Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14070 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 кыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы            Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 30 маусымдағы   
№ 132 бұйрығымен бекітілген  

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй
шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістемені халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қолданады.
      3. Осы Әдістеменің мақсаты халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеуі (бұдан әрі – ХЖҚІЗ) үшін үй шаруашылықтары іріктемесін құру болып табылады. Әдістеме аудандық деңгейді ескере отырып, іріктемелі салмақты қалыптастыру, стратификациялау және есептеу кезеңдерінің сипаттамасын қоса алғанда іріктеме құрудың негізгі аспектілері мен әдістерін анықтайды.
      4. Әдістемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарында айқындалған мәндерде ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.

2-тарау. Бас жиынтық (іріктеме негізі)

      5. Аудандық деңгейді ескере отырып ХЖҚІЗ үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығын қалыптастыру үшін бас жиынтық ретінде «Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімі» (бұдан әрі – СТҮҚТ) «е – Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненті болып табылады.
      6. Аталған дерекқордың бірқатар артықшылықтары бар:
      іріктеменің дайын шеңберінің бар болуы;
      тұрақты өзектендірілетін деректер қорының бар болуы;
      аумақтық бөліністе үй шаруашылықтары туралы ақпараттардың бар болуы.
      7. СТҮҚТ есебінің бірліктері Қазақстанның аумағында орналасқан барлық тұрғын үйлер және тұрғын жайлар болып табылады. Оларға пәтерлер, бір пәтерлі (жеке) үйлер, екі пәтерлі үйлер, үш және одан да көп пәтерлі үйлер кіреді.
      8. СТҮҚТ дерекқоры екі кестеден тұрады үй – негізгі кесте, ол жалпы тұрғын үй бойынша ақпаратты қамтиды; пәтер – қосымша кесте, ол тұрғын үйдегі әрбір пәтер бойынша ақпаратты қамтиды.
      9. Бас жиынтықты қалыптастырудың ерекшеліктері:
      1) бас жиынтыққа жалпы коммуналдық пәтерлерді, жатақханаларды, қарттар және мүгедектерге арналған интернат-үйлерді, балалар үйін, түрмелерді, қонақ үйлерді, діни қауымдастықтарды және басқа да тұрғын үй-жайларды қоспағанда тұрғын жайдың барлық түрлері кіреді;
      2) ақпарат жинау барысында интервьюерлерге жүктемені азайту мақсатында бас жиынтықтан жалпы үйлер саны 100-ден төмен үй шаруашылығынан тұратын елді мекендер алынып тасталады.

3-тарау. Іріктеме дизайны

      10. ХЖҚІЗ аудандық деңгейді ескере отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде байқаулардың іріктеме әдісі негізінде бұдан әрі оның қорытындыларын елдің зерттелетін жастағы (15 және одан жоғары жастағы) тұрғындарының барлық санына бөлумен жүргізіледі.
      11. Аудандық деңгейді ескере отырып ХЖҚІЗ ұйымдастыру үлгісі, үстемелеу іріктемесі негізінде әзірленген, интервьюерлерге жүктемені төмендету мақсатында он екі айға біркелкі бөлу арқылы жылына бір рет қалыптастырады. Әр айда жаңа үй шаруашылықтары зерттеледі.
      12. Ағымдағы жылы іріктемеге түскен үй шаруашылығы іріктемені жаңа жылға қалыптастыру кезінде тағы да іріктемеге түсуі әбден мүмкін. Үстемелеу үй шаруашылықтары жалпы санынан жыл сайынғы есептелетін бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
      13. Жұмыспен қамтуды зерттеудің ай сайынғы деректерінің құбылуын деңгейлестіру мақсатында, ай сайын үй шаруашылықтарының жыл сайынғы есептелетін бөлігін үстемелеуді қолдану қарастырылған. Ай сайын, ақпаннан бастап үй шаруашылықтарының жыл сайынғы есептелетін бөлігі өткен айдан келесі айға өтеді (екі ай қатарынан зерттеледі), ал қалғаны – ай сайын жаңарады.
      14. Үстемелеу үшін каталогты ай сайын қалыптастыру аумақтық деңгейде бағдарламалық кешенде автоматты түрде есепті ай бойынша енгізілген есептер каталогы және берілген үй шаруашылықтарының саны Z негізінде (Тіркелімдер басқармасымен ағымдағы жылға іріктемелі жиынтықты қалыптастыруда есептеледі) Nn қадамын қолдану жолымен жүргізіледі, мұнда n-іріктелген үй шаруашылықтары қолданылатын ай. Қадам Nn = Notc/Z, мұнда Z – осы өңір бойынша үстемелеу үшін анықталған үй шаруашылықтарының саны, ол есепті жылдың барлық айлары үшін тұрақты болады, Notc – ағымдағы айда нақты есеп берген үй шаруашылықтарының саны.
      15. Бұл үлгі мыналарды:
      1) барлық он екі айдағы іріктемелерді біріктіру негізінде репрезентативті жылдық қорытындыларды:
      Қазақстан Республикасы бойынша;
      облыстар бойынша;
      аудандар бойынша.
      2) тоқсанға кіретін үш айлық іріктемелерді біріктіру негізінде репрезентативті тоқсандық қорытындыларды:
      Қазақстан Республикасы бойынша;
      облыстар бойынша.
      3) айлық іріктеме негізінде репрезентативті айлық қорытындыларды:
      Қазақстан Республикасы бойынша.
      4) ай сайынғы деректердің құбылуын деңгейлестіруді қамтамасыз етеді.
      16. Зерттеудің бастапқы бірлігі тұрғын үй (жекелеген үйлер, көп пәтерлі үйлер) болып табылады, зерттеуде іріктемеге түскен үйдің барлық пәтерлері қатысады.
      Зерттеудің екінші бірлігі үй шаруашылықтары болып табылады (үй шаруашылығында тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар).
      Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығы екі сатылық стратификацияланған кластерлік іріктеме әдісімен қалыптастырылады.
      Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру Қазақстанның өңірлері бөлінісінде республикалық деңгейде орталықтандырылып жүргізіледі.

4-тарау. Бас жиынтық стратификациясы

      17. Стратификация іріктемелі әдістің тиімділігін арттырудың пәрменді тәсілі болып табылады. Стратификацияның артықшылығы мыналар болып табылады:
      осы деректер үшін іріктеудің басқа нұсқаларымен салыстырғандағы жоғары нақтылық;
      іріктеме көлемінің аз мөлшерін пайдаланудағы жоғары нақтылық, бұл қаражатты үнемдейді;
      іріктеменің келістілігін қамтамасыз ету.
      18. Бас жиынтықты стратификациялау қажеттілігі сипаттамалар бойынша байқау бірліктерінің біртекті еместігімен байланысты.
      19. ХЖҚІЗ үшін іріктемені қалыптастыруда аудандық деңгейді ескере отырып, келесі стратификация рәсімі қолданылады:
      бас жиынтық аудан бойынша, жергілікті жердің типі (қала, ауыл) бойынша, ғимараттардың өлшемдік кластарына (1 пәтерлі, 2-20 пәтерлі, 21-150 пәтерлі, 150 пәтерден көп) байланысты стратификацияланады;
      әр стратадағы үйлер санын қосындылау арқылы бас жиынтықтың көлемі анықталады.
      20. Әр түрлі типті үйлерді тікелей іріктеу кездейсоқ іріктеу әдісін пайдалану арқылы арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалық өнімді пайдалану жұмыс көлемін азайтады және кепілді сапалы нәтиже береді.
      Егер іріктелген мекенжайларда бірнеше үй шаруашылықтары тұратын болса, онда кездейсоқ әдіспен олардың біреуі таңдалады.
      Іріктеуден соң әр облыс үшін іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының тізімі қалыптастырылады.

5-тарау. Іріктеме көлемін анықтау

      21. Іріктеме көлемі болып іріктемелі жиынтықтағы байқау бірліктерінің жалпы саны табылады. Іріктеме көлемі берілген байқау нәтижелері дәлдігін нақты ықтималдықпен қамтамасыз ететін іріктеменің салыстырмалы қателер көлеміне байланысты болады.
      22. ХЖҚІЗ үшін берілген нақтылықпен бас жиынтықты бағалау үшін қажетті оңтайлы іріктеме көлемін анықтау үшін келесі формула қолданылады:

      (1)

      мұндағы,
      k – Лаплас функциясының аргументі (95% сенімділік деңгейі үшін k = 1,96);
      N – бас жиынтық көлемі;
      – дисперсия;
      E – абсолютті қателік.
      23. Бас жиынтық дисперсиясы барлық жеке байқаулардың ауытқу шаршысының орташа мәні ретінде олардың орташа мәнінен айқындалады.
      Бас жиынтық дисперсиясы:

      (2)

      Егер қателік стандартты қателікті білдірсе (m), онда келесі формуланы қолдануға болады:

      (3)

      мұндағы,
      RSE – іріктеменің салыстырмалы стандартты қатесі.
      Егер соңғы жиынтық үшін түзетулер ескерілмесе, формула былайша көрініс табатын болады:

      (4)

      24. ХЖҚІЗ үшін ағымдағы жылға іріктемелі жиынтық көлемін анықтаған кезде өткен жылғы ХЖҚІЗ нәтижелері іріктемесінің салыстырмалы қатесін есептеу қолданылды. Іріктеменің салыстырмалы қатесі іріктеме көлеміне кері пропорционал, іріктеме ауқымын төрт есе өсірген жағдайда қателіктер екі есе азаяды.
      25. Ай сайынғы зерттеу нәтижелеріне негізгі талап аудан деңгейінде «жұмыссыздық деңгейі» көрсеткіші бойынша 5–7% деңгейінде іріктеменің стандартты қатесімен репрезентативті деректерді алу болып табылады.
      Талаптарды ескере отырып 5% көлемінде оңтайлы іріктеме көлемі есептелді және қабылданды.

6-тарау. Алынбаған жауаптардың орнын толтыру

      26. Іріктеп алынған үй шаруашылықтарынан жауап ала алмау зерттеу нәтижелерінің бұзылуына алып келетін күрделі кемшілік болып табылады. Бұл жағдайда жетіспейтін деректердің орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Осы рәсім көрсеткіштерді жете есептеуді, іріктемелі зерттеудің алынбаған деректерінің орнын толтыруды жүзеге асыру үшін арналған.
      27. Зерттеу барысында үй шаруашылықтарынан пікіртерім жинау мүмкіндігі болмайтын жағдайлар орын алады. Себептердің екі түрі бар, олар объективті және субъективті.
      Зерттеуден бас тартудың объективті себептері:
      үй шаруашылықтарының 73 және одан жоғары жастағы барлық мүшелері;
      үй бұзылған;
      кетіп қалған, пәтер (үй) бос;
      пәтерлер біріктірілген;
      үй-жай бұзып алынған;
      үй (мекенжайы) табылмаған;
      өзге себептер (үй-жайдың мақсатының өзгеруі).
      Зерттеуден бас тартудың субъективті себептері:
      үй шаруашылығының зерттеуге қатысудан бас тартуы.
      28. Үй шаруашылықтарының мүшелері болмаған немесе зерттеуден бас тартқан жағдайларда тұрғын үй-жай мекенжайлары ауыстырылмайды.
      Интервьюер тек тізімге сәйкес іріктемеде көрсетілген мекенжайда тұратын үй шаруашылықтарының мүшелерінен пікіртерім алады.
      29. Деректерді ұсынбау жағдайын өңдеу кезінде объективті себептер бойынша алынбаған жауаптардың орны толтырылмайды. Орнын толтыруға тек субъективті себептер бойынша жауап алынбаған жағдайлар жатады.
      Өңдеудің бұл мақсаттары үшін іріктелген салмақтарды түзетуді тұжырымдайтын қайта өлшеу әдісі қолданылады.
      30. Бас жиынтыққа қолданылатын деректерді алу мақсатында зерттеу қорытындыларына статистикалық салмақтау жүргізіледі.
      Іріктемелі зерттеудің нәтижелерін салмақтау әрбір жеке бақылау бірлігіне – персонаға сәйкес салмақ меншіктеу арқылы жүргізіледі.
      31. К түпкілікті жеке салмақ өз алдына F негізгі салмақ және орнын толтыру мен экстраполяция коэффициенттерінің көбейтіндісін құрайды.
      Әрбір респондент үшін есептелген жеке салмақ жеке дерекқорға таратуды көбейту ретінде енгізіледі және таратылған деректерді зерттелетін барлық жастағы халық санына, жынысы мен жергілікті жердің типі бойынша зерттеу бағдарламасындағы кез келген көрсеткіштерді қалыптастыруда қолданылады.
      32. Халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері үшін салмақтар ай сайын есептеледі. Салмақтарды есептеу үшін зерттелетін үй шаруашылықтарының таратылуы туралы СТҮҚТ деректері өңірлік бөліністе қалалық және ауылдық жергілікті жер бойынша қолданылады.
      33. Жеке салмақтарды есептеуде есепті кезеңге ең жақындатылған кезеңдегі (зерттеудің сыни аптасына) халықтың жалпы санына қатысты іріктемені интеративті салмақтау әдісі қолданылады.
      Рәсімнің мәні жынысы – жасы және өңірлік сипаттамаларын есепке ала отырып іріктеме жиынтықты, осы сипаттамалары бойынша топтарға бөлінген халықтың барлық жиынтығын салыстыруда.
      34. Ай сайынғы пікіртерім нәтижелерін өңдеу кезінде жеке салмақ өлшемдерін (экстраполяция коэффициенттерін) есептеу бірнеше кезеңде жүйелі жүргізіледі.
      35. Іріктеме жүргізген кездегі кездейсоқ, сондай-ақ кездейсоқ емес жүйелік қателерді теңестіру мақсатында:
      пікіртерім өткізілмеген белгілі жағдайларды теңестіру – орнын толтыру жүргізіледі;
      бас жиынтыққа СТҮҚТ көрсеткіштеріне – бейімделу немесе экстраполяцияға дейін тарату.
      Ол үшін сәйкес факторлар есептеледі орнын толтыру факторы және экстраполяция факторы.

1-параграф. Орнын толтыру

      36. Осы рәсімнің көмегімен зерттеуден субъективті себептермен бас тартқан үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеу жүзеге асырылады және іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің орны толтырылады.
      37. Осы рәсімдерді жүзеге асыру алдында зерттеуге болжанған (S1) үй шаруашылықтарының саны, нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны (S2) және себептерді көрсете отырып сұралмаған үй шаруашылықтарының саны (Sр) қосындыланады. Сұралмағандар санын объективті себептер бойынша (Sр1) және субъективті себептер (Sр2) бойынша деген топтарына бөледі.
      объективті себептер тұрғын үй-жайдың бұзылуы (құлату) немесе біріктірілуі, зерттелуге жататын үй шаруашылығы мүшесінің қайтыс болуы, ұзақ уақыт бойы болмауы немесе кетуі салдарынан және басқа да күтпеген жағдайлармен байланысты.
      субъективті себептерге зерттеу өткізу кезінде тұрғындардың болмауы, үй шаруашылықтарының барлығының немесе жеке мүшесінің пікіртерімнен бас тартуы.
      38. Орнын толтыру рәсімінің көмегімен зерттеуден субъективті себептерімен бас тартқан үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеу жүзеге асырылады, іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің орны толтырылады. Ол үшін К1 аралық орнын толтыру факторы (салмақ) есептеледі

K1=1+Sp2/S2      (5)

      мұндағы,
      К1 – орнын толтыру факторы (қайта есептеу коэффициенті);
      Sр2 – пікіртерімнен бас тартудың субъективті себептері бойынша сұралмаған үй шаруашылықтарының саны;
      S2 – нақты сұралған үй шаруашылықтар саны.
      39. Аралық орнын толтыру факторы әрбір аудан бойынша жеке-жеке елуге дейінгі белгілермен дәлдікпен есептеледі және осы ауданның әрбір респондентіне оның жынысы және жасына қарамастан беріледі.
      Бұдан әрі негізгі салмаққа (f) орнын толтыру факторына (K1) түзету жүргізіледі.
      Негізгі салмаққа түзетілген, орнын толтыру факторын үй шаруашылықтары санын зерттелетінге (S1) жеткізу арқылы алынған санын анықтау үшін пайдаланады.

S1=S2*K1      (6)

      40. Деректерді толық алмау жағдайында орнын толтыру үшін осы елді мекенде жауап берген барлық үй шаруашылықтары үшін үлкен салмақтарды қолдану арқылы, салмақтарды түзетудің сызбасы пайдаланылады. Осы елді мекенде жауап берген барлық үй шаруашылықтарының салмақтары, бірдей коэффициентке өседі. Жауап бермеген барлық үй шаруашылықтары іріктемеден олардың әрбіреуіне нақты нөлге тең салмақты қолдану арқылы алынып тасталынады.

2-параграф. Экстраполяция

      41. Зерттеудің іріктемелі деректерін тарату байқаудың әрбір жеке бірлігіне үй шаруашылығына тиісті дара салмақты меншіктеуге негізделген.
      Ол үшін жыныстық-жастық және өңірлік сипаттамаларды есепке ала отырып, стратификацияланған іріктемелі жиынтық бойынша (зерттелген азаматтар саны) зерттеу деректерін осындай сипаттамалар бойынша стратификацияланған ағымдағы демографиялық есептеулер деректері бойынша халықтың бас жиынтығымен салыстыру жүзеге асырылады.
      42. Бейімделу (салмағы) факторын есептеудің жалпы түрдегі формуласы мынадай болады:

Vg=Wg*N/Ng      (7)

      мұндағы,
      Vg – g белгісі бойынша салмағы;
      Wg – g сипаттамасымен бас жиынтықтағы халықтың үлесі;
      N – сұралғандардың жалпы саны,
      Ng – g сипаттамасымен сұралғандардың саны.
      43. Салмақтау рәсімі жынысы және жасы бойынша тек өңірлік қабаттардың ішінде бас ретінде қолданылатын қалыптасқан жиынтық бойынша халықтың құрылымы туралы деректер негізінде жүргізіледі. Әрбір респондент үшін бейімделу (салмағы) факторларының жүйелері келесі белгілер:
      аумақтық (аудандық) құрылым;
      жергілікті жер түрі;
      жынысы (ерлер мен әйелдер);
      6 жас топтары (6-10 жас; 11-14 жас; 15-34 жас; 35-54 жас; 55-71 жас; 72 және одан да жоғары) бойынша есептеледі.
      44. Жеке негізгі салмақты өлшеу үшін бейімделу факторын есептеудің келесі формуласы қолданылады:

K2k=Sk/S1k      (8)

      мұндағы,
      K2 – бейімделу факторы;
      S – бас жиынтық бойынша халық саны;
      S1 – нақты сұралған үй шаруашылықтарының халы;
      K – фактор есептелетін тұлғаның жалпы сипаттамасына қарай ерекше белгісі.
      45. Түпкілікті жеке салмақ (немесе экстраполяция коэффиценті) орнын толтыру факторымен бейімделу факторларының көбейтіндісі болып табылады.

K=K1*K2k,      (9)

      мұндағы,
      К – жеке салмақ (экстраполяция коэффициенті);
      К1 – орнын толтыру факторы (жете есептеу коэффициенті);
      К – бейімдеу факторы.
      Бұл ретте, егер берілген үй шаруашылығы мүшелері үшін орнын толтыру факторының маңызы бірдей болса, онда бейімделу факторы, сәйкесінше түпкілікті экстраполяция (жеке салмақ) факторы – әртүрлі.
      46. Қосымша өзгермелі ретіндегі есептелген жеке салмақтар әрбір сұралған респондент бойынша жеке деректер қорына жазылады және республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерге тиісті ай, тоқсан, жыл бойынша жиынтық қорытындыларды қалыптастыру кезінде пайдаланылады.
      Ағымдағы жылға орташа таратылған деректер бір жылда ай сайынғы іріктемелерді біріктіру арқылы, ал таратылған тоқсандық деректерді – тоқсандағы ай сайынғы іріктемелерді біріктіру арқылы алынады.

7-тарау. Іріктемені ротациялау

      47. Үй шаруашылықтарын ротациялау (іріктемені жаңарту) жыл сайын 100% көлемінде өткізіледі, жыл сайын барлық іріктеме жаңа үй шаруашылықтарымен ауыстырылады.

8-тарау. Көрсеткіштердің нақтылығын бағалау

      48. Статистикалық бағалаудың нақтылығы көрсеткіштері ретінде, іріктеменің стандартты қателері мен іріктеменің стандартты салыстырмалы қателері қолданылады.
      49. Іріктеменің стандартты қатесі іріктеме параметрі мәнінің осы параметрдің іріктемелі орташа мәнінен стандартты ауытқуы болып табылады.
      Стандартты салыстырмалы қате бағаланатын статистикалық шаманың оның орташа мәніне қатынасы болып табылады.
      50. Аудандар бойынша зерттеудің нақтылығы жұмыспен қамтылғандар саны, жұмыссыздар саны, экономикалық тұрғыдан белсенділер саны, экономикалық тұрғыдан енжарлар саны, экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, жұмыссыздық деңгейі көрсеткіштері бойынша есептеледі.
      51. Статистикалық бағалау нақтылығының көрсеткіші ретінде іріктеменің стандартты қатесі және іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі қолданылады.
      52. Іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі (m) іріктемелі және бас жиынтықтар сипаттамасы арасындағы ықтимал айырмашылықтарды айқындайды. Іріктеменің стандартты қатесінің мәні мына формула бойынша анықталады:

      (10)

      мұндағы,
      – бас дисперсия;
      – іріктемелі жиынтық көлемі;
      N – бас жиынтық көлемі.
      53. Көбінесе стандартты қатенің абсолюттік мәні емес, оның мәнінің бағаланатын статистикалық шамаға қатысты қарастыру талап етіледі. Стандартты салыстырмалы қате (бұдан әрі – ССҚ) бағаланатын статистикалық шаманың оның орташа мәніне қатынасы ретінде есептеледі.
      ССҚ келесі формула бойынша анықталады:

RSE = SE /      (11)

      мұндағы,
      RSE – іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі;
      SE – іріктеменің стандартты қатесі;
      – стандартты салыстырмалы қате шамасын бағалау үшін қолданылған, орташа ауыспалы мәні

= /       (12)

      мұндағы,
      – бас жиынтық элементтерінің саны i-страта;
      – көрсеткіш i-страта.