"Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 қазанда № 14338 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларында:
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға қағаз немесе электронды түрде мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
      3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі және (немесе) «Е-лицензиялау» www.elicence.kz веб-порталынан лицензия;».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі          Қ. Бишімбаев