РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тергеу изоляторларында тұрақты жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынасқа қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты В. Жұмақанов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы № 48
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін
қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері,
қызметкерлері лауазымдарының
тізбесі
1. Әртіс
2. Әдіскер (барлық атаулары)
3. Авиация механигі (барлық атаулары)
4. Аға ғылыми қызметкер
5. Аға оқытушы
6. Ағаш шебері
7. Ажарлаушы
8. Аккумуляторшы
9. Ас үй жұмысшысы
10. Аспаз
11. Асхана меңгерушісі (бастығы)
12. Аудармашы
13. Ауысым бастығы (меңгерушісі)
14. Бақылаушы
15. Балташы
16. Бас ғылыми қызметкер
17. Бөлім бастығы
18. Борт радисі
19. Бухгалтер
20. Ветеринариялық дәрігер
21. Вулканизаторшы
22. Гальваншы
23. Ғылыми қызметкер
24. Дәнекерлеуші (барлық атаулары)
25. Дәрігер
26. Сарапшы-дәрігер
27. Даяшы
28. Диспетчер (барлық атаулары)
29. Доцент
30. Жетекші ғылыми қызметкер
31. Жинақтаушы
32. Жүргізуші (барлық атаулары)
33. Жұмысшы (барлық атаулары)
34. Заңгер консультант
35. Зертханашы
36. Зертхана меңгерушісі (бастығы)
37. Барлық мамандықтар инженері
38. Инспектор (барлық атаулары)
39. Іс жүргізуші
40. Кассир
41. Кеңесші
42. Кітапханашы
43. Кітапхана меңгерушісі (бастығы)
44. Комендант
45. Корректор
46. Көркемдік жетекші
47. Қабылдаушы (барлық атаулары)
48. Қазандық бастығы (меңгерушісі)
49. Қаңылтыршы
50. Қозғалтқыштарды сынаушы
51. Қойма бастығы (меңгерушісі)
52. Майлаушы
53. Машинист (барлық атаулары)
54. Мейірбике (мейірие)
55. Мейірбикенің көмекшісі
56. Механик (барлық атаулары)
57. Монша-кір жуу комбинатының меңгерушісі (бастығы)
58. Моторшы (барлық атаулары)
59. Мұрағат меңгерушісі (бастығы)
60. Мыстаушы
61. Наубайхана бастығы (меңгерушісі)
62. Наубайшы
63. Нұсқаушы (барлық атаулары)
64. Оқытушы
65. Оператор
66. Өндіріс меңгерушісі (бастығы)
67. Провизор (фармацевт)
68. Профессор
69. Психолог
70. Рентген зерханашысы
71. Референт
72. Санитар
73. Сарапшы (барлық атаулары)
74. Слесарь (барлық атаулары)
75. Слесарь-аспапшы
76. Сылақшы
77. Сырлаушы
78. Суретші
79. Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы
80. Тас қалаушы
81. Темір ұста (барлық атаулары)
82. Телефоншы (барлық атаулары)
83. Техник (барлық атаулары)
84. Технолог (барлық атаулары)
85. Тігінші
86. Токарь
87. Топ бастығы
88. Тракторшы
89. Фармацевт
90. Фельдшер (барлық атаулары)
91. Фрезерлеуші
92. Химиялық су тазартудың аппаратшысы
93. Шаруашылық меңгерушісі (бастығы) (барлық атаулары)
94. Шаруашылық бастығы (меңгерушісі)
95. Шатырлаушы (барлық атаулары)
96. Шебер
97. Шеберхана меңгерушісі (бастығы)
98. Экспедитор
99. Электр газбен дәнекерлеуші
100. Электрмен дәнекерлеуші (барлық атаулары)
101. Электрмонтер (барлық атаулары)
102. Эколог
103. Экономист
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы № 48
бұйрығына 2-қосымша
Жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру
малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін
қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері,
қызметкерлері лауазымдарының
тізбесі
1. Ветеринарлық дәрігер
2. Ветеринарлық санитар
3. Ветеринарлық фельдшер
4. Дәрігер
5. Жануарларды күту бойынша жұмысшы
6. Зертханашы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы № 48
бұйрығына 3-қосымша
Тергеу изоляторларында тұрақты жұмыс істегені үшін қосымша ақы
алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері
лауазымдарының
тізбесі
1. Автомобиль жүргізушісі
2. Аула сыпырушы
3. Балташы
4. Бухгалтер
5. Заңгер консультант
6. Іс жүргізуші
7. Комендант
8. Оператор
9. Психолог
10. Референт
11. Техник
12. Фельдшер
13. Өндірістік және қызметтік жайлардың жинаушысы
14. Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері