2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 170-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы | |
Ақпарат және коммуникациялар | |
министрінің 2016 жылғы | |
27 маусымдағы № 14 бұйрығымен | |
бекітілді |
Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 170-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды (бұдан әрі – Байланысты гранттар) айқындайды.
2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы және нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты ұсынудың мақсаты (бұдан әрі – есептілік және ақпарат) ұсынымдарды жасау үшін техникалық шешімдердің ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) Байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
3) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;
4) электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуге, есепке алуға, сақтауға және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес бір жүйеге келтіруге және ақпараттандыру саласында мониторингілеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе.
5) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.
2-тарау. Ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік нысандарын ұсыну қағидалары
4. Айдан кейінгі айдың жиырмасына Байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес байланысты гранттардың пайдаланылу барысы туралы есеп нысаны бойынша уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.
5. Есептілік және ақпарат архитектуралық порталға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19104 тіркелген) талаптарына сәйкес орналастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.01.2021 № 6/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілетті немесе атқарушы органдарынан түскен есептілікті және ақпаратты уәкілетті орган он жұмыс күнінде қарайды.
7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде нормативтік-техникалық құжаттаманың және жобалық техникалық құжаттаманың Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға және Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
8. Бағалаудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану бойынша қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту, түзету жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.
9. Ұсынымдарды уәкілетті орган есептілікті және ақпаратты ұсынған Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілетті немесе атқарушы органдарға жолдайды, көшірмесі мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға жолданады.
10. Байланысты гранттарды пайдалану аяқталғаннан кейін, ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізген сәттен бастап он жұмыс күнінде осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес байланысты гранттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп нысанында архитектуралық порталда мәліметті есепке алуды қамтамасыз етеді.
Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ | |
ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы | |
мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа | |
қойылатын талаптарға 1-қосымша | |
Нысан |
Байланысты гранттарды пайдалану барысы туралы есеп
Есептілікті ұсыну кезеңі (ай) | Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | |||||||
Жобаның толық атауы | Ақпараттық жүйенің толық және қысқартылған атауы | Ақпараттық жүйені құру немесе дамытудың мақсаты | Ақпараттық жүйені құру немесе дамыту бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері (ақпараттық жүйені пайдалануға енгізу жұмыстарының басталған және аяқталатын күндері) | Ақпараттық жүйені құру немесе дамыту және оны пайдалану үшін негіздеме (тиісті акт) | Ақпараттық жүйе қолдайтын функциясы | Ақпараттық жүйе шешетін негізгі міндеттері | Ақпараттық жүйенің сыныбы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | ||||||||
Байланысты гранттың игерілуі (жұмсалған) | Тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу мәртебесі | Ақпараттық жүйенің өзара әрекеттесуі (ведомствоаралық, ведомствалық), өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциясы | Ақпараттық жүйеде қолданылатын анықтамалықтар тізбесі (толтыру көздері, деректердің форматтары) | Ақпараттық жүйелердегі деректерді сәйкестендірушілер тізбесі, оларды қалыптастыру қағидасы көрсетілсін (жалпыға бірдей VIN, ЖСН, БСН, БСК және т.б.) | ||||
Бір айдағы | Ағымдағы жылғы | Есептік айдағы | Жылдың басынан | |||||
Теңге | АҚШ долл. | Теңге | АҚШ долл. | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Кестенің жалғасы
Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйенің шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | Байланысты гранттардың есебінен алынған мемлекеттік органның бағдарламалық қамтылымының, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының құрауыштарын түгендеу тізбесі және сипаттамасы | ||||
Ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі | Бағдарламалық өнімнің атауы (пайдаланылатын технологиялық платформаның атауы; пайдаланылатын деректер қорының атауы; бағдарламалық өнімнің жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын серверлік жабдықтың моделі) | Сипаттамасы | Өндірушінің компаниясына сілтеме | Өнім берушінің компаниясына сілтеме | Лицензиялау типі |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Кестенің жалғасы
Құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйенің техникалық және жобалық құжаттамасын бекіту және (немесе) оған өзгеріс енгізу туралы мәліметтер | Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу туралы мәліметтер | ||
Құжаттың атауы | Бекітілген күні | Ақпараттандыру объектілерін тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу күні | Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу қорытындылары |
25 | 26 | 27 | 28 |
Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ | |
ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы | |
мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа | |
қойылатын талаптарға 2-қосымша | |
Нысан |
Байланысты гранттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп
Жобаның толық атауы | Ақпараттық жүйенің толық және қысқартылған атауы | Байланысты гранттың игерілуі (жұмсалған) | Тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу мәртебесі | Ақпараттық жүйені өндірістік пайдалануға енгізу актісінің, ақпараттық жүйені пайдалануын тоқтату туралы мәліметтері | ||||
Бөлінді | Игерілді | Қол жеткізілді | Қол жеткізілмеді | |||||
Теңге | АҚШ долл. | Теңге | АҚШ долл. | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |