Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13867 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Мыналардың:
      1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9293 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы 12 маусымда № 113-114 (28338) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13190 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылы 12 наурызда № 47 (28775) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                              Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 6 маусым

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы 
№ 482 бұйрығына     
1-қосымша        

«Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. «________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар
қала) ____________ауданы (қаласы) әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту
орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ________________
облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) _________ ауданы
(қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын,
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және «Халықты жұмыспен
қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
өзге де шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін
ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие
коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
      3. Мемлекеттік мекеме _________________________ облысы (астана,
республикалық маңызы бар қала) _____________ ауданы (қаласы) әкімінің
______ жылғы « ___ » ____________ №___ қаулысымен құрылды.
      4. ____________________________________________________________
_____________________________ Орталықтың құрылтайшысы болып табылады.
      Құрылтайшының заңды мекенжайы:_________________________________
      5. ____________________________________________________________
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган
Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады.
      6. Орталықтың толық атауы:
      Қазақ тілінде: «______________ облысы (астананың, республикалық
маңызы бар қаласы) ______________ ауданы (қаласы) әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Орыс тілінде: коммунальное государственное учереждение «Центр
занятости населения акимата______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения)».
      7. Орталықтың орналасқан жері: _______________________________.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

      8. Орталық құрылды деп есептеледі және ол мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
      9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк ісі туралы заңнамасына сәйкес қазынашылықта шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тілдеріндегі атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары болады, сотта талапкер және жауап беруші болып шығады.
      10. Орталықтың кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде өз құрылымдық бөлімшелері (штаттық бірліктері немесе мамандары) болуына рұқсат етіледі.
      11. Орталық өзінің барлық міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Орталықтың қаржылық қаражаты жеткіліксіз болған кезде, құрылтайшы оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
      12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      13. Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады.
      14. Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
      15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
      2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
      3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
      4) жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
      5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
      6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
      7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
      8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
      10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады, оны орындау мониторингін жүргізеді;
      11) еңбек делдалдығын көрсетеді;
      12) азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзеді, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
      13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
      14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
      15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
      16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді.
      Орталықтың өзінің осы жарғымен бекітілген қызмет нысаны мен мақсатына қайшы келетін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына жол берілмейді.

4. Орталықты басқару

      16. Директор Орталықтың басшысы болып табылады.
      17. Орталықтың директорын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      18. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, уәкілетті органға бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады.
      19. Директор жеке басқару қағидатымен әрекет етеді және Орталықтың қызмет мәселелерін өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
      20. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оның мүддесін білдіреді, Орталықтың мүлкі мен қаражатына мемлекеттік меншік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайталап сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.
      21. Директор Орталықтың қызметіне қатысты актілерді шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады.
      22. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды.
      23. Орталықтың қызметкерлерін даярлауға және біліктілік арттыруға жібереді.
      24. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, осы жарғы және құрылтайшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      25. Орталық директорының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері өзінің еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.
      26. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оталықтың жарғысын бекітеді.
      27. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Орталық жұмысын үйлестіреді;
      2) Орталыққа әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
      3) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      4) Орталыққа тиесілі мүліктің нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;
      6) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
      7) жылдық қаржылық есептемесін бекітеді;
      8) Орталыққа берілген мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталықтың мүлкін қалыптастырудың тәртібі

      28. Орталықтың шұғыл басқару құқығындағы жеке дара мүлкі болады, ол ______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ______________ ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      29. Орталықтың мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Орталықтың балансында көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
      30. Орталықтың мүлкі мыналар:
      1) оған құрылтайшы берген мүлік;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      31. Орталықтың өзіне бекітілген және смета бойынша бөлінген қаражаттың есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге де тәсілмен иелік етуіне құқығы жоқ.
      32. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен қаржыландырудың қосымша көздері белгіленбеген болса, ______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ______________ ауданы бюджетінен қаржыландырылады.
      33. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы есептемесін ұсынады.
      34. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизия жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      35. Орталықтың жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізудің тәртібі

      36. Уәкілетті орган Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді құрылтайшының шешімі бойынша жүргізеді.
      37. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары

      38. Орталықты қайта құруды және таратуды құрылтайшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Басшы ____________________________________________ ____________
                 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)         қолы

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы 
№ 482 бұйрығына     
2-қосымша        

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – Комиссия) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ______________ ауданының (қаласының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумағында құрылды.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Комиссия _______________ ауданы (қаласы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана) әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      4. Комиссия _______________ ауданы (қаласы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана) әкімдігінің қаулысымен құрылады.
      5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) _______________ ауданының (қаласының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
      2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
      7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:
      1) ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округ әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу және оны әдістемелік басқару;
      2) ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;
      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүргізу және тиісті ұсыныстарды өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;
      4) Бағдарламаның іске асуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктердің алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындау;
      5) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу.

3. Комиссияның құқықтары

      8. Комиссияның:
      1) мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етуге;
      2) ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін және Бағдарламаға қатысушыларды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарын консультанттар (сарапшылар) ретінде тартуға;
      4) өзінің функцияларын іске асыруға қажетті материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтарынан сұратуға және алуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      9. Комиссияның құрамы ауданның (қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бөлімшесінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының, сондай-ақ өзге мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
      10. Комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.
      Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      _______________ ауданы (қаласы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана) әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам Комиссия төрағасы болып табылады.
      Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
      11. _______________ ауданының (қаласының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
      12. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды және отырыс өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды.
      14. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
      15. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.
      16. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.
      Комиссия шешімдері ұйғарым сипатында болады және хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.
      Комиссияның шешімдері олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыста басшылыққа алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы 
№ 482 бұйрығына     
3-қосымша        

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ______________ облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында құрылды.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалаларда) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Комиссия _______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен құрылады.
      4. Комиссия _______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мемлекеттік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
      2) Бағдарламаның іске асыру тетіктері мен бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
      7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:
      1) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) екіншісіне (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не бас тарту туралы ұсынымдар дайындау және оларды уәкілетті органға жіберу;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінен құрылысы 2013 жылғы 1 шілдеге дейін басталған қызметтік тұрғын үйлерге қоныс аударатын азаматарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар дайындау және оларды уәкілетті органға жіберу;
      3) басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не оған қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;
      4) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеу;
      5) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келісу;
      6) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;
      7) уәкілетті өңірлік ұйымның микроқаржы (микрокредит) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктеріне беретін кредиттері бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін келісу;
      8) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары тиімді жылдық пайыздық мөлшерлеме көлемін келісу;
      9) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту құны мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және бюджет қаражаты шегінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің оқу орталықтарының тізбесін келісу;
      10) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;
      11) Бағдарламаның іске асуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындау;
      12) қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы қаржыландыруға қаражат бөлуді қарау және келісу;
      13) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      14) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұйғарымдар дайындау.

3. Комиссияның құқықтары

      8. Комиссия:
      1) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етеді;
      2) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін және Бағдарламаға қатысушыларды өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша отырыстарға шақырады және тыңдайды;
      3) Комиссияның құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарын консультанттар (сарапшылар) ретінде тартады;
      4) өзінің функцияларын іске асыруға қажетті материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтарынан сұратады және алады;
      5) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдіктеріне осы Ережелердің 7-тармағында көзделген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      9. Комиссияның құрамы _________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бөлімшесінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
      10. Комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.
      Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      _______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам Комиссия төрағасы болып табылады.
      Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
      11. _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
      12. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды және отырыс өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды.
      14. Комиссияның жұмысшы отырыстарының материалдары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
      15. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.
      16. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.
      Комиссия шешімдері ұйғарым сипатында болады және хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.
      Комиссияның шешімдері олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыста басшылыққа алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға жіберіледі.