"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және "Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 қыркүйекте № 14238 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12660 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістерді енгізуді:

      Келтірілген бұйрықпен бекітілген Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларында:

      3-тармақ келесі редакцияда келтірілсін:

      "3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі – бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.

      Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.";

      6-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда келтірілсін:

      "12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;";

      10-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда келтірілсін:

      "Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптамадан өтуі және бассейндік инспекцияда тіркелуі тиіс.";

      13 және 14-тармақтар келесі редакцияда келтірілсін:

      "13. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде әзірленіп, ресiмделедi және оны бөгетті пайдаланушы (жобаға тапсырыс беруші) ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

      14. Бассейндік инспекцияда тіркеу үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.".

      2. Қоса берілген "Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары-
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 17 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 2 тамыздағы
№ 351 бұйрығымен бекітілген

"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресустарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық емес;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда беру туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

      2) уәкілетті орган бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым берген бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының көшірмесі;

      3) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Бөгеттер қауіпсіздігінің декларациясын әзірлеу қағидалары және Декларациялауға бөгеттерді жатқызу критерийлерін анықтау қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12660 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) аттестатталған ұйыммен берілген бөгеттер қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық теріс қорытындысы.

3 -тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


  "Бөгеттің қауіпсіздігі
декларациясын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізге бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрі берілгенін хабарлаймыз

      _____________________________________________________________________

      тіркеу номері және күні

      Бассейндік инспекцияның басшысы ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

      Мөр орны (бар болса)

      Хабарлама_________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "____" ______________ көрсетілетін қызметті алушыға берілді.


  "Бөгеттің қауіпсіздігі
декларациясын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мемлекеттік органның толық
атауы)
  ____________________________
(заңды тұлғаның атауы)
  Өтініш берушінің заңды
мекенжайы
____________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің номері, телефон)
  Өтініш берушінің деректемелері
  Бизнес-сәйкестендіру номері___

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу жүргізуді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) уәкілетті орган бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым берген бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының көшірмесі көшірмесі;

      2) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының көшірмесі.

      ________________________________________                        ___________________________

      (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты                                                (өкілдің лауазымы)

      (болған жағдайда), (қолы)

      Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тапсырған уақыты:

      Мөр орны (бар болса)