Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қазанда № 14365 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану бойынша талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қағидаларға 2-қосымша болып табылатын Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің төлемдер белгілеу кодтары 014, 031, 089, 090, 093, 098 және 099 операцияларының атаулары тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатыны белгілене отырып, тиісті төлемдер белгілеу кодтары бар көрсетілген операциялар атауларының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

"014

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамына міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

031

Банктің жаңылысып төлеген төлемдерін қайтаруы, оралмандарға біржолғы төлемдерді қайтару, банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару

089

Тұрғылықты жері белгісіз бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары

090

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы

093

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару

098

Тұрғылықты жері белгісіз бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

099

Басқа да төлемдер

099

Оралмандарға біржолғы төлемдер

099

Банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер

099

Осы бөлімде ескерілмеген өзге басқа да төлемдер (жәрдемақылар)".

      Қағидаларға 2-қосымша болып табылатын Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің төлем белгілеу коды 021 операцияның атауы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      Министр _____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 15 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрлігі

      Министрдің м.а. _____________ Б. Нұрымбетов

      2016 жылғы 26 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 19 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 203 қаулысымен бекітілген

Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары

      1. Осы Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібін, сондай-ақ төлемдердің кодын қою жүйесін белгілейді.

      2. Қағидаларда "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) валюта және қорлар коды (бұдан әрі – валюта коды) – "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес белгіленген валюталар мен қорларды көрсетуге арналған үш мәнді алфавиттік код;

      2) төлем белгілеу коды – төлем белгілеудің үш мәнді цифрлық код белгiсi.

      3. Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібі төлем құжаттарында, қолма-қол ақшаны қабылдау және беруге арналған кассалық құжаттарда, электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы банк шотын ашпай, төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жөнелтішуге берілетін чектерде, банкоматтар не өзге де электрондық терминалдар арқылы салық немесе бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді жүргізген кезде төлем карточкаларын ұстаушыларға берілетін сауда чектерінде (бұдан әрі – төлем құжаттары) пайдаланылады.

      4. Қағидаларда белгіленген экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібі:

      1) қағаз тасымалдағышта төлем құжаттарын ресімдеген кезде және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған кезде электрондық құжаттармен алмасу кезінде;

      2) ел ішінде жүргізілетін, шет елге жөнелтілетін Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық ететін банк ішіндегі және банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарды жүзеге асырған кезде қолданылады.

      Шет елден келіп түсетін төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжаттарында қойылған экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтары болмаған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-банк банктің ақпараттық жүйелерінде төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша алынған құжаттар негізінде экономика секторларының және төлемдер белгілеу қодтарын өздігінен қойып шығады.

      5. Төлемдердің кодын қою жүйесі төлемдер және (немесе) ақша аударымдары ағынының айқындылығын және талдауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      Төлемдердің кодын қою цифрлық және әріптік символдар арқылы жүзеге асырылады. Төлемдердің кодын қою жүйесі мынадай:

      І, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х, мұндағы:

      І – ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі;

      II – ақша жөнелтушінің экономика секторы;

      III – бенефициардың резиденттік белгісі;

      IV – бенефициардың экономика секторы;

      V, VI, VII – валюта коды;

      VIII – операцияның түрі;

      IX – төлем сипаты;

      X – төлемді толық көрсету.

      I және II символдар арқылы ақша жөнелтушінің коды жасалады (АЖК).

      III және IV символдар арқылы бенефициардың коды жасалады (БеК).

      VIII, IX, Х символдар арқылы төлем белгілеу коды жасалады.

      6. Резиденттік белгісі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады және мынадай тәртіппен қойылады:

      "1" – резидент;

      "2" – бейрезидент.

      7. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторларының кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      8. Төлем белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесіне сәйкес көрсетіледі.

      9. Төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің коды, бенефициардың коды, төлем белгілеу коды, валюта коды арнайы бөлінген жолдарда қойылады.

      10. Ақша жөнелтуші төлем құжатының "Төлемді тағайындау"/"Төлемнің атауы" бағандарында ол бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын нақты операциясының мазмұнын көрсетеді, тиісті құжат негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған жағдайда оның деректемелері көрсетіледі.

      Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу кезінде ақша жөнелтуші төлем құжатының "Төлемді тағайындау" бағанында егер оның төлем валютасынан айырмашылығы болса, бағалы қағаздар шығарылған валютаны да көрсетеді.

      11. Операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып табылатын төлем белгілеу коды, егер оның одан әрі жан-жақты көрсетiлуі болса, онда қоюға жол берілмейді.

  Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына
1-қосымша

Экономика секторларының кодтары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Экономика секторының коды

Институционалдық бірліктің атауы

Мемлекеттік басқару органдары секторы

1

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Шет мемлекеттің Үкіметі

2

Өңірлік және жергiлiктi басқару органдары

Қаржы ұйымдары секторы

3

Орталық (ұлттық) банк

4

Басқа депозиттiк ұйымдар

5

Басқа қаржы ұйымдары

Қаржылық емес ұйымдар секторы

6

Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар

7

Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар

Yй шаруашылықтарына қызмет көрсететiн коммерциялық емес ұйымдар секторы

8

Yй шаруашылықтарына қызмет көрсететiн коммерциялық емес ұйымдар

Yй шаруашылықтары секторы

9

Yй шаруашылықтары

      Ескерту:

      1. Төлем құжаттарында пайдалану үшін институционалдық бірліктерді экономика секторларының кодтары бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қаржылық қызметті жүргізетін халықаралық ұйымдар "Орталық (ұлттық) банк" экономика секторында ескеріледі, барлық өзге халықаралық ұйымдар "Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Шет мемлекеттің Үкіметі" экономика секторында есепке алынады.

  Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына
2-қосымша

Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төлемдер белгілеу кодтары

Операциялардың атауы

0-бөлім "Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар"

002

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы

003

Инвестициялық шотқа аударым

004

Зейнетақы төлемдері шотына аударым

005

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы

006

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы

007

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы

008

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы

009

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл

010

Міндетті зейнетақы жарналары

011

014 төлем белгілеу коды бойынша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері

012

Әлеуметтік аударымдар

013

Ерікті зейнетақы жарналары

014

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері

015

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

016

Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы

017

Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

018

Инвестициялық кіріс,


оның ішінде:


"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс

019

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

020

Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстап қалу сомаларын қайтару

021

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамының қате есептелген төлемдерді қайтаруы

022

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар

023

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару

024

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару

025

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражат есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан елу пайызды қайтару

026

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруы

027

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлем

028

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

029

Жергілікті бюджеттерден трансферттер

030

Республикалық бюджеттен трансферттер,


оның ішінде:


Зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерінің сомаларын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып төлеу


Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамынан субсидиялау


Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамынан субсидиялау

031

Банктің қате төлемдерді, басқа да төлемдерді қайтаруы


басқа да төлемдерге мыналар жатады:


Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару


оралмандарға бір жолғы төлемдерді қайтару


банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару


мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қайтару


тұрғын үй көмегін қайтару


бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны қайтару

032

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы

033

Зейнетақылар

034

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

035

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

036

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

037

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

038

Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

039

Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

040

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді жерлеуге арналған жәрдемақылар, жасына байланысты зейнетақы төлемдері алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан төлемдерді алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында зейнетақы жинақтары бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған біржолғы төлемдер

041

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді жерлеуге арналған жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан төлемдерді алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында зейнетақы жинақтары бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді қайтару

042

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар

043

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару

044

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу

045

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару

046

Асыраушысынан айрылған жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

047

Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

048

Жұмысын жоғалтқан жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

049

Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару


050-топ "Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"

051

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына

052

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне

053

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға

054

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға

055

Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне

056

Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына

057

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне)

058

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға

059

Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар


060-топ "Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару"

061

Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша

062

Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша

063

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша

064

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша

065

Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері бойынша

066

Қайтыс болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары бойынша

067

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша

068

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша

069

Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару


070-топ "Азаматтардың басқа санаттарына төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"

071

1 және 2-топтағы мүгедектерге

072

3-топтағы мүгедектерге

073

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға

074

Көп балалы аналарға

075

Ақталған азаматтарға

076

Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға

077

Басқалары

078

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы


080-топ "Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару"

081

1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша

082

3-топтағы мүгедектер бойынша

083

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша

084

Көп балалы аналар бойынша

085

Ақталған азаматтар бойынша

086

Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар бойынша

087

Басқалар бойынша

088

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу

089

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

090

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша қате есептелген сомаларын қайтаруы

091

Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер

092

Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылады, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді қайтару

093

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл сомасын қайтаруы

094

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

095

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

096

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан жүктілігі және босануына, жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер

097

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан жүктілігі және босануына, жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді қайтару

098

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

099

0-бөлім бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы


оралмандарға төленетін бір жолғы төлемдер


банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер


мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты


тұрғын үй көмегінің мақсаты


бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны


осы бөлімде ескерілмеген басқа да төлемдер (жәрдемақылар)

1-бөлім "Арнайы аударымдар"


110-топ "Өтеусіз аударымдар"

111

Емделуге арналған ақша аударымдары,


оның ішінде:


емделуге ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициар медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың емдеуге ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)

112

Білім беруге арналған ақша аударымдары,


оның ішінде:


оқытуға ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициар білім беру қызметтерін жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың оқытуға ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)

119

Басқа да өтеусіз ақша аударымдары,


оның ішінде:


басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициардың басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)


зиянды өтеу, оның ішінде сот шешімі бойынша


гранттар (оның ішінде тендер бойынша жеңіп алынғандар)


аккредитив, кепілдік шарты, қарыз, басқа да шарт немесе келісімшарт бойынша (міндеттемелер бойынша бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдан басқа) міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)


әр түрлі сипаттағы өтеусіз ақша аударымдары: қайырымдылық, сыйға тарту, алименттер, сатылған лотерея билеттері және олар бойынша ұтыстар, мұрагерлік тәртібімен өтетін ақша қаражаттарын аудару

120

Мүшелік жарналар,


оның ішінде:


ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтін, бірақ ұйымның қандай да бір қызметті көрсетуін қамтамасыз ететін мүшелік жарна


"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына төленетін жарна


биржадағы шетел валюталары, бағалы қағаздар бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған жарна


қызметкерлердің жалақысынан ұсталған кәсіподақ жарналары

121

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

122

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

123

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

125

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қате есептелген сомаларды қайтаруы

126

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қате есептелген сомаларды қайтаруы

127

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

128

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы


130-топ "Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражатты қайтаруы"

131

Бас ұйымның өзінің филиалдарын және өкілдіктерін, оның ішінде сатып алулардың барлық түрлері бойынша қаржыландыруы

132

Бас ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің ақша аударымдары (ақша қайтаруы)

140

Жол чектері бойынша операциялар,


оның ішінде:


резидент-банктің өз клиенттеріне банкке консигнация талаптарымен (клиенттің банкке консигнация талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы


резидент-банктің жол чектерінің эмитентіне сатылған жол чектері бойынша ақша сомасын аударуы


резидент-банктің жол чектерінің эмитентіне банк кейіннен клиенттерге сату үшін сатып алған жол чектері сомасын төлеуі


резидент-банктің өз клиенттеріне банкке алдын ала төлеу талаптарымен (клиенттің банкке алдын ала төлеу талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы


резидент-банктің банк кассасында клиентке жол чегі бойынша ақша сомасын төлеуі


жол чектері эмитентінің резидент-банкке сатылған жол чектері бойынша өтеу сомасын аударуы


қосалқы агенттермен алдын ала шарт бойынша жол чектері бойынша операциялар


қосалқы агенттермен консигнация шарты бойынша жол чектері бойынша операциялар

150

Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар,


оның ішінде:


делдал банктің корреспонденттік шоттар бойынша бір банктен екінші банкке ақша аударуы

160

Нетто-позициялар бойынша есеп айырысу,


оның ішінде:


төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша есеп айырысу ұйымына ақша аудару


төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша банктер арасында ақша аудару


банктер арасындағы қарсы төлемдер клирингінің нәтижелері бойынша таза позициялар сомасын аудару


170-топ "Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу"

171

Кепілдік жарнасы,


оның ішінде:


конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарна


конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурсқа қатысушы-әлеуетті жеткізушілердің ақша аударуы

172

Кепілдік жарнасын қайтару,


оның ішінде:


конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарнаны қайтару


конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомаларын қайтару


180-топ "Құжаттандырылған операциялар"

181

Аккредитив бойынша операция,


оның ішінде:


импортер-клиенттің шотынан аккредитив бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға орнын жабу шотына ақша аудару (жабу сомасы)


клиенттің банк шотынан (аккредитив бойынша ақы төлеуді өтеу) "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотын өтеуі


резидент банктің экспортер-клиенттің шотына ақша аударуы

182

Кепілдік бойынша операциялар,


оның ішінде:


кепілгер банктің клиент алдындағы кепілдік міндеттемелерін орындауы кезінде кепілгер-банкке борышкер банкінің (борышкердің) ақша аударуы


кепілдік бойынша орнын жабу шотына борышкер клиенттің шотынан орнын жабу сомасын есептен шығару


клиенттің банк шотынан (кепілдік бойынша ақы төлеуді өтеу) "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотын өтеуі

190

1-бөлім бойынша басқа да аударымдар,


оның ішінде:


1-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер


1-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


төлем мақсаты сәйкестендірілмеген жағдайда, анықтағанға дейін шоттан сомаларды кері қайтару


инкассалық өкімге қоса берілетін атқару құжатында төлем белгілеуін (мақсатын) анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер болмаған жағдайда инкассалық өкімнің негізінде берешекті өтеу бойынша аударымдар

2-бөлім "Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар"


210-топ "Сатып алу",


оның ішінде:


алдын ала ақыны қоса алғанда

211

Биржада теңгеге шетел валютасын сатып алу,


оның ішінде:


биржада шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

212

Монетарлық алтынды сатып алу

213

Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сатып алу,


оның ішінде:


қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол теңгені беру


банктің қолма-қол емес шетел валютасымен ақы төлеу үшін клиенттің банк шотына теңгені есептеуі


биржадан тыс шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

219

Басқа да бағалы металдарды сатып алу,


оның ішінде:


тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сатып алу


бағалы металдардың неттингі бойынша операциялар


220-топ "Сату"

221

Биржада теңгеге шетел валютасын сату

222

Монетарлық алтынды сату

223

Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сату,


оның ішінде:


қолма-қол емес теңгеге қолма-қол шетел валютасын беру


клиенттің өзінің банк шотынан теңгемен банкке қолма-қол емес шетел валютасын сатуы

229

Басқа да бағалы металдарды сату,


оның ішінде:


тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сату

230

Шетел валюталарын айырбастау,


оның ішінде:


басқа шетел валютасына екінші шетел валютасын сатып алу (сату)


басқа шетел валютасына бір шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

290

2-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


2-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер


2-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


тазартылған бағалы металдардағы металл шоттар бойынша сыйақыны орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар

3-бөлім "Салымдар (депозиттер)"


310-топ "Салымдарды (депозиттерді) орналастыру",


оның ішінде:


банкаралық депозиттер


қолма-қол ақша салу немесе клиент-салым иесінің өзге банк шоттарынан ақша аудару

311

Талап ету бойынша салымдарды (банктік салым шарты негізінде ашылған) орналастыру

312

Қысқамерзімді салымдарды (бір жылдан аспайтын) орналастыру

314

Ұзақмерзімді салымдарды (бір жылдан асатын) орналастыру

315

Банктің талап ету бойынша салым бойынша есептелген сыйақыны клиенттің банк шотына есептеуі

316

Банктің қысқамерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

317

Банктің ұзақмерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

318

Банктің клиенттің шартты салым бойынша банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

319

Шартты салымдарды орналастыру


320-топ "Салымнан (депозиттен) алу",


оның ішінде:


банкаралық депозиттерді


қолма-қол ақшаны алу немесе кейіннен клиент-салым иесінің өзге банк шотына ақша аудару жолымен негізгі соманы және есептелген сыйақыны

321

Талап еткенге дейінгі бойынша салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу

322

Қысқамерзімді салымнан (бір жылдан аспайтын) алу,


оның ішінде:


толық соманы төлеу және ішінара алу


қысқамерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу

324

Ұзақмерзімді салымнан (бір жылдан асатын) алу


толық соманы төлеу және ішінара алу


ұзақмерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу

329

Шартты салымнан ақша алу


330-топ "Ағымдағы немесе корреспонденттік шотына ақша орналастыру"

331

Ағымдағы немесе корреспонденттік шотқа қолма-қол ақша салу

332

Заңды тұлғаның банкке осы заңды тұлға қызметкерлерінің банк шоттарына кейіннен есептеу үшін жалақыны, еңбек демалысының ақысын аударуы

333

Банктің клиенттің банк шотына ағымдағы немесе корреспонденттік шот бойынша есептелген сыйақыны есептеуі

334

Банктің клиенттің банк шотына қолма-қол валютамен ақы төлеу үшін қолма-қол емес ақшаны есептеуі,


оның ішінде:


қолма-қол шетел валютасымен ақы төлеу үшін қолма-қол емес шетел валютасын (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып)


қолма-қол теңгемен ақы төлеу үшін қолма-қол емес теңгені (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып)


340-топ "Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарынан ақша алу"

341

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алу,


оның ішінде:


бас банкте ашылған ағымдағы немесе корреспонденттік шоттан банк филиалында

342

Клиенттің банкте ашылған өзінің бір ағымдағы шотынан осы банкте ашылған өзінің басқа ағымдағы шотына ақша аудару

343

Клиенттің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына ақша аудару

344

Қолма-қол емес валютаға қолма-қол ақша беру (сату),


оның ішінде:


қолма-қол емес теңгеге қолма-қол теңгені


қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол шетел валютасын

345

Клиенттің берілген қарыз сомасын ағымдағы немесе корреспонденттік шоттан қолма-қол алуы

346

Банктің чек бойынша ақша төлеуі

350

Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан жеке қаражатын басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына аударуы


360-топ "Сенімгерлікпен басқарудағы ақша"

361

Сенімгерлікпен басқаруға ақша беру

362

Сенімгерлікпен басқаруға берілген ақшаны қайтару

390

3-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


3-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған салымдар (депозиттер) бойынша төлемдер


3-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

4-бөлім "Қарыздар"


410-топ "Қарыздар беру",


оның ішінде:


банктің берілетін қарыз сомасын банк шотына есептеуі


қайтарымды қаржылық көмек беру


жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарыз бойынша ілеспе төлемдер, қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар

411

Қысқамерзімді қарыздар беру (бір жылдан аспайтын),


оның ішінде:


овердрафт, овернайт беру

413

Ұзақмерзімді қарыздар беру (бір жылдан астам)


оның ішінде:


бір жылдан астам мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру

419

Басқа да қарыздар беру (мерзімсіз қарыздар және басқа қарыздар),


оның ішінде:


мерзімсіз қарыздар, мерзімсіз қайтарылатын қаржылай көмек беру


420-топ "Қарыздарды өтеу",


оның ішінде:


негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу (оның ішінде, мерзімінен бұрын)


мерзімі өткен берешекті өтеу: негізгі борыш және сыйақы


уақытша қаржылай көмекті қайтару

421

Қысқамерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан аспайтын),


оның ішінде:


овердрафтты, овернайтты өтеу

423

Ұзақмерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан астам)

424

Қаржы лизингі

429

Басқа да қарыздар,


оның ішінде:


мерзімсіз қарызды өтеу, уақытша мерзімсіз қаржылай көмекті қайтару

430

Заңды немесе жеке тұлғаларға бұрын төленген шығыстарды өтеу, оның дебиторлық берешегін өтеу

490

4-төлем бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


4-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттар бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, қарыздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


4-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


қарызды өтеуге артық есептелген ақшаны қайтару

5-бөлім "Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар"

510

Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу,


оның ішінде:


капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару


бейрезиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу


бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна


капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару


бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу


520-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу"

521

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу

522

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу

529

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу


530-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу"

531

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу

532

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу

539

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу


540-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды сатып алу"

541

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

542

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

543

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды сатып алу

544

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды сатып алу

545

Облигацияларды сатып алу

548

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

549

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу


550-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды өтеу"

551

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

552

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

553

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттады өтеу

554

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды өтеу

555

Облигацияларды өтеу

558

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

559

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу


560-топ "Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар"

561

Бөлінген таза кіріс және дивидендтер,


оның ішінде:


Бейрезиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу

562

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы (пайыздық)

563

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы

570

Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу

580

Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу

590

5-бөлім бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


5-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


5-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

6-бөлім "Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу"

610

Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу,


оның ішінде:


капиталдың мөлшері азайған кезде резиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару


резиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу


резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна


капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару


резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу


620-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу"

621

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыс мерзімі бар бір жылдан аспайтын қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алу


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын сатып алу

623

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноттары үшін төлемдер


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноттары бойынша купон үшін төлемдер

629

Басқа да мемлекеттік қағаздарды сатып алу


630-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу"

631

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұзақмерзімді ноттарын өтеу

633

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыс мерзімі бір жылдан астам бес жылға дейін ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді өтеу


екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу

639

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу


640-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді сатып алу",


оның ішінде:


есепке алу кеңселерінің индоссамент бойынша вексельдерді төлем мерзімі басталғанға дейін вексельді ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып қабылдауы (вексельдерді есепке алу)

641

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

642

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

645

Облигацияларды сатып алу

647

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

648

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

649

Басқа да мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу


650-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді өтеу",


оның ішінде:


вексель бойынша ақы төлеу, оның ішінде инкассоға ұсынылған


клиенттің банк есепке алған вексельдерді өтеуі

651

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

652

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

655

Облигацияларды өтеу

657

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

658

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

659

Басқа да мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу


660-топ "Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар"

661

Бөлінген таза кіріс және дивидендтер


Резиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу

662

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (пайыздық) сыйақылар

663

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдер бойынша сыйақы


670-топ "Бағалы қағаздармен кері РЕПО операциясын ашу"

671

Мемлекеттік бағалы қағаздармен кері РЕПО операциясын ашу

672

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен кері РЕПО операциясын ашу


680-топ "Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операциясын жабу"

681

Мемлекеттік бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операциясын жабу

682

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен тікелей РЕПО операциясын жабу

690

6-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


6-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


6-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

7-бөлім "Тауарлар және материалдық емес активтер"

710

Жылжымайтын мүлікті және 711, 712 және 713 төлемдер белгілеу кодтары бар тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер,


оның ішінде:


Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнімі үшін төлемдер


өңдеу өнеркәсібінің өнімі үшін төлемдер (азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі өнімдері, тоқыма, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар, ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар және тығындар, сабаннан және өру материалдарынан жасалған бұйымдар, қағаз және қағаз бұйымдары, химиялық заттар және химия өнімдері, фармацевттік өнімдер және фармацевттік негізгі дәрі-дәрмектер, резеңке және пластмасса бұйымдары, минералдық металл емес басқа да бұйымдар, негізгі металдар, дайын металл бұйымдар, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер, электр жабдығы, машиналар және жабдық, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер, басқа да көлік жабдығы, жиһаз, басқа да дайын өнімдер)


қызметкерлердің тауарлар сатып алуы үшін есебіне берілген соманы заңды тұлғаның өз шотынан корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына аударуы


заңды тұлға сатып алатын суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен)


тауар жеткізушіге тауар бойынша төлемді мәулетпен жасағаны үшін сыйақы

711

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей шетелден тауарлар сатып алу және сату

712

Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген шетелдік тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелге сату

713

Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген отандық тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелден сатып алу


720-топ "Жылжымайтын мүлік үшін төлемдер"

721

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік үшін төлемдер


оның ішінде:


Қазақстан Республикасының аумағындағы үйлер мен ғимараттар


тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін құрылыс ұйымдарының шоттарына жеке тұлғалар аударатын төлемдер (Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй сатып алғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеу)


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін ақша аударымдары


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу

722

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлік үшін төлемдер,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі үйлер мен ғимараттар


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін ақша аударымдары


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу

730

Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу,


оның ішінде мынадай төлемдер үшін:


жер және оның қойнауы, оның ішінде жерді тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер


бағдарламалық қамтамасыз ету


патенттер


гудвилл


сауда маркалары


тауарлық белгілер

780

Ұсынылмаған тауарлар үшін қаражатты қайтару,


оның ішінде:


ұсынылмаған тауарлар, материалдық емес активтер үшін қаражатты қайтару

790

7-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


7-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған тауарлар бойынша төлемдер

8-бөлім "Қызметтер"


810-топ "Көлік, қойма шаруашылығының қызметі"

811

Әуе көлігі қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен бірге әуе көлігін жалдау


әуе көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі


әуе көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі және ғарыштық көлік қызметі

812

Су көлігі қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен теңіз көлігін жалдау


теңіз жолаушылар көлігінің қызметі


теңіз жүк көлігінің қызметі


ішкі су көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі


ішкі су көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі

813

Теміржол көлігінің қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен теміржол көлігін жалдау


жолаушылардың қалааралық теміржол көлігінің қызметі


теміржол жүк көлігінің қызметі

814

Құрлықтағы өзге көлік қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен өзге құрлық көлігін жалдау


жолаушылардың басқа да құрлық көлігінің қызметтері


жүк тасымалдаулары бойынша автомобиль көлігінің қызметтері және тасымалдаулар бойынша қызметтер

815

Құбыр жолы арқылы тасымалдау қызметі үшін төлемдер

816

Сақтау және қоймаға алу қызметі үшін төлемдер

817

Қосалқы көлік қызметі үшін төлемдер

818

Почта және курьерлік қызмет үшін төлемдер,


оның ішінде:


ұлттық пошта қызметтері (пошта қызметтері, газеттер және басқа да мерзімді басылымдармен, хаттармен, посылкалар және бандерольдермен байланысты қызметтер, пошта бөлімшелерінің қызметтері, өзге де пошта қызметтері)


ұлттық пошта қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтер (хатты, тамақты, басқа да тауарларды жеткізу бойынша курьерлік қызметтер)

819

Көлік қызметтері бойынша басқа да төлемдер

821

Құрылыс қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу бойынша жұмыстар, оның ішінде объектілер құрылысы кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


көпірлерді, жолдарды және теміржолдарды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары, оның ішінде объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


өзге де инженерлік құрылыстарды салу бойынша құрылыс жұмыстары, объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


ғимараттарды бөлшектеу және бұзу жөніндегі және құрылыс учаскесін дайындау бойынша жұмыстар


ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу


электрмонтаж жұмыстары


сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар


монтаждау (орнату) бойынша басқа да жұмыстар


құрылыс және аяқтау цикліндегі әрлеу жұмыстары


шатыр тіреуіш орнату бойынша жұмыстар (шатыр аражабыны)


басқа да топтамаларға енгізілмеген, өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары


құбырларды, байланыс желілерін және электр тарату желілерін (күш кабельдерін) төсеу бойынша жұмыстар


электр станцияларын, тау-кен және өндеу өнеркәсібі үшін құрылыстарды салу бойынша жұмыстар


өзге де құрылыстық-монтаждау жұмыстары (оның ішінде дауалдар мен қоршауларды; терезе қақпағын және қалқандарды; жолдар, әуежай мен портар үшін жарық беру және сигнализация жүйелерін орнату бойынша жұмыстар)


құрылысты аяқтау бойынша жұмыстар (сылақ жұмыстары, орнату балташылық жұмыстар, едендерді жабу және қабырғаларды қаптау бойынша жұмыстар, сырлау және шыны жасау жұмыстары)


ғимаратты немесе құрылысты салу немесе бұзу үшін операторы бар жабдықты жалдау бойынша қызметтер

822

Тауарларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


үйлер мен ғимараттарды жөндеуді (құрылыс қызметтеріне қосылады), компьютерлерді жөндеуді (компьютер қызметтеріне қосылады) және мұнай мен газ ұңғымаларын (кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерге кіреді) қоспағанда, кез келген тауарларды, оның ішінде су және әуе кемелерін және басқа көлік құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер


830-топ "Сақтандыру қызметтері үшін төлемдер"

831

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна),


оның ішінде:


"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуы

832

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өтемақысы,


оның ішінде:


сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы


сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік (өмір бойы) сақтандыру төлемдері

833

Басқа да сақтандыру сыйлықақылары,


оның ішінде:


сақтандырудың басқа түрлері бойынша (өмірді сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру сыйлықақысы (жарна)

834

Басқа да сақтандыру өтемақысы,


оның ішінде:


сақтандыру ұйымының басқа сақтандыру төлемдерін (өмірді сақтандыру жөніндегі төлемдерді қоспағанда) кейіннен жеке тұлғалардың шоттарына есеп алу үшін банкке аударуы


"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін аударуы

835

Қайта сақтандыруға беру

836

Қайта сақтандырушыға өтеу

837

Сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі комиссиялық сыйақы,


оның ішінде:


сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер

838

Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын қайтару

839

Басқа да сақтандыру қызметтері,


оның ішінде:


актуарлық қызметтер


қосалқы сақтандыру қызметтері (консультациялық қызметтер, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бағалау жөніндегі қызметтер)

841

842 және 843 төлемдер белгілеу кодтары бар төлемдерді қоспағанда, қаржылық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы


қаржы ұйымдарының (сақтандыру ұйымдары және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы көрсететін қызметті қоспағанда) делдалдық және қосалқы қызметтері


бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы


ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялық сыйақы


андеррайтинг шартына сәйкес сыйақы төлеу


Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тозған валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы


қарыздарды (қаржы лизингін қоса алғанда) беруге байланысты комиссиялық сыйақы


қаржылық консультациялық қызметтер

842

Интернет-банкингтің қызметі үшін комиссиялық сыйақы

843

Ұялы банкинг қызметі үшін комиссиялық сыйақы

844

Делдалдардың сауда мәмілелер бойынша қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


сауда-делдал фирмаларға, брокерлерге, дилерлерге, сауда агенттеріне теңіз және әуе кемелеріндегі сауда мәмілелерін, аукциондық мәмілелерді қоса алғанда, тауарлармен және қызметтермен жасалған сауда мәмілелерінен комиссиялық сыйақы


агенттіктердің сыйақы үшін немесе шарт негізінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтері


850-топ "Басқа да іскерлік қызмет көрсету"

851

Компьютерлік қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


компьютерлік бағдарламалау бойынша қызметтер


бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарғаны үшін қызметтер


компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері


компьютерлік жабдықты басқару бойынша қызметтер


компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды жинақтау, орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер


ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтер


деректерді, сайттарды өңдеу бойынша қызметтер және осыған ұқсас қызметтер


процессингтік қызметтер (төлемдерді және төлем карточкаларын пайдаланумен басқа операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинау, өңдеу және беру)


нақты уақыт режимінде деректер массивін құру, сақтау және олармен жұмыс істеу; деректерді табуляциялауды, компьютерлік уақытты ұжымдық пайдалану режимінде немесе сағат бойынша белгіленген кесте негізінде деректерді өңдеуді, тұрақты негізде сыртқы пайдаланушылардың есептеу кешендерін басқаруды қоса алғанда деректерді өңдеу


веб порталдарды ұстап тұру

852

Байланыс қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


сымды телекоммуникациялық (деректер мен хабарламаларды жіберу бойынша, тіркелген телефон, телекоммуникациялық сым желілерін ұсыну бойынша жеке желілер, телекоммуникациялық сым желілері бойынша деректерді жіберу бойынша, Интернеттің сым арқылы өткізілетін желіаралық байланыс, кабельдік инфрақұрылым бойынша бағдарламаларды тарату бойынша) қызметтер


сымсыз телекоммуникациялық (мобильдік байланыс және телекоммуникациялық сымсыз желілерді ұсыну бойынша жеке желілер, сымсыз телекоммуникацияларды ұсыну бойынша, телекоммуникациялық сымсыз желілер бойынша деректерді жіберу бойынша, Интернеттің сымсыз желіаралық байланыс қызметтері, сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша) қызметтер


спутник байланыс қызметтері


өзге де телекоммуникациялық қызметтер

853

Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлем,


оның ішінде:


меншік (патенттер, авторлық құқық, сауда маркалары, технологиялық процестер, дизайн сияқты) құқығын пайдаланғаны үшін төлемдер


тұпнұсқаларды және прототиптерді (кітаптар және қолжазбалар, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, кинематография жұмыстары, дыбысжазбалары сияқты) қайта жасағаны және (немесе) жасалғандарды тартқаны үшін төлемдер

854

Заң қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


заң кеңестері мен консультациялары; заң, сот және заңнамалық процестерде қызметтерді ұсыну; заң құжаттамасын дайындау; арбитраж қызметтері; жеке сот орындаушылардың қызметтері

855

Лизинг бойынша төлемдер (ағымдағы жалдау),


оның ішінде:


үй-жайлардың, уақытша сақтау қоймаларының, тұйық жерлердің операциялық лизингі (ағымдағы жалдау)


меншікті мүлікті жалға беру бойынша қызметтер


машиналар мен жабдықтарды операторсыз жалға беру бойынша қызметтер


жеке қолданатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға алу және жалға беру бойынша қызметтер


машиналарды, жабдықты және өзге де материалдық құралдарды жалға беру бойынша қызметтер


жалға алушының жалдау шартына сәйкес жалға берілетін үй-жай бойынша жалға берушіге төлемі (оның ішінде коммуналдық шығыстарды, байланыс қызметтері үшін, ғимаратты күзеткені үшін шығыстарды және басқаларды төлеу)


заңды тұлғаның жеке тұлғаның пайдасына осы жеке тұлғаның жеке мүлігін жалға алғаны үшін төлемі

856

Коммуналдық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерді сатып алуы: суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен), кәріз, газ, лифт, үй-жайларды ұстау, қоқыс шығару, ұжымдық антенна, есептегіштерге техникалық қызмет көрсету, газ жүйесіне техникалық қызмет көрсету, радиохабар үшін ақы төлеу

857

Ақпараттық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәліметтерімен, фотография материалдарымен және тақырыпты мақалалармен жабдықтауды қоса алғанда, ақпараттық агенттіктердің қызметтері


дерекқорларды жасау, сақтау және тарату


мерзімді баспа басылымдарына поштамен және өзге де тәсілдер арқылы жеткізумен тікелей жеке жазылу


телефон анықтама орталықтарының қызметтері

858

Жарнама және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


жарнама агенттіктері арқылы жарнаманы жобалау, жасау және маркетингі


жарнама уақытын сатып алуды және сатуды қоса алғанда, жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру


көрмелерді және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру, тауарларды шетелде жарнамалау


маркетингтік зерттеулер, түрлі проблемалар бойынша қоғам пікіріне пікіртерім жүргізу

859

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


бухгалтерлік қызметтер


салық салу саласындағы кеңес беру қызметтері


басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері, бас компаниялардың қызметтері


сәулет, инженерлік ізденістер саласындағы және осы салаларда техникалық консультацияларды ұсыну бойынша қызметтер


техникалық сынақтар мен талдау бойынша қызметтер


жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер


қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер


жобалау (дизайн) бойынша қызметтер


суретке түсіру саласындағы қызмет


ауызша және жазбаша аударма бойынша қызметтер


хатшы қызметтері


ветеринарлық қызметтер


кешенді кеңселік әкімшілік қызметтер


фотокөшірме қызметтері, құжаттарды дайындау бойынша қызметтер және өзге де мамандандырылған кеңселік қосалқы қызметтер


конференцияларды ұйымдастыру бойынша қызметтер


орау қызметтері


ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер (ветеринарлық қызметтерді қоспағанда)


орман шаруашылығы саласындағы қызметтер (орманды баптау және ағаш дайындау)


тау-кен өнеркәсібі саласындағы қосалқы қызметтер (мұнай және табиғи газ ұңғымаларын бұрғылау бойынша қызметтер, бұрғылау мұнараларын орнату, жөндеу және бөлшектеу бойынша қызметтер және мұнай мен табиғи газ өндіру саласындағы өзге де қосалқы қызметтер, өңделетін алаңда жүзеге асырылатын тасымалдау үшін табиғи газды сұйылту және қайта газдандыру бойынша қызметтер)


басқа топтамаларға енгізілмеген, кәсіби, ғылыми және өзге де техникалық қызметтер, оның ішінде коммерциялық қосалқы қызметтер


газеттерді басу бойынша қызметтер және басқа да баспа, баспаға және таралымға дайындау, түптеу, өндеу және онымен байланысты қызметтер


кітаптарды, мерзімді және басқа басылымдарды басып шығару бойынша қызметтер


визалық қолдауды ресімдеу


радиациялық зерттеу


делдалдар сауда мәмілелері және сақтандыру агенттері жылжымайтын мүлікпен операцияларға немесе сақтандыруға байланысты жүргізетін бағалауды қоспағанда, бағалау бойынша қызметтер


тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер


технологиялық процестерді және автоматтандырылған өндіріс құрылғыларын бақылау үшін жабдықты жобалау бойынша қызметтер


электр энергиясын өндіру және бөлу бойынша қызметтер


суды бөлу бойынша қызметтер


құбырлар бойынша газды отынды бөлу бойынша қызметтер


заңды тұлғаларға жуу және құрғақ тазалау бойынша қызметтер


жабдықты жинау, орнату бойынша қызметтер (компьютерлік жабдықты, сондай-ақ жиналатын құрылғылардан объектілерді монтаждауды және тұрғызуды қоспағанда)


ғимараттарды тазалау бойынша қызметтер (дезинфекция, дератизация және дезинсекция, терезелерді жуу бойынша, дәстүрлі тазалау бойынша, арнайы тазалау бойынша, пештерді және мұржаларды тазалау бойынша қызметтер)


қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қайталама шикізатты алу, рекультивация бойынша қызметтер


860-топ "Жеке тұлғаларға арналған қызметтер және мәдениет және демалыс саласындағы қызметтер"

861

Білім беру қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


жеке тұлғаларға білім беру бойынша қызметтер үшін және заңды тұлғаларға олардың қызметкерлерін оқытқаны үшін төлемдер (мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары білім, басқа білім, курстар, тренингтер, семинарлар, іс-тәжірибеден өту саласында)

862

Медициналық қызмет үшін төлемдер,


оның ішінде:


емханалардың қызметтері, дәрігерлік және стоматология практикасы саласындағы, адам денсаулығын қорғау бойынша, ауыруға қарау бойынша қызметтер

869

Мәдениет және демалу салаларындағы қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер (әртіс-орындаушылардың, авторлардың, композиторлардың, мүсіншілердің, кескіндемешілердің, графикалық суретшілердің қызметтері, көріністік іс-шараларды өндіру және ұсыну саласындағы, театр жабдықтарын пайдалану бойынша қызметтер)


кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени мекемелердің қызметі


құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер


спорт қызметтері және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер (спорт құрылыстарын пайдалану бойынша, спорт клубтарының, фитнесс клубтарының, ойын-сауық парктарының және тақырыпты парктардың, демалыс парктарының және пляждардың, фейерверктерді және "жарық пен дыбыс" көрсетілімдерін көрсету бойынша қызметтер, ойын автоматтарының қызметтері)


шаштараздар мен сән салондарының қызметтері


кино-, бейнефильмдерді және радио-, теледидар бағдарламаларын шығару бойынша қызметтер


фонограммаларды және дыбысжазбаларын шығару бойынша қызметтер


дыбыс- және бейнежазбаларды көшіру бойынша қызметтер


радиохабар саласындағы қызметтер


телебағдарламаларды жасау және тарату бойынша қызметтер, телехабарлар түпнұсқалары

871

Сапарлар,


оның ішінде:


жол жүру (билеттер) құнын қоспағанда, сатып алынған туристік жолдамалардың құны (билеттер үшін тікелей ақы төленген кезде көлік түріне қарай 811, 812, 813, 814 төлемдер белгілеу кодтары көрсетіледі)


билеттер құнын қоса есептегенде, туристік жолдамалардың құны (олардың ақысы бір төлем құжатымен төленген жағдайда)


саяхат бюроларының және туристік агенттердің қызметтері


өкілдік және іссапар шығыстары


заңды тұлғаның өз қызметкерінің банк шотына не корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды есепке алуға арналған банк шотына кейіннен аудару үшін өкілдік және іссапар шығыстарының сомасын банкке аударуы

872

Тұру және тамақтану қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


қонақүйлердің қызметтері


демалыс күндеріне және басқа да қысқамерзімді тұру кезеңдеріне үй-жайларды беру бойынша қызметтер


жылжымалы саяжайлар мен тұрғын автотіркемелерге арналған кемпингтердің, тұрақтардың қызметтері


мейрамханалар қызметі мен тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер


тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу қызметтері және дайын тағамды жеткізу бойынша қызметтер


сусындармен қамтамасыз ету қызметтері


заңды тұлғаның қонақүйде тұру қызметтері үшін жеке тұлғаның пайдасына өтем жасауы

880

Көрсетілмеген қызметтер үшін қаражатты қайтару,


оның ішінде:


банктер филиалдарының клиенттерден пайдаланылмаған жол чектерінің қалдықтарын сатып алуы

890

8-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


8-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған қызметтер бойынша төлемдер


8-бөлімнің төлемдері бойынша қателесіп есептен шығарылған соманың қайтарылуы


көрсетілген қызметтер үшін, сондай-ақ қызмет құны азайған жағдайда артық аударылған ақшаның қайтарылуы


жеткізушінің шарт талаптарын тиісінше орындамағаны үшін қызметтердің ақшасын қайтаруы

9-бөлім "Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер"

911

Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер

912

Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұл

913

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар

917

Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер

918

Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кездегі өсімпұл

925

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу


960-топ "Бюджеттен қайтару (есепке алу)"

961

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке

962

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

963

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару

966

Мемлекеттік кірістер органының салықты, бюджетке төлемдерді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына жасалатын өсімпұл


970-топ "Бюджеттен артық қосылған құн салығын қайтару (есепке алу), төленген сомаларды өзге қайтарулар (есепке алулар)"

971

Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару

973

Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу

974

Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару

975

Бір бюджеттік жіктеу кодынан басқа бюджеттік жіктеу кодына есепке алу

976

Бір мемлекеттік кірістер органынан басқа мемлекеттік кірістер органына есепке алу

997

Бейрезиденттен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

999

Қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша операциялар


      Ескерту:

      1. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар қаржы мәмілесі жасалатын базалық активтің түріне қарай тиісті бөлімнің төлем белгілеу коды (бұдан әрі – код) көрсетіле отырып коды белгіленеді.

      2. 1-бөлім "Арнайы аударымдар" бойынша

      "Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар" 150 кодын делдал банк көрсетеді. Транзиттік төлемді алған кезде бенефициар банкі ақпараттық жүйеде мәмілелерге сәйкес келетін экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын көрсетеді. Бенефициар банкі осы төлемнің қажетті деректемелерін клиенттер арасындағы сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін ақы төленетін шарт негізінде көрсетеді.

      "Аккредитив бойынша операция" 181 коды эмитент-банк аккредитив бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге бұйрық беруші клиенттің шотынан аталған банктің шотына ақша сомасын (өтемін) аударған (аккредитивті орындаудың сыйақы сомасын аударуды қоспағанда) кезде, аккредитивті қайтарып алу кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде эмитент-банктің бенефициардың шотына ақша аударуына төлем белгілеуге байланысты код қойылады, оның ішінде:

      1) эмитент-банктің аккредитивтің қолданылу мерзіміне оның басқаруына берілген аккредитивтің сомасына осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалану ықтималдығы шартымен аккредитив бойынша ақшамен ақы төлеуі (орны жабылған аккредитивтерде);

      2) клиенттің ағымдағы шотынан резиденттің немесе бейрезиденттің пайдасына аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде);

      3) банктің "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотынан меншікті қаражаты есебінен аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде ақы төлеу кезінде клиенттің шотында ақшасы болмаған жағдайда);

      4) резидент банктің корреспонденттік шотына бейрезидент-банктің ақша аударуы.

      "Кепілдік бойынша операциялар" 182 коды эмитент банк бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына кепілдік бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге ақша сомасын (өтемін) аударған (кепілдік бойынша сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), кепілдікті жою кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Кепілдік жағдай басталған кезде кепілгер-банктің клиентке ақша аударуына белгілеуге байланысты код қойылады.

      3. 3-бөлім "Салымдар (депозиттер)" бойынша

      3-бөлімі "Салымдар (депозиттер)" Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің басқа бөлімдеріне жатқызылған тауарлар, қызметтер, арнайы аударымдар, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін өзге тұлғаларға төлеген төлемдер кірмейді.

      Төлем бастамашысында қолма-қол ақшаны банк шотынан алу мақсаттары туралы ақпарат болған кезде төлем белгілеуге сәйкес келетін код көрсетіледі. Аталған ақпарат болмаған жағдайда 321 "Талап еткенге дейінгі салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу", 341 "Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алу", 346 "Банктің чек бойынша ақша төлеуі" кодтары көрсетіледі.

      4. 5 "Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар" және 6 "Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу" бөлімдері бойынша бейрезидентке бағалы қағаздарды сатуды мәмілеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды бейрезиденттің сатып алуы ретінде код белгілейді.

      5. 7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" және 8 "Қызметтер" бөлімдері бойынша

      7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" және 8 "Қызметтер" бөлімдерінде тауарлар мен қызметтердің түрлері "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеушісі" (ЭҚТӨЖ) ҚР МЖ 04-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін және Халықаралық валюта қорының ТБН6 (Төлем балансы мен халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқау, алтыншы басылым) халықаралық әдіснамасын ескере отырып жасалды.

      Тауарлар және материалдық емес активтер, қызметтер үшін төлемдерге алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.

      7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" бөліміне 2 "Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар" бөліміне жатқызылған бағалы металдар кірмейді.

      "Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу" 730 коды мына:

      1) жер және оның қойнауы, оның ішінде жер қойнауын тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер;

      2) тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдық активтер, алайда, олар өндіріс нәтижесі болып табылмайды;

      3) меншікке сатып алынған материалдық емес активтер (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, сауда маркалары, тауар белгілері) үшін төлемдер кезінде көрсетіледі. Материалдық емес активтерді пайдалану құқығын алу "Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлем" 853 коды бойынша көрсетіледі.

      Заңды тұлғалар электр энергиясын, газды және суды (коммуналдық қызметтер) пайдаланғаны үшін ақы төлеген кезде "Жылжымайтын мүлікті және 711, 712 және 713 төлемдер белгілеу кодтары бар тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер" 710 коды қойылады.

      6. 9-бөлім "Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бойынша

      Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) бойынша кодтар кіреді.

      "Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер" 911 коды 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген есептелген (есепке жазылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұл мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде көрсетіледі. Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген сомалары оған жатпайды.

      "Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұл" 912 коды салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде көрсетіледі. Оған салықтар төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде төленетін өсімпұл сомалары жатпайды.

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар" 913 коды 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылықтар және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес соттар салатын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде көрсетіледі.

      "Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер" 917 коды төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар мен төлемдер сомасын бюджетке төлеген кезде көрсетіледі.

      "Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кездегі өсімпұл" 918 коды салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде көрсетіледі. Оған салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

      "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу" 925 коды кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу кезінде көрсетіледі.

      "Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару" 971 коды бюджетке артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, төлемдерді және өзге міндеттемелерді банк шотына қайтару кезінде көрсетіледі.

      "Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу" 973 коды есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомаларын аудару кезінде қойылады.

      "Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару" 974 коды есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтаруды аудару кезінде қойылады.

      "Бір бюджеттік жіктеу кодынан басқа бюджеттік жіктеу кодына есепке алу" 975 коды бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салықтар мен төлемдер сомаларын және бюджетке өзге міндеттемелерді бюджеттік жіктеуіштің бір кодынан бюджеттік жіктеуіштің басқа кодына аударған кезде көрсетіледі.

      "Бір мемлекеттік кірістер органынан басқа мемлекеттік кірістер органына есепке алу" 976 коды салықтар, төлемдер және бюджетке басқа да міндеттемелерді басқа мемлекеттік кірістер органдарына қате есептеген кезде, артық немесе қате төленген салықтарды, төлемдерді және бюджетке басқа да міндеттемелерді басқа мемлекеттік кірістер органдарына аударған кезде көрсетіледі.

      "Қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша операциялар" 976 коды Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банкінде ашылған қосылған құн салығының бақылау шотына ақша аудару кезінде, оның ішінде импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу; тауар жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеу; тауар сатып алушыларға (алушыларға) қосылған құн салығын төлеу; қосылған құн салығын төлеушінің өзге банк шотынан ақшаны есепке алу кезінде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 203 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 195 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы № 405 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1319 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1809 тіркелген, 2002 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 19, 607-құжат жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2332 тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2757 тіркелген, 2004 жылғы 2 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 77-78 (23716) жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 58 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 16, 121-құжат жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелген, 2006 жылғы 18 қазанда "Заң газеті" газетінде № 184 (990) жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда "Заң газеті" газетінде № 165 (1589) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) 1-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 267 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7949 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 802-806 (27877) жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 271 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9095 тіркелген, 2014 жылғы 7 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      15. "Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13175 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).