Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
|
Ұлттық экономика министрінің |
|
міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3) тармақшасына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға осы Әдістемеге сәйкес айқындайды.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:
екі кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырма әзірлеуді қоса алғанда, жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша объектінің нақты алаңына қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) байланыстыру құнының есебімен, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша, сондай-ақ техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ге техникалық тапсырма әзірлеуді қоса алғанда, конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда құрамына ТЭН қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша, объектінің нақты алаңына ЖСҚ байланыстыруды, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша және (немесе) техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын ЖСҚ әзірлеуді қоса алғанда, конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шартының жобасын әзірлеу;
бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) енгізу;
Конкурстық және концессиялық өтінімдерді қарау және таңдау жөніндегі комиссияның конкурсқа қатысушысымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу;
конкурстық өтінімді тәуелсіз бағалау.
Тарау 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнының есептемесі
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты нақты көрсетілетін қызметтің құнын есептеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттер сомасын 1 адам-сағат құнына және нормативтік еңбек шығындарына көбейту жолымен пайдаланылады:
P = сх lх(k1+k2+…)+exp
мұнда,
P – қосылған құн салығын есепке алмағандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызмет құны;
с – көрсетілетін қызмет өнім берушісінің 1 адам – сағат құны (қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге*);
l – көрсетілетін қызметтің базалық нормативік еңбек шығындары (осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес);
k – концессиялық ұсынысты және конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызмет құнына түзету коэффициенттері;
exp – осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығыстар (қажет болған жағдайда).
Жергілікті жобалар бойынша адам – сағат құны заңды тұлғаны консультациялық сүйемелдеу көрсетуге айқындайтын тиісті құқықтық актімен бекітіледі.
5. Бір кезеңдік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына жобаалды ТЭН және ЖСҚ жобалық құжаттама әзірлеу немесе түзету және т.б. шығыстар қосылады.
Жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс құнының есептемесі, сондай-ақ үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру шығыстары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобалардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі күрделі құрылысты қамтитын жобалар үшін жобаалды және жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтерді қоса алғанда, үшінші тараптардың қызметін тартады.
*республикалық жобалар үшін (жергілікті жобалар үшін жергілікті атқарушы органдармен анықталады)
Мемлекеттік-жекешелік |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері
р/с № |
Ерекшелік |
Коэффициент мәні, k |
1. |
Құрылыстың болжамды құны: |
|
4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) төмен |
0,8 дейін |
|
4 000 000 АЕК-тен жоғары |
1,2 |
|
2. |
Жобаның күрделілігіне және бірегейлілігіне байланысты салалық коэффициент: |
1 2 3 |
3 |
Сараптама қорытындыларын алу қажет болған жағдайда |
0,5 |
4 |
Концессиялық ұсыныс кезеңінде ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде |
0,2 |
5 |
Конкурстық құжаттама кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде |
0,4 |
6 |
ТЭН әзірлеу қажет болған жағдайда |
1 |
7 |
Бекітілген концессиялық ТЭН немесе ЖСҚ болған жағдайда |
(-0,5) |
8 |
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ТЭН түзету кезінде |
0,6 |
9 |
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ЖСҚ түзету кезінде |
0,5 |
10 |
ЖСҚ нақты алаңға байланыстыру кезінде |
0,5 |
11 |
ЖСҚ байланыстыру құнын есептеу кезінде |
0,5 |
12 |
Конкурстық өтінімдердің тәуелсіз бағалауын жүргізу кезінде конкурстық өтінімде ТЭН болған кезде |
1 |
13 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсаттары үшін үшінші тараптардың консультациялық қызметтерін тарту кезінде*: |
1 2 3 |
* бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды
Мемлекеттік-жекешелік |
Көрсетілетін қызмет бірлігіне базалық нормативтік еңбек шығындары
р/с № |
Қызмет түрлері |
l , адам-сағат. |
1. |
Тұжырымдаманы немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу |
1500 дейін |
2 |
Конкурстық құжаттаманы (концессия шартының жобасын әзірлей отырып) немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын әзірлеу |
1500 дейін |
3 |
Конкурстық құжаттаманы түзету |
500 дейін |
4 |
Комиссияның жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызмет көрсетулері, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу |
500 дейін |
5 |
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау жөніндегі екінші кезеңнің конкурстық өтінімдерін тәуелсіз бағалау |
300 дейін |