"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылы 28 шілдедегі № 337 бұйрығымен бекітілген |
Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі
1–тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры) капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеуді айқындайды.
2–тарау. Капитал жеткіліктілігі нормативін есептеу тәртібі
3. Капитал жеткіліктілігі нормативі (бұдан әрі – КЖН) мына формула бойынша есептеледі:
КЖН =
,мұнда:
меншікті капитал – қаржылық жағдайы (бухгалтерлік баланс) туралы есепке сәйкес, Кепілдік беру қоры капиталының мөлшері;
тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты міндеттемелер – Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесіне сәйкес қалыптастырылған кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қоспағанда, Заңмен анықталған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құнына тең берілген кепілдіктер бойынша Кепілдік беру қорының міндеттемелері.
4. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні 0,1 мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 11.09.2017 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен