«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші – жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің инвесторы, иесі;»;
«8) мердігер – теңіз құрылыстарын құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы және/немесе тапсырысшы тартқан жеке немесе заңды тұлға;»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттардың көшірмесімен қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы еркін түрде өтініш береді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа теңіз қондырғыларының құрылыс жұмыс жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісіледі, бекітіледі және мемлекеттік сараптамадан өтеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа құрылыстарды жобаламас немесе теңіз құрылыстарын қайта құрмас бұрын, Қазақстан Республикасының қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес, инженерлік іздеулер (инженер-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізілуі тиіс.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Теңіз құрылыстарын салуды (немесе монтаждауды) аяқтаған соң осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасына сәйкес теңіз құрылыстарын пайдалануға қабылдауды қамтамасыз етеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді пайдалануға қабылдау, сондай-ақ оларды монтаждау және іске қосу бойынша одан кейінгі жұмыстар азаматтық қорғау және теңізде қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 38-тармағын ескере отырып, тапсырысшы, Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыстың аяқталғанынан кейін теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу үшін жүзбелі жабдықтың (жүзбелі бұрғылау қондырғыны) бастапқы қабылдауын жүзеге асырады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы белгіленген учаскі шегінде (келісімшарттық аумақ) монтаждау жұмыстарының аяқталысымен жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға енгізу жүзбелі қондырғының (жүзбелі бұрғылау қондырғысы меншік иесінің) немесе оның өкілетті тұлағасы және өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше өкілінің қатысуымен жер қойнауын пайдаланушымен құрылған комиссиямен жүзеге асырылады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Теңіз құрылыстарын және жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалану тиісті объектіні (объектілерді) осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.»;
31-тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Теңіз құрылыстарын пайдаланбас бұрын, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) азаматтық қорғау органдарымен келісілген теңіз құрылыстарын пайдалану барысында өрттен қорғау тәртібін әзірлеп мақұлдайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, сонымен қатар жүзбелі бұрғылау қондырғылары Қазақстан Республикасының Үкіметімен мойындалған сыныптау ұйымының біреуімен куәландырылудан және техникалық бақылау өткен кезде теңізде жүзу қауіпсіздік талаптарына сай салынады және пайдаланылады.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында және белгіленген тәртіпте құзыретті орган мен уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына теңіз құрылыстарына кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жұмыстарын аяқтау мүдделі мемлекеттік органдардың, құрылыс мекемесінің, жобалы мекемесінің және авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қатысуымен жер қойнауын пайдаланушы құрған комиссиямен қаралады.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы Ә. Мағауов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мырзахметов
2016 жылғы 2 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 20 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________ И. Тасмағамбетов
2016 жылғы 2 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 26 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
2016 жылғы 23 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
________________ В. Жұмақанов
2016 жылғы 5 тамыз