ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 309 (01.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11907 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер Қазақстан Республикасының аталған салада оларды сақтау бойынша оларға қатысты міндеттеме қабылдауына қатысты Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдар және жекелеген мемлекеттердің салған санкциялары болған жағдайларда қолданылмайды және кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушылар сертификаты) берілмейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) ресімдеуден мынадай:
1) өтiнiш берушiнің кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
2) өтiнiш берушiнің және (немесе) кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған;
4) егер өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;
5) егер өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған, оның негізінде өтiнiш берушiнің кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған жағдайларда бас тартады.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2016 жылғы 24 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 30 маусым