Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14183 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 347 бұйрығымен
бекітілген

Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесі
1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры) Заңда көзделген кепілдік беру жағдайларында тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтаумен байланысты міндеттемелерді жабу үшін нысаналы деңгей мен резерв мөлшерін есептеуін және қалыптастыруын регламенттейді.

      3. Осы Әдістемеде бірыңғай қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болжамды шығындар/залалдар (Expected losses – EL) - кепілдік беру жағдайының туындау ықтималдығын есепке ала отырып, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау барысында туындайтын болжамды шығыстардың сомасы;

      2) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервтің нысаналы деңгейі (Target Reserve Ratio – TRR) – пайызбен берілген Кепілдік беру қоры шығындарының/залалдарының жиынтық сомасының кепілдік міндеттемелерінің жиынтық сомасына қатынасы;

      3) кепілдік беру жағдайының туындау ықтималдығы (Probability of Default – PD) – уәкілетті компанияның/құрылыс салушының кепілдік беру туралы шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауына әкеп соғатын жағдайлардың (объективті және субъективті) жиынтығы;

      4) кепілдік міндеттемелерінің сомасы (Exposure at Default – EAD) – Заңда айқындалған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құны;

      5) көзделмеген шығыстар (Unexpected Losses – UL) - кепілдік беру жағдайының туындау ықтималдығының белгілі-бір деңгейімен пайда болатын, шығындардың болжамды мәнінен ауытқулар;

      6) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау кезінде қалпына келмейтін ресурстардың үлесі (Loss Given Default – LGD) – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау қорытындылары бойынша қалпына келмейтін шығындардың жиынтық сомасының үлесі;

      7) шығындардың/залалдардың жиынтық сомасы (Covered Losses - CL) – кепілдік беру жағдайы болған кезде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау барысында туындайтын болжамды және көзделмеген шығыстардың сомасы.

2–тарау. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервтің мөлшерін есептеу және айқындау тәртібі

      4. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервтің мөлшерін модельдеу шығындардың/залалдардың жиынтық сомасын (болжамды және көзделмеген шығындардың/залалдардың сомасы болып табылатын) белгілеуді талап етеді:

       CL = EL + UL (1)

      бұл ретте, күтілетін шығындар/залалдар (EL) мына формула бойынша есептеледі:

      EL =

iEADi * PDi * LGDi (2)

      көзделмеген шығындарды/залалдарды (UL) есептеу тәртібі осы Әдістеменің 6-тармағында келтірілген.

      Жоғарыда көрсетілген параметрлерді есептеу нәтижесі бойынша кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған Кепілдік беру қоры резервінің нысаналы деңгейі айқындалады:


(3)

      5. Күтілетін шығындарды есептеу үшін құрамдастарды айқындау:

      1) уәкілетті компанияның/құрылыс салушының дефолтының ықтималдығын бағалау (PD).

      Дефолт ықтималдығын айқындау үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітетін Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес тәуекел деңгейін айқындайтын уәкілетті компанияға/құрылыс салушыға берілген рейтинг қолданылады.

      2) Қалпына келмейтін ресурстардың үлесін бағалау (LGD).

      Кепілдік беру қоры алдында міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде құрылыс салушының уәкілетті компаниядағы қатысу үлесін кепілге беру және жер учаскесін (оған құқықтарын) кепілге беру болып табылатынын ескере отырып, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша нақты өтеудің сомасы талаптар сомасының 50-75%-ын құрауы мүмкін. Тиісінше, қалпына келмейтін ресурстардың үлесі алғашқы кезеңде 25%-50% деңгейінде қабылданады.

      Қалпына келмейтін ресурстардың үлесін бағалау ресурстарды қалпына келтіру бойынша статистикалық деректердің жинақталуы шамасына қарай қайта қаралады.

      6. Көзделмеген шығындарды/залалдарды Монте-Карло әдісінің көмегімен мынадай тәртіпте айқындау:

      1) Бастапқы деректерді айқындау:


- есеп беру күніне Кепілдік беру қорының портфеліндегі қатысушылардың (уәкілетті компаниялардың) саны;

- j-қатысушының дефолт ықтималдығы;

- қаралып жатқан уақыттан тыс кезеңдегі j-қатысушының кепілдік міндеттемесінің сомасы;

k-сынағына j-қатысушының дефолт жағдайында Кепілдік беру қорының көзделмеген шығындары/залалдарының мөлшері;

- әр қатысушы бойынша өтеу сомасының қалпына келмейтін бөлігіндегі үлесі.

      2) Әр j қатысушы үшін теңдей үлестірілген 0-ден 1-ге дейінгі кездейсоқ шамалар генерацияланады:

, j=1…N, мұнда k – сынақтар саны.

      3) Әр қатысушының дефолт оқиғасының туындау шарттарының орындалуына тексеріс жүргізіледі.

      4) Үлестіру функциясы негізінде осы сынақ үшін әр қатысушы бойынша Кепілдік беру қорының көзделмеген шығындарының/залалдарының мөлшерлері есептеледі:



      5) Рәсім (2-4) тармақшалар) k=10 000 немесе одан көп рет қайталанады.

      6) Әр қатысушы үшін Кепілдік беру қорының көзделмеген шығындары/залалдарының сомасы барлық сынақтардың Lj көзделмеген шығындарының орташа мәні ретінде айқындалады.

      7) Кепілдік беру қорының көзделмеген шығындары/залалдарының жиынтық сомасы портфельдегі барлық қатысушылар үшін барлық көзделмеген шығындар/залалдардың сомасы ретінде есептеледі:



      7. Болжамды және көзделмеген шығындар/залалдарды анықтаған соң, Кепілдік беру қоры өзінің шығындарының/залалдарының жиынтық сомасын, нысаналы деңгейін және кепілдік беру жағдайын реттеуге арналған резерв мөлшерін осы Әдістеменің (1) және (3) формулаларына сәйкес есептейді.