ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2020 № 568 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтерінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтерінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2017 № 213 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Төрағасының міндетін атқарушы
____________________ Ғ. Пірматов
2016 жыл 29 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жыл 29 шілде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығына 1-қосымша |
Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-5-тармағына сәйкес әзірленді және тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну тәртібін (бұдан әрі – мәліметтер) айқындайды.
2. Мәліметтерді бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын брокерлер (бұдан әрі – брокерлер) жасайды.
3. Мәліметтерді брокерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан сұрауларды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен ұсынады.
4. Мәліметтерге мынадай деректер енгізіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) 3-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) 4-бағанда – ұстаушысы 2-бағанда көрсетілген жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі;
5) 5-бағанда – бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
6) 6-бағанда – 4-бағанда көрсетілген бағалы қағаз түрінің саны;
7) 7-бағанда – бағалы қағаздың номиналды құны;
8) 8-бағанда – мәмәленің күні;
9) 9-бағанда – мәмәленің түрі;
10) 10-бағанда – мәмәле бойынша контрагент.
5. Депозитарлық қолхаттар бойынша ақпараттар ұсынылған жағдайда, онда қосымша мынадай ақпараттар ұсынылады:
1) 11-бағанда – бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздың саны;
2) 12-бағанда – депозитарлық қолхатты орналастыру бағасы;
3) 13-бағанда – депозитарлық қолхаттың айналым мерзімі.
6. Пай бойынша ақпараттар ұсынылған жағдайда, қосымша мынадай ақпараттар ұсынылады:
1) 14-бағанда – инвестициялық пай қорының атауы;
2) 15-бағанда – басқарушы компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі;
3) 16-бағанда – басқарушы компанияның атауы.
7. Мәліметтер бағалы қағаздардың түрі бөлігінде жеке-жеке ұсынылады.
8. Мәліметтер брокердің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтері
№ | Жеке тұлға | Бағалы қағаздар түрі | Бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі | Бағалы қағаздың саны | Бағалы қағаздың номиналды құны (теңге) | Мәмәленің күні | Мәмәленің түрі | Мәмәле бойынша контрагент | Бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздың құны | Депозитарлық қолхатты орналастыру құны | Депозитарлық қолхаттың айналым мерзімі | Инвестициялық пай қордың атауы | Басқарушы компанияның БСН | Басқарушы компанияның атауы | |
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
___________________________________________________/_________________
Брокердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке Қолы
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығына 3-қосымша |
Тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-5-тармағына сәйкес әзірленді және тексерілетін жеке тұлғалардың тауарлар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну тәртібін (бұдан әрі – мәліметтер) айқындайды.
2. Мәліметтерді лицензия негізінде тауарлар биржасында қызметін жүзеге асыратын биржалық брокерлер (бұдан әрі – биржалық брокерлер) жасайды.
3. Мәліметтерді биржалық брокерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан сұрауларды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен ұсынады және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
4. Мәліметтерге мынадай деректер енгізіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – биржалық тауарды сатып алушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) 3-бағанда – биржалық тауарды сатып алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) 4-бағанда – биржалық тауардың атауы;
5) 5-бағанда – биржалық тауардың өлшем бірлігі;
6) 6-бағанда – биржалық тауардың құны.
5. Мәліметтер биржалық тауардың түрі бөлігінде жеке-жеке ұсынылады.
6. Мәліметтер биржалық брокердің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығына 4-қосымша |
Нысан
Тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтері
р/с№ | Жеке тұлғаның ЖСН | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі | Тауардың құны (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
___________________________________________________/_________________
Биржалық брокердің Т.А.Ә (егер ол жеке Қолы
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)