"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14075 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2021 № 352 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.Ә. Пірімқұловқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 405 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы
№ 8 бұйрығымен бекітілген

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі-Қағидалар) басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын уәкілетті органның ресми растауы;

      2) білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

      Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жеке адамдарға (бұдан әрі – өтініш білдіруші), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.

      2. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар білім туралы құжаттарды тану және баламалылығын анықтау мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (бұдан әрі - білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығын анықтау бойынша халықаралық шарттар), "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және осы Қағидаларға сәйкес реттеледі.

      3. Білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын шетелдік білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім туралы құжаттарды тану туралы тиісті куәліктерді бермей-ақ танылады, егер де бұдан басқа жағдай халықаралық шартта (келісімде) көзделмеген болса.

      4. 1997 жылғы (Лиссабон қаласы) Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (бұдан әрі - Лиссабон конвенциясы) қосылған елдердің білім туралы құжаттары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен шетелдік білімді және/немесе біліктілікті тану туралы куәлік беру арқылы танылады.

      5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тиісті құжатты берумен тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік функцияны іске асыруда мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.

      6. Тану және нострификациялау рәсiмiн "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      7. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдауды Орталық, сондай-ақ баламалы түрде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті органның білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімі тиісті бұйрықпен ресімделеді.

      9. Осы Қағидалардың қосымшаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлікке уәкілетті органның төрағасы немесе төрағаның орынбасары қол қояды және елтаңбалық мөрімен растайды.

      10. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің, сондай-ақ сенімхаты негізінде алуышының мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      11. Заңның 39-бабының 8 сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

      12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.

2. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi

      13. Бiлiм туралы құжаттарды Лиссабон конвенциясы шеңберінде тану туралы өтiнiш берілген жағдайда Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының (егер соңғысы мұндай құжат берген мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, оның ішінде мөрдің аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);

      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде;

      5) төлем туралы түбіртек.

      Білім туралы құжаттың иегері өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      14. Орталықта өтiнiштер электронды форматта және халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеледi.

      15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидаға 13-тармақта көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептелетін екі айды құрайды.

      16. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымына және/немесе көрсетілген білім беру ұйымы қарамағына жататын білім беру саласындағы басқару органына тануға ұсынылған білім туралы құжаттың білім мазмұнын, алған білімнің нысанын сипаттайтын мәліметерді ұсыну және құжатты берген ұйым орналасқан мемлекетте білім туралы құжаттың танылуны тұралы тиісті сұраныс жолданған жағдайда білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі тағы отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.

      17. Білім туралы шетелдік құжатты тану үшін сараптамалық бағалау жүргізіледі.

      Сараптамалық бағалаудың мәні мен мазмұны:

      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

      2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының құжатты берген кезеңде құжатта көрсетілген білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығының бар екенін анықтау;

      3) білім деңгейі мен біліктілігін анықтау;

      4) оқу кезеңдерін анықтау;

      5) білім туралы құжаттың иесіне құжатты берген мемлекетте берілетін академиялық және/немесе кәсіби құқықтарының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік үлгідегі тиісті білім туралы құжаттарға немесе біліктілікке берілетін құқықтарымен теңдігін анықтау болып табылады.

      Жүргізілген сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша шетелдік білім туралы құжатты тану туралы қорытынды ресімделіп оның иесіне академиялық және (немесе) кәсіби құқық беріледі, немесе білім туралы құжатты танудан бас тартылады.

      Шетелдік білім туралы құжатқа сараптамалық бағалауды уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық қызметкерлері қатарынан құралатын және Орталық директорының бұйрығымен бекітілетін ішкі сараптау комиссиясы жүргізеді.

      18. Сараптамалық комиссия уәкілетті органға білім туралы құжатты тану туралы ұсыныс енгізеді.

      19. Уәкілетті органның бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде Орталық осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлiк ресімделеді.

      20. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өзіне немесе оның сенiмхаты бойынша басқа адамға берiледi.

      21. Егер:

      1) өтініш білдіруші бұрмаланған және күмәнді ақпарат бар құжат ұсынған;

      2) өтініш білдіруші Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжаты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған жағдайда, шетелдік білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданады.

3. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi

      22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiш берілген жағдайда Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының (егер соңғысы мұндай құжат берген мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, оның ішінде мөрдің аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

      Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияның өңірлік бөлімшелері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен немесе білім туралы шетелдік құжатты танудан немесе нострификациялаудан бас тарту туралы ескерту-хатпен қоса өтініш берушіге қайтарылады.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);

      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде;

      5) төлем туралы түбіртек.

      Білім туралы құжаттың иегері өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      23. Орталықта өтiнiштер электронды форматта және ХҚО ЫАЖ базасында тiркеледi.

      24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидаға 22-тармақта көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептелетін үш айды құрайды.

      25. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымына және/немесе көрсетілген білім беру ұйымы қарамағына жататын білім беру саласындағы басқару органына тануға ұсынылған білім туралы құжаттың білім мазмұнын, алған білімнің нысанын сипаттайтын мәліметерді ұсыну және құжатты берген ұйым орналасқан мемлекетте білім туралы құжаттың танылуны тұралы тиісті сұраныс жолданған жағдайда білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерді қарау мерзімі тағы отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.

      26. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсімі білім туралы құжаттың баламалылығын анықтау бойынша сараптама жүргізуді оның негізінде қортынды ресімдеуді және шешім қабылдауды көздейді.

      27. Нострификация рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

      2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының құжатты берген кезеңде құжатта көрсетілген білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығының бар екенін анықтау;

      3) шетелдік білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына (бұдан әрі – ҚР МЖБС) баламалылығын (сәйкестігін) анықтау.

      28. Шетелдік білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС-ға баламалылығын (сәйкестігін) анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады.

      29. Нострификация рәсіміне жататын білім туралы құжаттар ҚР МЖБС сәйкестігіне сараптаудан өткеннен кейін білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша сараптау коммисиясының отырысында қаралады. Орталық уәкілетті органға білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсыныс енгізеді. Білім деңгейлері бойынша сараптау комиссиялары уәкілетті органның бұйрығымен саны 11-13 адамнан тұратын білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан және саны 3 адамнан аспайтын Орталықтың қызметкерлері арасынан құрылады.

      30. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

      1) оқу мерзiмi;

      2) оқытылған пәндер тiзбесi.

      31. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қортынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

      1) оқу мерзiмi;

      2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;

      3) практиканың бар болуы;

      4) қортынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы.

      Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.

      32. Егер оқылған бейінді пәндер тізбесінде едәуір айырмашылық анықталған жағдайда өтініш білдіруші өзінің білім деңгейін және/немесе біліктілігін, практикалық тәжірбиесін дәлелдейтін қосымша құжаттарды ұсынады. Шетелдік білім туралы құжаттың ҚР МЖБС-ға теңмәндік баламалылығын анықтау мүмкін болмаған жағдайда сарапшы құжатты төменгі деңгейдегі білімге баламалы деп тану туралы қортынды береді.

      33. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

      34. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысады.

      35. Орталық уәкілетті органға:

      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;

      2) шетелден алған білім мазмұны ҚР МЖБС сәйкестігі туралы оң сараптама қортындысы;

      3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымындағы жалпы талаптардың сәйкестігі негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.

      36. Егер:

      1) өтініш білдіруші бұрмаланған және күмәнді ақпарат бар құжат ұсынған;

      2) шетелдік білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасында қабылданған бірде-бір білім беру деңгейіне және (немесе) дайындық бағытына (мамандық, кәсіп) жатқызу мүмкін болмаса, сондай-ақ осындай деңгей мен бағыттағы оқу бағдарламасын меңгеру Қазақстан Республикасында қарастырылмаған нысанда алынса;

      3) өтініш білдіруші Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған жағдайда, білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қорытынды қабылданады.

      37. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізеді.

      38. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы Қағидалардың 3,-7 қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімделеді.

      39. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi.

4. Тану немесе нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын
беру тәртібі

      40. Егер өтініш берушінің тегі, аты әкесінің аты өзгерген және бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, тану және нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрi - телнұсқа) берiледi.

      41. Өтініш беруші телнұсқа алу үшін Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды қосымшасымен бірге ұсынады:

      1) осы қағиданының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;

      2) білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);

      3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;

      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатының немесе паспортының көшірмесі және өкілеттікке уәкілдігін куәландыратын құжаты (алушының өкілі жүгінген кезде);

      5) төлем туралы түбіртек.

      42. Телнұсқа түпнұсқада көрсетілген, тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Дубликат" деген жазу жазылады.

      43. Телнұсқаны беру туралы өтінішті қарау мерзімі отыз күнтізбелік күнді құрайды.

      44. Телнұсқа өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа адамға берiледi.

      45. Телнұсқа беру туралы мәлiметтер осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы журналға енгiзiледi.

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 1-қосымша

      Үлгі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      минситрлігі Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитеті

      ____________________________________________________

      (Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Азаматтығы: ________________________________________

      ____________________________________________________

      Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке

      куәлік):____________________________________________

      ____________________________________________________

      (нөмері, сериясы, күні және кім бергені)

      ____________________________________________________

      Тұрғылықты мекен-жайы:______________________________

      ____________________________________________________

      (мемлекет, облыс, қала, аудан, көше атауы,

      ____________________________________________________

      үй және пәтер нөмрі)

      Байланыс____________________________________________

      ____________________________________________________

      (ұялы, жұмыс/үй телефондары, электронды пошта адресі)

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны:______________________________

      ____________________________________________________

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (тану, нострификациялау)

      Мақсат ______________________________________________________________

      (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмрі

      _____________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кім берген __________________________________________________________

      (Білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      мамандық бойынша ____________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген

      біліктілік/академиялық дәреже _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін.

      "___" ____________ 20___жыл ______________________________

      (жеке қолы немесе уәкілетті
тұлғаның)
Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 2-қосымша
Үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті

      КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

      нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      БТ N 000001

      Осы білім туралы құжат ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _____________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

      Берген құжат сәйкеc

      құқықтық теңдігімен ___________________________________________

      біліктілік/академиялық дәрежесімен

      Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады

      Негіздеме ______________________________

      (шешімнің күні мен нөмірі)

      Мөрінің орны Мемлекеттік қызмет берушінің жетекшісі ____________

      (қолы)

      Тіркеу N _______________

      20_____ жылғы "____" _______________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 3-қосымша

      Үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті

      КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

      нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      БТ N 000001

      Осы білім туралы құжат ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

      берілген ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса))

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

      сәйкеc

      құқықтық

      теңдігімен __________________________________________________________

      _________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол

      жеткізу) __________________________мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________ біліктілігі/академиялық

      дәрежесімен қоса берілген

      Қазақстандық жоғары білімнен кейінгі дипломға баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме: ____________________________________________________

      (шешімнің күні және нөмрі)

      Мөрінің орны Қызмет берушінің басшысы _________________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі N_________

      20____жылғы "______" ________________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 4-қосымша

      Үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті

      КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

      нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      БТ N 000001

      Осы білім туралы құжат ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

      берілген ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса))

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

      сәйкеc

      құқықтық

      теңдігімен __________________________________________________________

      _________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол

      жеткізу) __________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________ біліктілігі/академиялық

      дәрежесімен қоса берілген

      Қазақстандық жоғары білім туралы дипломға баламалы деп

      куәландырылады

      Негіздеме: ____________________________________________________

      (шешімнің күні және нөмрі)

      Мөрінің орны Қызмет берушінің басшысы _________________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі N_________

      20____жылғы "______" ________________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 5-қосымша

      Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға баламалы

      деп куәландырылады

      Негіздеме: ____________________________________________________

      (шешімнің күні және нөмірі)

      Мөрінің орны Қызмет берушінің басшысы _________________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі N_________

      20____жылғы "______" ________________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 6-қосымша

      Үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті

      КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

      нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      БТ N 000001

      Осы білім туралы құжат ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

      берілген ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса))

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

      сәйкеc

      құқықтық

      теңдігімен __________________________________________________________

      _________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол

      жеткізу) __________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________ біліктілігі/академиялық

      дәрежесімен қоса берілген

      Қазақстандық жалпы орта білім туралы аттестатқа баламалы

      деп куәландырылады

      Негіздеме: ____________________________________________________

      (шешімнің күні және нөмрі)

      Мөрінің орны Қызмет берушінің басшысы _________________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі N_________

      20____жылғы "______" ________________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 7-қосымша

      Қазақстандық негізгі орта білім туралы аттестатқа баламалы

      деп куәландырылады

      Негіздеме: ____________________________________________________

      (шешімнің күні және нөмрі)

      Мөрінің орны Қызмет берушінің басшысы _________________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі N_________

      20____жылғы "______" ________________

  Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 8-қосымша

      Үлгі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      минситрлігі Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитеті

      ____________________________________________________

      (Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Азаматтығы: ________________________________________

      ____________________________________________________

      Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке

      куәлік):____________________________________________

      ____________________________________________________

      (нөмері, сериясы, күні және кім бергені)

      ____________________________________________________

      Тұрғылықты мекен-жайы:______________________________

      ____________________________________________________

      (мемлекет, облыс, қала, аудан, көше атауы,

      ____________________________________________________

      үй және пәтер нөмрі)

      Байланыс____________________________________________

      ____________________________________________________

      (ұялы, жұмыс/үй телефондары, электронды пошта адресі)

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны:______________________________

      ____________________________________________________

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің

      телнұсқасын беру)

      _____________________________________________________________________

      Себебі ______________________________________________________________

      (куәліктің жоғалуы/бүлінуіне және т.б. себебі)

      Білім туралы құжаттың сериясы, нөмрі және түрі

      _____________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, елдің атауы)

      мамандық бойынша ____________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген

      біліктілік/академиялық дәреже _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін.

      "___" _____________ 20___жыл ___________________________________

      (жеке қолы немесе уәкілеті тұлғаның)
Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
қағидаларына 9-қосымша
Үлгі

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы
куәліктерді дубликатын тіркеу журналы

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Уәкілеті органның бұйрық нөмері мен күні

Куәліктің сериялық нөмірі

Кулікті тіркеу номері

Куәлікті тіркеу күні

1

2

3

4

5

6