Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 қазанда № 14276 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

   


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы 22
тамыздағы № 623 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік
шарты
20__ жылғы "___" _______________ № ___

      ________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы),
      бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталып, ____________________________________________
      _________________________________________________________________________ түрінде,
      (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
      ________________________________________________________________________________
      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
      ((құзіретін растаушы құжаттың атауы)
      бір тараптан, және _______________________________________________________________,
      (әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалының толық атауы)
      бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын, _______________________________________________
      _________________________________________________________________________ түрінде,
      (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
      ________________________________________________________________________________
      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
      ((құзіретін растаушы құжаттың атауы)
      бұдан әрі "Тараптар" деп аталып, шығыстары республикалық бюджеттен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурстың қорытындылары туралы 20_жылғы "___"______ хаттаманың негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
 

1. Терминдер және анықтамалар

      1. Осы Шартта келесідей негізгі ұғымдар және анықтамалар қоданылады:
      1) бағаны (тарифті) жоғарылатудың негізгі талаптары - осы шарттың 5 - қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша қызметіне баға (тариф) жоғарылауының шекті деңгейін қамтамасыз етудің негізгі талаптары;
      2) дамудың негізгі талаптары - осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды дамытудың негізгі талаптары;
      3) жолаушылар айналымын қамтамасыз етудің негізгі талаптары - осы шарттың 6 - қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың есепке ала отырып әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз етудің негізгі талаптары;
      4) жолаушылар вагондарына негізгі талаптар - осы шарттың 3 - қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына (электро-, дизель вагондарына) негізгі талаптар;
      5) жолаушылар поездарын қалыптастыру пункті – осы поездға қызмет көрсететін поезд құрамын және поездық бригада (поезд басшысы, поездың электромеханигі вагон жолсерігі) қалыптастыратын жүріс маршрутына жолаушылар поездарын жіберу станциясы;
      6) жолаушылар поездының айналу пункты – жолаушылар поездының жүріс маршрутының соңғы станциясы;
      7) локомотивтiк тартқыш операторы – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;
      8) отырғызу және түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптары - осы шарттың 6 - қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде станцияларда жолаушыларды отырғызу және түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптары;
      9) тасымалдаудың негізгі талаптары – осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі талаптары;
      10) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) ұзақ мерзімді субсидиялаудың негізгі талаптары - осы шарттың 4 - қосымшасына сәйкес бекітілген оның ажырағысыз бөлімі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұзақ мерзімді субсидиялаудың негізгі талаптары;
      12) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
      13) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға.
 

2. Шарттың мәні

      2. Орындаушы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын:
      1) тасымалдаудың негізгі талаптарын;
      2) дамудың негізгі талаптарын;
      3) жолаушылар вагондарына негізгі талаптарын;
      4) бағаны (таррифті) жоғарылатудың негізгі талаптарын;
      5) жолаушылар айналамын қамтамасыз етудің негізгі талаптарын;
      6) отырғызу және түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарын орындаумен жүзеге асырады.
      3. Тапсырыс беруiші ________________________________________________________
      (республикалық немесе жергілікті)
      ____________________________________________________________ бюджеттік бағдарлама
      (бюджеттік бағдарламаның атауы және нөмірі)
      бойынша ________________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Заңының атауы немесе облыстық маслихаттың,
      республикалық маңыздағы қалалар, астаналар шешімі)
      қарастырылған сома шегінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты орындаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялауды (бұдан әрі – субсидиялау) жүзеге асырады.
 

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Тапсырыс беруші мыналарға:
      1) тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарға, сонымен қатар интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне:
      2) оған сәйкес Орындаушы Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген шарттарды ескере отырып, шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс жеңімпазы болып қабылданған, Орындаушының тендерлік өтінішіне сәйкес келуі;
      "Халыққа кызмет корсету. Жолаушылар пойыздарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкес келуі;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 13714 болып тіркелген) (бұдан әрі - Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидалары) нормаларын сақтауы;
      2) Орындаушы дамудың негізгі шарттары және бағаның (тарифтің) негізгі шарттары, осы Шарттың 7-тармағының 6)9) және 10)-тармақшаларын орындамаған жағдайда осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
      5. Тапсырыс беруші "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылға 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағының 34-19) тармақшасына және осы Шартқа сәйкес Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімге субсидиялау Қағидасына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      6. Орындаушы мыналарға:
      1) тапсырыс берушіден осы Шартпен қарастырылған субсидияны төлеуді талап етуге;
      2) ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша Тапсырыс берушінің міндеттерін орындау шегінде аударылған субсидия көлемі туралы ақпарат алуға;
      3) билеттік кассалар, жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары, және электрондық терминалдар, интернет-ресурстары арқылы пойыздарда жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыруға;
      4) осы Шартты орындау аясында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар ағынына тәуелді поездың құрамын анықтауға құқылы.
      7. Орындаушы мыналарға:
      1) Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларымен және теміржол көлігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен сәйкес осы Шарттың шарттарын сапалы және уақытылы қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға;
      2) Тапсырыс берушімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша қызметтерге бағаның (тарифтің) жоғарылауын кемінде он жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушімен келісуге;
      3) Тапсырыс берушімен қозғалыс кестесін, қалыптастыру және айналым пунктын өзгертуін олар күшіне енгенге қолданысқа енгізгенге дейін кемінде он жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушімен келісуге;
      4) Қазақстан республикасында қабылданған поездардың қозғалыс кестесіне сәйкес жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға;
      5) Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша ол белгіленген мерзімде қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты ақпаратты және есептілікті ұсынуға;
      6) Тапсырыс берушіге Ұлттық инфрақұрылым операторымен, локомотивтік тарту операторымен, техникалық қызмет көрсету, жанармай және сумен жабдықтайтын, вокзалдық қызметтерді ұсынатын теміржол ұйымдарымен шарттардың нотариалды көшірмелерін Шарт жасасқан сәттен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде ұсынуға;
      7) Орындаушымен тексеріс актілерін бастап, сонымен қатар осы Шарттың 4-тармағының 1)-тармақшасында қарастырылған инетернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігін берген күннен 10 күнтізбелік күн ішінде анықталған бұзушылықтарды жою және оған бұдан әрі жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға;
      8) Тапсырыс берушінің талабы бойынша жолаушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мақсатында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүріп тұратын поездарда ақпараттық хабарландыруларды орналастыруға;
      9) Тапсырыс берушімен Осы Шарттың 9-тармағының 1)2)6) және 7)-тармақшасында көрсетілген құжаттарды толтыру және есептеу ретін Шарт күшіне енгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде келісуге;
      10) Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-23)-тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес анықталған тарифтердің негізінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын басқа тасымалдаушылардың субсидияланатын вагондарын тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.
 

3. Өзара есеп айырысу тәртібі

      8. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды тасымалдаудың болжамдық көрсеткіштерінің негізінде осы Шарт күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн иішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және субсидиялаудың негізгі талаптарына сәйкес субсидиялаудың айлық сомасынан 25% аспайтын мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
      9. Орындаушы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде, Тапсырыс берушіге Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ұйымның басшысымен, бас бухгалтерімен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған мына құжаттарды:
      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруші түсіндірме жазбаны Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп, сонымен қатар Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылдың басынан әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы жыл басынан бастап өсу бойынша есепті;
      2) Ұзақ мерзімді субсидиялау 3-қосымшасына сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісін;
      3) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүріп тұратын поездарда вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын;
      4) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, ұйымдастыру шығындары субсидиялауға жататын тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының және тасымалдаушының құжатын;
      5) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
      6) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушы шығыстарының тізілімін;
      7) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидияланатын бағдарлардың тізілімін;
      8) ағымдағы қызмет көрсетуі мен жоспарлы жөндеу түрлерін енгізе отырып әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы кезінде қолданыстағы вагондарды күтіп-ұстау, сатып алу және жалға алу шығындарын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығына Орындаушы жауапты болады.
      10. Орындаушы, Тапсырыс берушіге басшысымен және мөрімен расталған мына құжаттарды:
      1) дамудың негізгі талаптарын орындау барысы туралы онда көрсетілген орындау мерзімдерін ескере отырып растайтын құжаттарының қосымшасымен бірген дамудың негізгі шарттарын орындау барысы туралы есепті;
      2) жарты жылда бір рет жарты жылдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде осы Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген зауыт нөмірі, жылдар және қатынастар бөлігінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындауды растайтын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын ұсынады.
      11. Осы Шарттың 9 және 10-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттармен келіспеген жағдайда екі тарап күнтізбелік 30 күннен кем емес мерзімде мағлұматтарды айқындау өткізеді.
      12. Субсидиялардың келесі төлемдерін Тапсырыс беруші жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу есептік кезеңнің соңғы айында жүргізіледі.
      13. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші тасымалдауларды орындаумен байланысты кірістер мен шығыстардың жоспарланатын көлемдерінің негізінде жасалған Орындаушы есебінің негізінде жүзеге асырады. Желтоқсан айы үшін нақты есепті Орындаушы тараптардың келісімі бойынша белгіленген мерзімде және осы Шарттың 9-тармағына сәйкес ұсынады.
      14. Орындаушылармен жүзеге асырылатын барлық бағдарлар бойынша төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары осы Шартқа қол қоюмен бір уақытта Тапсырыс берушімен бекітіледі және Орындаушымен келісіледі. Тараптардың келісуі бойынша қаржыландыру жоспарына төлемдер бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      15. Заңнамамен белгіленген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол тасымалын ұзақ мерзімді субсидиялау шеңберінде бөлінетін бюджеттік қаражаттар көлемінің қысқаруы немесе көбеюі жағдайында, тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа 1-7-қосымшаларда көрсетілген Шарттардың негізгі шарттарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
      Бұл ретте, Орындаушы ұсынылатын өзгерістермен келіспеген жағдайда, Шарт келіспеу білдірілген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде Орындаушының бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
 

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      16. Егер, өзінің міндеттерін орындамау форс-мажорлық міндеттердің салдарынан болса, Тараптар Шарт бойынша өзінің міндеттерін дұрыс орындамағандығы немесе орындамағандығы үшін жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қоса, сипаты, әрекет ету аралығы, форс-мажорлық жағдайдың болуы уәкілетті мемлекеттік органдардың сай келетін құжатымен расталуы қажет.
      17. Форс-мажорлық жағдайлар Шарт бойынша Тарапатардың әрбірі өз міндеттерін толығымен немесе бірен-сарандап орындау мүмкін болмаған жағдайлар (су тасқыны, жел сілкінісі, атылыстар, дауылдар, эпидемия, эпизотия, өрт апаты, ереуілдер, соғыс, көтеріліс, мемлекеттік органдардың ресми актісін қоса ала отырып, бірақ шектелмей) болып саналады.
      Шарт бойынша өз міндеттерін орындау мүмкін болмаған Тарап уақытылы орын алған уақыттан бастап 10 жұмыс күні ішінде келесі Тарапты осындай жағдаймен хабардар ету қажет.
      18. Уақытылы хабардар етпеген жағдайда Тарап келесі Тарапқа уақытылы хабардар етпегендігі немесе хабардар етпегендігі үшін келтірлен залалдың орнын толтыру қажет.
      19. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, әр Тарап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты күнтізбелік 3 күннен кем емес мерзімде хабардар етуі тиіс.
      20. Форс-мажорлық жағдайлар күшінде болса және күнтізбелік 30 күн ішінде тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерінің одан әрі іс-әрекеттерін жазбаша келіседі.
 

4. Тараптардың жауапкершілігі

      21. Осы Шарттағы Тараптардың әрқайсысы осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      22. Осы Шарт бойынша өз міндеттерін бұзған Тарап 3 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде басқа Тарапты хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін оған тәуелдінің барын орындауға міндеттеледі. Өз міндеттерінің бұзылғандығын жоймаған жағдайда кәналі Тарап Қазақстан Республикасының зағнамасымен және осы Шартқа сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      23. Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырағысыз бөлімі болып саналатын 8-қосымшасында бекітілген жағдайда және көлемдерде, Шарт бойынша міндеттерін Орындаушымен дұрыс орындамағандығы үшін Тапсырыс берушімен ұстауға жататан тұрақсыздық айыппұлы түріндегі қаржылық қаражатты ұстайды.
      24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Орындаушы Шартта көзделген мерзімдерде қызметтерді ұсына алмаса, сондай-ақ осы Шарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Орындаушының бастамасы бойынша Шарт бұзылса, Тапсырыс беруші Шарт бағасынан тиісті бағыт шартының жалпы сомасынан 20% мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде шегереді.
      25. Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырағысыз бөлімі болып саналатын 8-қосымшасында бекітілген жағдайда және көлемдерде, Шарт бойынша міндеттерін дұрыс орындамағандығы үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидия көлемін қайтаруды жүзеге асырады.
      26. Шарт бойынша міндеттерін дұрыс орындамағандығы үшін төленген субсидия көлемін қайтару осы Шарттың 8-қосымшасына сәйкес 3 ай ішінде немесе Тапсырыс берушінің келісімі бойынша 6 айдан артық емес мерзімде орындалады.
 

6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі

      27. Шарт 20__ жылғы "__" "________" бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" "________" дейін қолданыста болады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
      28. Тараптардың құқықтық деңгейі өзгерген жағдайда Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер, соның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеумен байланысты құқықтар және міндеттер Тараптардың құқықтық қабылдауына өтеді.
      29. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін.
      30. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу осы Шартың 4-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Шартты уақытынан бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашылық жасаған тарап Шартты бұзғанға дейін кемінде бір ай бұрын басқа тарапты осы туралы хабардар етуге міндетті.
      32. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен, келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
      33. Тасымалдардың маусымдылығына және поездар қозғалысы кестесінің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарттың 1-7-қосымшаларында көрсетілген негізгі шарттарды қайта қарастырып екі тараптың келісімімен қосымша келісім жасау арқылы поездар құрамдылығын, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың санын және қатынау кезеңділігін қайта қарауға рұқсат беріледі.
      34. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңды күші бар және екі Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалады.
      35. Осы Шарт Астана қаласында 20___ жылғы "___" ________ Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.
 

7. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ

      Тапсырыс беруші                        Орындаушы
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            ________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  ________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  ________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            _________________________
      м.о.                                    м.о.
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау шарттарына
1-қосымша

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидияланатын жолаушылар
тасымалының негізгі талаптары

Р/с
 


 

Шартты поезд №
 

Әлеуметтік маңызы бар қатынас
 

тың атауы
 

Шартты қашықтығы, километр
 

Қатынаудың шартты кезеңділігі
 

Вагон типі
 

Вагондағы орындардың ең төменгі саны
 

Құрамдағы шартты орташа жылдық минималды вагондар саны (ядро), бірлік
 

Шартты құрам саны, бірлік
 






купе
 




плацкарт
 



жалпы
 



электрпоезд
 



дизельпоезд
 



Барлығы
 



       кестенің жалғасы
 
 

Шартты ортақ вагон саны, бірлік
 

Жылдық вагон айналым көлемі, мың вагонно-километр
 

Төмендемейтін жылдық вагон айналым көлемі, мың вагонно-километр
 

Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынасы
 

Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың шартты саны, бірлік
 

Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынаудың шартты кезеңділігі
 

Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың төмендемейтін жылдық вагон айналым көлемі, мың вагонно-километр
 

Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, жоспарлы жолаушылар айналымы, мың жолаушы километр
 





























   

             Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Орындаушы"                        "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)      м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау шарттарына
2-қосымша

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидияланатын жолаушылар
тасымалының дамуының негізгі талаптары

Р/с №
 

Поездың немесе тәркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың №
 

Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың атауы
 

Іс-шара атауы
 

Сандық көрсеткіштері
 

Сапалық көрсеткіштер
 

Ескертпе
 

Өлшем бірлігі
 

саны
 

1. Теміржол жолаушылар вагонын жаңарту
 









2. Сервистік қызмет сапасын арттыру
 









3. Қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру
 









4. Билетсіз жолаушылар тасымалы және/немесе багаж бен жүк тасымалы шарттарының бұзылу фактілерін жол іс-шаралар
 









5. Жолаушылар тасымалы, багаж бен жүк тасымалының кірістерін жоғарылату
 









6. Электронды қызметті енгізу
 









7. Өзге де даму мәселелері
 









       Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Орындаушы"                        "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)            м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына
3-қосымша
20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын
субсидияланатын теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша негізгі шарттар

Р/с
 


 

Вагон №
 

Вагон түрі
 

Құрастыру жылы
 

Ауа желдеткіш жүйесінің болуы: жоқ – зауодтық құрылысымен қарастырылмаған. иә – зауодтық құрылыспен қарастырылған
 

кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектер тұлғасына арнайыландырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылардың болуы, иә немесе жоқ
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 







Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі*, жыл бойынша
 


       Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Тапсырыс беруші                        Орындаушы
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            ________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  ________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  ________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            _________________________
      м.о.                                    м.о.
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына
4-қосымша
20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша бағаның (тарифтің) шекті көтерілуі қызметін қамтамасыз ету және орындаушымен субсидиялау шарттарының негізгі шарттары

Р/с

 

Поездың немесе тіркелмелі және жолда түспейтін вагондардың
 

Қатынастың атауы
 

Ұзақ мерзімді субсидиялау көлемі, мың теңге
 




_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 























       "Тапсырыс беруші"                  "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)            м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына
5-қосымша


20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы
бойынша бағаның (тарифтің) шекті көтерілуі қызметін қамтамасыз ету және орындаушымен
субсидиялау шарттарының негізгі шарттары

Р/с

 

Поездың немесе тіркелмелі және жолда түспейтін вагондардың
 

Қатынастың атауы
 

Төсек жабдықтарын ұсыну есебімен ұсынылған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына бағаны (тарифті) көтерудің шекті деңгейі, %
 




_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 





















       Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Тапсырыс беруші"                  "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)            м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына
6-қосымша
20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен әлеуеметтік маңызы бар қатынастар бойынша тіркелмелі және жолда
түспейтін вагондардың есебімен бірге жоспарланған жолаушылар айналымын қамтамасыз
етудің негізгі шарттары

Р/с

 

Поездың немесе тіркелмелі және жолда түспейтін вагондардың №
 

Қатынастың атауы
 

Вагон түрі
 

Жолаушылар айналымы, жол.км
 




купе
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 

_ж.
 





плацкарт
 

















жалпы
 

















электрпоезд
 

















дизельпоезд
 

















Барлығы
 














       Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Тапсырыс беруші"                  "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)            м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына


7-қосымша


20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде станцияларда отырғызу және түсірудің негізгі шарттары

Р/с №
 

Поездың №
 

Қатынас
 

Станция тізбесі
 





       Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__" _______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Тапсырыс беруші"                  "Орындаушы"
      _______________________                  ________________________
      (толық атауы)                        (толық атауы)
      _______________________                  ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
      __________________________            __________________________
      (деректемелер)                        (деректемелер)
      _______________________                  __________________________
      (лауазымы)                              (лауазымы)
      _______________________                  __________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты                  (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)                  (бар болған жағдайда)
      _______________________                  __________________________
      (қолы)                                          (қолы)
      __________________________            __________________________
      м.о. (бар болған жағдайда)            м.о. (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
облысаралық қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен
байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Шарттарына
8-қосымша
20__ жылғы "___" _________. №

Орындаушымен Шарт бойынша міндеттерді дұрыс орындамауғандығы үшін Тапсырыс
берушімен ұстауға жататын тұрақсыздық айыппұлдары


 

Тұрақсыздық айыппұлының туындауының негіздері
 

Тұрақсыздық айыппүлының көлемі
 

1.
 

Орындаушымен бекітілген мерзімде Шарттың 9-тармағының талаптарын орындамауы
 

Тапсырыс беруші жылдың қорытындылары бойынша 1/n Шарт сомасынан 0,1 % мөлшерінде әр өткізілген күн үшін тұрақсыздық айыппұлы ретінде ұстап қалуды қамтамасыз етеді, мұнда n – тиісті жылға Шарт бойынша айлардың саны
 

2.
 

Орындаушымен төлем бойынша қаржыландыру жоспарын орындамауы
 
 

Тапсырыс беруші бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жалпы субсидиялаудың айлық сомасынан 0,1% мөлшерінде
 

   

      Орындаушымен Шарт бойынша міндеттерді дұрыс орындамауғандығы үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидияны қайтарудың талаптары


 

Қайтару туындауының негіздері
 

Қайтару көлемі
 

1.
 

Тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген вагон айналымы көлемі бөлігінде Шарт талаптарын орындамауы
 

жыл қорытындысы бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал
 

2.
 

Поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген төмендемейтін айлық вагон айналамының көлемі бөлігінде Шарт талаптарын орындамауы
 

есептік айдың нітижесі бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал
 

3.
 

Орындаушымен әрбір жылдың қорытындысы бойынша поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың
негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар айналымы бөлігінде сай келетін жылға вагон айналамы көлемін орындау шарты кезінде 3% артық Шарт талаптарын орындамауы
 

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сай келетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%
 

4.
 

Орындаушымен әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарына негізге талаптарды 15%-дан артық орындамауы неисполнение
 

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сай келетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%
 

5.
 

Есептерді ұсыну қорытындысы бойынша дамудың негізгі талаптарын онда көрсетілген мерзімдерді ескере отырып орындамауы
 

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сай келетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 5%
 

6.
 

Орындаушымен отырғызу және түсіруді қаматамсыз ететін негізгі талаптарын орындамауы
 

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сай келетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,1%
 

7.
 

Мемлекеттік көліктік бақылау органдарымен немесе Шарттың 4-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес қарастырылған тексеріс нәтижесі бойынша рәсімделмеген тұлағаларды тасымалдау фактісі (бұдан әрі – тұлға) және/немесе тасымалдаудың негізгі талаптарында кқрсетілген поездарда Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларында анықталған (бұдан әрі – бұзушылық) билетсіз жолаушыларды тасымалдау және/немесе жүкті және жүк-багажын тасымалдау шартын бұзу фактілері , сонымен қатар интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігі
 

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сай келетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) 10-ға дейінгі тұлғаға дейін және/немесе жолаушылар поездарында бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) 20-ға дейінгі тұлғаға дейін және/немесе жолаушылар поездарында бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) 30-ға дейінгі тұлғаға дейін және/немесе жолаушылар поездарында бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) 40-қа дейінгі тұлғаға дейін және/немесе жолаушылар поездарында бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) 40-тан астам тұлғаға дейін және/немесе жолаушылар поездарында бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%.
 
 

8.
 

Орындаушымен шарттың 7-тармағының 2), 3), 5), 7), 8), 9) және 10)-тармақшаларын орындамауы
 

бұзушылықты жойғанға дейінгі әрбір күнтізбелік 10 күнде субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,01%
 

9.
 

Орындаушымен шарттың 7-тармағының 4)-тармағын орындамауы
 

Орындаушының кінәсі бойынша жыл қорытындысы бойынша екінші сағаттың бірінші минутынан бастап поездардың әрбір 1 сағат сайын кешігуіне субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,001%