Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.12.2019 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.12.2019 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) көрсетілген лимиттердің, оларды сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңiрлiк органдарына жеткізілуін;
5) су объектiлерiнiң экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйi және су шаруашылығының жағдайы өзгерген жағдайда лимиттердi қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрі |
А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген |
Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттерi*
Ескерту. Лимиттер жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2020 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Облыстардың атауы | Өзендер бассейндерінің атауы | Барлығы, миллион текше метр | оның ішінде, миллион текше метр | ||||
Коммуналдық тұрмыстық және өнеркәсіптік мұқтаждықтар | Ауыл шаруашылығы | Балық шаруашылығы | Экологиялық мұқтаждықтар және өзгелер | |||||
барлығы | оның ішінде тұрақты суаруға | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Ақмола, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы | Есіл өзені | 115,0 | 82,0 | 32,0 | 11,0 | 1,0 | 0 |
Есіл-Ертіс өзен аралығы | 41,0 | 33,0 | 6,0 | 2,0 | 2,0 | 0 | ||
Шағалалы өзені | 29,0 | 21,0 | 7,0 | 3,0 | 1,0 | 0 | ||
Нұра өзені | 19,5 | 0,3 | 19,2 | 1,8 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 204,5 | 136,3 | 64,2 | 17,8 | 4,0 | 0 | ||
2 | Ақтөбе | Жайық өзенінің бассейні (Ор, Елек, Қобда өзендері, Жайықтың сол жағалаудағы сағалары және Арал маңы) | 325,0 | 60,0 | 50,0 | 30,0 | 5,0 | 210,0 |
Ойыл, Сағыз, Ембі, және Арал маңы өзендері | 75,0 | 45,0 | 30,0 | 10,0 | 0 | 0 | ||
Торғай (Ырғыз) өзені | 13,2 | 0,7 | 12,5 | 0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 413,2 | 105,7 | 92,5 | 40,0 | 5,0 | 210,0 | ||
3 | Алматы, оның ішінде Алматы қаласы | Іле өзені | 3051,6 | 385,2 | 2622,0 | 2578,4 | 34,4 | 10,0 |
Шығыс және Солтүстік Балқаш маңы | 1189,1 | 67,2 | 1121,9 | 1094,6 | 0 | 0 | ||
Алакөл, Сасықкөл көлдері | 241,0 | 4,5 | 236,5 | 230,0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 4481,7 | 456,9 | 3980,4 | 3903,0 | 34,4 | 10,0 | ||
4 | Атырау | Жайық өзені | 302,3 | 151,8 | 76,5 | 27,0 | 4,2 | 69,8 |
Еділ өзені | 48,3 | 39,6 | 4,5 | 1,2 | 0 | 4,2 | ||
Ойыл, Сағыз, Ембі өзендері | 24,9 | 0,9 | 24,0 | 0 | 0 | 0 | ||
Каспий теңізі | 7,5 | 7,5 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 383,0 | 199,8 | 105,0 | 28,2 | 4,2 | 74,0 | ||
5 | Батыс Қазақстан | Үлкен және Кіші Өзен, Шыжа, Ащы, Өзек өзендері және Жәнібек суару-суландыру жүйесі | 109,0 | 1,0 | 5,0 | 2,0 | 0 | 103,0 |
Жайық өзені | 669,0 | 39,0 | 30,0 | 13,0 | 0 | 600,0 | ||
Жиыны | 778,0 | 40,0 | 35,0 | 15,0 | 0 | 703,0 | ||
6 | Жамбыл | Шу өзені | 1540,0 | 24,2 | 1292,8 | 1227,0 | 23,0 | 200,0 |
Талас өзені | 808,0 | 40,0 | 698,0 | 678,0 | 0 | 70,0 | ||
Аса өзені | 455,0 | 30,0 | 345,0 | 309,0 | 0 | 80,0 | ||
Балқаш көлінің бассейні | 3,0 | 2,0 | 1,0 | 0 | 0 | 0 | ||
Іле өзенінің бассейні | 2,5 | 1,0 | 1,5 | 0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 2808,5 | 97,2 | 2338,3 | 2214,0 | 23,0 | 350,0 | ||
7 | Қарағанды | Нұра өзені | 1411,4 | 1322,9 | 88,5 | 88,5 | 0 | 0 |
Сарысу өзені | 238,2 | 229,8 | 8,4 | 8,4 | 0 | 0 | ||
Балқаш көлі | 175,5 | 175,5 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||
Ертіс (Қаныш Сәтпаев атындағы канал) | 153,3 | 101,8 | 8,3 | 8,3 | 1,2 | 42,0 | ||
Қумола өзені | 0,1 | 0,1 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 1978,5 | 1830,1 | 105,2 | 105,2 | 1,2 | 42,0 | ||
8 | Қостанай | Тобыл өзені | 114,4 | 82,1 | 24,4 | 21,9 | 1,1 | 6,8 |
Торғай өзені | 5,3 | 4,7 | 0,6 | 0,5 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 119,7 | 86,8 | 25,0 | 22,4 | 1,1 | 6,8 | ||
9 | Қызылорда | Сырдария өзені | 5429,9 | 45,0 | 4174,9 | 4159,9 | 10,0 | 1200,0 |
Жиыны | 5429,9 | 45,0 | 4174,9 | 4159,9 | 10,0 | 1200,0 | ||
10 | Маңғыстау | Каспий теңізі | 1464,9 | 1464,7 | 0,2 | 0,1 | 0 | 0 |
Арал маңы, Еділ өзені | 23,4 | 22,9 | 0,5 | 0,2 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 1488,3 | 1487,6 | 0,7 | 0,3 | 0 | 0 | ||
11 | Түркістан, оның ішінде Шымкент қаласы | Сырдария өзені | 2418,5 | 11,0 | 2233,0 | 2215,2 | 11,0 | 163,5 |
Арыс өзені | 2087,7 | 127,0 | 1703,0 | 1616,1 | 9,0 | 248,7 | ||
Шыршық өзені | 1250 | 9 | 1022,2 | 990,5 | 0 | 218,8 | ||
Қаратау тауының солтүстік баурайының өзендері | 65,9 | 4 | 59,9 | 51,1 | 0 | 2 | ||
Жиыны | 5822,1 | 151 | 5018,1 | 4872,9 | 20 | 633 | ||
12 | Павлодар | Ертіс өзені | 3569,0 | 2399,7 | 969,3 | 70,0 | 1,0 | 199,0 |
Шідерті өзені | 6,0 | 0,1 | 5,9 | 0 | 0 | 0 | ||
Өлеңті өзені | 2,0 | 0,1 | 1,9 | 0 | 0 | 0 | ||
Ащысу, Түндік, Еспе өзендері | 23,0 | 0,1 | 22,9 | 0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 3600,0 | 2400,0 | 1000,0 | 70,0 | 1,0 | 199,0 | ||
13 | Солтүстік Қазақстан | Есіл өзені | 72,5 | 55,0 | 15,5 | 3,0 | 2,0 | 0 |
Есіл-Ертіс өзен аралығы | 5,5 | 1,5 | 4,0 | 0,5 | 0 | 0 | ||
Шағалалы өзені | 7,0 | 1,0 | 6,0 | 0,5 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 85,0 | 57,5 | 25,5 | 4,0 | 2,0 | 0 | ||
14 | Шығыс Қазақстан | Ертіс өзені | 916,0 | 395,0 | 491,0 | 270,0 | 30,0 | 0 |
Балқаш көлі | 40,0 | 5,0 | 35,0 | 10,0 | 0 | 0 | ||
Алакөл, Сасықкөл көлдері | 49,5 | 2,5 | 47,0 | 40,0 | 0 | 0 | ||
Жиыны | 1005,5 | 402,5 | 573,0 | 270,0 | 30,0 | 0 | ||
Қазақстан бойынша барлығы: | 28597,9 | 7496,4 | 17537,8 | 15772,7 | 135,9 | 3427,8 |
Ескертпе: * суды пайдалану лимиттері көрсетілген кезең жылдарындағы әр жылға келтірілген.