Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісінің нысанын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 142 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 шілдеде № 13907 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісі белгіленсін.
      2. «Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 184 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5472 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2016 жылғы 30 мамырдағы  
№ 142 қаулысымен бекітілген

Нысан

________________________________
(кредиттік бюроның атауы)
кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу
актісі

____________________                              ___________________
    жасалған орны                                    жасалған күні

      «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік
тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 3-тармағына сәйкес
мынадай құрамда комиссия құрылды:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі мемлекеттік органның өкілдері (лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) көрсетілсін):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
және ол ____________________________________________________________.
                                 (атауы)
кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік
пайдалануға енгізу актісін жасады.
Комиссия жұмысына кредиттік бюроның өкілдері қатысады (лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілсін):
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

      Заңның 18-бабы 1-тармағында көрсетілген ақпаратты
жеткізушілермен ақпаратты беру туралы жасалған шарттарға қатысты
ақпарат:

Ақпаратты жеткізушінің атауы

Шарттың нөмірі және жасалған күні

Тестілеу нәтижесі

Тестілеу нәтижесіне түсініктемелер

1

Банктер




1.1









2


Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар




2.1









3

Жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткiзетiн не төлемдердің мерзiмiн ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға




3.1









4

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар




4.1









5

Табиғи монополия субъектілері




5.1









6

Ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады




6.1









7

Барлығы (саны)




      Кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті
ұйымдастыру:
      1) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін
сипаттау:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Ақпаратты беру туралы шарт жасаған ақпаратты жеткізушілермен
ақпараттық процесті тестілеу нәтижелері:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      2) кредиттік бюро өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Комиссия __________________________________ кредиттік бюросының
                            (атауы)
техникалық және өзге құжаттарын, Заңның 18-бабы 1-тармағында
көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен ақпаратты беру туралы шарттарды
тексерді, кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін және
кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті
ұйымдастыруға арналған өзге объектілерді зерттеді және
_____________________________________________________________________
                дайын/дайын емес (керегі сызылсын)
осы кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару
жүйесін өндірістік пайдалануға беруге екендігін белгіледі.
      Кредиттік бюро кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша
ақпараттық процесті ұйымдастыруға, кредиттік тарихтардың деректер
базасын басқару жүйесіне және ақпараттық процесті тестілеуге қатысты
мынадай құжаттарды ұсынды, олар комиссия Актісіне қоса берілді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Акт екі данада жасалған және:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі мемлекеттік органға;
      кредиттік бюроға бір данадан берілді.
      Комиссия мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Кредиттік бюроның өкілдері (тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), қолы және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Кредиттік бюро басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.