"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 маусымда № 13778 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға да:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);
      мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);
      салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі.
      Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда:
      1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
      2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
      3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
      4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;
      5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, түсініктемелер алу немесе мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты олардан қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
      6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға, Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.
      Нотариус куәландырған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы көрсетеді.
      Электрондық тіркеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «жылжымайтын мүлік тіркелімінің» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) автоматты түрде тоқтатыла тұрады.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі немесе олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздерінің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушінің жүгінуі;
      3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
      4) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы;
      5) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болуы;
      6) заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
      7) тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың жойылмауы;
      8) бұрын туындалған құқық, егер осындай құқыққа қатысты ауртпалықты ауыстыру, өзгерту, тоқтату немесе белгілеу болмаса, ол туындаған кезде қолданыстағы болған заңнамаға сәйкес келмеуі;
      9) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірушінің жүгінуі болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
      «Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты – 20 минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минут.».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оның жіберілуін;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және
      коммуникациялар министрі
      Д. Абаев
      _________________________
      2016 жылғы 3 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің м.а.
      М. Құсайынов
      __________________________
      2016 жылғы 2 маусым