БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 5 тамыздағы № 431 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14080 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
1-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзац мындай редакцияда жазылсын:
Қызылорда облысы – 6 222 997 000 (алты миллиард екі жүз жиырма екі миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың) теңгеден артық емес;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |