"Жол жүрiсi туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 31 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығымен бекітілген |
Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидалары
1–тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жол жүрiсi туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап-тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.
3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдік нақтыланып отыратын техникалық қарап-тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
4. Тiзiлiмді енгізуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырады.
2–тарау. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмін жүргiзу тәртiбi
5. Тiзiлiмге енгізу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заңы) 46-бабында көзделген тәртіпте жеке кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламасын ұсынуын көздейді.
6. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:
техникалық қарап-тексеру операторының атауы;
2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы;
3) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң орналасқан орны;
4) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң жұмыс режимi;
5) стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерiнiң түрі, саны;
6) техникалық қарап-тексеру операторының қызмет ету өңiрi;
7) тізілімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
8) тізілімнен алып тастау.
7. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы қағидалардың 6-тармағы 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
8. Уәкілетті орган тізілімді өзiнiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
9. Жеке кәсіпкердің заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ олар туралы ақпарат техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген хабарламаны толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, техникалық қарап-тексеру операторы өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар туралы Заңда көзделген тәртіпте көрсетілген өзгерістер туралы хабарламаны жібереді.
10. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторларынан оның заңды мекенжайының, орналасқан орнының, міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуі бойынша қызметті жүзеге асыратын мекенжайының, тіркеу деректерінің өзгергені туралы, сондай-ақ қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсынады.
Уәкілетті орган тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.
11. Техникалық қарап-тексеру операторы Рұқсаттар туралы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алынып тасталады.
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларына қосымша |
нысан
Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi
Р/с № | Техникалық қарап тексеру операторының атауы | Техникалық қарап-тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы | Стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң орналасқан орны | Стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң жұмыс режимi | Стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң түрі және саны | Ұтқыр техникалық қарап-тексеру желiсiнiң түрi және саны | Техникалық қарап-тексеру операторы қызмет ету өңiрi | Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар | Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |