2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекітілсін.
2. "Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12046 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің төрағасы
______________ С. Айтпаева
2016 жылғы "______" ___________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің
төрағасының м.а.
______________ С. Нұрлыбай
2016 жылғы 25 тамыз
Қазақстан Республикасы |
Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері – биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындау ықтималдығы;
3) болмашы бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді уақтылы ұсынбауы бөлігінде бұзу;
4) елеулі бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептердің барлық нысандарын ұсынбауы, тамақ шикізаттарының шикізат генетикалық түрлендірілген көз болып табылмайтындығын нақтылайтын құжаттарының болмауы, биоотынды өндіретін бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді іске асыруы, бақылау есепке алу аспаптарының болмауы және олардың ақаулы жағдайда болуы бөліктерінде бұзу;
5) өрескел бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынбауы, кейіннен биоотынға өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан жоғары көлемде пайдаланбауы, биоотын өндірісі паспортының болмауы, биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1-2-сынып бидайларын пайдалануға жол берілмейді) бөлігінде бұзу;
6) тәуекел дәрежесінің объективті өлшемшарттары – биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
7) тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары – нақты тексерілетін субъекті (объекті) қызметінің нәтижелеріне байланысты, бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау және қадағалау органы тексеруді белгілеу мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
9) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
4. Бақылау субъектілерін тәуекелдің дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша бағалау тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындауы, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде жүзеге асырылады.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып, бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
7. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
1) бақылау субъектілерін алдыңғы тексерулерді талдау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады;
2) бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Бір өрескел дәрежедегі бұзушылық 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаса, тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 салмақ коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
Рз = (
Р2 х 100/
Р1) х 0,7
мұндағы:
Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
Рн = (
Р2 х 100/
Р1) х 0,3
мұндағы:
Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
Р =
Рз +
Рн
мұндағы:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтынға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
9. Ішінара тексерулердің жиілігі жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.
10. Ішінара тексерулер тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша бір жылға қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
11. Ішінара тексерулер тізімдері:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткіштері ең жоғары бақылау субъектілерінің басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына түсетін жүктемені ескере отырып жасалады.
Биоотын өндірісі саласындағы |
"Алдыңғы тексерулердің нәтижелері" ақпарат көзі бойынша
субъективті өлшемшарттар
№ |
Өлшемшарттардың атауы |
Бұзушылық дәрежесі |
"Алдыңғы тексерулердің нәтижелері" (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді): |
||
1 |
Кейіннен биоотынға өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан жоғары көлемде пайдалану |
өрескел |
2 |
Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкестігі (бидайдың 1-2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді) |
өрескел |
3 |
Биоотын өндірісі паспортының бар болуы |
өрескел |
4 |
Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі |
елеулі |
5 |
Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, олардың генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын растайтын және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы |
елеулі |
Биоотын өндірісі саласындағы |
"Бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді
мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша
субъективті өлшемшарттар
№ |
Өлшемшарттардың атауы |
Бұзушылық дәрежесі |
"Бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері": |
||
1 |
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынбауы |
өрескел |
2 |
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға барлық есеп нысандарын ұсынбауы |
елеулі |
3 |
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді уақтылы ұсынбауы |
болмашы |
Қазақстан Республикасы |
Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы
_______________________________________________________________________ саласында
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
________________________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт____________________________________________________
(нөмір,күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Кейіннен биоотынға өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан жоғары көлемде пайдалану |
||||
2 |
Биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1-2-сынып бидайларын пайдалануға жол берілмейді) |
||||
3 |
Биоотын өндірісі паспортының болуы |
||||
4 |
Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі |
||||
5 |
Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, олардың генетикалық түрлендірілген көзі (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын растайтын және мемлекеттік тіркеуден өту туралы тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы |
Лауазымды адам (адамдар) _____________________________ _________________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы____________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)