Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 135 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 шілдеде № 13888 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 516-521 (27594) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 8 және 8-1-тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің банктік қарыз шарты бойынша қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты клиенттің мынадай комиссиялары мен төлемдері:

      1) қарыз алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін;

      2) қарызды ұйымдастыру үшін;

      3) қарыз беру үшін;

      4) қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін;

      5) Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлемдерді қоспағанда, егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша банк пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

      6) клиенттің кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      7) банкке клиенттерді тарту, клиенттер берген құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банктің клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер қабылдау және аудару бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері кіргізіледі.

      Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген және банктік қарыз шартының жасалу күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартын жасау күнінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13870 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.

      Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеген жағдайда нақты төлемнен кейін немесе банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде оларды енгізген кезде ескеріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне:

      1) қарызға қызмет көрсетуден басқа, өзге мақсаттарға пайдаланылатын банк шоттарын ашу және жүргізу үшін комиссиялар;

      2) Қағидалардың 8-тармағында және Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына клиенттің төлемдері;

      3) тұрақсыздық айыбын және оның ішінде клиентке белгіленген овердрафт лимитінің асып кеткені үшін айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда, клиенттің банктік қарыз шартының талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;

      4) клиенттің банктік қарыз шарты бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына клиенттің төлемдері кіргізілмейді.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 208 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 129 (28068) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 7-1 және 7-2 тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Заңды тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредитті беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз алушының мынадай комиссиялары мен өзге де төлемдері:

      1) микрокредитті алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін;

      2) микрокредитті ұйымдастыру үшін;

      3) микрокредит беру үшін;

      4) Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлемдерді қоспағанда, егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

      5) қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      6) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген құжаттардың микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру, қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының қарыз алушыларынан микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізіледі.

      Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.

      Микрокредит беру туралы шартта көзделген және микрокредит беру туралы шарттың жасалу күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.

      7-2. Жеке тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт жасау күнінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13870 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.

      Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.

      Микрокредит беру туралы шартта көзделген және Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеген жағдайда нақты төлемнен кейін немесе микрокредитке қызмет көрсету кезеңінде оларды енгізген кезде ескеріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде:

      1) Қағидалардың 7-1-тармағында және Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушының төлемдері;

      2) тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда, қарыз алушының микрокредитті беру шартының талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;

      3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізілмейді.".

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына және микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев