Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 қарашада № 14445 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидалары бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2016 жылғы 6 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 24 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 29 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы " " ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Энергетика

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________ М. Мырзағалиев

      2016 жылғы 7 қазан




  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары –
  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің
  2016 жылғы 1 қыркүйектегі
  № 380 бұйрығымен
  бекітілген

Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрi - Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртібін айқындайды.

      2. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келiсу қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.

2-тарау. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбі

      3. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін жеке және заңды тұлғалар Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларына (бұдан әрi – Бассейндік инспекциялар) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда, не қағаз түрінде құжаттар ұсынады.

      4. Объектілерді салу кезінде, оның ішінде елді мекеннің шегінде салу кезінде су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      3) объектiнiң бас жоспарының көшірмесі.

      Бар объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерiн, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) техникалық шарттардың не өзінің бас тоғаны болмаған кезде – сумен жабдықтауға арналған шарттың көшірмесі;

      2) ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі болмаған жағдайда – сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі.

      5. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша келісу үшін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      3) нобайдың (нобайлық жобаның) көшірмесі немесе жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазбаны.

      6. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      3) жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазбаны;

      4) жоспарланған қызметке байланысты – пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды жүргізуге ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының көшірмесі.

      7. Құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттар ұсынылғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

      8. Бассейндік инспекциялар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тартады.


  Су объектiлерiнде, су қорғау
  аймақтары мен белдеулерiнде
  кәсіпорындар және басқа да
  құрылыстарды орналастыруды,
  сондай-ақ құрылыс және басқа
  да жұмыстар жүргiзу шарттарын
  келісу қағидаларына
  қосымша


Нысан

      Кімге:______________________________ _________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:__________________________ ____________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш иесінің мекенжайы ______________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)

      Өтініш иесінің деректемелері __________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi,

      ____________________________________________________________

      заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (бар болса) ____________

      Арнайы су пайдалануға рұқсат (бар болса) _______________________

      (нөмірі, берілген күні)

      Жобалаушы ұйымның мемлекеттік лицензиясының нөмірі (объектiнiң бас жоспарының көшірмесі ұсынылған жағдайда) _________________

      ____________________________________________________________

      (нөмірі, берілген күні)

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________сұраймын.

      (өтініштің мақсаты)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі

      ____________________________________________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болса)

      20 жылғы " "