"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 шілдеде № 13948 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11079 болып тіркелген, 20і5 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      лицензияның телнұсқасын беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауга және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      рұқсат алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес ресімделген жекелеген тауарлар түрлерiн экспортқа және (немесе) импортқа рұқсат жобасы;

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін рұқсат жобасын алуға қолхат береді.

      2) порталға – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес ресімделген жекелеген тауарлар түрлерiн экспортқа және (немесе) импортқа рұқсат жобасының электрондық көшірмесі бар сұраным.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні корсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін рұқсат беру жобасының қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Рұқсат телнұсқасын алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы лицензияны жогалтуының себептері мен мән-жайлары түсіндірілген жазбаша өтініші;

      2) порталға – лицензияны жоғалтуының себептері мен мән-жайлары көрсетілген электрондық сұраным.

      Осы тармақтың 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес ресімделген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған жекелеген тауарлар түрлерiн экспортқа және (немесе) импортқа рұқсат жобасында деректердің анық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 21 маусым