Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14426 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының міндетін уақытша
атқарушы
___________ С. Әбіш
2016 жылғы 19 қазан

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 17 қазандағы
№ 207 бұйрығына
1-қосымша

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзірленген және байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ) жүргізуі мақсатында пошта операторларына тиесілі пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Талаптарда Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі заңдарында және Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады.

      3. Пошта байланысы желілерінде ЖІІ жүргізуді Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.

2-тарау. Пошта желісіне қойылатын талаптар

      4. Пошта операторлары пошта желісінің өндірістік объектілерінде оқшауланған болуы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10939 болып тіркелген) бекітілген, "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келуі тиіс жеке үй-жайлар бөледі.

      5. Пошта желісінің өндірістік объектілерінде ЖІІ жүргізу үшін пошта байланысы құралдарын орналастыру және іске қосу шарттары ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органымен келісіледі.

      6. Пошта операторы жаңадан салынатын немесе реконструкцияланатын өндірістік объектілерде ЖІІ жүргізу үшін үй-жайлардың болуын көздейді.

      7. Үй-жайлардың қажетті алаңы ЖІІ жүргізу үшін орналастырылатын пошта байланысы құралдарына, персоналдың жұмыс орындарына сәйкес келуі, сондай-ақ қажетті электрмен, энергиямен және сумен жабдықталуы, технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуі керек.

      8. Үй-жайға кіретін есік кодты құлыппен жабылатын металдан болуы керек, үй-жайдағы терезеге үй-жайдың сыртқы жағынан тор қойылған болуы немесе ішінен жабылатын құрылғысы бар ішкі металл терезе қақпағы болуы тиіс.

      Үй-жайлар күзет-өрт дабылдамасымен қамтамасыз етіледі. Үй-жайдың кірер есігі мен терезесі сыртқы жағынан бейнебақылауда болуы керек.

      9. Үй-жайларда қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін ұлттық қауіпсіздік органының аумақтық бөлімшесінің қызметкерлерін пошта операторының объектілеріндегі төтенше оқиғалар (өмірге қауіпті салынымдары бар пошта жөнелтілімдері табылғаны, өрт және басқа да) туралы жедел хабардар ету қамтамасыз етіледі.

      10. ЖІІ жүргізуге арналған үй-жайлар ұлттық қауіпсіздік органының рұқсатынсыз пошта қызметі субъектілерінің және басқа да бөтен жеке тұлғалардың оларға рұқсатсыз кіруін болдырмайтын құралдармен жабдықталады.

      11. Пошта маршруттарын жоспарлауды және жасауды пошта операторы барлық пошта жөнелтілімі ЖІІ жүргізу үшін бөлінген үй-жайлар және ЖІІ жүргізуге арналған пошта байланысының құралдары бар пошта желісінің өндірістік объектілері арқылы өтетіндей етіп жүзеге асырады.

3-тарау. Пошта байланысы құралдарына қойылатын талаптар

      12. ЖІІ жүргізу үшін пошта байланысы құралдарының техникалық құралдары мыналардан тұруы керек:

      1) дербес деректер туралы ақпаратты және тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды, ақпаратты оқшауланған ақпараттық жүйелерге біржақты көшіруді жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құралдар;

      2) дербес деректер туралы ақпаратқа және тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қашықтықтан кірудің компьютерлік құралдары;

      3) дербес деректерді және пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты іздеу және өңдеу операцияларын жүзеге асыратын оқшауланған ақпараттық жүйенің аппараттық-бағдарламалық құралдары;

      4) оқшауланған ақпараттық жүйенің компьютерлік жұмыстық әкімшілендіру, өңдеу, қадағалау орындары;

      5) арна құрушы жабдық және байланыс желілері;

      6) пошта жөнелтілімдеріндегі тыйым салынған заттар мен нәрселерді оларды ашпай-ақ анықтауға мүмкіндік беретін құралдар мен жабдық;

      7) өндірістік объектілерді бейнетіркеу (бейнебақылау) жүйелері;

      8) ЖІІ жүргізуге арналған жабдыққа және үй-жайға рұқсатсыз кіруді шектеу құралдары.

      13. ЖІІ жүргізу үшін пошта байланысы құралдарының жабдығы осы Талаптардың 12-тармағында көрсетілген құралдардың кешенінен тұрады және ол пошта желісінің әрбір өндірістік объектісінде орналастырылады.

      14. Пошта операторларының ЖІІ жүргізу үшін пошта байланысы жабдығын, оларды өндірушіні және (немесе) жеткізушіні таңдауы жабдықтың сапасына қойылатын талаптар, техникалық қолдау, ЖІІ жүргізу бойынша функционалдық мүмкіндіктер ескеріліп жүзеге асырылады.

      15. ЖІІ жүргізу мақсатында пошта байланысы құралдарының технологиясы:

      барлық пошта жөнелтілімін ұлттық қауіпсіздік органына тексеруге беру және тексеруден кейін пошта желісіне қайтару операцияларын;

      дербес деректер туралы ақпаратты және пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау операцияларын;

      дербес деректер туралы ақпаратты және қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты оқшауланған ақпараттық жүйеге циклді көшіру операцияларын;

      дербес деректер туралы ақпаратқа және пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа кіру операцияларын қамтиды.

      16. ЖІІ жүргізу мақсатында пошта байланысы құралдарының технологиясы ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау шараларын көздейді.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 17 қазандағы
№ 207 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - ЖІІ) жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. ЖІІ жүргізу пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар ескеріліп пошта желілерінде қамтамасыз етіледі.

      Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен пошта операторларының өзара қарым-қатынасы "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңымен және Заңмен реттеледі.

      3. Байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар мен пошта операторлары арасындағы ЖІІ ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау заңдылық, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, тараптардың мүдделерін өзара сақтау қағидаттарына негізделеді.

      4. Пошта байланысы желілерінде ЖІІ жүргізуді Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.

      5. Пошта желісі объектілерінде ЖІІ жүргізу үшін үй-жайларды дайындау, ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарына қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізу, оларды пайдалануға, жауапты сақтауға беру ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органының және пошта операторының жауапты тұлғалары қол қойған құжаттармен (актілермен) расталады.

      6. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді пошта операторларымен жасалған шарттар шеңберінде аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды жеткізушілермен бірлесіп пошта операторлары қамтамасыз етеді.

      7. Авария болған, ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалану режимі бұзылған жағдайда, пошта операторлары ұлттық қауіпсіздік органын хабардар ете отырып анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасының пошта желілерінде ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі тәртіп

1-параграф. Қазақстан Республикасының пошта желілерінде ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау

      8. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу кезінде пошта операторы:

      1) ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органына осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш (бұдан әрі – Өтініш) жібереді;

      Өтінішке:

      заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың және заңды тұлғаның құрылтай құжатының (жарғы немесе құрылтай шарты) көшірмелері;

      жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

      осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша пошта қызметі туралы толтырылған сауалнама қоса беріледі.

      2) Өтінішті қараудың оң нәтижесі бойынша он жұмыс күні ішінде ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және оны ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органымен келіседі.

      Жоспарда мынадай іс-шаралар көзделеді:

      пошта желісінің өндірістік объектілерінде ЖІІ жүргізу үшін үй-жайлар бөлу және дайындау (орналасатын жері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша анықталады); қажетті байланыс желілері мен арналарын ұйымдастыру;

      ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын жеткізу және орнату, қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізу, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органына пайдалануға беру;

      рұқсатсыз кіруден қорғаудың ұйымдастыру және техникалық шараларын қабылдау.

      Жоспарда қамтылатын ақпарат құпия болып табылады.

      Ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органымен келісу кезінде Жоспар екі данада жасалады, екі тараптың мөрлерімен (пошта операторында болған жағдайда) бекітіледі. Бірінші данасы ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органына беріледі, екінші данасы пошта операторында сақталады;

      3) пошта байланысының өндірістік объектілерінде ЖІІ жүргізу үшін үй-жайларды, байланыс желілері мен арналарын бөлуді және дайындауды жүзеге асырады;

      4) жабдық сапасына қойылатын талаптарды және оны техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ескере отырып, ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын жеткізуді жүзеге асырады;

      5) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын орнатуды, қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізуді, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органына пайдалануға беруді жүзеге асырады;

      6) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын рұқсатсыз кіруден қорғау бойынша ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды;

      7) ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органына барлық қажетті компьютерлік және басқа да техникалық жабдық, қорғалған байланыс арналары, клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету бар жерде, жинау және сақтау жүйесіне тәулік бойы кіру мүмкіндігі бар қашықтықтан көп пайдаланылатын жұмыс орнын ұйымдастырады.

      9. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу кезінде ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органы:

      1) пошта операторының Өтінішін қарайды және отыз жұмыс күні ішінде қарау нәтижелері туралы пошта операторын хабардар етеді;

      2) Жоспарды қарайды және бес жұмыс күні ішінде қарау нәтижелері туралы пошта операторын хабардар етеді;

      3) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын қабылдау-тапсыру сынақтарына қатысады, оларды пайдалануға қабылдайды;

      4) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын рұқсатсыз кіруден қорғау бойынша шаралардың сақталуын тексереді.

      10. Пошта операторының ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізуі оларды пайдалануға ресми түрде енгізген күннен бастап аяқталады.

2-параграф. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      11. Пошта операторы мен ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органының осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануға енгізу актісіне қол қоюы ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануға енгізу болып табылады.

      12. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалану кезінде ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдары:

      1) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануды қамтамасыз етеді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық мемлекеттік органның мүддесі үшін пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, осы мақсатта ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шешеді;

      2) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарының жұмыс істеуіне және мәліметтердің сақталуы және ЖІІ жүргізу кезінде рұқсатсыз қол жеткізуді шектеу жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) жабдықты пайдалану барысында туындаған ақаулықтар туралы пошта операторын үш күндік мерзімде хабардар етеді.

      13. ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалану кезінде пошта операторы:

      1) ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) пошта желісінің өндірістік объектілерінде ЖІІ жүргізу үшін үй-жайларға ұлттық қауіпсіздік органының тәулік бойы кіруін қамтамасыз етеді;

      3) ЖІІ жүргізу үшін пошта байланысы желісі мен құралдарының қажетті аппараттық, бағдарламалық, арналық және техникалық ресурстарын бөледі;

      4) пошта операторының қызметтерін барлық пайдаланушыны дербес тіркеу және сәйкестендіру жүйесін іске асыруды техникалық және ұйымдастыру шараларымен қамтамасыз етеді;

      5) пошта жөнелтілімдерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы ақпаратты уақтылы жаңартып отырады;

      6) пошта желісінің өндірістік объектілерінде орналасқан ЖІІ жүргізу құралдарының сақталуын қамтамасыз етеді, электрмен жабдықтауды, жерге тұйықтауды, климаттық жағдайларды қоса алғанда, оларды пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасайды;

      7) ЖІІ жүргізу кезінде мәліметтердің сақталуы және рұқсатсыз кіруді шектеу бойынша шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) пошта байланысы желілері мен құралдары өзгерген, жаңа жабдық енгізілген кезде ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарына қажетті өзгерістер жасалуын ұлттық қауіпсіздік органымен келісім бойынша қамтамасыз етеді;

      9) техникалық құралдарды өндірушінің, авторландырылмаған пайдаланушылардың, пошта қызметі субъектілерінің және өзге де тұлғалардың рұқсатсыз кіруінен қорғауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру шараларының кешенін өткізеді;

      10) ақпаратты қорғау құралдарын қолданып, ЖІІ жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарына регламенттік және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, пошта операторы жұмыскерлерінің және пошта операторымен шарт жасасқан жеке тұлғалардың аппараттық және бағдарламалық компоненттерге кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
пошта желілерінде
жедел-іздестіру іс-шараларын
жүргізудің
аппараттық-бағдарламалық және
техникалық құралдарын енгізу
және пайдалану кезіндегі
өзара іс-қимыл жасау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ______________________

      (ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органы)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (пошта қызметі саласында қызметтер ұсынатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атауы)

      БСН/ЖСН_____________________________________________________

      Жеке немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

       (жеке/заңды тұлға үшін)

      атынан өкілеттігін растайтын

      құжат___________________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес ________________________________________________________________________________

                               (пошта операторының атауын көрсету)

      тиесілі пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану туралы осы өтінішті қарауды сұрайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      ______________________/басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      МО

      20__ ж. "___" ______________

  Қазақстан Республикасының
пошта желілерінде жедел-
іздестіру іс-шараларын
жүргізудің аппараттық-
бағдарламалық және техникалық
құралдарын енгізу және
пайдалану кезіндегі өзара
іс-қимыл жасау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Пошта қызметі туралы сауалнама

      ________________________________________________________________________________

      (пошта қызметі саласында қызметтер ұсынатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атауы)

      1. Пошта байланысының көрсетілетін

      қызметтері:______________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтер түрін атап көрсету)

      2. Пошта желісі:__________________________________________________________________
(меншігіндегі немесе жалдамалы өндірістік объектілерді көрсету, олардың орналасқан мекенжайлары)

      3. Көлік құралдары: _______________________________________________________________

      (пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде пайдаланылатын, меншігіндегі немесе жалдамалы көлікті көрсету).

      ______________________/басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      МО

      20__ ж. "___" ______________

  Қазақстан Республикасының
пошта желілерінде жедел-
іздестіру іс-шараларын
жүргізудің аппараттық-
бағдарламалық және техникалық
құралдарын енгізу және
пайдалану кезіндегі өзара
іс-қимыл жасау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      __________________ 20__ жылғы "___" ______

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануға енгізу актісі

      Осы Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануға енгізу актісін аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу аяқталған соң және мына аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар тестілік режимде сынақтан жақсы өткен соң ________________ (пошта операторының) және __________________ (ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органының) уәкілетті өкілдері жасады:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      20__ жылғы "____" ___________бастап жоғарыда көрсетілген құралдар пайдалануға енгізілсін.

      ______________________/пошта операторы өкілінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      МО

      20__ ж. "___" ______________

      ______________________/ ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органы өкілінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      МО

      20__ ж. "___" ______________