерісте мемлекеттік және шетел инвесторларының қатысуын көрсетеді.

      38. Меншік нысандары мен түрлерінің ведомстволық жіктеуіші негізінде ұйғарынды меншік түрлері бойынша көрсеткіштерінің топтамалары қалыптастырылады. Деректер топтамаларының талдауы мемлекеттік, жеке және шетел меншік нысандарының шаруашылық субъектілері инвестицияларының үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

      39. Негізгі капиталға салынған ішкі және сыртқы инвестициялар бойынша топтамалар қаржыландыру көздеріне байланысты, меншік нысанымен үйлесе отырып матрица түрінде қалыптастырылады.

      Осы топтамалардың сыртқы инвестициялары аталған көрсеткіштерді қалыптастырудың әдіснамалық тәсілі өзгешелігінің себебі бойынша төлем балансы шеңберінде қарастырылатын инвестициялардан айырмашылығы бар. Негізгі капиталға салынған сыртқы инвестициялар тікелей шетел инвестициялардың негізгі қаражатта затталған бөлігі болып табылады.

      Ішкі және сыртқы инвестициялық салымдарды қалыптастыру алгоритмі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      40. Экономикалық қызмет түрі негізінде қалыптастырылатын топтама экономика салалары бойынша инвестициялық салымдардың талдауы кезінде қолданылады. Салымдардың бағыттылық сипаты бойынша (соңғы қолдану) және шаруашылық субъектілерінің жүзеге асыратын қызметі бойынша осы топтама пайдалану бағыттары және инвесторлардың экономикалық қызмет түрі бойынша инвестициялар деп бөлінеді.

      41. Ел экономикасының шикізаттық емес экспортқа бағытталған секторына инвестициялар тартуды талдау үшін экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялардың топтамалары қалыптастырылады.

      Экономиканың шикізаттық емес секторы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларын ескерусіз ұсынылған. Ұйғарынды көрсеткіштер әр түрлі айқасқан топтамалармен қалыптастырылады.

      42. Инвестициялық тартымдылықты талдау және бағалау үшін статистикалық деректер негізінде инвестициялар коэффициенті есептеледі.

      Инвестициялар коэффициенті инвестициялық қызметтің атқаратын қызметі үдерісінде келіп түсетін табыс есебінен шаруашылық субъектілерге салынған қаражаттардың өтімділігін сипаттайды.

      Коэффициентті есептеу инвестициялық жобаға салынатын инвестициялық салымдардың және жалпы қосылған құн жөніндегі деректер негізінде құрылады. Инвестициялар коэффициентін есептеген кезде ұлттық шоттар статистикасы қалыптастыратын жалпы қосылған құн жөніндегі деректер пайдаланылады.

      Инвестициялардың тиімділік коэффициенті инвестициялық салымдардың жалпы қосылған құнға қатынасымен анықталады.

      kинв=И/ЖҚҚ, (13)

      мұнда:

      kинв – тиімділік коэффициенті;

      И – инвестициялық салымдардың көлемі, мың теңге;

      ЖҚҚ – жалпы қосылған құн, мың теңге.

      Инвестициялар коэффициенті экономикалық қызмет түрлері және өңірлік деңгейде есептеледі.

      Инвестициялар коэффициентін есептеу географиялық тиістілігі, экономикалық қызмет түрлері бойынша экономиканың әрбір сегментінен бөлек жүзеге асырылады.

      Коэффициентті талдау жолымен инвестициялық саладағы үдерістер зерттеледі және инвестициялау тиімділігі бағаланады.

  Инвестициялық қызметтің көрсеткіштерін
қалыптастыру бойынша әдістемеге
1-қосымша

Ішкі және сыртқы инвестициялық салымдарды қалыптастыру алгоритімі*

Инвесторлар

Сәйкестендіру коды

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі

оның ішінде

бюджеттік қаражат

меншікті қаражат

банк кредиттері

басқа да қарыз қаражаты

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

барлығы

соның ішінде шетелдік банктер

барлығы

соның ішінде бейрезиденттер





1

2

3

4

5

6

7

8

Ішкі










Мемлекеттік меншік

11



Х

Х

Х

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Жеке меншік

15

















Азаматтардың меншігі

16



N

N

Х

N

N

N

N

Заңды тұлғалардың мемлекеттік емес меншігі және олардың бірлестігі

17

















Мемлекеттің және шетелдің қатысуынсыз кәсіпорындар меншігі

19



Х

Х

Х

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Мемлекеттің қатысуымен (шетелдік қатысуынсыз) кәсіпорындардың

меншігі

23



Х

Х

Х

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Шетелдік қатысуымен біріккен кәсіпорындар меншігі

28



Х

Х

Х/2

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Қоғамдық меншік, оның ішінде діни бірлестіктердің меншігі

29



Х

Х

Х

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Шетел меншігі

32













Басқа мемлекет, олардың заңды тұлғалар мен азаматтарының меншігі

33













Шетелдік мемлекеттің меншігі

34



N

N

N

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Шетел заңды тұлғаларының меншігі

36



N

N

N

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Шетелдік жеке тұлғалардың меншігі

37



N

N

N

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Халықаралық кәсіпорындардың меншігі

39



N

N

N

Баған 5 – Баған 6

Баған 7 – Баған 8

Сыртқы



















Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың біріккен меншігі

17

















Мемлекеттің және шетелдің қатысуынсыз кәсіпорындар меншігі

19



N

N

N

N

Х

N

Х

Шетелдік қатысуымен біріккен кәсіпорындар меншігі

28



N

N

Х/2

N

Х

N

Х

Шетелдік меншік

32



N

N

Х

N

Х

N

Х


      *- Х – деректер қалыптастырылады

      N – деректер қалыптастырылмайды