"Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 тамызда № 14132 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11519 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, келеңсіз үдерістер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес жұмы күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі         Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _________ Қ. Бозымбаев
      2016 жылғы «___»_________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы «___»_________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі орынбасары
      - Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ___________ А. Мырзахметов
      2016 жылғы 20 шілде