БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» деген сыныбында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» деген кіші сыныбында:
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: банк қызметтеріне ақы төлеу кезiнде; айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту» жобасын іске асыру» кіші бағдарламасы бойынша және «Инвестициялар тарту үшін жағдай жасау» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру» кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету», «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларының «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламалары бойынша тиісінше, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын шолу және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу», «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшілері болып табылатын «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының «Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау» кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша, Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру» бюджеттік бағдарламасының «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландару есебінен» және «Грант есебінен» кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің арасындағы жасалған қоса қаржыландыру Келісімі бойынша сомаларын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету», «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдік іссапарлар», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезiнде. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов