РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.09.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық | |
шаруашылық істері және жер | |
ресурстарын басқару комитетінің | |
төрағасы | М. Жайымбетов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 ақпандағы № 106-нқ бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын
объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және
Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық
нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және
жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі
мемлекеттік норматив
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив" (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Мемлекеттік норматив сараптамалық ұйымдар мен мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкіне (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) ұсынылатын техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптарды қамтиды.
3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жобаның және/немесе жұмыс жобасының электрондық-цифрлық нысандағы паспорты (бұдан әрі – жобаның электрондық паспорты) – негізгі қасбеттердің, жоспарлардың және бөліністердің (қималардың) схемалық бейнесі, қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде пайдалану сипаттамалары келтірілетін электрондық құжат;
2) жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептерді қамтитын құжаттама;
3) құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – ЭТЭН) – инвестициялау мақсатын, инвестициялар тиімділігінің негіздемелерін сипаттап, негізгі бастапқы деректерден тұратын электрондық құжаттар мен файлдардың логикалық құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, оның ішінде: объектінің (кешеннің) жұмыс істеуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік және (немесе) коммерциялық тиімділік, сондай-ақ, құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтер және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің айқындамасы бар есептер;
4) Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған электрондық жеткізгіштердегі жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама;
5) объект құрылысының электрондық-цифрлық нысандағы жобалау-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі – ЭЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын электрондық құжаттар мен файлдардың қисындық жағынан құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептер;
6) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ, негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайданы және шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырушылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;
7) файл – бағдарламадан тыс сыртқы жақта орналасатын және арнайы операциялар арқылы бағдарламаға қол жетімді болатын деректер түрінде нақты бағдарламада толық сипатталған даналардың сәйкестендірілген жиынтығы;
8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) электрондық тасығыш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ, оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе көрсетуге арналған материалдық тасығыш;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2. ТЭН мен ЖСҚ электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар
4. Электрондық-цифрлық нысанда ЖСҚ бөлімдерінің құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 мамырдағы № 163 бұйрығымен бекітілген Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелердің Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.
5. Электрондық-цифрлық нысандағы ЖСҚ құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамының Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.
6. Жоба бөлімдерінің әрқайсысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін ТЭН мен ЖСҚ ұсыну кезінде Тапсырыс беруші мынадай тәсілдердің бірімен электрондық құжаттарды қалыптастырады:
1) қағаз түпнұсқаларды сканерлеу;
2) қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның негізінде электрондық құжаттарды қалыптастырады.
7. Жобаның мәтіндік және графикалық бөлігінің қағаз түпнұсқаларын сканерлеу тәсілімен ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:
1) жоба бөлімдерінің мәтіндік және графикалық бөлігінің сканерленген материалдарын мынадай қағидат бойынша PDF форматының көп бетті файлдары түрінде қалыптастыру қажет: "жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл";
2) "бір бет - бір сызба - бір файл" қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді;
3) PDF файлдарында мазмұны бойынша және кестелер мен суреттердің толық тізбесі бойынша бетбелгі жасау қажет;
4) сканерлеу құжаттың түпнұсқасынан тікелей жүзеге асырылуы тиіс (ксерокөшірмеден сканерлеуге жол берілмейді);
5) құжатта кез келген графикалық бейнелер болмаған кезде сканерлеу құжаттағы мәтін қара түсті болуы шартымен қара-ақ режимде жүзеге асырылады;
6) құжатта түрлі-түсті графикалық бейнелер немесе түрлі-түсті мәтін болған кезде құжатты түрлі-түсті режимде сканерлеу қажет;
7) құжатта түрлі-түстіден өзгеше бейнелер болған кезде сканерлеуді құжаттағы мәтіннің қара түсті болуы шартымен "Қоңыр түс" режиміне жүзеге асыру қажет;
8) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігіндегі файлдарды 300 dpi рұқсатымен сканерлеу қажет;
9) ЖСҚ (ТЭН) бөлігінің графикалық бөлігінің файлдары А4, А3, А2 форматы үшін кем дегенде 300 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) және А1 және А0 форматы үшін кем дегенде 400 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) рұқсатымен сканерленеді;
10) ЖСҚ (ТЭН) бөлімін (кіші бөлімін), томды (кітапты) білдіретін электрондық-цифрлық нысандағы құжаттаманың әр файлы уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
8. Қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның түпнұсқасы негізінде ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:
1) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны көп бетті PDF-файлдың форматында файлды тікелей жариялау жолымен дайындалады;
2) ЖСҚ (ТЭН) графикалық бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны DWF, DWFX форматының көп бетті файлдарындағы файлдарды тікелей жариялау жолымен дайындалады;
3) қағаз тасығыштарда алынған және қабылданған тәртіппен келісілген үшінші ұйымдардан (мердігерлік, пайдаланушы) құжаттарды ЭЖСҚ құрамына енгізу осы Мемлекеттік нормативтің 7-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі;
4) ЖСҚ (ТЭН) электрондық-цифрлық нысаны "жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл" қағидаты бойынша жинақталады. ЖСҚ бөлімінің (кіші бөлімінің) мәтіндік және графикалық бөліктері үшін жекелеген кітаптарды (файлдарды) жинақтауға рұқсат беріледі. "Бір бет - бір сызба - бір файл" қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді.
9. Егер, ЖСҚ (ТЭН) қалыптастыру кезінде жобаның графикалық бөлігінің негізіне айналған объектінің немесе оның жекелеген бөліктерінің (бөлімдерінің/кіші бөлімдерінің) 3D моделі әзірленсе, онда жобалаушы жобаланатын объектінің 3D моделін сараптамаға жібереді. Бұл жағдайда жобаның тиісті бөлімінің графикалық бөлігінің құрамына 3D моделдің жекелеген компоненттерін, түрлерін, тораптарын немесе 3D моделді толықтай енгізу қажет. Бұл үшін ЖСҚ (ТЭН) кешенінің берілетін графикалық бөлігі объектінің 3D моделімен толықтырылады. 3D модель немесе оның жекелеген бөлшектері 3D PDF, 3D DWF немесе 3D DWFX жариялау үшін редакцияланбайтын форматта ұсынылуы мүмкін.
10. Қағаз тасығышта шығарусыз режимінде ЭЖСҚ (ЭТЭН) куәландыру мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) ЖСҚ (ТЭН) норма бақылауды әзірлеуге және келісуге қатысатын әрбір тұлға өз ЭЦҚ-мен электрондық құжатты (бұдан әрі - ЭҚ) куәландырады. Куәландыру тәртібі жобалаушы ұйымның ішкі регламенттерімен айқындалады. Толық дайындалған ЭҚ-ға Тапсырыс беруші ЭЦҚ қол қояды;
2) барлық жауапты тұлғалардың ЭЦҚ қамтамасыз ету мүмкін емес болған жағдайда жобаның жекелеген құжаттарына, кітаптарына, бөлімдеріне (томдарына) ақпараттық-куәландыру парағын (бұдан әрі - КП) рәсімделеді. КП-да оларға шығарылған тиісті ЭҚ әзірлеген, тексерген, келіскен және бекіткен тұлғалардың тектері мен түпнұсқа қолдары ЭҚ белгілеуі көрсетіледі. ЭҚ пен КП әзірлеген тұлғаның қолы және норма бақылау міндетті болып табылады. "Күні" тиісті бағанындағы КП-да бекітілген файлдың соңғы өзгерісінің күні мен уақыты көрсетіледі. КП ресімдеу бойынша ұсынымдар 2.051-2006 "Электрондық құжаттар" МЕСТ-те бар. Қағаз тасығышта толық ресімделген КП PDF форматында сақтаумен сканерленеді, Тапсырыс берушінің ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін бір кітапқа (файлға) тігіледі және сараптамадан өту үшін беріледі.
11. Сметалық құжаттаманы осы Мемлекеттік нормативтің 7, 8-тармақтарының талаптарына сәйкес жергілікті ресурстық сметалардың шығыс деректері мен есебі нәтижелерін ұсынудың әмбебап форматында (бұдан әрі – KENML форматы) және PDF форматында электрондық құжат түрінде бір мезгілде ұсыну қажет. Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру форматының сипаттамасы және мақсаты осы Мемлекеттік нормативтің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
Сметалық-есептік бағдарламалардың осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматын (ХМL негізінде KENML) техникалық сипаттауда ұсынылған талаптарға сәйкес KENML форматында сметалық есептердің шығыс деректері мен есеп нәтижелерін жүктеудің техникалық мүмкіндігі болуы тиіс.
12. Файлдардың атауы титулды парақтарда, негізгі мәтіндік және графикалық құжаттардағы жазбаларда (мөртаңбаларда) және жобалау құжаттамасының құрамында көрсетілген атауларына сәйкес келуі тиіс.
13. Қалыптастырылған электрондық құжат материалдарының құрамы және оларды ұсыну нысаны оларды басып шығару кезінде пайдаланушының тарапынан қандай да бір қосымша іс-әрекеттерді – құжаттың толық қағаз көшірмесін дайындауды басып шығару кезінде осындай түрде ұсынылуы қажет. Графикалық бейнелеу масштабы бойынша да және түсті бейнелеу бойынша да түпнұсқаға сәйкес келуі тиіс және қарау үшін оңтайландырылуы тиіс.
14. Тапсырыс беруші сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша анықтама материалы ретінде файлдарды/электрондық құжаттарды ЭЖСҚ және/немесе ЭТЭН құру пайдаланатын бағдарламалар файлдардың форматында ұсынады.
3. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке
ТЭН және ЖСҚ электрондық-цифрлық нысанда беру
15. Сараптамалық ұйымдарға ТЭН-ді және ЖСҚ-ны электрондық-цифрлық нысанда беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ, бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын қаражат есебінен әзірленген жобаларды Бірыңғай электрондық банкке енгізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру
форматының сипаттамасы және мақсаты
1. Жергілікті сметалардың бастапқы деректерін және есеп нәтижелерін сақтау мен берудің әмбебап форматы мынадай:
1) жобалау процесіне қатысушылар арасында бастапқы деректермен және есеп нәтижелерімен алмасу;
2) сметалардың сараптамасын орындау;
3) электрондық мұрағатты бірыңғай форматта қалыптастыру мақсатына арналған.
2. Әмбебап форматы UTF-8 (RFC 3629) кодтауда XML (RFC 3023) форматының файлын білдіреді, бұл бір файлда көптеген тілді және арнайы нышандарды пайдалануға мүмкіндік береді. XML тіліне негізделген деректерді сақтаудың ашық форматын пайдалану идеологиясы пайдаланушыларға құжатпен жұмыс істеу үшін мәтіндік редакторға дейін кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға мүмкіндік береді. Сметалық есептердің барлық нәтижелерін бірыңғай форматта сақтау қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушіні ауыртпалықсыз ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бірыңғай ашық форматтағы нәтижелермен алмасу жобалау процесіне барлық қатысушыларды бір бағдарламалық өнімде жұмыс істеуге міндеттемейді.
Жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматының
(XML негізінде KENML) техникалық сипаттамасы
Торап | Атрибут | Типі | Мәні |
ҚҰЖАТ | Файлдың негізгі торабы | ||
Формат нұсқасы | STRING | Экспорт форматы нұсқасының нөмірі, XX.YY, онда XX – негізгі нөмір,.YY – қосымша | |
Типі | INTEGER | Құжат типі, 1 – Инвесторлық жоба 2 – Оферта | |
Генератор | STRING | Құжатты қалыптастырған бағдарлама | |
Күні | STRING | КК.АА.ЖЖЖЖ форматынде құжатты жасау акүні | |
Уақыты | STRING | СС:ММ:СС форматында құжатты жасау уақыты | |
СНБ нұсқасы | STRING | Сметалық-нормативтік базаның есебі кезінде пайдаланылатын нұсқа | |
Нұсқа | STRING | Есепті орындаған бағдарлама нұсқасы | |
Бірегей Сәйкестендіруші | GUID | ['{F02A446F-F449-420E-B9A5-166A9303EBF8}'] форматындағы құжаттың GUID | |
Құрылыс атауы | STRING | Құрылыс атауы | |
Құрылыс шифрі | STRING | Құрылыс шифры | |
Жобалау сатысы | STRING | Жобалау сатысы | |
Басшы | STRING | Жобалау ұйымы басшысының аты-жөні | |
ЖБИ | STRING | Бас инженердің аты-жөні | |
Сметалық Бөлім Бастығы | STRING | Сметалық бөлім бастығының аты-жөні | |
Валюта | STRING | Құжат валютасының атауы | |
Валюта Коды | STRING | Құжат валютасының халықаралық коды | |
Өңір Нөмірі | INTEGER | Сметалық есеп өңірінің нөмірі | |
Аудан Нөмірі | INTEGER | Сметалық есеп ауданының нөмірі | |
Аумақ Нөмірі | INTEGER | Сметалық есеп аумағының нөмірі | |
СБК Аймақ Нөмірі | INTEGER | Сметалық бағалар каталогы бойынша аймақ нөмірі | |
Ұйым Коды | STRING | Ұйым коды | |
Құрылыс Түрі | STRING | Құрылыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 3-қосымша | |
ҮСТ2 Көрсеткіші | DOUBLE | 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %. | |
СП Көрсеткіші | DOUBLE | Сметалық пайданың есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %. | |
Баға Деңгейі | STRING | Баға деңгейі, формат ЖЖЖЖ.Т – жыл.тоқсан форматы | |
Бірлікті Дөңгелектеу | INTEGER | Позицияның бірлік құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны | |
Дөңгелектер Барлығы | INTEGER | Позицияның құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны | |
Еңбек Бірлігін Дөңгелектеу | INTEGER | Позицияның өлшем бірлігіне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны | |
Барлық Еңбекті Дөңгелектеу | INTEGER | Позицияның көлеміне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны | |
Тарау | INTEGER | Құрылыс құнының сметалық есебі тарауының нөмірі | |
Объектінің Атауы | STRING | Объект атауы | |
Құжат Атауы | STRING | Құжат атауы | |
Объект Шифрі | STRING | Объект шифры | |
Смета Шифры | STRING | Смета шифры | |
Сызбалар Тізімі | STRING | Смета бойынша сызбалар тізімі | |
Құрылыс Көлемі | DOUBLE | Смета бойынша құрылыс көлемі | |
Өлшегіш | STRING | Смета өлшегіші | |
Құжат Нөмірі | STRING | Сметалық құжаттағы құжат нөмірі | |
Жұмыстар Тізімі | STRING | Смета жұмыстарының тізімі | |
Құрастырды | STRING | Құрастырушының аты-жөні | |
Тексерді | STRING | Тексерушінің аты-жөні | |
Деректерді Енгізу | STRING | Оператордың аты-жөні | |
Құрылысы ҚҰЖАТТЫҢ ата-ана торабы | Жергілікті сметалық құжат типінің құжат құрылымының иерархиялық сипаттауынан тұрады | ||
ТАРАУ Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ | |||
Типі | INTEGER | Тарау типі, 1 – Бөлік, 2 – Бөлім, 3 - Бөлімше, 4 – Кіші бөлімше | |
ID | GUID | Құжат бөлімшесінің GUID | |
Атауы | STRING | Құжат бөлімшесінің атауы | |
Өлшегіш | STRING | Құжат бөлімшесінің өлшегіші | |
Ескерту | STRING | Құжат бөлімшесіне ескерту | |
ПОЗИЦИЯ Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ | Барлық ресурстық және құндық көрсеткіштерді келтірумен құжаттың жекелеген сметалық позициясының сипаттамасынан тұрады. | ||
ID | INTEGER | Құжаттағы позиция нөмірі | |
GUID | GUID | Позиция GUIDи | |
Типі | INTEGER | Сметалық позиция типі, 0 – жұмыс, 1 – материал, 2 – жергілікті материал, 2 – инженерлік жабдық, 3 – технологиялық жабдық, 4 – жиһаз және мүкәммал, 5 – конструкция, 6 - тасымалдар | |
СНБ коды | STRING | Сметалық-нормативтік базада қабылданған сметалық позиция коды, мысалы ХХ-ХХХХХХ-ХХХХ. Егер мәтіндік позиция – бос жол. | |
Жергілікті Код | STRING | Сметалық бағдарламада қабылданған сметалық позиция коды | |
Атауы | STRING | Позиция атауы | |
Код түсініктемесі | STRING | Позиция шифріне (негіздемеге) түсініктеме | |
Атау түсініктемесі | STRING | Позиция атауына түсініктеме | |
Көлем | DOUBLE | Позиция көлемі | |
Формула Көлемі | STRING | Көлем есебі формуласының жолы | |
Өлшегіш | STRING | Позицияның өлшем бірлігі | |
Жұмыстар Түрлері | STRING | Жұмыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 2-қосымша | |
Шығындар Түрі | STRING | Шығындар түрі, Қ – құрылыс жұмыстары, М – монтаж жұмыстары, Ж – жабдық, І – іске қосу жұмыстары, ӨЖ – өзге де жұмыстар және шығындар | |
ҮСТ1 | DOUBLE | Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш | |
ҮСТ2 | DOUBLE | Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш | |
СП | DOUBLE | Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, сметалық пайданың есебі үшін көрсеткіш | |
ҚҰНЫ Ата-ана торабы ПОЗИЦИЯ | Бірлік пен көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштерінен тұрады | ||
БІРЛІК Ата-ана торабы ҚҰНЫ | Жоба валютасында көлем бірлігіне позицияның құн көрсеткіштері | ||
ПЗ | DOUBLE | Позиция (сметалық) бірлік бағасы | |
МТ | DOUBLE | Материалдық ресурстар құны | |
ЖА | DOUBLE | Жұмысшылардың еңбегін төлеу | |
ОР | DOUBLE | Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды | |
МЖ | DOUBLE | Механизаторлардың еңбегін төлеу | |
ЕМ | DOUBLE | Машиналар мен механизмдерді пайдалану құны | |
САЛМАҚ | DOUBLE | КГ-да көлем бірлігіне арналған сметалық позиция салмағының көрсеткіші (жабдық пен конструкциялардың позициялары үшін) | |
МТВ | DOUBLE | Қайтарылатын материалдардың құны | |
БОС | DOUBLE | Жабдықтың босатылатын құны | |
КШ | DOUBLE | Көлік шығыстары (жабдық үшін) | |
ДАҚ | DOUBLE | Дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін) | |
ДАҚК | DOUBLE | Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % (жабдық үшін) | |
БАРЛЫҒЫ Ата-ана торабы ҚҰНЫ | Көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштері | ||
ТШ | DOUBLE | Тікелей шығындар | |
МТ | DOUBLE | Материалдардың құны | |
ЖА | DOUBLE | Жұмысшылардың еңбегін төлеу | |
ОР | DOUBLE | Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды | |
МЖ | DOUBLE | Механизаторлардың еңбегін төлеу | |
ЕМ | DOUBLE | Машиналар мен механизмдерді пайдаланудың құны | |
МТВ | DOUBLE | Қайтарылатын материалдардың құны | |
ЖМҚ | DOUBLE | Жергілікті материалдардың құны | |
МТК | DOUBLE | Конструкциялар құны | |
ІСҚ | DOUBLE | Іске қосуға және реттеуге арналған шығындар құны | |
ЖА | DOUBLE | Жабдықтың сметалық құны | |
БОС | DOUBLE | Көлемге арналған жабдықтың босатылым бағасы | |
КШ | DOUBLE | Көлемге арналған көлік шығыстары (жабдық үшін) | |
ДҚШ | DOUBLE | Көлемге арналған дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін) | |
ҮСТ1 | DOUBLE | 1 деңгейдегі үстеме шығыстары | |
ҮСТ2 | DOUBLE | 2 деңгейдегі үстеме шығыстары | |
СП | DOUBLE | Сметалық пайда | |
БАРЛЫҒЫ | DOUBLE | Сметалық құн | |
РЕСУРС Ата-ана ПОЗИЦИЯ | Позиция ресурсының сипаттамасынан тұрады. Егер, материал немесе жабдық типінің позициясы, онда ресурс торабы сондай толтырылады. | ||
ID | GUID | Ресурс GUID | |
Атауы | STRING | Ресурс атауы | |
Типі | INTEGER | Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 – инженерлік жабдық, 5- технологиялық жабдық | |
СНБ коды | STRING | СНБ-те қабылданған ресурс коды | |
Жергілікті Код | STRING | Есепті орындаған бағдарламада қабылданған ресурс коды | |
Баға | DOUBLE | Ресурс бағасы | |
МЖ | DOUBLE | Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторларлың еңбегін төлеу | |
ОР | DOUBLE | Еңбек шығындары үшін – орташа разряд | |
БОС | DOUBLE | Материалдар мен жабдық үшін – босатылым бағасы | |
КШ | DOUBLE | Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары | |
ДҚШ | DOUBLE | Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары | |
ДҚШК | DOUBLE | Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % | |
Норма | DOUBLE | Бірлікке арналған шығыс нормасы | |
Өлшегіш | STRING | Ресурсты өлшеу бірлігі | |
Салмақ | DOUBLE | Ресурсты өлшеу бірлігінің салмағы | |
Мәртебе | STRING | Нормативке қатысты ресурсқа арналған қолданылғн әсер ету: Ауыстырылды, түзетілді, жойылды, қосылды, алып тасталды | |
ID Ауыстыру | GUID | Норматив бойынша шығыс, ауыстырылған ресурсқа арналған сілтеме | |
Жеткізу | STRING | Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер. | |
ҚҰЖАТ ЖИЫНЫ Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ | Құжаттың жиынтық құн көрсеткіші | ||
Құрылыс | DOUBLE | Құрылыс жұмыстарының құны | |
Монтаж | DOUBLE | Монтаж жұмыстарының құны | |
Инженерлік Жабдық | DOUBLE | Инженерлік жабдық құны | |
Технологиялық Жабдық | DOUBLE | Технологиялық жабдық құны | |
Жиһаз Мүкәммал | DOUBLE | Жиһаз мен мүкәммал құны | |
Өзгелері | DOUBLE | Өзге де шығындар | |
Барлығы | DOUBLE | Сметалық құнның барлығы | |
Мердігердің Шығындары | DOUBLE | Оның ішінде мердігердің шығындары | |
Тапсырыс берушінің Шығындары | DOUBLE | Оның ішінде тапсырыс берушінің шығындары | |
РЕСУРС ЖИЫНЫ Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ | Құжат бойынша ресурстардың сипаттамасынан тұрады | ||
ЖИЫН РЕСУРС Ата-ана торабы ЖИЫН РЕСУРС | Құжат ресурсының сипаттамасынан тұрады. | ||
ID | INTEGER | Ресурстың реттік нөмірі | |
Атауы | STRING | Ресурс атауы | |
Типі | INTEGER | Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 - жабдық | |
СНБ коды | STRING | СНБ-да қабылданған ресурс коды | |
Жергілікті Код | STRING | Есепті орындаған, бағдарламада қабылданған ресурс коды | |
Баға | DOUBLE | Құжат бойынша ресурстың орташаланған бағасы | |
МЖ | DOUBLE | Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторлардың еңбегін төлеу | |
ОР | DOUBLE | Еңбек шығындары үшін – орташа разряд | |
БОС | DOUBLE | Материалдар мен жабдықтар үшін – босатылым бағасы | |
КШ | DOUBLE | Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары | |
ДҚШ | DOUBLE | Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары | |
ДҚШК | DOUBLE | Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % | |
Норма | DOUBLE | Бірлікке арналған шығыс нормасы | |
Өлшегіш | STRING | Ресурс өлшегішінің бірлігі | |
Салмақ | DOUBLE | Ресурс өлшегіші бірлігінің салмағы | |
Жеткізу | STRING | Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер. | |
КОЭФФИЦИЕНТТЕР Ата-ана торабы ҚҰЖАТ немесе ТАРАУ не ПОЗИЦИЯ | Белгіленген коэффициенттердің тізімінен тұрады | ||
КОЭФФИЦИЕНТ | Коэффициенттің сипаттамасынан тұрады | ||
Атауы | STRING | Коэффициент атауы | |
Сілтеме | STRING | Нормативке сілтеме | |
Типі | INTEGER | Коэффициент типі: 1 – Жұмыс жүргізу талаптары, 2 – Қолдану талаптары, 3 – Жабдыққа есептеулер, 4 – Үстеме есебіне және пайда үшін көрсеткіштерге коэффициенттер, 5 – Айқындалмаған | |
Позициялар Тізімі | STRING | Егер, құжаты үшін коэффициент ЛС немесе бөлімше типі олар үшін осы коэффициент қолданылатын позициялар нөмірлерінің тізімі, Тізім форматында = ID | Тізім[, ID] | |
Жұмыс Типі | STRING | Өндіріс талаптарының типі коэффициенттері үшін олар үшін осы коэффициент қолданылатын жұмыстар типі: Қ – құрылыс, М – монтаж, Ж – жөндеу-құрылыс, І – іске қосу, К – 46-бөлімшенің құрылыс. | |
Еңбек Коэффициенті | DOUBLE | Жұмысшылардың еңбек шығындарына коэффициент еңбекті төлеу шамасына да әсер етеді | |
ЖаК | DOUBLE | Жұмысшылардың жалақысына коэффициент | |
МашК | DOUBLE | Машиналарды пайдалану уақытына коэффициент машинистердің еңбек шығындарына және машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді | |
ЕңбекмашК | DOUBLE | Машинистердің еңбек шығындарына коэффициент машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді | |
МашжалК | DOUBLE | Машинистердің жалақысына коэффициент | |
МатериалдарК | DOUBLE | Материалдық ресурстардың шығысына коэффициент материалдардың құнына әсер етеді | |
матқұнК | DOUBLE | Материалдардың құнына коэффициент | |
КөлпрцК | DOUBLE | Жабдық үшін көлік шығындарының құны есебі үшін босатылым бағасынан процент | |
ДҚпрцК | DOUBLE | Франко-жоба маңы қоймасы жабдығының құнынан процент | |
ҮШК1 | DOUBLE | 1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент | |
ҮШК2 | DOUBLE | 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент | |
СПК | DOUBLE | Сметалық пайда есебі үшін көрсеткішке коэффициент |