"Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13990 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7664 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 383-388 (27462) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері айқындалады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және кәсіпорынды толық алғанда есептемелердің негізінде шекті жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жету мақсатында санитариялық қорғаныш аймағы және жақын орналасқан селитебтік аумақтар шекарасында белгіленеді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу кезінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (г/с, т/жыл), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген көлемдері негізінде анықталады.»;
      4-бөлім алынып тасталсын;
      5-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, Қазақстан Республикасы эталон бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы  Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Энергетика министрі             Қ. Бозымбаев

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 254 бұйрығына  
қосымша       

Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау  
әдістемесіне 5-қосымша  

Кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері

Өндіріс, цех, бөлім

Шығарынды көзінің нөмірі

Ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері

РЕШШ жету жылы

Ластаушы заттың коды мен атауы

Іс жүзіндегі жағдай 20__ жыл

20__ жылға

………

20__ жылға

РЕШШ

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл


1

2

3

4

5

6

….

14

15

16

17

18

Ұйымдастырылған көздер



























соның ішінде алау*



























Ұйымдастырылғандар бойынша барлығы













Ұйымдастырылмаған көздер



























Ұйымдастырылмағандар бойынша барлығы













Кәсіпорын бойынша барлығы













* ұңғыма объектілерін, кен орнын сынамалық пайдалану, газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу (соның ішінде технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сонымен қатар технологиялық жабдықтардың жұмыс кезіндегі технологиялық шалыстар, сәтсіздіктер мен ауытқулар кезінде) кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу
      Ескертпе. Кесте кодтарының өсуі бойынша орналасқан заттар бойынша құрастырылған.