"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 607 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 30 қарашада № 14473 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Б¥ЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік кызметтер" функционалдық тобында:

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, ғарыш қызметі үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасының және 100 "Стандарттау, метрология өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, ғарыш қызметін үйлестіру саласында құзыретті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны дамыту саласындағы құзыретті органның қызметін қамтамасыз ету";

      243 "Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасының және 100 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      100 Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы кызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 100, 104 және 111 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 247 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "247 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі

      001 Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіб, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық

      100 Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      111 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің күрделі шығыстары";

      мынадай мазмұндағы 002, 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 119 және 122 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "002 Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру ақпараттық жүйесін құру

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      119 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      1 "Әскери мұқтаждар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 және 007 бюджеттік бағдарламалары бар 736 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "736 Облыстың жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы

      003 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

      007 Аумақтық қорғанысты дайындау және облыстық ауқымдағы аумақтық қорғанысы";

      2 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001, 002, 005, 009, 014, 032, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 121, 122, 123, 124, 125 және 126 бюджеттік бағдарламалары бар 736 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "736 Облыстың жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      002 Ақпараттық жүйелер құру

      005 Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру

      009 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      014 Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      119 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер";

      04 "Білім беру" функционалдық тобында:

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 005 және 138 бюджеттік бағдарламалары бар 247 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "247 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      005 Ғарыш саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

      138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:

      3 "Ақпараттық кеңістік" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы бар 803 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "803 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және дін істері бөлімі

      002 Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер";

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001, 003, 004, 006, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 119, 123 және 124 бюджеттік бағдарламалары бар 803 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "803 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және дін істері бөлімі

      001 Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      003 Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

      004 Ақпараттық жүйелер құру

      006 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік      мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік       сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      119 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу";

      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:

      9 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 007 және 008 бюджеттік бағдарламалары бар 247 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "247 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      007 Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану, сондай-ақ Құрастырма-сынақ кешенін салу үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

      008 Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер";

      мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 009 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "009 Ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базаны дамыту

      101 Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру";

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 103 және 104 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "010 Ғарыштық инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету және пайдалануды кеңейту

      100 Ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету

      101 "Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясының жалдайтын құрамда кірмейтін объектілерін кәдеге жаратуды, қайта құнарландыруды және жөндеуді ұйымдастыру

      102 Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зонттау жүйесінен алынатын ғарыштық суреттерді ұсыну бойынша қызметтер

      103 "Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясы жалдайтын құрамға кірмеген және ол құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету

      104 Үкіметаралық келісім шеңберінде бюджеттік кредитке кызмет көрсету бойынша агент банктердің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100,      101 және 111 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 012 бюджеттік бағдарламасы бар 247 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "247 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      012 Жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру іс-шараларын іске асыру

      100 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөніндегі қызметтер

      101 Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау

      111 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік материалдық резерв саласындағы ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары";

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары бар 736 және 803 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:

      "736 Облыстың жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы

      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

      803 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және дін істері бөлімі

      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      110 "Жалақы" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 111 "Еңбек ақы" ерекшелік бойынша:

      шығындардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығымен белгіленген әскери және арнаулы атақтар бойынша жалақылар, қосымша ақылар мен үстемеақылар; "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақылары, қосымша ақылары мен үстемеақылары; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақыттағы, мереке күндері мен демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төлемдері, лауазымдарды бірлесіп атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы.";

      130 "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 132 "Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу" ерекшелік бойынша:

      шығындардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мемлекеттік білім мекемелері тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов