Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 тамызда 14080 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
      1) шарттар:
      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2016 жыл;
      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
      2) көлемдері:
      Шығыс Қазақстан облысы – 1 329 161 000 (бір миллиард үш жүз жиырма тоғыс миллион жүз алпыс бір мың) теңгеден артық емес;
      Атырау облысы – 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгеден артық емес;
      Жамбыл облысы – 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеден артық емес;
      Қызылорда облысы – 6 222 997 000 (алты миллиард екі жүз жиырма екі миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың) теңгеден артық емес;
      Маңғыстау облысы – 2 623 958 000 (екі миллиард алты жүз жиырма үш миллион тоғыс жүз елу сегіз мың) теңгеден артық емес;
      Ақмола облысы – 1 258 988 000 (бір миллиард екі жүз елу сегіз миллион тоғыс жүз сексен сегіз мың) теңгеден артық емес;
      Батыс Қазақстан облысы – 1 635 807 000 (бір миллиард алты жүз отыз бес миллион сегіз жүз жеті мың) теңгеден артық емес;
      Алматы облысы – 1 637 278 000 (бір миллиард алты жүз отыз жеті миллион екі жүз жетпіс сегіз мың) теңгеден артық емес;
      Алматы қаласы – 2 882 682 000 (екі миллиард сегіз жүз сексен екі миллион алты жүз сексен екі мың) теңгеден артық емес;
      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.09.2016 № 487 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Қаржы министрі
 

Б. Сұлтанов