2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес казино және ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес букмекерлік кеңселер және тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін оның көшірмелерін түпнұсқамен толық сәйкестікте графикалық форматта жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этоландық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін электрондық және қағаз түрінде осы бұйрықтың көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы тармақтпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 223 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқырушының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 486 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11840 болып тіркелген, Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі Ұлттық экономика министрі
______________ А. Мұхамедиұлы ______________ Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_________ С. Айтпаева
2016 жылғы 31 тамыз
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) тексеру жүргізуі мақсатында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған.
2. Осы Өлшемшарттарда мына ұғымдар пайдаланылған:
1) елеулі бұзушылықтар – ұтысты беруге; ойын үстелін, сондай-ақ ойын автоматын орнатуға; ойын жабдықтарының болуына; ойын автоматтарының немесе олардың бөлігін монтаждауға тыйым салуына; аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуына қатысты «Ойын бизнесі туралы» 2007 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын (бұдан әрі – Заң) орындамауға байланысты бұзушылықтар;
2) елеусіз бұзушылықтар – мәліметтерді беру бойынша; бейнежазба жүйесінің; қолданылатын заңдастырылған белгілер мен номинацияларының болуы бойынша; бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болуы бойынша; ойын мекемесінің жұмыс істеуі қағидаларын белгілеу; күзет қызметіне жүзеге асыруға жасасқан шарттар бойынша; міндетті резервтің толтырылуы бойынша Заңның орындалмауына байланысты бұзушылықтар;
3) өрескел бұзушылықтар – міндетті резервтің болуы туралы мәліметтерді ұсыну бойынша; электронды казино және интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салу, казино және ойын автоматтарының залдарын орналастыру бойынша, ұтыстардын төлеу; ұтыс пайызын белгілеу бойынша; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау; ғимараттардың болуы (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігі) бойынша; жиырма бір жасқа дейін Қазақстан Республикасы азаматтарына құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салу; мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы бойынша; жеке және заңды тұлғалардан расталған шағымдар мен өтініштер; ойын мекемесінен тыс жерде бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтысты төлеуге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушы болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне тыйым салуды орындау бойынша; ойын мекемелерінің орналасуы бойынша; мөлшерлемелер қабылдау бойынша; аппараттық-бағдарламалық кешеннің серверіне қойылатын талаптары бойынша Заңды орындамауға байланысты бұзушылықтар;
4) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне олардың салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, зиян келтіру;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъекті (объекті) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
6) реттеуші мемлекеттік органдар - мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
7) тексерілетін объектілер – бақылауға жататын тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге заңды негізде болатын мүлік;
8) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын казино, ойын автоматтарының залдары, букмекерлік кеңселер, тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (ойын бизнесі саласындағы лицензия қолданысының мерзімі өткенге дейін), заңды тұлғалар.
3. Ішінара тексеру үшін өлшемшарттары субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.
Жоспардан тыс тексерулер жоғары және жоғарыға жатпайтын тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты қолданылады.
4. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін өткізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша тоқсан сайынғы негізде қалыптасатын ішінара тексеру тізімінің негізінде жүргізіледі. Ішінара тексеру тізімдері тиісті кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
5. Ішінара тексерулер тізімі мына:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аса көп көрсеткішімен тексерілетін субъектілер (объектілер) басымдықтарын;
2) тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамдарының жүктемелерін есепке ала отырып жасалады.
6. Ішінара тексеруді өткізу еселігі жылына бір реттен жиі болмауы керек.
Субъективті өлшемшарттар
9. Субъективті өлшемшарттардың айқындау мына кезеңдерді қолданумен жүзеге асырылады:
1) дерекқорды қалыпастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
10. Тексерілетін субъектілердің субъективті өлшемшартарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мына ақпарат көздері пайдаланылады:
1) тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
3) мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерді талдау нәтижелері;
4) жеке, заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.
11. Бір және одан да көп өрескел бұзушылықтар болған кезде тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 көрсеткіші беріледі, бұл тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
Өрескел бұзушылықтар болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежелер талаптарының жиынтық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формулада есептеледі:
Рз = (
Р2 х 100/
Р1) х 0,7
онда:
Рз – елеулі бұзышылықтар көрсеткіші;
Р1– елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формулада есептеледі:
Рн = (
Р2 х 100/
Р1) х 0,3
онда:
Рн – елеусіз бұзышылықтар көрсеткіші;
Р1– елеусіз бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100 дейін шкалада есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз көрсеткіштерді жиынтықтау жолымен айқындалады:
Р =
Рз +
Рн
онда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Р з – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
Р н – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.
12. Елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша алынған деректерге талдау және өңдеу жүргізе отырып, уәкілетті мемлекеттік орган субъектілерді (объектілерді) мынадай тәуекел дәрежелеріне жатқызады:
1) жоғары дәрежелі тәуекел – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткішті құрайды;
2) жоғары дәрежелі тәуекелге жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткішті құрайды.
Қазақстан Республикасының ойын
бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына 1-қосымша
Казино және ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларына арналған Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
р/с |
Өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
1. Тексерілетін субъекті ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері |
||
1 |
Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы, ойын жабдығының жай-күйі туралы, ойын автоматтарының жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, үстел санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер бермеу |
елеулі |
2 |
Банктік салымға шарт жасасқан кезде банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы үш айда кемінде бір рет мәліметтер бермеу |
өрескел |
3 |
Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы, банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, ойын жабдығының, ойын автоматтарының жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, үстел санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы мәліметтерді уақытында бермеу |
елеусіз |
4 |
Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы, банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, ойын жабдығының жай-күйі туралы, ойын автоматтарының жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, үстел санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы толық емес ақпараттан тұратын мәліметтерді беру |
елеусіз |
2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамаған кезде белгіленеді) |
||
1 |
Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы, банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, ойын жабдығының, ойын автоматтарының жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, үстел санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы шынайы ақпаратты мәліметтерде бермеу |
елеусіз |
2 |
Электрондық казино және интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салуды орындау |
өрескел |
3 |
Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, мөлшерлемелерді қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау |
елеулі |
4 |
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысы Щучье ауданында казино және ойын автоматтарының залдарын орналастыру жөніндегі талаптарды орындау |
өрескел |
5 |
Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін орнату бойынша талаптарды орындау |
елеулі |
6 |
Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды орындау |
елеулі |
7 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеу бойынша талаптарды орындауы |
|
8 |
Казино мен ойын автоматтары залдарына ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктер ойығына монтаждауға салынған тыйым салу туралы талаптарды орындау |
елеулі |
9 |
Заңмен белгіленген тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызына қатысты талаптарды орындау |
өрескел |
10 |
Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талаптарды орындау |
елеусіз |
11 |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын орындау, атап айтқанда: |
өрескел |
12 |
Казино қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде үш жұлдызды санаттан төмен емес қонақ үйі кешенінде ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
өрескел |
13 |
Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде үш жұлдызды санаттан төмен емес ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
өрескел |
14 |
Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болуы |
елеулі |
15 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы |
елеусіз |
16 |
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеу, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы |
елеусіз |
17 |
Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастырылған белгілер үлгілері мен номинацияларының болуы |
елеусіз |
18 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының Заңмен белгіленген міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды орындауы |
өрескел |
19 |
Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы |
елеусіз |
20 |
Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындау |
өрескел |
21 |
Қазақ және орыс тілдерінде Ойын мекемесінің жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары олармен құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысушылар танысу үшін ойын мекемелерінде көрінетін жерге орнатылуы тиіс |
елеусіз |
3. Мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді талдау нәтижелері |
||
1 |
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы |
өрескел |
4. Расталған жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштердің болуы |
||
1 |
Бұзу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құқықтарын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бұзған жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштердің болуы |
өрескел |
Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы заңнамасын
сақтаудың тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша
Букмекерлік кеңселер және тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға арналған Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежелерін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
р/с |
Өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
1. Тексерілетін субъекті ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері |
||
1 |
Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтама түрінде кемінде үш айда бір рет мәліметтер ұсынбағанда |
өрескел |
2 |
Бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың техникалық жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер бермеу |
елеулі |
3 |
Банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықтың техникалық жай-күйі туралы, бейнежазба жүйелерінің жай-күйі туралы, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы мәліметтерді уақытында ұсынбау |
елеусіз |
4 |
Банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықтың техникалық жай-күйі туралы, бейнежазба жүйелерінің жай-күйі туралы, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы толық емес ақпараттан тұратын мәліметтерді ұсыну |
елеусіз |
2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамаған кезде белгіленеді) |
||
1 |
Банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықтың техникалық жай-күйі туралы, бейнежазба жүйелерінің жай-күйі туралы, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы нақты емес ақпараттан тұратын мәліметтерді |
елеусіз |
2 |
Мөлшерлемелерді қабылдауды және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау |
елеулі |
3 |
Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды орындау |
өрескел |
4 |
Тотализатор немесе букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін үйымдастырушы болып табылмайтын тұлғаларға бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыстарды төлеуге тыйым салуды орындау |
өрескел |
5 |
Тотализатор немесе букмекерлік кеңсе касалалары тұрғын үй емес үй-жайларда орналасуы тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, басқа коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар мекемелерінде, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады |
өрескел |
6 |
Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей ұтыстарды төлеу бойынша талаптарды орындау |
елеулі |
7 |
Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талаптарды орындау |
елеусіз |
8 |
Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықты орнату бойынша талаптарды орындау |
елеусіз |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы талаптарды орындау: |
өрескел |
10 |
Аппараттық-бағдарламалық кешенге және алдағы тек нақты оқиғаларға есептелген коэффициенттер негізінде мөлшерлемелерді қабылдау бойынша букмекер кеңсесінің жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың талаптарды орындауы |
өрескел |
11 |
Аппараттық-бағдарламалық кешен жабдығы бойынша букмекер кеңсесінің жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың талаптарды орындауы |
елеулі |
12 |
Аппараттық-бағдарламалық кешен серверіне, атап айтқанда 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-кассалық машинаның тіркеу режимін қамтамасыз ету талаптарын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың орындауы. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуы тиіс |
өрескел |
13 |
Букмекер кеңесесі және тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды және бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруды және қамтамасыз етуді орындауы |
елеулі |
14 |
Бәс тігуді аяқтау нұсқаларына ұтыс коэффициенттер есебін, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыс есебін,ұтыстарды есепке алуды және оларды төлеуді жүзеге асыруды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы букмекер кеңесе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларына қойылатын талаптарды орындау |
елеулі |
15 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың букмекер кеңсесі кассаларымен аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауға бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды жүзеге асыру және ұсыну бойынша талаптарды орындау |
өрескел |
16 |
Меншік құқығындағы ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
өрескел |
17 |
Құқық меншігінде бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болуы |
елеулі |
18 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы |
елеусіз |
19 |
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеуі, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы |
елеусіз |
20 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының тұрақты негізде Заңмен белгіленген тәртіппен міндетті резервтерге қойылатын талаптарды орындауы |
өрескел |
21 |
Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы |
елеусіз |
22 |
Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындауы |
өрескел |
23 |
Қазақ және орыс тілдерінде ойын мекемесінің жұмысы істеу, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары олармен құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысушылар танысу үшін ойын мекемелерінде көрінетін жерге орнатылуы тиіс |
елеусіз |
3. Мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді талдау нәтижелері |
||
1 |
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің болуы |
өрескел |
4. Расталған жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштердің болуы |
||
1 |
Бұзу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып,құқықтарын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бұзған жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштердің болуы |
өрескел |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Казино және ойын автоматтары залдары қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт__________________________(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызының сәйкес келуі туралы, банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, ойын жабдығының, ойын автоматтарының жай-күйі туралы, бейнежазба жүйесінің жай-күйі туралы, үстел санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы шынайы ақпаратты мәліметтерде бермеу |
||||
2 |
Электрондық казино және интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салуды орындау |
||||
3 |
Өзге мүлік түрінде ұтысты беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, мөлшерлемелерді қабылдауды және және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау |
||||
4 |
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысы Щучье ауданында казино және ойын автоматтарының залдарын орналастыру жөніндегі талаптарды орындау |
||||
5 |
Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін орнату бойынша талаптарды орындау |
||||
6 |
Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды орындау |
||||
7 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеу бойынша талаптарды орындауы |
||||
8 |
Казино мен ойын автоматтары залдарына ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктер ойығына монтаждауға салынған тыйым салу туралы талаптарды орындау |
||||
9 |
Заңмен белгіленген тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызына қатысты талаптарды орындау |
||||
10 |
Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талаптарды орындау |
||||
11 |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын орындау, атап айтқанда: |
||||
12 |
Казино қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде үш жұлдызды санаттан төмен емес қонақ үйі кешенінде ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
||||
13 |
Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде үш жұлдызды санаттан төмен емес ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
||||
14 |
Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болуы |
||||
15 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы |
||||
16 |
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеу, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы |
||||
17 |
Казино және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастырылған белгілер үлгілері мен номинацияларының болуы |
||||
18 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының Заңмен белгіленген міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды орындауы |
||||
19 |
Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы |
||||
20 |
Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындау |
||||
21 |
Қазақ және орыс тілдерінде Ойын мекемесінің жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары олармен құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысушылар танысу үшін ойын мекемелерінде көрінетін жерге орнатылуы тиіс |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы _________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Букмекерлік кеңсе, тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт__________________________(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Банк шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы, бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықтың техникалық жай-күйі туралы, бейнежазба жүйелерінің жай-күйі туралы, жабдықты ауыстыру туралы, кассалар саны мен қызметкерлер саны туралы нақты емес ақпараттан тұратын мәліметтерді |
||||
2 |
Мөлшерлемелерді қабылдауды және (немесе) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ұтысты беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу бойынша тыйым салуды орындау |
||||
3 |
Ойын мекемелерінен тыс бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуды), ұтыстарды төлеуге (тотализаторлар немесе букмекерлік кеңсе касалары) тыйым салуды орындау |
||||
4 |
Тотализатор немесе букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін үйымдастырушы болып табылмайтын тұлғаларға бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыстарды төлеуге тыйым салуды орындау |
||||
5 |
Тотализатор немесе букмекерлік кеңсе касалалары тұрғын үй емес үй-жайларда орналасуы тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, басқа коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар мекемелерінде, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады |
||||
6 |
Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну негізінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды құмар ойындар мен бәс тігуді өткізу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімде, осы құмар ойындар және (немесе) бәс тігу нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей ұтыстарды төлеу бойынша талаптарды орындау |
||||
7 |
Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талаптарды орындау |
||||
8 |
Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бәс тігуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған жабдықты орнату бойынша талаптарды орындау |
||||
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы талаптарды орындау: |
||||
10 |
Аппараттық-бағдарламалық кешенге және алдағы тек нақты оқиғаларға есептелген коэффициенттер негізінде мөлшерлемелерді қабылдау бойынша букмекер кеңсесінің жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың талаптарды орындауы |
||||
11 |
Аппараттық-бағдарламалық кешен жабдығы бойынша букмекер кеңсесінің жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың талаптарды орындауы |
||||
12 |
Аппараттық-бағдарламалық кешен серверіне, атап айтқанда 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-кассалық машинаның тіркеу режимін қамтамасыз ету талаптарын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың орындауы. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуы тиіс |
||||
13 |
Букмекер кеңесесі және тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды және бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруды және қамтамасыз етуді орындауы |
||||
14 |
Бәс тігуді аяқтау нұсқаларына ұтыс коэффициенттер есебін, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыс есебін,ұтыстарды есепке алуды және оларды төлеуді жүзеге асыруды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы букмекер кеңесе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларына қойылатын талаптарды орындау |
||||
15 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың букмекер кеңсесі кассаларымен аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауға бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды жүзеге асыру және ұсыну бойынша талаптарды орындау |
||||
16 |
Меншік құқығындағы ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үйлердің, құрылыстардың) болуы |
||||
17 |
Құқық меншігінде бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болуы |
||||
18 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке немесе заңды тұлғалармен шарттардың болуы |
||||
19 |
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ойын мекемелерінің жұмыс істеуі, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар мен бәс тігу қағидаларының болуы |
||||
20 |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының тұрақты негізде Заңмен белгіленген тәртіппен міндетті резервтерге қойылатын талаптарды орындауы |
||||
21 |
Банктік салым шартын жасасқан кезде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы уәкілетті органға үш айда бір рет ұсынылған анықтамалардың болуы |
||||
22 |
Жиырма бір жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салуды орындауы |
||||
23 |
Қазақ және орыс тілдерінде ойын мекемесінің жұмысы істеу, мөлшерлемелерді қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары олармен құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысушылар танысу үшін ойын мекемелерінде көрінетін жерге орнатылуы тиіс |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))