Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 14505 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет Істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 бұйырғының (2016 жылғы 8 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13564 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы             Қ. Қожамжаров

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 15 қараша

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 11 қарашадағы  
№ 53 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз
етудің заттай нормалары

р/с
Заттардың атауы Өлшем бірлігі Бір қызметкерге арналған заттар саны Кию мерзімі (айлармен)

1. Күнделікті нысанды киім (погонсыз)

1.

Маусымдық бас киім (ерлер үшін)

Дана

1

24

2.

Қысқы бас киім (ерлер үшін)

Дана

1

36

3.

Маусымдық пилотка (әйелдер үшін)

Дана

1

24

4.

Қысқы берет (әйелдер үшін)

Дана

1

36

5.

Қысқы (жүн) пальто (ерлер үшін)

Дана

1

72

6.

Қысқы (жүн) пальто (әйелдер үшін)

Дана

1

72

7.

Кашне

Дана

1

72

8.

Маусымдық плащ (ерлер үшін)

Дана

1

72

9.

Маусымдық плащ (әйелдер үшін)

Дана

1

72

10.

Шалбары мен жилеті бар пиджак (ерлер үшін)

Жиынтық

1

24

11.

Юбкасы мен жилеты бар пиджак (әйелдер үшін)

Жиынтық

1

24

12.

Ұзын жеңді жейде

Дана

2

12

13.

Қысқа жеңді жейде

Дана

2

12

14.

Қысқы бәтеңке (ерлер үшін)

Жұп

1

24

15.

Қысқы етік (әйелдер үшін)

Жұп

1

24

16.

Ерлер туфлиі

Жұп

1

12

17.

Әйелдер туфлиі

Жұп

1

12

18.

Ерлер галстугі

Дана

1

24

19.

Әйелдер бант-галстугі

Дана

1

24

20.

Былғары белдік белбеу

Дана

1

24

21.

Қолғап

Жұп

1

24

22.

Кеудеше-жамылғы

Дана

1

24

2. Кезекші бөлімге арналған далалық нысанды киім (погонсыз)

23.

Күрте (алынып-салынатын жылытқышымен) (ерлер үшін)

Дана

1

60

24.

Ұзын жеңді жейде мен шалбар

Жиынтық

1

12

25.

Жүк түсіруге арналған жиынтықты белдік белбеу

Жиынтық

1

36

26.

Жүк түсіруге арналған жиынтықты кеудеше

Жиынтық

1

36

27.

Тізеқап, шынтаққап

Жиынтық

1

36

28.

Ұзын қонышты берцтер

Жұп

1

24

29.

Қысқы ұзын қонышты берцтер

Жұп

1

24

30.

Футболка

Дана

1

12

31.

Кепи (бейсболка)

Дана

1

24

      Ескертпе:
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері осы нормаларға қосымшада келтірілген.
      2. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап есептеледі.
      3. Қызметкерлер жедел-тергеу іс-шараларын орындаған кезде кеудеше-жамылғына нысанды киімнің үстінен кию жүзеге асырылады.
      4. Далалық нысанды киімді киюді өз қызметтік міндеттемелерін кезекші бөлімдерде орындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері және   
сыбайлас жемқорлыққа қарсы     
іс-қимыл агенттігінің        
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы      
іс-қимыл ұлттық бюросы        
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  
қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз)
қамтамасыз етудің заттай нормаларына 
қосымша               

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) қызметкерлеріне арналған нысанды киімінің (погонсыз)
үлгілері (бұдан әрі - нысанды киім):

      1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (1-сурет):
      1) қою сұр түсті маусымдық бас киім;
      2) қара түсті қысқы бас киім;
      3) қою сұр түсті қысқы (жүн) пальто;
      4) қара түсті кашне;
      5) сұр түсті маусымдық плащ;
      6) қою сұр түсті шалбары мен жилеті бар пиджак;
      7) ұзын жеңді жейде;
      8) қысқа жеңді жейде;
      9) қара түсті қысқы бәтеңке;
      10) қара түсті туфли;
      11) қара түсті галстук;
      12) қара түсті былғары белдік белбеу;
      13) қара түсті қолғап;
      14) қара түсті кеудеше-жамылғы кіреді.

                           1-сурет

      2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет)
      1) қою сұр түсті маусымдық пилотка;
      2) қою сұр түсті қысқы берет;
      3) қою сұр түсті қысқы (жүн) пальто;
      4) қара түсті кашне;
      5) сұр түсті маусымдық плащ;
      6) қою сұр түсті юбкасы мен жилеті бар пиджак;
      7) ұзын жеңді жейде;
      8) қысқа жеңді жейде;
      9) қара түсті қысқы етік;
      10) қара түсті туфли;
      11) қою сұр түсті бант-галстук;
      12) қара түсті былғары белдік белбеу;
      13) қара түсті қолғап;
      14) қара түсті кеудеше-жамылғы кіреді.

                               2-сурет

      3. Кезекші бөлімге арналған далалық нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (3-сурет):
      1) қара түсті күрте (алынып-салынатын);
      2) қара түсті ұзын жеңді жейде мен шалбар;
      3) қара түсті жүк түсіруге арналған жиынтықты белдік белбеу;
      4) қара түсті жүк түсіруге арналған жиынтықты кеудеше;
      5) қара түсті тізеқап, шынтаққап;
      6) қара түсті ұзын қонышты берцтер;
      7) қара түсті қыстық ұзын қонышты берцтер;
      8) қара түсті футболка;
      9) қара түсті кепи (бейсболка).

                              3-сурет

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілерінің үлгілері (4-сурет):

                             4-сурет

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілік сыныбы бойынша айырым белгілері шеврон болып табылады.
      Аға басшы құрамының шевронында логотип, екі перпендикулярлы жолақ, сондай-ақ диаметрі 20 мм болатын алтын түсте жасалған жұлдыздар былай орналасады:
      1) 3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз;
      2) 2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз;
      3) 1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз.
      Орта басшы құрамы шевронында логотип, бір перпендикулярлы жолақ және диаметрі 13 мм болатын күміс түсте жасалған жұлдыздар орналасады:
      1) 6-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз;
      2) 5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;
      3) 4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз.