"Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 137-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 қарашада № 14412 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 16-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12887 болып тіркелген, 2016 жылы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      2) жобалау құжаттамасының сәулет-құрылыс, технологиялық, сметалық және басқа да бөлімдерін, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жұмыс құжаттамасының тиісті негізгі жиынтықтарын әзірлеуді;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «20-1. Объектілерді күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны күрделі жөндеуге жататын жобаның бөлімдері мен бөліктеріне 0,5 төмендетуші коэффициентін ескере отырып, оны күрделі жөндеу нәтижесінде қолжеткізілуі тиіс жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің мәнін ескеріп, Жинақтың бағалары бойынша айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «26-1.Building Information Modeling (бұдан әрі – BIM) технологияларды қолдана отырып жобалау құжаттамасын әзірлеудің құны BIM-модельдерді құру арқылы әзірленген жобаның бөлімдері бойынша 1,2 коэффициентін қолданып, Жинақтың нормалары бойынша айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «28-1. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша үш жыл ішінде және оны әзірлеуді аяқтаудан кейін үш жылдан астам уақытта құрылыс басталмаса және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-16) тармақшаларына сәйкес жаңа сараптама жүргізу мен қайта бекіту талап етілсе, бұрын әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау бойынша жобалау жұмыстарының құны 0,35 төмендету коэффициентімен айқындалады.»;
      «37. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) және/немесе Тапсырыс беруші халықаралық тәжірибені ескере отырып, жобаланатын Қазақстан Республикасындағы аналогтары жоқ жобаны іске асыруды әзірлеу үшін шетелдік жобалау ұйымын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдаған кезде жобалау жұмыстарының құны мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) жобаның технологиялық бөлімін әзірлеуге арналған шығындар мамандардың сандық, біліктілік құрамын ескере отырып, жобалаудың технологиялық үрдістері бойынша еңбек шығындарының ведомосін қалыптастыру жолымен бағаланатын шетелдік жобалаушылардың ресми жарияланған статистикалық деректері мен еңбек сыйымдылығы бойынша жобалау ұйымының шыққан елі жобалаушыларының орташа айлық жалақысының шамасын ескере отырып, есептелген ББӘ және/немесе тапсырыс беруші бекіткен калькуляция бойынша айқындалады;
      2) өзге де бөлімдерге арналған шығындар бағадан проценттердегі жобалау-сметалық құжаттамасының құны ұсынылатын бөлумен кестелердің көмегімен жобаның технологиялық бөлімін әзірлеу бойынша жұмыстарға арналған құнды азайтумен осы Мемлекеттік нормативтің 15-тармағына сәйкес айқындалады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Құрылыс және тұрғын
      үй-комуналдық шаруашылық
      істері комитетінің төрағасы                М. Жайымбетов