«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11383 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
дипломының бар екендігі туралы;
еңбек қызметі туралы;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестауды тапсырғаны туралы;
5) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;
Порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
дипломының бар екендігі туралы;
еңбек қызметі туралы;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестауды тапсырғаны туралы;
4) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі.
Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі және мерзімді өндіріп алу бойынша үш айдан астам берешегі туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дерекқорынан ұсынылады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (идентификациялау үшін);
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
Порталға:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа;
3) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар электрондық құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
Лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлімет алу мүмкіндігі болмаған кезде телнұсқасын алу үшін (қажетті құжаттарды ұсыну арқылы) жүгінеді:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Порталға:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда.
Еңбекке жарамдылығына шек қойылмағаны немесе еңбекке жарамдылығына шек қойылғаны туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы, яғни жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылғаны, заңда көзделген тәртіпте соттылығы өтелмегені немесе алынбағаны туралы, бұрын теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан, соттан және әділет органдарынан қызметтен босатылғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қамтылған тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу лицензиясынан айыру туралы ақпарат қамтылған құжаттарды көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.»;
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқытық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________Д. Абаев
2016 ж. 28 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Қ. Бишімбаев
2016 ж. 27 мамыр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 340 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде – аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексеруге міндетті.
Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Үмiткер құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде, өтінішті берiлген құжаттармен қоса қарамай қайтару дереу жүргiзiледi.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері жанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының отырыс хаттамасы нысанында ресімделген аттестаттаудан өткендігі не өтпегендігі туралы шешімі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгішінде немесе портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудан өтуге жіберілген көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оның өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында аттесттаудан өтуге жіберілген үміткерлердің тізімін, оны өткізу тәртібін, үміткерлерді іріктеу ұзақтығы мен мазмұнын орналастырады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдауды еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырады.
Аттестаттауды өткізу қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
дипломының бар екендігі туралы;
тағылымдамадан өткендігі туралы;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;
Порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;
дипломының бар екендігі туралы;
тағылымдамадан өткендігі туралы;
3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде – күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрліктің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к-сі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен уақытын көрсетумен оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушіде өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар
12. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресуртарында көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
________________ облысының, Астана және Алматы қалаларының
Әділет департаменті жанындағы Жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия
(бұдан әрі - Комиссия) отырысының ХАТТАМАСЫ
______________ қаласы №_________ 20____ ж. «____» _________
Төрағалық еткен: |
(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса) |
КҮН ТӘРТІБІ:
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға
қатысатын үміткерлерді іріктеу.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-бабы
1-тармағына сәйкес Комиссия тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан
өткізді.
Баяндалғанның негізінде, Заңның 141-бабын басшылыққа алып,
аттестаттау қорытындысы бойынша Комиссия:
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мына үміткерлер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өтті деп есептелсін: _________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
____________________________________________________________________.
2. Мына үміткерлер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өтпеді деп есептелсін: _______________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
____________________________________________________________________.
3. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттауға
мына үміткерлер келген жоқ:_________________________________________.
(Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
4. _______________ облысының, Астана және Алматы қалаларының
Әділет департаменті екі жұмыс күні ішінде аталған хаттаманың
көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
Осы хаттаманың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға ұсынған
құжаттары қайтарылсын.
Комиссия төрағасы______________________________________________
(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)
Комиссия мүшелері______________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
М.О.
Хатшы _____________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
20___ж. «_____»____________
(Хаттаманың шыққан күні)
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер стандартына
2-қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысуға үміткер тұлғаларды
аттестаттау бойынша комиссия төрағасына
_______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
Мекенжайы:_____________________________
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін
аттестаттауға жіберу туралы
өтініш
Маған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу
үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін.
Өтініш беруші _____________________________
күні: _________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
Қосымша:
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер стандартына
3-қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өту үшін
мәліметтер нысаны
I. Диплом туралы мәлімет:
1. Жоғарғы оқу орнының атауы
____________________________________________________________________
2. Мамандықтың шифрі
____________________________________________________________________
3. Дипломның нөмірі
____________________________________________________________________
4. Дипломның берілген күні
____________________________________________________________________
5. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:
____________________________________________________________________
1. сериясы және нөмірі:
____________________________________________________________________
2. негіздеме: күні және нөмірі
____________________________________________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні
____________________________________________________________________
II. Тағлымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағлымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні
____________________________________________________________________
2. Облыс
____________________________________________________________________
3. Тағлымдаманың жетекшісі
____________________________________________________________________
4. Тағлымдаманың басталу күні
____________________________________________________________________
5. Тағлымдаманың аяқталу күні
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 340 бұйрығына
2-қосымша
«Жеке сот орындаушысының
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін
біліктілік талаптарының сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны
1. Жоғары білім:
Мамандығының және біліктілігінің атауы __________
Диплом нөмірі _____________
Дипломның берілген күні _____________
Дипломның берілген орны _____________
Оқу орнының, диплом берген оқу мекемесінің атауы _____________
2. Аттестаттауды тапсырғаны:
Аттестаттау нәтижесі (иә/жоқ) _____________
3. Еңбек жолы:
Қабылданған күні _____________
Босатылған күні _____________
Атқарған қызметі _____________
Жұмыс орны _____________
Босатылған себебі _____________