Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.02.2020 № 162 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы Министрдің міндетін атқарушы | Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің Төрағасының м.а.
Ғ. Пірматов ____________________
2016 жылғы "_____"_____________
| |||||||||||
Нысан |
Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны
р/с № | Жеке тұлға бойынша мәлімет | Негігізгі борыш сомасы(қарыз) | Есепті кезеңге төленген сыйақы сомасы | Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат | |||
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Құжаттың атауы | Құжаттың күні | Құжаттың № | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).
2. Мәліметтерді банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электрондық тәсілмен және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.
3. Жеке тұлғалардың табысы мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген нысан бойынша Салық кодексінің 63-бабының 2-тармағымен көзделген тәртіппте бекітілген банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстырды растау туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде береді.
2-тарау. Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру
4. Нысанда Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарын растайтын мәліметтер көрсетіледі.
5. Мәлімет әрбір қарыз бөлігінде бөлек беріледі.
Мәлімет өзіне мынадай деректерді қамтиды:
1) 1-бағанда – жолдың рет нөмірі;
2) 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестердіру нөмірі;
3) 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) 4-бағанда – берілген күнге негізгі борыш (қарыз) сомасы;
5) 5-бағанда – мемлекеттік кірістер органдарының талаптарында көрсетілген есепті кезеңге төленген сыйақы сомасы;
6) 6-бағанда – құжаттың атауы;
7) 7- бағанда – құжаттың күні;
8) 8-бағанда – құжаттың нөмірі.