Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 13999 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы
      ұлттық қауіпсіздік
      генерал-лейтенанты                        В. Жұмақанов

Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы    
№ 54 бұйрығына         
1-қосымша            

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі

                      Бет жағы         Сыртқы жағы

      Ескертпе:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:
      ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;
      ромб алаңындағы көк түсті эмаль ой айқындылығын және дәстүрге адалдықты білдіреді;
      алаңы ақшыл көк түсті және алаңы жасыл түсті тең шеңберде орналасқан жиегі алтын түсті сәл созылыңқы тік жұлдыздан тұратын көлемді бейне түріндегі жапсырма - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің эмблемасы;
      Мемлекеттік елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің академиясын бітіргені туралы кеуде белгісінің
схемалық бейнесі мен сипаттамасы

             А-А бойынша тілік

Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы    
№ 54 бұйрығына         
2-қосымша            

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметі Академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде
белгісі

                      Бет жағы         Сыртқы жағы

      Ескертпе:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясының магистратурасын бітірушінің кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:
      ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;
      ромб алаңындағы ақ түсті эмаль бейбітшілік пен тазалықты білдіреді;
      алаңы ақшыл көк түсті және алаңы жасыл түсті тең шеңберде орналасқан жиегі алтын түсті сәл созылыңқы тік жұлдыздан тұратын көлемді бейне түріндегі жапсырма - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің эмблемасы;
      Мемлекеттік елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметі академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде
белгісінің схемалық бейне мен сипаттамасы

             А-А бойынша тілік