"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар | |
және даму министрі | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 423 бұйрығымен бекітілген |
Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидалары
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағының 26-25) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар жүкқұжатты, тасымалдау және өзге де құжаттарды ресiмдеудiң, тiркеп сүйреудi ұйымдастырудың, тiркеп сүйреу жөнiндегi қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеудiң, тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйреуге ұсынудың, кеменiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң экипаж құрамына және тiркеп сүйреудi жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талаптардың, тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтудiң, қабылдаудың және тапсырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
3. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен тіркеп сүйреген кезде барлық кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне олардың тиесілілігіне қарамастан қолданылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы – кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін көлік жүкқұжаты негізінде алуға өкілеттік берілген адам;
2) жөнелтуші – өз атынан немесе тіркеп сүйрету шарты негізінде кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін межелі пунктке жеткізу және алушыға тапсыру үшін тіркеп сүйреушіге сеніп тапсыратын адам;
3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң қағидаларына сәйкес берiлетiн Кеме қатынасы тiркелiмiнiң негiзгi құжаттарының бiрi;
4) сал – суда жүкті тасымалдауға немесе өткізуге арналған жазық тұғыр түріндегі жүзбелі құрылыс;
5) тіркеп сүйрету – бірге қосылған және өздігінен жүретін арнайы кеменің көмегімен орын ауыстыруға арналған бір немесе бірнеше жүзу объектілерін тасымалдау;
6) тіркеп сүйрегіш кеме (сүйрегіш) – кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету жөніндегі жұмыстарды орындайтын өздігінен жүретін кеме;
7) тіркеп сүйретілетін объект – тіркеп сүйретуге ұсынылған кеме, сал және өзге де жүзу объектісі;
8) тіркеп сүйретуші – кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйрету жөніндегі қызметтерді ұсынатын кемені меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленуші тұлға;
9) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар ішкі су көлігі саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Тарау 2. Жүкқұжатты, тасымалдау және өзге де құжаттарды ресiмдеу тәртібі және шарттары
5. Жөнелтуші тіркеп сүйретілетін объектіні тіркеп сүйретуге ұсынумен бір уақытта нысаны осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген, толтырылған кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету көлік жүкқұжатын (бұдан әрі – көлік жүкқұжат) ұсынады.
6. Көлік жүкқұжаты негізгі тасымалдау құжаты болып табылады және жөнелтушімен бір алушыға және бір межелі пунктке жіберілетін әрбір ұсынылған тіркеп сүйретілетін объектіге толтырады. Көліктік жүкқұжатты толтыру кезінде түзетулер, тазартуларға және өшіріп жазуларға жол берілмейді, жүк жөнелтушіге жүкті тасымалдау үшін қабылдау туралы түбіртегі берілгеннен кейін тасымалдаушы көліктік жүкқұжатқа енгізген мәліметтердің өзгеруі мен толықтырылуы тасымалдаушының қолымен және күнтізбелік мөртаңбамен расталады.
7. Тіркеп сүйретуге кедергі келтіретін ақаулар мен кемшіліктер табылған жағдайда, тіркеп сүйретуші мен жөнелтушінің арасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13551 тіркелген) сәйкес комерциялық акт толтырылады, сондай-ақ онда оларды жою мерзімдері көрсетіледі.
8. Тіркеп сүйретуге кедергі келтіретін ақаулар мен кемшіліктер болмаған немесе олар жойылған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген тіркеп сүйретілетін объектінің тіркеп сүйретуге дайындығы туралы акт жасалады.
Көлік жүкқұжатына енгізілген мәліметтердің өзгерістері мен толықтырулары жөнелтушінің және тіркеп сүйреушінің қолымен расталады.
Тарау 3. Тіркеп сүйретуді ұйымдастыру тәртібі және шарттары
9. Объектілерді тіркеп сүйрету кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету шартына (бұдан әрі – тіркеп сүйрету шарты) сәйкес жүзеге асырылады. Тіркеп сүйрету шарты жазбаша нысанда жасалады.
10. Тіркеп сүйретілетін объектіні жөнелтуші тіркеп сүйретуге қажетті дайындықты, оның техникалық жарақталуын, тіркеп сүйрету шартына сәйкес экипажбен жасақтауды қамтамасыз етеді.
Тіркеп сүйретушінің тіркеп сүйрету объектісіне келу уақытын белгілеу құжаты болып кеме журналы болып табылады.
11. Жөнелтуші тіркеп сүйретуді бастау алдында тіркеп сүйретушіге тіркеп сүйретілетін объектінің жүзуге дайындығы туралы куәлікті ұсынады.
12. Тіркеп сүйретуші тіркеп сүйретуге білікті экипажбен жасақталған, тіркеп сүйретуге техникалық жарақталған және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын, тіркеп сүйрегіш кемені ұсынады.
13. Тіркеп сүйрегіш кеме (сүйрегіш) өту бағыты бойынша түзетілген карталар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық кемелерде, оның ішінде тіркеп сүйретілетін кемеде ілесіп жүрушілер болса, онда екі жақты радио телефон байланысының ультра қысқа толқынды радиостанция болады.
14. Тіркеп сүйрету кезінде тіркеп сүйретілетін кемеде ұзындығы мен үзілмеу беріктігі бойынша негізгіге тең қосалқы сүйрету тросы болуы қажет.
15. Тіркеп сүйрету процесінде тіркеп сүйретуші ішкі су көлігіндегі қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
16. Егер тіркеп сүйрету шартында өзгеше көзделмесе, тіркеп сүйретуші кеме капитаны жол жағдайларына байланысты объектіні тіркеп сүйрету тәсілін (итеру немесе тіркеп сүйрету әдісі өз бетінше таңдайды.
Кеме иесінің, жөнелтушінің немесе олардың өкілдері болмаған жағдайда кеме капитаны олардың олардың өкілі болады.
17. Тіркеп сүйрету негізіндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тіркеп сүйретуші алдын ала сақтанудың және тіркеп сүйретілетін объектіні сақтаудың барлық шараларын қабылдауы керек.
18. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тіркеп сүйрету объектісін қалдырған жағдайда, тіркеп сүйретуші өзі қалдырған тіркеп сүйретілетін объектінің осы учаскедегі кеме қатынасына, осы аудандағы басқа да кемелерге қауіп және экологиялық ластану қаупін тудырмауы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
19. Тіркеп сүйретілетін объектімен көлік оқиғасы болған жағдайда, тіркеп сүйретуші жөнелтушімен бірлесіп, мұндай оқиғадан келтірілген залалды азайту және оның салдарларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тарау 4. Тiркеп сүйрету жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу тәртібі
20. Жөнелтуші тіркеп сүйретілетін объектіні тіркеп сүйрету үшін тіркеп сүйретушіге ұсынады және кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйрету шартына сәйкес оған ақы төлейді.
21. Егер ішкі су жолдарының қиын учаскелері арқылы салдарды алып өту үшін тіркеп сүйретуші қосалқы кемелерді ұсынған жағдайда, жөнелтушіден тіркеп сүйрету шартында айқындалған мөлшерде қосымша төлемақы алынады.
5. Тіркеп сүйретілетін объектіні тіркеп сүйретуге ұсыну тәртібі
22. Жөнелтуші тіркеп сүйретілетін объектіні тіркеп сүйретушіге оны тіркеп сүйретуге дейін қажетті уақытты есепке ала отырып, тіркеп сүйрету шартында көрсетілген мерзімде тексеріп қарауға ұсынады. Тіркеп сүйретілетін объектіні тексеріп қарау үшін ұсыну уақыты жергілікті жер жағдайларына сүйене отырып, тіркеп сүйрету шартында белгіленеді.
23. Тіркеп сүйретуші кеменің капитаны тіркеп сүйретілетін объектіні қабылдағанға дейін оны қарауды жүргізеді, тіркеп сүйрету үшін қажетті құжаттарды, тіркеп сүйретілетін объектінің жарағын (такелажын) және жабдығын, тіркеп сүйретілетін объектінің габаритін, тіркеп сүйретілетін объектінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11347 тіркелген), ал салдарға қатысты – салдарды қалыптастыру мен жарақтандырудың техникалық шарттарына сәйкестігін тексереді.
24. Тіркеп сүйрету шарты бойынша жолда тіркеп сүйретілетін объектіні басқару қажет болмаған, ал экипаждың тіркеп сүйретілетін объектіде болуы қиын немесе қауіпті болып табылған жағдайда, шартта тіркеп сүйретілетін объектінің экипажын тіркеп сүйрегіш кемеде орналастыру көзделеді.
6. Кеменiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң
экипаж құрамына және тiркеп сүйретудi жүзеге асыратын
тұлғаларға қойылатын талаптар
25. Тіркеп сүйретілетін объектіні экипажбен және жолсеріктермен жасақтау тәртібі тіркеп сүйрету шартында айқындалады, бұл ретте кеменің жүзуге шығу күні оның экипажының саны кемінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы талаптарда (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10788 тіркелген) белгіленген санды құрайды.
26. Тіркеп сүйретілетін объект экипажының мүшелері кеме қатынасы қауіпсіздігін, тіркеп сүйретілетін объектінің сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде тіркеп сүйретушінің өкімдерін орындайды және тіркеп сүйретілетін объектімен болатын көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шараларды қабылдайды. Сондай-ақ тіркеп сүйретуде тіркеп сүйрету кемесінің капитаны және тіркеп сүйретуш объектісінің өкілімен тіркеп суйрету объектісінің және кеме экипажының нақты және бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
27. Тіркеп сүйрету кемесінің капитаны рейске шығу кезінде тіркеп сүйретілетін кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің экипаж мүшелеріне немесе жолсеріктеріне кемедегі олардың құқықтары мен міндеттері, тәртіп және еңбекті қорғау қағидалары туралы нұсқау жүргізеді.
28. Жүру жолында тіркеп сүйрегіш экипажы, тіркеп сүйретілетін кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің жолсеріктері немесе экипаж мүшелері тіркеп сүйретілетін кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде корпусты судан тазартуды және сақталуын қамтамасыз етумен байланысты басқа да жұмыстарды орындайды, сондай-ақ әрбір жағалауға шығудан немесе түбінің топыраққа тиюінен кейін кемелер мен жүзу объектілерінің трюмдерін жүйелі тексеріп қарайды.
Тарау 7. Тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелту, қабылдау және тапсыру тәртібі
29. Салдарды жөнелтуші мыналарды жүзеге асырады:
1) салдарды қалыптастыру;
2) жөнелтуші мен тіркеп сүйреушінің арасында келісілген және тіркеп сүйреу шартының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілген мерзімде оларды тіркеп сүйретушімен алдын ала келісілген, тіркеп сүйрету үшін ұсынылған жерлерге оларды шығару;
3) жөнелту пункттерінде және салдардың тұру және қайта қалыптастыру пункттерінде айлақтық құрылғыларды жабдықтау;
4) салдардың көпір астынан, шлюздер және кеме қатынасы үшін басқа да қиын ішкі су жолдарының учаскелері арқылы өтуі үшін жолда оларды қайта қалыптастыру;
5) салдарды қосалқы кемелермен қиын учаскелер арқылы алып өту;
6) жолдағы профилактикалық және авариялық жөндеу.
30. Тіркеп сүйретуші тіркеп сүйретілетін объектінің межелі пунктке келу уақыты туралы алушыны 24 сағаттан кешіктірмей, сондай-ақ тіркеп сүйретілетін объект келгенге дейін 6 сағат бұрын қайталап хабардар етеді.
31. Тіркеп сүйретілетін объектіні алушы тіркеп сүйретушіге тіркеп сүйретілетін объектіні қоятын орынды және оны қабылдау орнын көрсетеді, сондай-ақ тіркеп сүйретілетін объектіні қауіпсіз қоюды қамтамасыз етеді.
32. Тіркеп сүйретілетін объектінің межелі пунктке келуі бойынша тіркеп сүйретуші мен алушы бірлесіп, оны тексеріп қарауды жүзеге асырады.
33. Егер тіркеп сүйретілетін объект межелі пунктке зақымдалған белгілерімен жеткізілген болса, тіркеп сүйретуші мен объектіні алушы тараптарының өкілдері бірлесіп немесе екі жақтың келісімі бойынша тәуелсіз бағалау ұйымын тарта отырып, зақымдануды қарау мен бағалауды жүргізеді және коммерциялық актіні жасайды.
34. Сондай-ақ салдарға қатыстыда, жасалған коммерциялық актіде бөренелерді қайта есептеусіз ерекшелік негізінде көрсетілген бірліктегі сүрек санын көрсете отырып және жылжымалы салдар бірлігінде сүректің жуық санын көрсете отырып, жарамды күйде келген салдар бірліктерін есептеу жүргізіледі.
35. Салдардың зақымдалған бірліктерінен жасалған материалдарды түпкілікті беру мен қабылдау судан жағалауға ауыстырған кезде немесе тіркеп сүйретуші мен алушы тараптары өкілдерінің оларды суда тексеріп қарау жолымен жүзеге асырылады.
36. Осы Қағидалардыңның 31, 32, 33, 34-тармақтарында көзделген іс-қимылдар тіркеп сүйрету аяқталған уақыттан бастап шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
№ __________________________
Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу көлiк жүк құжаты
Транспортная накладная
буксировки судов, плотов и иных плавучих объектов №____от_____
Жөнелту пунктi Пункт отправления_________________ Жөнелтушi Отправитель ______________________ __________________________________ (толық атауы) (полное наименование) | Межелі пунктi Пункт назначения __________________ Алушы Получатель ________________________ ___________________________________ (толық атауы) (полное наименование) | |||||
Жөнелтушiнiң почталық мекенжайы және банктiк деректемелерi Почтовый адрес и банковские реквизиты отправителя __________________________________ __________________________________ __________________________________ | Алушының почталық мекенжайы және банктiк деректемелерi Почтовый адрес и банковские реквизиты получателя ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ | |||||
Тiркеп сүйре-тiлетiн объектi- нiң нөмiрi (атауы) Номер (название) букси- руемого объекта | Жөнелтушiнiң белгiлеуi бойынша деректер Данные по определению отправителя | Тарифтiк белгiлер Тарифные отметки | ||||
Габарит- тер (м) Габариты (м) | Көлем (текше м.) Объем (м.куб) | Сал- мақ (т) Вес (т) | Тiркеп сүйреу қашықтығы (км) Рас- стояние буксировки (км) | Жол габарит- терi Габариты пути | Тiркеп сүйреу- шiнiң белгiсi Отметка букси- ровщика | |
Ұзындығы Длинна ______ Енi Ширина ______ Шөгуi Осадка ______ | Тереңдiгi Глубина ________ Енi Ширина ________ Айналым R закруг- ления ________ |
Салдың көлемi және кеменiң суысырғыштығы
Объем плота или водоизмещение судна________________________ (жазумен) (прописью)
Жинақталған салдағы және құрамдағы жүкқұжатының №
№ накладных в сборном плоту или составе
1. Объектiнi (салдың, кеменiң және басқа объктiлердің) дайындығы мен оның қауiпсiз жүзуі мен тіркеп сүйреуге жарамдылығы үшін ___________________ жауап береді (ұйымның атауы) За подготовку объекта (плота, судна и др. объектов) и пригодность его для безопасного плавания и буксировки отвечает _______________________________________ (наименование организации) 2. Тіркеп сүйретiлетiн объектiдегi қауiпсiз-дiктi қамтамасыз етуге жауапты _______________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) Ответственный за обеспечение безопасности на буксируемом объекте _______________________________________ (ФИО, должность) 3. Қоса берiлген құжаттар: Приложены документы: А)_____________________________________ Б)_____________________________________ В)_____________________________________ Г)_____________________________________ Жөнелтушi: Отправитель:___________________________ (қолы, мөрi) (подпись, печать) | ТӨЛЕМДЕР: ПЛАТЕЖИ: 1. _________ № _________ шартқа сәйкес _______сомада жөнелту (жазумен) пунктінде алынды Взяты в пункте отправления согласно договора № ___ от ________ в сумме ________________________ (прописью) ________________________ 2. Тіркеп сүйреу үдерісіндегi қосымша төлемдер Дополнительные платы в процессе буксировки ________________________ ________________________ 3. Төлемдер барлығы: Всего платежей: Алынған: ________________________ (жазумен) Получено: ________________________ (прописью) Қолы м.о. Подпись м.п. |
Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
АКТ №________
тіркеп сүйретілетін объектінің тіркеп сүйретуге дайындығы туралы
Жөнелту пункті ___________________ Күні _______________
(пунктің атауы) (басылған күні)
Жөнелтуші ___________________________________________________________
(толық атауы) (полное наименование)
Тіркеп сүйретуші ____________________________________________________
(толық атауы) (полное наименование)
Тіркеп сүйретілетін объект тіркеп сүйреуге қабылданады ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кедергі келтіретін ақаулар мен кемшіліктер жоқтығы немесе олардың жойылғандығы туралы)
Тіркеп сүйрету объектісін және басқада құрылғылардың
қауiпсiздiгін қамтамасыз ететін тұлғалар саны ______, жауапты
жетекшілік ететін тұлға ____________________________________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – т.а.ә.) және лауазымы)
Ескертулер: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жөнелтуші: __________________________________________________________
(т.а.ә (болған жағдайда), лауазымы және қолы)
Тіркеп сүйреуші: ____________________________________________________
(т.а.ә (болған жағдайда), лауазымы және қолы)