"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика | |
министрі | Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Мұқаба парақ
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы
есебі
Есептің атауы _______________________________________________________
Есептің реттік нөмірі _______________________________________________
Есеп жасау күні және мониторингінің есептілік кезеңі_________________
Объектінің атауы және орналасқан жері________________________________
Лауазымы__________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
1) Жобаны іске асырудың жалпы мерзімдері және анықталған артта қалулар:
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы | күні айы жылы |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспарланған аяқталу уақыты | күні айы жылы |
Артта қалуын/озуын ескере отырып, болжамды аяқталу уақыты | күні айы жылы |
Артта қалуы/озуы | күн |
2) Жобаның бөлімдері бойынша жоспарлы және нақты көрсеткіштерге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау:
Жобаның бөлімдері | Жоспар, % | Нақты, % | Ауытқу, (+/-), % |
Объект бойынша БАРЛЫҒЫ, оның ішінде: | |||
Конструктивті шешімдер | |||
Сәулет шешімдері | |||
Жылу және желдету | |||
Су құбыры және кәріз | |||
Электр және әлсіз тоқ желілері | |||
Газбен жабдықтау (болған жағдайда) | |||
Абаттандыру | |||
Алаңішілік желілер |
3) бүкіл құрылыс мерзімі ішінде, оның ішінде есепті кезеңде анықталған құжаттаманы ресімдеу, қауіпсіздік техникасы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы бойынша ескертулердің статистикасы (саны):
Ескертулер | Құрылыстың бүкіл кезеңі ішінде анықталғаны, жиыны | Құрылыстың барлық кезеңі ішінде жойылғаны, жиыны | Есепті кезең ішінде | Ағымдағы күні жойылмағаны жиыны | |
анықталғаны | жойылғаны | ||||
Объект бойынша БАРЛЫҒЫ, оның ішінде: | |||||
Құжаттама және ұйымдық мәселелер | |||||
Қауіпсіздік техникасы бойынша | |||||
Өндіріс мәдениеті бойынша | |||||
ҚМЖ сапасы бойынша |
4) Құрылыстың жалпы бюджеті, үдемелі нәтижемен және есепті ай ішіндегі төлемдер сомасы мен игерілген сома:
Құрылыс бюджетінің баптары | Жоспарланған бюджет, теңге | Төлемдер | Орындалған жұмыстардың актілері бойынша игеру | ||||
Жиыны | Есептілік кезеңде | Жиыны | Есептілік кезеңде | ||||
теңге | % | теңге | % | ||||
Бюджет жиыны, оның ішінде: | |||||||
Жобалауға арналған шығындар | |||||||
Объектіні салуға байланысты Құрылыс салушының шығындары | |||||||
ҚМЖ арналған шығындар |
Есеп туралы жалпы мәліметтер
5. Есепте қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар.
6. Орындаушы туралы мәліметтер (жоба басшысы, телефон/факс, орындаушылардың аттестаттарының нөмірлері мен берілген күндері) _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Сарапшының мониторинг өткізу барысында пайдаланған болжамдары мен шектеу шарттары ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жалпы ақпарат және мониторинг объектісінің сипаттамасы
8. Жобаға қатысушылар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Құрылыс объектісінің қала картасында орналасқан орны немесе құрылыс дақтарының орналасу жоспар-схемасы __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Объектінің жұмыс жобасына сәйкес негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
учаске алаңы | құрылыс салу алаңы | жабын алаңы | көгаландыру алаңы | ғимараттың жалпы алаңы | пәтерлердің жалпы алаңы | құрылыс көлемі | қабаттылық | пәтерсаны | паркингтегі машинаорындар саны |
Объект бойынша құжаттама
11. Бастапқы-рұқсат беру құжаттамасының талдауы:
1) Қолда бар құжаттама мен келісімдер тізімі __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Жоқ құжаттаманың тізімі ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3) Бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестікке келтіруге қатысты
тәуекелдер мен ұсыныстар көрсетілген, Орындаушының тұжырымдары
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Атқарушылық және қабылдау-тапсыру құжаттамасының талдауы:
1) Ұсынылған құжаттаманың тізбесі (қажет болған жағдайда
қажетті құжаттардың скан-нұсқасы бар Қосымшаға сілтеме беріледі) ____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Қолда жоқ қажетті құжаттардың тізбесі, атқарушылық және
қабылдау-тапсыру құжаттамасын "Қазақстан Республикасындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкестікке келтіруге
қатысты тәуекелдер мен ұсыныстар көрсетілген.
Орындаушының тұжырымдары_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Жобалау құжаттамасының талдауы:
1) Жобалау шарты (жобалаушы ұйымның атауы, шарт нөмірі, шарттың
жасалған күні, жобалау жұмыстарын орындаудың жоспарлы мерзімі
көрсетіледі), есеп жасалған күні ҚМЖ орындау үшін алынған
құжаттаманың жиынтықтығы мен жеткіліктілігі көрсетілген құжаттаманы
берудің жоспарлы мерзімдері туралы кіріспе ақпарат___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Жобалық шешімдерге қатысты қабылданған өзгерістер туралы
ақпарат, анықталған Қазақстан Республикасының нормативтік базасына
сәйкессіздіктер туралы ақпарат, Орындаушының ұсынымдары мен
тәуекелдер көрсетілген тұжырымдар ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Мердігерлік/бас мердігерлік шарты:
1) Мердігерлік ұйымның атауы көрсетілген мердігерлік шарт
бойынша кіріспе деректер: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Нөмірі және шарттың жасалған күні, шарт сомасы,
құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындаудың жоспарлы мерзімі ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құрылыстың орындалуы және орындау мерзімдері
15. Ақпарат көзіне сілтеме жасалып, жұмыстар өндірісінің
мерзімдері туралы ақпарат ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Осы есепке қосымшаға сәйкес ағымдағы жағдайының ақпаратына
сілтеме жасап, жобаның негізгі бөлімдеріне бөлумен берілген жұмыс
өндірісі кестесінің графикалық және пайыздық бейнесі. Артта қалуы
байқалатын жұмыстардың ірілендірілген тізбесін көрсету, жұмыстардың
түрлері бойынша артта қалу себептерін көрсету, артта қалуды
қысқартуға бағытталған іс-шаралар жүргізу бойынша ұсынымдар,
сондай-ақ, ұсыныстар орындалмаған жағдайда тәуекелдердің сипаттамасы:
1) жер жұмыстары;
2) конструкциялар;
3) сәулет;
4) механика (жылу және желдету, су құбыры және кәріз);
5) электр және әлсіз тоқ желілері;
6) газбен жабдықтау (болған жағдайда);
7) лифтілер;
8) абаттандыру;
9) жұмыс өндірісінің жоспарлы мерзімдері және болжамды артта қалудың ағымдағы жағдайының мәртебесі көрсетілген алаңішілік желілер.
17. "Жоспар/нақты" жұмыстарды орындаудың жалпы пайызы бойынша
ағымдағы ақпарат:
1) күндерден артта қалу;
2) "жоспар/нақты/қажетті" шыққан жұмыс күшінің саны;
3) артта қалу себептері;
4) артта қалуды қысқартуға бағытталған іс-шараларды жүргізу
бойынша ұсынымдар, сондай-ақ, нұсқаулар орындалмаған жағдайда,
тәуекелдердің сипаттамасы, сонымен қатар, ГПР өзектілендіру және оны
оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы мүмкін.
18. Жұмыстарды дақтары (блоктары) бойынша және түрлері бойынша
бөліп көрсете отырып, жұмыстардың пайыздық орындалуы (жер жұмыстары,
конструкция, сәулет, жылу және желдету, су құбыры және кәріз, электр
және әлсіз тоқ желілері, газбен жабдықтау (болған жағдайда),
лифтілер, абаттандыру, алаңішілік желілер) ағымдағы жағдайының
фотоларына сілтеме берумен қоса, есепке қосымша болып табылатын
анықталған ескертулер.
Орындалған жұмыс көлемінің сапасы
19. Бөлімдер бойынша анықталған бұзушылықтар туралы есепті кезең ішіндегі деректер жиынтығының кесте нысанында: құжаттама және ұйымдық мәселелер, қауіпсіздік техникасы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы (сәулет-құрылыс, жылу және желдету, су құбыры және кәріз, электр және әлсіз тоқ желілері, газбен жабдықтау (болған жағдайда) бөлімдерін қоса алғанда).
№ р/с | Ескертулер | Құрылыстың бүкіл кезеңі ішінде анықталғаны, жиыны | Құрылыстың барлық кезеңі ішінде жойылғаны, жиыны | Есепті кезең ішінде | Ағымдағы күні жойылмағаны жиыны | |
анықталғаны | жойылғаны | |||||
1 | Құжаттама және ұйымдық мәселелер | |||||
2 | Қауіпсіздік техникасы бойынша | |||||
3 | ҚМЖ сапасы бойынша, оның ішінде: | |||||
3.1 | Сәулет-құрылыс тарауы | |||||
3.2 | Жылу және желдету | |||||
3.3 | Су құбыры және кәріз | |||||
3.4 | Электр және әлсіз тоқ желілері | |||||
3.5 | Газбен жабдықтау (болған жағдайда) | |||||
3.6 | Абаттандыру | |||||
3.7 | Алаңішілік желілер | |||||
Барлығы |
20. Есепті кезең ішінде орындалатын жұмыстардың сапасы туралы жалпы тұжырым және бұзушылықтарды жою мен кейіннен олардың алдын алу бойынша ұсынымдар, ұсынымдардың орындалмау тәуекелдері.
Құрылыс бюджеті (орындалған жұмыстар туралы анықтама/акт)
21. Құрамдас бөліктері тәптіптелген жобаның жалпы бюджеті туралы ақпарат:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының шығындары (сәулет-құрылыс, механикалық, электр-монтаждау жұмыстарын, абаттандыруды, алаң ішіндегі және сыртындағы желілерді қоса алғанда);
2) жобалау шығындары, құрылыс салушының Объект құрылысымен байланысты өзге де шығындары;
3) үдемелі қорытындымен және есепті кезең ішінде игеру. Есепті кезең ішінде орындалған жұмыстар актілеріне және инжинирингтік компанияның есепті кезең ішінде орындалған жұмыстары актілерімен расталған сомасына сәйкес мердігердің ұсынған сомасы.
Инжинирингтік компанияның растамаған сомасы қабылданбау себебімен бірге көрсетіледі.
22. Мердігерлік шарты бойынша ақша қаражатының игерілуін талдау.
1) есепті және бүкіл кезең ішінде игерілген сома туралы ақпарат;
2) шарттың жалпы сомасы көрсетілген игерудің талдауы, орындау сомасы (оның ішінде есепті кезең ішінде);
3) аяқталған кездегі қалдық;
4) ақпарат көздері.
№ р/с | Шығындардың атауы | ҚҚС-пен атқарылған жұмыстар актілері бойынша игеру сомасы, теңге | Ауытқу, теңге | |
Мердігер ұсынған | Инжинирингтік компания растаған | |||
1 | Бас мердігердің шарты бойынша сома | |||
2 | Қаржыландыру кестесі бойынша жоспарланатын игеру | |||
3 | Құрылыс басталғаннан бері нақты орындалғаны | |||
4 | Қаржыландыру кестесінен орындалу қалдығы |
23. Мердігерлік шарты бойынша төлемдер талдауы.
Инжинирингтік компания растаған, оның ішінде есепті кезең ішіндегі төлемдердің жалпы құны туралы ақпарат.
№ р/с | Шығындардың атауы | ҚҚС-пен төлемдер сомасы, теңге |
1 | Бас мердігердің шарты бойынша сома | |
2 | Жоспарланатын қаржыландыру | |
3 | Құрылыс басталғаннан бері төленгені (аванс беруді ескере отырып) | |
4 | Қаржыландыру кестесінен орындалу қалдығы |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебіне қосымша |
Ағымдағы жағдай бойынша ақпарат
1. Объектінің негізгі түрінің төрт тұрақты нүктеден жасалған төрт суретінен тұратын техникалық мониторинг объектісінің фото есебі;
2. Мынадай реттілікте жүргізілетін жұмыстар:
1) жалпы құрылыс жұмыстары;
2) лифтілер;
3) абаттандыру;
4) сыртқы желілер (жылу желілері және сумен жабдықтау, кәріз);
5) жылу және желдету (ішкі желілер);
6) сумен жабдықтау және кәріз (ішкі желілер);
7) сыртқы желілер (электр және әлсіз тоқ желілері);
8) электрмен жабдықтау;
9) газбен жабдықтау (болған жағдайда);
10) ішкі әлсіз тоқ желілері;
3. Ақшалай қаражатты игерудің жиынтық кестесі.