Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13866 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына және 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым
      министрі                                   Е. Сағадиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      __________________ Т. Дүйсенова
      18 мамыр 2016 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Қ. Бишімбаев
      6 маусым 2016 ж.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі  
№ 303             
бұйрығымен бекітілген    

Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
      1) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      3) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы;
      4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы;
      5) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысы;
      6) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 тіркелген);
      7) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 тіркелген);
      8) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген).
      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:
      1) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;
      2) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері жүйесінде мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері жүйесіндегі қағидаттарды белгілеу.
      4. Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері:

Норма/норматив атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/норматив көлемі

1

2

3

4

5

1.

Жоғары оқу орындарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру грантының нормативі (мөлшері)

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасыны Заңы;
«Республикалық бюджеттен қаржыландырыла тын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысы

Конкурстық негізде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған шетелдіктер

Мемлекеттік білім беру грантының мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

2.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативі (мөлшері)

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, интерндер, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары

1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге;
2) интерндерге – 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге;
3) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінен 85 (сексен бес) пайыз;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететін студенттерге - студенттерінің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінен 50 (елу) пайыз;
5) медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, академиялық демалыс кезінде - тиісінше студенттердің, интерндердің мемлекеттік стипендиясынан 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайыз;
6) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызға ұлғайту;
7) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, интерндерге – 50 (елу) пайызға ұлғайту;
8) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, интерндерге - 30 (отыз) пайызға ұлғайту;
9) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа) - 15 (он бес) пайызға ұлғайту

3.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативі

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 тіркелген)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы студенттер, даярлық бөлімдерінің тыңдаушылары

1) жоғары оқу орындарының студенттеріне жылына екі рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде 4 еселенген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерінде;
2) жоғары оқу орындарының даярлық бөлімдерінің тыңдаушыларына - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
3) жоғары оқу орындарын бітірушілерге - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде

4.

Жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау нормативі (квотасы)

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары

Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан пайыз түрінде:
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 10 пайыз

5.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормативі

«Ең төмен әлеуметтік стандарт тар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 тіркелген)

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларындағы:
1) объектілердің аумағына;
2) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, пайдалануға беруге;
3) объектілерді жабдықтауға;
4) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына;
5) объектілердің аумақтарын және үй-жайларын ұстауға және пайдалануға;
6) объектілерде тұру жағдайларына;
7) объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
8) персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға);
9) оқыту және өндірістік практика жағдайларына;
10) объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

6.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі норма

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Респуб ликасы Заңының 47-бабы; «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 тіркелген);
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген)

Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар, оның ішінде басым тұлғалар:
1)мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар;
2)кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілген адамдар; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын «оралмандар»;
3)«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін - 2050») бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар;
4)«Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;
5)Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар;
6)оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар.

Жатақханалардағы орындар конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссиямен бөлінеді.
1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды