Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14526 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 265 бұйрығымен бекітілді

Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ұлттық шоттар жүйесі үшін капиталмен жасалатын операциялар шотын құруда қолданады.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты ұлттық шоттар жүйесі шеңберінде шығарылымды, аралық тұтынуды, жалпы қосылған құнды есептеудегі алгоритмді және ғылыми-зерттеу қызметіне шығындарды капиталдандыруды сипаттау болып табылады.

      4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы (Еуростат), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Дүниежүзілік Банкпен дайындалған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ 2008); Фраскати бойынша нұсқаулық; ESA 2010 ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өлшеу бойынша нұсқаулық; 2008 жылғы ҰШЖ-дағы Ғылыми-зерттеу қызметінің түсіндірмесі (ТМД Статкомитетінің ұсынымдары) қолданылған.

      5. Осы Әдістемеде негізгі анықтамалар колданылады:

      1) аралық тұтыну – негізгі капиталды тұтыну болып бейнеленетін негізгі қорларды алып тастағандағы өндіріс процесінде шығындар ретінде тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құны;

      2) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер – білім запасын ұлғайту мақсатында және осы білім запасын жаңа өнімді ашу немесе әзірлеуде, барынша тиімді өндіріс процесін ашу немесе әзірлеуде қолданылатын жүйелік негізде іске асырылатын шығармашылық жұмыс;

      3) негізгі капиталдың жалпы жинақталуы – өндірушінің есепті кезеңде өндірілмеген активтердің құнын арттыратын қызметтерге кейбір шығындарын қосқанда негізгі қорларды (шығуын шегергенде) сатып алу құны;

      4) негізгі капиталды тұтыну – өндірушіге тиесілі және онымен қолданылатын негізгі қорлар запасының есепті кезеңдегі физикалық тозуы, нормалық моральді тозуы және кездейсоқ зақымдануы нәтижесінде ағымдық құнының азаюы;

      5) шығарылым – оған қатысты мекеме өндірісте өнімді қолданумен байланысты тәуекелді қабылдамайтындардың қызметінде қолданылған кез келген тауарлар мен қызметтердің құнын және жинақтау үшін қолданылатын (негізгі капитал немесе материалдық айналым құралдарының запасы) немесе өзіндік соңғы тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді алып тастағанда мекеме өндірген тауарлар мен қызметтердің құны.

2-тарау. Ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерін есептеу

      6. Есептеулерді жүзеге асыру үшін ақпараттық база болып табылады:

      1) ресми статистикалық ақпараттар;

      2) мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері.

      7. Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі өндіріс процесінде бірнеше рет қолданылады және капиталмен жасалатын операциялар шотында негізгі капиталдың жалпы жинақталуы ретінде сипатталады.

      8. Өз иесіне экономикалық пайда әкелмейтін ғылыми-зерттеу қызметі аралық тұтыну ретінде қарастырылады.

      9. Ғылыми-зерттеу қызметінің шығарылымын:

      1) негізгі қызмет түрі ғылыми-зерттеу қызметі болып табылатын бірліктер (мысалы, ғылыми-зерттеу мекемелері);

      2) елеулі екінші қызмет түрі ғылыми-зерттеу қызметі болып табылатын бірліктер (мысалы, жоғары оқу орындары);

      3) екінші қызмет түрі ғылыми-зерттеу қызметі болып табылатын басқа да бірліктер жүзеге асырады.

      10. Ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметттер шығарылымы нарықтық және нарықтық емес шығарылымнан тұрады.

      Нарықтық шығарылым экономикалық мәнді бағалар бойынша сату үшін арналған шығарылым.

      Нарықтық емес шығарылымға басқа институционалды бірліктерге немесе қоғамға тегін немесе экономикалық мәнсіз бағалар бойынша ұсынылатын коммерциалық емес ұйымдар өндірген тауарлар, үй шаруашылықтары немесе мемлекеттік басқару органдары қызмет көрсететін жеке немесе коллективті көрсетілетін қызметтер кіреді.

      Нарықтық шығарылымның ғылыми-зерттеу қызметінің өнімі сату бағасында, ал нарықтық емес өнім және өзіндік соңғы тұтыну үшін институционалды бірліктермен өндірілетін өнімге кеткен ағымдық шығындар соммасымен бағаланады.

      11. Нарықтық емес шығарылым және өзіндік жеке тұтынуға арналған шығарылым аралық тұтыну еңбекақы төлемі, негізгі капиталды тұтыну, өндіріске басқа субсидияларды шегергендегі басқа салықтардың сомасымен анықталады.

      Өндірістің ағымдық шығындарының сомасы бойынша өзіндік қолдану үшін нарықтық өндірушілердің шығарылымын бағалау кезінде капиталға таза табыс қосылады. Есептеулерде статистикалық органдар қолдану үшін табыс нормасының (капиталға табыс) 2% қолданылады.

      12. Ғылыми-зерттеу қызметінің аралық тұтынуы мынандай ағымдық шығындардан тұрады:

      1) негізгі қорларға жатпайтын, ғылыми-зерттеу қызметінің мақсатына қолданылатын материалдар мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар (мысалы, коммуналды қызметтерді төлеу, кітаптарды, журналдарды, анықтамалық әдебиеттерді және ғылыми қоғамдардың басылымдарын сатып алу);

      2) өзге ұйымдардың тәжірибиелі үлгілері мен модельдерін құру үшін тапсырысқа төлем;

      3) лабораториялық қажеттілік үшін материалдар сатып алу;

      4) консультанттар қызметіне төлем;

      5) ғимараттар мен жабдықтарды қолдануға жалдау ақысы;

      6) қосымша қызметке шығындар;

      7) әкімшілік және басқа да үстеме шығындар (кеңсе, пошталық, телекоммуникациялық және сақтандыру қызметтері) бөлігі.

      13. Еңбекақы төлеуге жалақыны және онымен байланысты төлемдер мен шығыстар: сыйақылар, демалыс күндеріне төлемдер, зейнетақы қорларына жарналар және әлеуметтік сақтандыру қорларына басқа да төлемдер, жұмыс күшіне салықтар кіреді.

      14. Негізгі капиталды тұтынуды бағалау кезінде негізгі құралдарды (мысалы, машиналар, жабдықтар, ғимараттар және басқалар) сатып алуға шығындар жөніндегі деректер қолданылады.

      15. Нарықтық шығарылым келесі тармақтардың сомасы ретінде анықталады:

      1) резидент еместерді қоса алғанда басқа институционалды бірліктерге ғылыми-зерттеу қызметінің көрсететін қызметтерін сату құны;

      2) сатуға арналған ғылыми-зерттеу қызметінің аяқталмаған өндірісі запасының өзгерісі.

      16. Ғылыми-зерттеу қызметі көрсететін қызметтердің экспортына резиденттер орындаған ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтерін резидент еместердің төлем жасауы мен резидент еместерге сату құнын қамтиды.

      17. Ғылыми-зерттеу қызметі көрсететін қызметтердің импорты резидент еместер орындаған ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтеріне төлем жасауға жұмсалған және резидент еместерден сатып алуға жұмсалған институционалды резидент бірліктердің шығындарын көрсетеді.

      18. Ғылыми-зерттеу қызметін өлшеу бойынша сауда үстеме бағасы, субсидиялар және экономиканың ішкі секторлары арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын таза сатып алу тәжірибеде нөлдік бағаларды құрайды.

      19. Шығарылым және аралық тұтыну өндіріс шотында бейнеленеді. Өндірілген және импортталған ғылыми-зерттеу қызметінің көрсететін қызметтерін қолдану капиталмен жасалатын операциялар шотында, өндіріс шотында, тауарлар мен қызметтер шотында бейнеленеді.

      20. Ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтерінің нарықтық шығарылымы экономиканың барлық секторларының институционалдық бірліктері және басқа әлем тұтынады және капиталмен жасалатын операциялар шотында негізгі капиталды жалпы жинақтау ретінде бейнеленеді.

      21. Ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтерінің нарықтық емес шығарылымы капиталмен жасалатын операциялар шотында негізгі капиталды жалпы жинақтау ретінде оларды өндірген секторларда бейнеленеді.

      22. "Ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелер" саласына жататын бірліктер сатып алған ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтерінің құны өндіріс шотында аралық тұтыну ретінде көрсетіледі.

      23. Ғылыми зерттеу қызметінің шығыстарын капиталдандыру бойынша экспериментальды есептеулер тұтас экономика бойынша нарықтық және нарықтық емес өндірушілер бөлінісінде іске асырылады. Берілген қызметтің экономика секторлары бойынша тұтынушылары туралы, экономика секторлары бойынша ғылыми-зерттеу қызметінің көрсетілетін қызметтерінің экспорты және импорты бойынша ақпараттар жоқ. Экспериментальды есептеулер тәжірибеге барлық есептеулер аяқталған соң енгізіледі.