БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы № 115 (2316) «Заң газетінде» жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалақыға, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;»;
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 180 (28658) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін әзірленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері әрбір мемлекеттік қызметтер үшін әзірленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде әзірленеді және бекітіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрі
________________ Д. Абаев
2016 жылғы «___» __________