Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14164 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібі және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 61 бұйрығымен
бекітілген

Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
1-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілерінің пайдалану тәртібі

      1. Пошта төлемінің белгілері қолданыстағы тарифтерге сәйкес жазбаша хат-хабарларды жіберу бойынша пошта операторы қызметтерінің төленгенін растауға арналған. Пошта төлемінің белгілері тек қана жазбаша хат-хабарлардың жөнелтушілеріне қолданылады.

      2. 1-қосымшаға сәйкес пошта операторы, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта операторлары ішкі және халықаралық хат-хабарларды жіберуді тек пошта төлемінің белгілері бар болған жағдайда жүзеге асырады.

      4. Сатылған пошта төлемінің белгілері, оның ішінде мемлекеттік белгілер қайтарылуға және ауыстырылуға жатпайды.

      5. Пошта жөнелтілімінде пошта төлемінің белгілері жоқ болған немесе бекітілген тариф ішінара төленген жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.

      6. Кірленген, зақымданған, қолданған (бастырылған), айналымнан алынған пошта төлем белгілері, сондай-ақ басқа мемлекеттердің пошта төлем белгілері пошта байланысы қызметтерін төлеу үшін қолданылмайды.

      7. Пошта байланысы қызметтерінің төленгенін растайтын сатып алынған пошта төлем белгілері, осы пошта төлем белгісін айналымға енгізген пошта операторында қолданылуы керек.

2-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

      8. Пошта төлем белгілерінің эскиздерін әзірлеуді пошта операторы жүзеге асырады.

      9. Пошта төлем белгілерінде мынадай қызметтік жазбалар орналасуы тиіс:

      1) мемлекеттік тілде мемлекеттің атауы ("Қазақстан") және латын транслитерациясында ("Kazakhstan");

      2) пошта төлемінің электрондық белгілерін қоспағанда, номинал латын әріптерімен немесе араб цифрлерімен.

      10. Пошта төлем белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер пайдаланылады:

      "А" - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "В" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "С" - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "N" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 10 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "М" - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 07.02.2019 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Пошта төлем белгілерінің пошта операторларына тиістілігін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа, беттік жағында пошта операторының атауы болуы қажет.

      12. Пошта төлем белгілері пішіні тік немесе көлбеу өлшемі 15 мм-ден кем болмайтындай, кез келген пішінде болуы мүмкін.

      13. Кез келген компостермен жасалынған айырым тесіктері немесе деңбет бердерлі ізтаңбалар пошта төлем белгілерінің айқындылығына бөгет болмауы тиіс.

      14. Пошта төлем белгілерінде орналасқан қызметтік жазбалар оңай оқылатын және олардың орналасуы композициялық шешімге сәйкес болуы тиіс.

  Пошта төлемінің мемлекеттік
белгілерін қоспағанда, пошта
операторының пошта төлемі
белгілеріне пайдалану тәртібін және
пошта операторының пошта төлемі
белгілеріне
қойылатын талаптарға
1 қосымша

БЕКІТІЛДІ:

Пошта операторы басшысының ТАӘ

      Пошта төлем белгісі

      эскизінің түпнұсқасы 2:1 1:1

















КЕЛІСІЛДІ:

Уәкілетті орган басшысының ТАӘ