БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
51 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"51 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";
7 "Қарыздар түсімі" санатында:
01 "Мемлекеттік ішкі қарыздар" сыныбында:
1 "Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 10 ерекшелікпен толықтырылсын:
"10 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
009 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
281 "Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
015 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
009 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
"Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
005 "Ішкі көздер есебінен" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
467 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
472 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
055 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
2) "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
51 ерекшелігі:
"
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 51 | 100 |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 51 | 100 |
";
7 "Қарыздар түсімі" санатында:
01 "Мемлекеттік ішкі қарыздар" сыныбында:
1 "Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 10 ерекшелікпен толықтырылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер | 7 | 01 | 1 | 10 | 100 | 100 |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы Министрі | Б. Сұлтанов |