«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу практикасы» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу практикасы» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
1-қосымша
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім
беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада барлық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты барлық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдарының қызметкерлерін, білім беру ұйымдары басшыларын, олардың орынбасарларын өздерінің адамдық және кәсіби парыздарын қайта пайымдау арқылы және жаңа білімдерді практикалық кәсіби қызметте қолдану жолымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасымен таныстыру болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тыңдаушы тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан өзгерту, оның рухани-адамгершілік әлеуетін ашу, педагогикалық кадрлардың, білім беру ұйымдары басшыларының ұйымдастырушылық-басқару мәдениетін жетілдіру.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдарының қызметкерлерін, білім беру ұйымдарының басшыларын, олардың орынбасарларын басшы қызметкердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға қажетті білімдермен, іс-әрекет тәсілдерімен қамтамасыз ету;
2) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту үдерісін ұйымдастырудың практикалық дайындығын қамтамасыз ету;
3) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының басшылық қызметтерін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының идеяларына сәйкес жүргізу дайындығына мүмкіндік туғызу.
7. Оқыту нәтижелері:
1) жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну;
2) жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру немесе басқару үдерісін құрудың ерекшеліктерін білу;
3) өзін-өзі тану мұғалімі лауазымына мұғалімдерді іріктеудің критерийлерін білу;
4) өзіндік рухани-адамгершілік кемелденуге талпыну қажеттілігін түсіну.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған екі кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, тыңдаушылардың өздік жұмысы, консультациялар. Ұсынылған нысандардың кез келген түрі оқытушы мен тыңдаушылардың тығыз байланысын көздейді, бұл тыңдаушыларға қиындықтарды жеңуге, күрделі сұрақтарға жауап табуға, алынған білімдеріне сәйкес практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша алынған білімдердің тереңдігін анықтау үшін презентацияларды бағалаудың критерийлері айқындалған:
1) презентацияда тыңдаушының курс барысында тыңдалған тақырыптарының бір тақырыбы бойынша материалды және оның басты идеяларын дұрыс түсінуінің айқындалуы;
2) тақырыпты ашудың рухани-адамгершілік тұрғысынан тереңдігі;
3) берілген тақырып бойынша материалды таныстырудың айқын логикалық құрылымы;
4) презентацияда ғаламтордан алынған орынсыз материалдың болмауы;
5) тыңдаушының өмірі мен кәсіби әрекетіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың алатын орны жөнінде нақты мысалдар келтіру;
6) тыңдаушы тұлғасы дамуының жалпымәдени деңгейі;
7) компьютерлік сауаттылық.
4. Пәнге шолу
13. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
14. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидаcы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидаcына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидаcы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидаcы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидаcы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
15. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
16. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
17. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
18. «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздерін зерделеу екі модуль бойынша ұйымдастырылған:
1) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері;
2) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері.
19. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны, оны білу және түсіну модульдер бойынша ұйымдастырылған, олар рухани-адамгершілік білім берудің мақсаттарын айқындайтын тақырыптарға бөлінген: қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілімдемелері, пәннің тарихи және аксиологиялық негіздері.
20. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері» модулі тыңдаушылардың адамзаттың жаһандық мәселелері мен оларды шешудің жолдарын, тарихи әлемдік және отандық мұралардың өзін-өзі тану идеяларының негізі екенін, рухани-адамгершілік білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілерін, өзін-өзі тануды басқа пәндермен интеграциялау мүмкіндіктерін түсінуін қамтамасыз етеді.
21. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері» модулі тыңдаушыларға өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қағидасының мәнін, өзін-өзі тану мұғалімінің рөлін, шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
22. Осы Бағдарламаның 3-қосымшасына сәйкес өзін-өзі танудың пәндік бағдарламасын әзірлеудің негізі спиральды оқыту болып табылады.
24. Спиральды білім беру бағдарламасын әзірлеу осы Бағдарламаның 4-қосымшасы «Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасына» сәйкес сыныптан сыныпқа өту шамасы бойынша пәндік бағдарламаларды оқытудың мақсатының жиынтығынан айқын көрінеді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық
негіздері» педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Оқу жоспары
№ |
Бөлімдердің атаулары |
Сағат саны |
|||
Барлығы |
Дәріс |
Семинар |
Практикалық сабақтар |
||
I |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері |
22 |
8 |
8 |
6 |
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері |
14 |
4 |
4 |
6 |
Барлығы: |
36 |
12 |
12 |
12 |
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық
негіздері» педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Тақырып |
Сағат саны |
Дәріс |
Семинар |
Практикалық сабақтар |
Аты-жөні |
I |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері – 22 сағат |
|||||
1 |
Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы туралы. |
4 |
2 |
2 |
||
2 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері. |
4 |
2 |
2 |
||
3 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері. |
4 |
2 |
2 |
||
4 |
Қазіргі білім кеңістігіндегі ізгілікке жаңа бағыттар. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясы. |
4 |
2 |
2 |
||
5 |
Тыңдалған модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың презентациясы. |
6 |
6 |
|||
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері – 14 сағат |
|||||
1 |
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі. Ақиқат – адамның дұрыс әрекетінің іргетасы. |
2 |
1 |
1 |
||
2 |
Сүйіспеншілік қағидаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі қағидаты. |
2 |
1 |
1 |
||
3 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі. |
2 |
1 |
1 |
||
4 |
Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері. |
2 |
1 |
1 |
||
5 |
Тыңдалған модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың презентациясы. |
6 |
6 |
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық
негіздері» педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
3-қосымша
Джером Брунердің спиральды оқыту моделі
Оқыту кезеңдері |
Түйінді ерекшеліктері |
Спиральды оқытудың артықшылықтары |
1) белсенді (жұмыс үдерісінде оқыту); |
1) бүкіл оқыту барысында оқушы тақырыпты бірнеше рет қайта қарайды; |
1) оқушы тақырыпты қайталаған кезде ақпарат үнемі қайталанады және еске сақталынады; |

4-қосымша
Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы
Пән мазмұнының логикалық құрылымы |
Өзін-өзі тану пәні мазмұнының логикалық құрылымы негіздемесінің нақты сипаттамасы: жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі; өзіне, басқаларға, әлемге, адамзатқа қатысты көрінетін тұлғаның негізгі қасиеттері; адамзаттың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесінің құрамдас компоненттері – әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім/ғылым. |
Бастауыш мектеп |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бастауыш мектепке арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. «Ғасырлар даналығы» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. Коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды тек отбасында емес, сондай-ақ сыныпта және мектепте дамыту «Тату отбасы» бөлімін ашудың негізгі идеясы ретінде. «Адам болу» бөлімінің басты мақсаты – баланың адамгершілік құндылық бағдарларын қабылдау дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызу. Кіші мектеп оқушыларының бойында қоршаған ортамен адамгершілік қатынас құру тәжірибесін қалыптастыруға бағдар «Бұл әлем қандай тамаша!» бөлімінің мазмұнында. |
Негізгі орта білім |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес негізгі орта білімге арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. Ойдың, сөздің және істің бірлігі «Рухани ұстаздар өмірінің шабыттандырушы мысалы» бөлімін ашудың негізгі идеясы ретінде. «Мектеп – менің отбасым» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. «Адам болу» бөлімінің басты мақсаты – өзін-өзі тану және өзін-өзі кемелдендіру қажеттіліктерін дамыту. Адам тегіне тиесілілік және жер бетіндегі болып жатқанның барлығына жауапкершілік сезіну – «Адамзат әлемі» бөлімі мазмұнының негізі. |
Жалпы орта білім |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жалпы орта білімге арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. Өзін-өзі тану мазмұнының сабақтастық қағидасы. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
2-қосымша
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім
беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің педагогтарының біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің педагогтарын өздерінің адамдық және кәсіби парыздарын қайта пайымдау арқылы және жаңа білімдерді практикалық кәсіби қызметте қолдану жолымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасымен таныстыру болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты:
Тыңдаушы тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан өзгерту, оның рухани-адамгершілік әлеуетін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтар және оларды тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялау негізінде мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің педагогтарының педагогикалық шеберлігін шыңдау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) педагогтарды мұғалім тұлғасының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға қажетті біліммен қамтамасыз ету;
2) оқушылардың тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік туғызатын оқыту үдерісін ұйымдастыруға педагогтардың практикалық дайындығын қамтамасыз ету;
3) педагогтардың өзімен және қоршаған әлеммен үйлесімділікте өмір сүретін рухани-адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеуге дайындығына мүмкіндік туғызу.
7. Оқыту нәтижелері:
1) үш модуль аясында мұғалімнің тұжырымдамалық түсінік негіздері мен тәжірибелік дағдыларының қалыптасуы;
2) мұғалімнің бойында жағымды ойлау дағдыларының, өзін-өзі кемелдендіру қабілетінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға деген талпынысының болуы;
3) мұғалімнің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін меңгеруі;
4) мұғалімнің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының идеяларын оқушылармен және ата-аналармен жұмыста интеграциялауға дайындығы.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, тыңдаушылардың өздік жұмысы, консультациялар. Ұсынылған нысандардың кез келген түрі оқытушы мен тыңдаушылардың тығыз байланысын көздейді, бұл тыңдаушыларға қиындықтарды жеңуге, күрделі сұрақтарға жауап табуға, алынған білімдеріне сәйкес практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша алынған білімдердің тереңдігін анықтау үшін презентацияларды бағалаудың критерийлері айқындалған:
1) презентацияда тыңдаушының курс барысында тыңдалған тақырыптарының бір тақырыбы бойынша материалды және оның басты идеяларын дұрыс түсінуінің айқындалуы;
2) тақырыпты ашудың рухани-адамгершілік тұрғысынан тереңдігі;
3) берілген тақырып бойынша материалды таныстырудың айқын логикалық құрылымы. Тақырыптың логикалық бірізділігін сақтау;
4) презентацияда ғаламтордан алынған орынсыз материалдың болмауы;
5) тыңдаушының өмірі мен кәсіби әрекетіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың алатын орны жөнінде нақты мысалдар келтіру;
6) тыңдаушы тұлғасы дамуының жалпымәдени деңгейі;
7) компьютерлік сауаттылық.
13. Осы курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Білімдерді аралық бақылау 3-қосымша «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда» көрсетілген тыңдаушылардың өзіндік жұмысты орындауы негізінде жүзеге асырылады. 1 және 2 модульді тыңдау аяқталған кезде тыңдаушылар оқытушыға іс-әрекет нәтижелерін қағаз және электрондық нұсқада өткізеді. 1 және 2 модульде көрсетілген өзіндік жұмыстың орындалу көлемі мен жақсы сапасы тыңдаушыны қорытынды бақылауға жіберудің шарты болып табылады.
14. Қорытынды бақылау 3 модульде көрсетілген өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес өз бетінше әзірленген өзін-өзі тану сабағын презентациялау негізінде практикалық сабақтарды өткізу үдерісінде жүзеге асырылады. Презентация тыңдаушының практикалық іс-әрекет жүргізуге дайындығының деңгейін көрсетеді.
4. Пәнге шолу
15. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
16. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
17. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
18. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
19. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
20. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны, оны білу және түсіну модульдер бойынша ұйымдастырылған, олар рухани-адамгершілік білім берудің мақсаттарын айқындайтын тақырыптарға бөлінген: қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілімдемелері, пәннің тарихи, психологиялық-педагогикалық және аксиологиялық негіздері, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.
21. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері» модулі тыңдаушылардың адамзаттың жаһандық мәселелері мен оларды шешудің жолдарын, тарихи әлемдік және отандық мұралардың өзін-өзі тану идеяларының негізі екенін, рухани-адамгершілік білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілерін, өзін-өзі тануды басқа пәндермен интеграциялау мүмкіндіктерін түсінуін қамтамасыз етеді.
22. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері» модулі тыңдаушыларға өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қағидасының мәнін, өзін-өзі тану мұғалімінің рөлін, шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
23. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі» модулі педагогтардың сабақ өткізу әдістемесінің талаптары негізінде өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу іскерлігін дамытады.
24. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы олардың әрбір нақты модульдегі зерделеген тақырыптарын ұғыну бойынша іс-әрекеттерін сипаттайды. Тыңдаушылардың қажетті іс-әрекет түрлері мен орындалған жұмыстың сапасын бағалау критерийлері 3-қосымша «Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда» берілген.
25. Осы Бағдарламаның 4-қосымшасына сәйкес өзін-өзі танудың пәндік бағдарламасын әзірлеудің негізі спиральды оқыту болып табылады.
26. Спиральды білім беру бағдарламасын әзірлеу осы Бағдарламаның 5-қосымшасы «Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасына» сәйкес сыныптан сыныпқа өту шамасы бойынша пәндік бағдарламаларды оқытудың мақсатының жиынтығынан айқын көрінеді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
Оқу жоспары
№ |
Бөлімдердің атаулары |
Сағат саны |
|||
Барлығы |
Дәріс |
Семинар |
Практикалық сабақтар |
||
I |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
24 |
12 |
12 |
|
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері |
16 |
8 |
8 |
|
III |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
32 |
8 |
8 |
16 |
Барлығы: |
72 |
28 |
28 |
16 |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 2-қосымша
Педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсының
оқу-тақырыптық жоспары
рет № |
Тақырып |
Сағат саны |
Дәріс |
Семинар |
Практикалық сабақтар |
Аты-жөні |
I |
«Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері- 24 сағат |
|||||
1 |
Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы туралы |
4 |
2 |
2 |
||
2 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері |
4 |
2 |
2 |
||
3 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері |
4 |
2 |
2 |
||
4 |
Қазіргі білім кеңістігіндегі ізгілікке жаңа бағыттар |
4 |
2 |
2 |
||
5 |
«Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясы |
4 |
2 |
2 |
||
6 |
Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі |
2 |
1 |
1 |
||
7 |
Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері |
2 |
1 |
1 |
||
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері – 16 сағат |
|||||
1 |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері. Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде. |
4 |
2 |
2 |
||
2 |
Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізгі қағидаты. |
4 |
2 |
2 |
||
3 |
Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде. Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері. |
4 |
2 |
2 |
||
4 |
Ішкі тыныштық пен қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі. |
4 |
2 |
2 |
||
III |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі – 32 сағат |
|||||
1 |
«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық және әдістемелік аспектілері. Мастер-класс. |
4 |
2 |
2 |
16 |
|
2 |
Өзін-өзі тану сабақтарында ән айту және музыка. |
4 |
2 |
2 |
||
3 |
Әңгімелеу (өсиет - әңгіме) әдісі – оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үдерісіне тартудың тәсілі ретінде. |
4 |
2 |
2 |
||
4 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын сабақтан тыс әрекет арқылы жүзеге асыру. |
2 |
1 |
1 |
||
5 |
Ата-аналармен байланыс – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты. |
2 |
1 |
1 |
||
6 |
Өзін-өзі тану ашық сабағын талдау |
4 |
4 |
|||
7 |
Өзін-өзі тану сабағы бойынша тыңдаушылардың презентациясы. |
12 |
12 |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 3-қосымша
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру
№ |
Тапсырма |
Бағалау критерийлері |
1 модуль |
||
1. |
Педагог-гуманист Ш.А. Амонашвилидің еңбектерінің біріне пікір. |
Көлемі – 1 баспа беттен кем емес |
2. |
Мына тақырыптар бойынша эссе: |
Көлемі – 1 баспа беттен кем емес |
2 модуль |
||
1. |
Жалпыадамзаттық құндылықтардың пәнге интеграциясынан мысалдар. |
Интеграцияға кем дегенде 5 мысалдың болуы |
2. |
Шағын жоба (әзірлеме) «Жалпыадамзаттық құндылықтардың сабақтан тыс әрекетке интеграциясы» |
Шағын жобада (әзірлемеде) оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған әрекетінің бейнеленуі |
3 модуль |
||
1. |
Жалпы білім беретін мектеп базасында тәжірибелі мұғалім өткізген өзін-өзі тану бойынша ашық сабақты талдау |
Тыңдаушылардың міндеті – сабақты келесі өлшемдер тұрғысынан талдау: |
2. |
Тыңдаушының «Өзін-өзі тану» сабағын даярлауы. |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 4-қосымша
Джером Брунердің спиральды оқыту моделі
Оқыту кезеңдері |
Түйінді ерекшеліктері |
Спиральды оқытудың артықшылықтары |
1) белсенді (жұмыс үдерісінде оқыту); |
1) бүкіл оқыту барысында оқушы тақырыпты бірнеше рет қайта қарайды; |
1) оқушы тақырыпты қайталаған кезде ақпарат үнемі қайталанады және еске сақталынады; |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 5-қосымша
Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы
Пән мазмұнының логикалық құрылымы |
Өзін-өзі тану пәні мазмұнының логикалық құрылымы негіздемесінің нақты сипаттамасы: жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі; өзіне, басқаларға, әлемге, адамзатқа қатысты көрінетін тұлғаның негізгі қасиеттері; адамзаттың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесінің құрамдас компоненттері – әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім/ғылым. |
Бастауыш мектеп |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бастауыш мектепке арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. «Ғасырлар даналығы» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. Коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды тек отбасында емес, сондай-ақ сыныпта және мектепте дамыту «Тату отбасы» бөлімін ашудың негізгі идеясы ретінде. «Адам болу» бөлімінің басты мақсаты – баланың адамгершілік құндылық бағдарларын қабылдау дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызу. Кіші мектеп оқушыларының бойында қоршаған ортамен адамгершілік қатынас құру тәжірибесін қалыптастыруға бағдар «Бұл әлем қандай тамаша!» бөлімінің мазмұнында. |
Негізгі орта білім |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес негізгі орта білімге арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. Ойдың, сөздің және істің бірлігі «Рухани ұстаздар өмірінің шабыттандырушы мысалы» бөлімін ашудың негізгі идеясы ретінде. «Мектеп – менің отбасым» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. «Адам болу» бөлімінің басты мақсаты – өзін-өзі тану және өзін-өзі кемелдендіру қажеттіліктерін дамыту. Адам тегіне тиесілілік және жер бетіндегі болып жатқанның барлығына жауапкершілік сезіну – «Адамзат әлемі» бөлімі мазмұнының негізі. |
Жалпы орта білім |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жалпы орта білімге арналған пәннің негізгі базалық мазмұны өрістелетін бөлімдердің білімі. Өзін-өзі тану мазмұнының сабақтастық қағидасы. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
3-қосымша
«Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу
практикасы» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру
курстарының білім беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу практикасы» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы қызметкерлерінің, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұзақ мерзімді курстарынан өткендігі жөніндегі сертификатқа ие жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты өзінің үлгі-өнегесімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын мұғалім тұлғасын қайта өзгерту, оның рухани-адамгершілік пікірлерін, жағымды ойлауын, ойдың, сөздің және істің бірлігін дамыту болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты: «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқытуға және ынтымақтастыққа дайын рухани-адамгершілік саналылықтың және теориялық-практикалық дайындықтың жоғары деңгейіне ие тәжірибелі тренерлерді дайындау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) үш модуль контексінде «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының теориялық негіздерін тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету;
2) қазіргі мектеп жағдайында «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын практикада табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар тыңдаушылардың бойында келесі дағдыларды қалыптастыру:
Бағдарлама негіздеріне мұғалімдерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
сабақтан тыс іс-әрекеттерде, жалпы білім беретін циклдағы басқа пәндерге және ата-аналармен жұмыста өзін-өзі танумен интеграциялау мәселелерінде пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне әдістемелік қолдау көрсету;
жеке және кәсіби өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесіне талдау жасау;
«Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеяларын практикада жүзеге асыру үдерісінде мұғалімдер мен оқушыларда болған өзгерістерді бақылау және талдау жасау.
3) тыңдаушыларды мұғалімдердің рухани-адамгершілік білім беру қауымдастығын ұйымдастыруға дайындау.
7. Оқыту нәтижелері:
Оқытудың нәтижелігіне қол жеткізудің қағидалары:
1) тыңдаушының «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін терең түсінуі және тәжірибеде жүзеге асыру іскерлігі.
2) жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және өз ісімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу.
3) тыңдаушылардың курс аяқталған соң әріптестерін, басқа да тыңдаушыларды «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негіздеріне төмендегі іс-әрекеттердің көмегімен оқыту қабілеттілігі:
интерактивті дәрістер, семинарлар, талқылаулар, дөңгелек үстелдер өткізу;
мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
жеке әңгімелесу және жеке кеңес беру.
4) мектептерде рухани-адамгершілік білім беруді келесі әрекеттердің көмегімен жандандыруға атсалысу:
«Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының тыңдаушыларына өзін-өзі танумен интеграциялау мәселелерінде сабақтан тыс іс-әрекеттерде, жалпы білім беретін циклдағы басқа пәндерде және ата-аналармен жұмыста қолдау көрсету;
ойы, сөзі және ісі бірлікте өмір сүретін шынайы көшбасшының рөлін атқару;
әріптестерімен тілектестік кәсіби қатынас орнату;
жалпымектептік тәрбие жұмыстарының аясында оқушылармен және мұғалімдермен рухани-адамгершілік мазмұнда іс-шаралар мен қайырымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу;
рухани-адамгершілік білім беру мұғалімдерінің қауымдастығын құру.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу (4-6 адамнан тұратын шағын топтарда мәселелер талқылау), тыңдаушылардың өзіндік жұмысы, консультациялар, сабақтарға қатысу және талдау, сабақтар және оқушылармен оқудан тыс іс-әрекет өткізу, Бағдарламаның түйінді идеялары аясында ата-аналар жиналысын және мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне семинар өткізу.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оқылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша меңгерілген білімдердің тереңдігін анықтау үшін бірінші және екінші модульдер бойынша презентацияларды бағалау критерийлері айқындалған:
1) Бағдарламаның оқытылатын модулінің тұжырымдамалық негізін түсінуі;
2) модульдің теориялық негізін білу және ұсынылған әдебиеттермен танысуы;
3) презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап бере білуі;
4) академиялық талаптарға сәйкес сауатты, нақты және аргументті баяндауы;
5) тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалды деңгейі, жалпы тұлғалық мәдениеті, әріптестерімен қарым-қатынасында және киіну стилінде этикалық нормаларды сақтауы;
6) сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтар әзірлеу кезінде іскерлік стилін сақтауы (алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).
13. Бұл курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның әрбір модулі бойынша үш жеке презентацияларын қорғауы негізінде жүзеге асырылады. Презентациялар топта (4-6 адам) қорғалады және үш балдық жүйе бойынша топпен және куратормен бағаланады.
14. Қорытынды бағалау портфолионы, портфолио мазмұны бойынша презентацияларды бағалауды, біліктілік емтиханының нәтижелерін қамтиды.
15. Портфолионы бағалау критерийлері:
1) мектеп бағдарламасындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін түсіну және ой елегінен өткізу;
2) оқушылар мен мұғалімдерді өзінің мысалдарымен шабыттандыратын, шынайы көшбасшы әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
3) мектеп практикасында әріптестерін оқыту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру;
4) өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау және оқушылар мен мұғалімдерде болып жатқан өзгерістерді талдау мен бақылауды жүзеге асыру және де олардың зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрініс табуы;
5) жалпыадамзаттық құндылықтар практикасындағы жеке тәжірибені және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізу және талдау бойынша курстық жұмыс жасау.
4. Пәнге шолу
16. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
17. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидаты тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
18. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
19. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
20. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
Осы Бағдарлама құрылымы бойынша құрамдас болып табылады және оқу-әдістемелік материалдар кешені мен білімдік онлайн-платформадан тұрады.
21. Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – үш ай, үш кезеңге құрылымданған:
1) Бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта) Бағдарламаның түйінді идеяларына және олардың мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасайды.
2) Екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; алты апта).
3) Үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).
22. Бірінші кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау міндеттеледі:
әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады.
тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау.
мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.
23. Екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; 5-10 апталар).
24. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде Бағдарламаның негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1) бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану;
2) екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау. 3-қосымшаға сәйкес тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезеңінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.
25. Үшінші «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; 11-12 апталар) кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асыратын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.
«Сыныптың тұтас педагогикалық
процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» курсының
ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы»
педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Оқу жоспары
№ |
Тараулардың атаулары |
Сағат саны |
|||
барлығы |
дәріс |
семинар |
практикалық сабақтар |
||
I |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері. |
48 |
24 |
8 |
16 |
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері. |
48 |
24 |
8 |
16 |
III |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі. |
64 |
16 |
24 |
24 |
Барлығы: |
160 |
64 |
40 |
56 |
«Сыныптың тұтас педагогикалық
процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» курсының
ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы»
педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдар-ламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
|||
1 |
Лекция. |
Ғаламдық заманауи проблемаларды топтарда талқылау және оларды шешудің жолдары. Әр топ дағдарыстың бір түрінен қойылым және рухани-адамгершілік білім берудің көмегімен одан шығудың жолдарын көрсетеді. Білімдік сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігін топтарда талқылау. |
4 |
Лекция. |
Адамзаттың ұлы ұстаздарының өмірі мен ілімін нелер біріктіретінін топтарда талқылау. (Сократ, Аристотель, Конфуций, ЛаоЦзы, М.Монтень, Р.Декарт, Э.Кант). |
4 |
|
2 |
Лекция. |
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидаттары мен оны оқытудың шарттарын топтарда талқылау. Сананың құрылымын, қабылданған ақпараттың бағасын және сананы тазартудың тәсілдерін топтарда талқылау. Сананы тазартудың қажеттілігін негіздеу және түйсіну. |
4 |
Лекция. |
Заманауи философия, психология және педагогикадағы рухани гуманизм идеяларын топтарда талқылау. Адамның тұлғалық құрылымын және ақылдың табиғатын топтарда талқылау. Педагогиканың үш типін және мұғалімнің үш стилін бейнелейтін қойылымдарды топтарда көрсету. |
4 |
|
3 |
Лекция. |
Өзін-өзі тану мен басқа пәндерді қалай интеграциялауға болады? Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Топтарда интеграцияны талқылау. Ғалымдардың нейрофизиологиядан, биологиядан, химиядан, физикадан жаңа ашылуларын және ұлы ғалымдардың өмірлерінен мысалдарды топтарда талқылау. Топтардағы шығармашылық жұмыс: әрбір топ жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық цикл пәндерінен интеграциялауға өз мысалдарын келтіреді. |
4 |
Лекция. |
Сұрақтарды топтарда талқылау: Рухани-адамгершілік білім беруді сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы қалай жүзеге асыруға болады? Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Қайырымдылық акциялары ережелерін және мұғалімнің шабыттандыратын мысалдарының маңызды-лығын топтарда талқылау. Топтардағы шығармашылық іс-әрекеттер: Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қойылымдар. |
4 |
|
4 |
Практикалық сабақ. |
1 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс. Бірінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Бірінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |

Екінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы. |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Семинар. Бағдарламаның бірінші модуль материалдары бойынша тыңдаушылар презентациясы |
1модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың топтағы жеке презентациясы. PowerPoint форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 мин., талқылау 10-15 мин). Топтық талқылаужәнесөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері |
|||
2 |
Лекция. |
Тұлғаның құндылық иерархиясы. Абсолют жалпыадамзаттық құндылықтар. Білім мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды кіргізудің маңызы мен топтарда сұрақтарды талқылаудың тәсілдері мәселелерін топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Жалпыадамзаттық құндылықтар және сананың құрылымы. Топтарда сұрақтарды талқылау: Абсолют ақиқат пен салыстырмалы ақиқаттың айырмашылығы неде? Шындықтың мәні туралы әңгіме. Топтардағы шығармашылық жұмыс «Нағыз шындық – бұл ар-ұждан» тақырыбына өлең немесе ән шығару. |
4 |
Лекция. |
Сүйіспеншіліктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан топтарда талқылау. Сүйіспеншіліктің түрлері туралы қойылымдар көрсету. Сүйіспеншілік энергиясы және сүйіспеншілік энергиясы жолындағы кедергілер туралы әңгіме. Сүйіспеншілікпен сабақ өткізу дегеннің не екендігі туралы сұрақты топта талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Сүйіспеншілікке толы өмірден мысалдар келтіру. |
4 |
|
3 |
Лекция. |
Дұрыс әрекетке оқыту үдерісіндегі білімділік мақсаттары мен, Дұрыс әрекетке тән қасиеттерді топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Күнделікті өмірдегі дұрыс әрекет практикасын топтарда талқылау. «Қалаулар шегінің» төрт қағидатын және әрбір қағидат бойынша практикалық тапсырмалардың орындалуын топтарда талқылау. |
4 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Тыныштық деген не? Тыныштықтың ақылмен байланысы қандай? Ақыл дегеніміз не? Мен күнделікті өмірде ақылмен қалай жұмыс жасай аламын? Топта тыныштық туралы өлең жазу. Қиянат жасамаудың ерекшеліктерінің сипатын және күнделікті өмірдегі қиянат жасамау практикасын топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. «Өзіңе қатысты қиянат жасамау» тақырыбында топтарда қойылым көрсету және талқылау. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Мұғалім мамандығы кәсіп пе, әлде шығармашылық па? Ал Сіз су ағатын құбырда флейтада ноктюрн ойнай алар ма едіңіз? Мұғалімдерге арналған ережелерді және мұғалімнің өміріндегі жағымды көңіл күйге келудің маңыздылығын топтарда талқылау. Мұғалімдердің құрбандығы туралы мысалдары. «Мұғалім» тақырыбына топтарда плакаттар безендіру. |
4 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Шынайы көшбасшы – ол кім? Шынайы көшбасшының қасиеттері қандай? Неліктен риясыздық – шынайы көшбасшының негізі? Шығармашылық топтық жұмыс: «Шынайы көшбасшының қылығы» тақырыбында өмірден алынған қойылым көрсету. |
4 |
|
Практикалық сабақ. |
2 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс, екінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Екінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
|
Үшінші апта |

Семинар. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдау-шылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 мин., талқылау 10-15 мин). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
|||
3 |
Лекция. |
Жалпыадамзаттық құндылықтар мен оның қасиеттеріне сәйкес өзін - өзі тану сабағының құрылымын, сабақты жоспарлаудың негізін, сабақтың мақсаты мен міндеттерін құра білуін топтарда талқылау. Өзін-өзі тану сабағын жопарлау мен өткізуден тәжірибе алмасу. Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күйдің маңызы мен дәйексөздермен жұмыстың түрлерін топтарда талдау. Өзін-өзі талдау рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы тұрғысынан мектептердің мониторингісі. |
4 |
Лекция. |
Музыканың адам өміріндегі мәнін және сабақтарда музыка жүргізудің әдістерін топтарда талқылау. Сабақтарға музыканы енгізудің шабыттандыратын тәжірибесін әріптестермен алмасу. Өзін-өзі тану сабақтарындағы шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің мәнін топтарда талқылау. Шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің мәнін топтарда талқылау. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Оқытудың диалогтық әдісін, оқиға айту өнерін топтарда талқылау. Оқиға айтудың шабыттандыратын тәжірибесімен және терең рухани-адамгершілік әңгіме жүргізу тәжірибесімен әріптестерімен алмасу. |
4 |
5 |
Лекция. |
Бала тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлін рухани мәдениеттің тірегі ретіндегі ананың рөлін, әділеттілік пен тәртіптің сенімді қорғаушысы ретіндегі әкенің рөлін топтарда талқылау. Рухани-адамгершілік білім беру тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізудің өнегелі тәжірибелерімен топтарда алмасу. «Ынтымақтастықта тәрбиелеу. Жақсы отбасының қасиеттері» тақырыптарында қойылымдар көрсету. |
4 |
Практикалық сабақ. |
3 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпылау сипатындағы кері байланыс. Үшінші модул бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Үшінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
|
Төртінші апта |

Өзіндік жұмыстардың қорытындысы бойынша жалпылама сипаттағы кері байланыс. |
8 |
3 |
Семинар. |
Тыңдаушылардың өз портфолиоларын жеке презентациясы (әрбір тыңдаушыға бір академиялық сағаттан). |

Квалификациялық емтихан тапсыру |
8 |
«Сыныптың тұтас педагогикалық
процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» курсының
ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы»
педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
3-қосымша
Өзіндік тапсырмаларды бағалау критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критериі |
1 |
Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану арқылы екі өзін-өзі тану сабақтарын және екі интеграцияланған сабақтардың (бір сабақ гуманитарлық цикл бойынша, бірі жаратылыстану ғылымдары циклынан) жоспарлау және өткізу. |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
2 |
Бағдарламаның үш модулі бойынша бір сыныптың мұғалімдері үшін екі лекция жоспарлау және өткізу. |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдермен жұмысты терең түсіну. |
3 |
Сыныппен оқудан тыс іс-әрекеттерді жоспарлау және өткізу. |
Жобада оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған және т.с.с іс-әрекеттерінің көрініс табуы. |
4 |
Ата-аналардың жиналысын жоспарлау және өткізу. |
Бағдарламаның түйінді идеяларыаспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі. |
5 |
Зерттеуші-мұғалімнің күнделік жүргізуі. |
Зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрсетіледі: |
6 |
Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірінің адамгершілікті жеке өмірі туралы және оның бір шығармасын оқып талдау барысында алған әсері бойынша эссе. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
7 |
Гуманист-педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі бойынша пікір. |

«Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы мақала. |

9 |
Мектеп пәндеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялаудың мысалдары. |
5 мысалдан кем емес интеграцияның болуы. |
10 |
Жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісінде өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізуі және жеке тәжірибесіне талдау жасауы бойынша курстық жұмыс жазу. |
Өзін-өзі танудың метапәндік рөлін түсінудің рухани-адамгершілік тереңдігі. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
4-қосымша
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» жалпы білім беретін мектеп педагогтарына арналған оқыту курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада жалпы білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты өзінің үлгі-өнегесімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын мұғалім тұлғасын қайта өзгерту, оның рухани-адамгершілік пікірлерін, жағымды ойлауын, ойдың, сөздің және істің бірлігін дамыту болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты:
Педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыда өзгертуге, оның ішкі әлеуетінің ашылуына, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) Бағдарламаның теориялық негіздерін үш модуль аясында тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету:
педагогтердің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы мазмұнының әдіснамалық негіздерін меңгеруі;
өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесін меңгеруі;
жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірдің және кәсіби іс-әрекеттің тұлғалық мәні ретінде ұғынуы.
2) Бағдарламаның тұжырымдамалық идеяларын қазіргі таңдағы сабақ жағдайында тәжірибелік жүзеге асыруды, сондай-ақ, мұғалімдердің бойында келесі дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету:
өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу;
жеке және кәсіби өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеге ендіру кезінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесін талдау;
Бағдарламаның түйінді идеяларының аясында ата-аналар жиналысын өткізу;
Бағдарламаның түйінді идеялары аясында сабақтан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу;
рухани-адамгершілік білім аясында тарихи-философиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу.
3) Мұғалімдерді рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімдер қауымдастығына белсенді қатысуға дайындау.
7. Оқыту нәтижелері:
1) Бағдарламаның негізін құрайтын үш модуль аясында мұғалімнің тұжырымдамалық түсінік негіздері мен тәжірибелік дағдыларының қалыптасуы;
2) мұғалімнің бойында жағымды ойлау дағдыларының, өзін-өзі кемелдендіру қабілетінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға деген талпынысының болуы;
3) мұғалімнің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін меңгеруі;
4) мұғалімнің Бағдарлама идеяларын оқушылармен және ата-аналармен жұмыста интеграциялауға дайындығы.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады.
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу (4-6 адамнан тұратын шағын топтарда мәселелер талқылау), тыңдаушылардың өзіндік жұмысы, консультациялар, сабақтарға қатысу және талдау, сабақтар және оқушылармен оқудан тыс іс-әрекет өткізу, Бағдарламаның түйінді идеялары аясында ата-аналар жиналысын және мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне семинар өткізу.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады. Әрбір модульдің соңында тыңдаушылар оқылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша меңгерілген білімдердің тереңдігін анықтау үшін бірінші және екінші модульдер бойынша презентацияларды бағалау критерийлері айқындалған:
1) Бағдарламаның оқытылатын модулінің тұжырымдамалық негізін түсінуі;
2) модульдің теориялық негізін білу және ұсынылған әдебиеттермен танысуы;
3) презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап бере білуі;
4) академиялық талаптарға сәйкес сауатты, нақты және аргументті баяндауы;
5) тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалды деңгейі, жалпы тұлғалық мәдениеті, әріптестерімен қарым-қатынасында және киіну стилінде этикалық нормаларды сақтауы;
6) сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтар әзірлеу кезінде іскерлік стилін сақтауы (алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).
13. Бұл курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның әрбір модулі бойынша үш жеке презентацияларын қорғауы негізінде жүзеге асырылады. Презентациялар топта (4-6 адам) қорғалады және үш балдық жүйе бойынша топпен және куратормен бағаланады.
14. Қорытынды бағалау портфолионы, портфолио мазмұны бойынша презентацияларды бағалауды, біліктілік емтиханының нәтижелерін қамтиды.
15. Портфолионы бағалау критерийлері:
мектеп бағдарламасындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін түсіну және ой елегінен өткізу;
оқушылар мен мұғалімдерді өзінің мысалдарымен шабыттандыратын, шынайы көшбасшы әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
мектеп практикасында әріптестерін оқыту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру;
өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау және оқушылар мен мұғалімдерде болып жатқан өзгерістерді талдау мен бақылауды жүзеге асыру және де олардың зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрініс табуы;
жалпыадамзаттық құндылықтар практикасындағы жеке тәжірибені және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізу және талдау бойынша курстық жұмыс рәсімдеу.
4. Пәнге шолу
16. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
17. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді;
18. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
19. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
20. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
21. Осы Бағдарлама құрылымы бойынша құрамдас болып табылады және оқу-әдістемелік материалдар кешені мен білімдік онлайн-платформадан тұрады.
22. Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – үш ай, үш кезеңге құрылымданған:
1) бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта) Бағдарламаның түйінді идеяларына және олардың мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасайды;
2) екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; алты апта);
3) үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).
23. Бірінші кезеңде тыңдаушыларға әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау міндеттеледі, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады.
24. Бағдарламаның негізгі материалы тиісті сабақтарды зерделенетін үш модульге бөлінген. Осы модульдердің негізіне салынған идеялар өзара байланысты және өзара негізделген, сабақтарда қолданылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілімдемелер көптеген түрлі тақырыптардың идеяларын топтастырады.
25. Бағдарламаның үш модулі:
1) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
2) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының аксиологиялық негіздері;
3) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.
26. Тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде 3-қосымша «3 модуль бойынша тапсырмаларды бағалау критерийлеріне» сәйкес жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау.
27. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.
28. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңі (асинхронды оқыту; 5-10 апталар).
29. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде Бағдарламаның негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1) бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану;
2) екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау. 4-қосымша «Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінің тапсырмаларын бағалау критерийлеріне» сәйкес тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезеңінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.
30. Үшінші «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; 11-12 апталар) кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асыратын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілшік
білім беру бойынша «Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
Оқу жоспары
Бірінші кезең «Жүректен жүреккке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Үшінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Төртінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Барлығы айына 160 аудиториялық сағат (1 сағат – 45 мин.) |
||
«Құндылықтар практикасы» |
||
Бірінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Екінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Үшінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Төртінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Бесінше апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Алтыншы апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Барлығы: 180 онлайн-сағат. (1 сағат – 45 минут) |
||
«Жүректен жүреккке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Барлығы: 80 онлайн-сағат. (1 сағат – 45 минут) |
||
Барлығы: 240 аудиториялық сағат, 180 онлайн-сағат (1 сағат – 45 минут) |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілшік
білім беру бойынша «Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші кезең «Жүректен жүреккке» (4 апта) |
|||
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
«Бөбек» ҰҒПББСО қызметімен таныстыру. Тыңдаушыларды бір-бірімен таныстыру, командаларды топтастыру ойындары. Оқытудың табыстылығына ықпал ететін жағымды психологиялық ахуал туғызу. Бағдарламаға кіріспе, бағдарламаның басымдылықтары мен курсты өткізудің ережелері туралы көкейтесті ақпараттарға шолу. Кіріс сауалнамасын толтыру. |
8 |
2 |
Лекция. Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдылығы туралы |
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Адамзаттың жалпығаламшарлық бірлігі. Дағдарыстардың түрлері. Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудің жолдары. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани-адамгершілік сипаты. Білім беру саласын руханилық, ізгілік және гуманитарландыру жағына жаңартудың, тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытудың жүйелерін табудың қажеттілігі. |
4 |
Лекция. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері |
Әлемдік тарихи ретроспективадағы рухани-адамгершілік білім. Адамзаттың ұлы ұстаздарының өмірі мен ілімі (Сократ, Аристотель, Конфуций, ЛаоЦзы, М.Монтень, Р.Декарт, Э.Кант және тағы басқалар). Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім (әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин және тағы басқалар). Адамзаттың тарихи мұрасы ретіндегі барлық діндердің бірлігі. Адамзаттың рухани ұстаздарының барлығын біріктіретін жалпы ортақ нәрсені айқындайтын қорытындылар. Топпен жұмыс: «Ш.Құдайбердіұлына хат жазамыз». |
4 |
|
3 |
Лекция. |
Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы (Парменид, Гераклит, Сократ, Платон, Демокрит, әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев, Д.И.Менделеев, К.Д.Ушинский, Я.Корчак, К.Г.Юнг, К.Р.Роджерс, А.Маслоу, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амона-швили). «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының қағидаттары. Сана арқылы оқыту. Сананың құрылымы туралы. Қабылданатын ақпаратты бағалау. Сананы тазарту. Шығармашылық әрекет («Жалғыз адам не істей алады?» ойыны). «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың шарттары. |
4 |
Лекция. |
Заманауи философиядағы рухани-адамгершілік білімге жаңа көзқарастар (А. Н.Нысанбаев, Г.Г.Соловьева, А.Г.Косиченко). Психологиядағы рухани-адамгершілік білімге жаңа көзқарастар (К.Г.Юнг, К.Роджерс, А. Маслоу, К.Уилбер және тағы басқалар). Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Педагогиканың үш типі. Мұғалімнің үш стилі. Ш.А.Амонашвили педагогикасындағы рухани ізгілік. Ізгілік педагогикасының Манифесі. «Жердегі жұлдызшалар» («Звездочки на земле») фильмінен үзінді көрсету. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Білімнің екі қанаты: сыртқы білім және ішкі білім. Ш.А.Амонашвили жанды, біртұтас білім туралы. Ғылымның жаңа постклассикалық емес философиясы. Нейрофизиология, биология, химия, физикадағы жаңа ашылулар. Сыртқы және ішкі интеграция. Интеграциялаудың жолдары. Ұлы ғалымдардың өмірлерінен мысалдар (И.Ньютон, Ч.Дарвин, М.Фарадей, А.Эйнштейн және басқалар). Гуманитарлық және жаратылыстану циклы пәндерімен интеграциялау мысалдары. Сумен тәжірибе көрсету. |
4 |
Лекция. |
Сағаттан тыс іс-әрекеттердің түрлері (спорт, драма үйірмесі, қызығушылығы бойынша клубтар, қайырымдылық акциялары, ақындар бұрышы, саяхаттар, спорт, ғылым күндері, пікірталас алаңдары және тағы басқалар). Сабақтан тыс іс-әрекеттегі мұғалімнің шабыттандыратын мысалдары. Қайырымдылық акцияларын жүргізудің ережелері. Драма үйірмесіндегі қойылымдар үлгісі. Шығармашылық іс-әрекеттер (рөлдік ойын «Істеріміз сөзімізге сәйкес болуы тиіс пе?») Топтық іс-әрекеттер (жалпыадамзаттық құндылықтар тақырыбына қойылымдар). Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде сабақтан тыс іс-әрекеттер жобасы. |
4 |
|
5 |
Практикалық сабақ. |
1 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс. Бірінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Бірінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
Екінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Практикалық сабақ. |
1модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
1модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері |
|||
3 |
Лекция. |
Тұлға құндылықтарының иерархиясы. Құндылықтардың тұлғалық жүйесі. Тұлға құндылықтары жүйесінің жіктелуі (Власова Т.И., Толстова О.С., Петракова Т.И.). Жалпыадамзаттық абсолют құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау – ізгіліктілік көрінісіне жол. Жалпыадамзаттық құндылықтардың білім мазмұнына енгізілуі (А.Джумсаи Ш.А.Амонашвили, Д.М.Маллаев, С.А.Назарбаева және тағы басқалар). Жалпыадамзаттық құндылықтар және сананың құрылымы. Барлық болмыстың бастапқы табиғаты жөніндегі білім (Мәшһүр Жүсіп Көпей және тағы басқалар). Шындықтың мәні туралы (П.П.Гаряев). Абсолют және салыстырмалы ақиқат. Шығармашылық іс-әрекет (көзді жұмып затты тану). Нағыз шындық – бұл ар-ұждан. |
4 |
Лекция. |
Сүйіспеншіліктің түрлері. Сүйіспеншілік мәңгі-лік жалпыадамзаттық құндылық ретінде. Таза, риясыз Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік энергиясы. Физиктер сүйіспеншілік энергиясы жөнінде не айтады? Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер. Педагогикадағы сүйіспеншілік (Я.А.Коменский, Н.Толстой, В.А.Сухомлинский). «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікке толы өмірден мысалдар (Тереза ана, М.Ганди, Рейчел, Н.Вуйчич). Шығармашылық іс-әрекеттер: «Сүйіспеншілік энергиясын беру», «Ризашылық кристалы». |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Дұрыс әрекет – жалпыадамзаттық құндылық ретінде (Пифагор, Л.Н.Толстой, Махатма Ганди, Бауыржан Момышұлы, Индира Ганди). Дұрыс әрекетке оқытудағы білім беру үдерісінің мақсаттары. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер. Парыз және ар-ұждан. Шығармашылық іс-әрекет (жақыныңа жәрдемдес). Әйел қағидаты туралы (әйел парызы). Болып жатқанға қарсыласпау, жазғырмау, байланып қалмау – адамгершілікті өмірдің үш қыры. Күнделікті өмірдегі дұрыс әрекет тәжірибесі. |
4 |
Лекция. |
Ішкі тыныштықтың мәні. Ақыл мен парасаттың (интеллект) табиғаты. Адамның жоғарғы рухани табиғаты тыныштық көзі ретінде. Ішкі тыныштыққа жету тәсілдері. Ойлану және ажырату. Даналық маржандары. |
4 |
|
5 |
Лекция. |
Ата-аналар мен мұғалімдер еліктеудің үлгісі ретінде (Ш.Құдайбердиев). Оқушы – лаулататын алау. Мұғалім мамандығы – кәсіп пе, әлде шығармашылық па? Шығармашылық тапсырма: (Мен оқушыларға не бере аламын?) Януш Корчак – мамандықтағы құрбандық мысалы. Мұғалім-дердің үш типі. Мұғалімдерге арналған Ереже. Оқушыларға ақпарат жеткізудің тиімділігі. Мұғалім өміріндегі жағымды күйге келудің маңыздылығы туралы. |
4 |
Лекция. |
Қазіргі әлемде көшбасшылықтың өзектілігі. Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы (Лао Цзы, Ж.Баласағұни). Ұлы және шынайы көшбасшылар мен қарапайым ұлы көшбасшылардың арасындағы айырмашылық. Амбициялары қозғау салатын көшбасшылар мен идеялары қозғау салатын көшбасшылар арасындағы айырмашы-лық. Шынайы көшбасшылық тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының қосалқы нәтижесі ретінде. Риясыздық шынайы көшбасшылықтың негізі ретінде. Шынайы көшбасшының қасиеттері. Шынайы көшбасшылар мысалдары. |
4 |
|
Үшінші апта |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
2 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс, екінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Екінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушы-лардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 |
Практикалық сабақ. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушы-лардың жеке презентациясы. Power Point форма-тындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
|||
4 |
Лекция. |
Өзін-өзі тану пәнінің құрылымы. Сабақты жоспарлау негіздері. Сабақтың мақсаты мен міндеттері, олардың жалпыадамзаттық құндылықтар және оның қасиеттерімен байланысы. Өзін-өзі тануды оқытудың әдістеме-лік тәсілдері. Әдістемелік тәсілдерді қолдану тәртібі. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі. Сабақтағы жағымды көңіл-күйге келудің маңыздылығы. Жағымды көңіл-күйге келудің түрлері. Өзін-өзі тану сабағында дәйексөзбен жұмыс істеу. Сабақ дәйексөздерінің мысалдары. Өзін-өзі тану сабағы жоспарының үлгісі. Өзін-өзі тану сабағын талдаудың үлгісі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы тұрғысынан мектеп мониторингі. |
4 |
Лекция. |
Адам өміріндегі дыбыстар Музыканың өсімдіктерге әсері (Т.С.Н.Сингх,). Музыканың жануарларға әсері (Инайат Хан, Гамельн флейташысы туралы аңыз). Музыканың адамдар-ға әсері. Музыканың пайдалы қасиеттері. Музыка және оқыту (Д.Годвин). Сабақтарға музыканы кіргізу әдістері (музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету, музыка тыңдау, жағымды көңіл-күйге келуге арналған музыка). Шығармашылық іс-әрекет (музыканың түрлерін тыңдау). Хормен ән айту. Хормен ән айтудың пайдалы жақтары. Топтық іс-әрекет (сахналық қойылым көрсету, тестілеу, ойындар, топтық әңгіме және тағы басқалар). Шығармашылық жұмыс (әңгімеге иллюстрация, жағымды көңіл-күйге келуді көркем бейнелеу, суреттер арқылы құндылықтарды бейнелеу, өлең құрастыру және проза, жалпы топтық сурет). |
4 |
|
5 |
Лекция. |
Оқытудың диалогтық әдісі. Әңгіменің мақсаты. Классиктер әңгіме туралы (Сократ, әл-Фараби, М.Монтень, Ш.Құдайбердиев, В.А.Сухомлинский). Педагог кітапханасы. Әңгіме айту өнері. Әңгіме таңдау. Әңгімелердің дерек көздері. Шабыттандыратын әңгімелер мысалдары. Әңгіме айтуға қажет көрнекі құралдар. Әңгіменің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Әңгіме айтудың техникасы. Шығармашылық тапсырма (сюжетке қатысты сұрақтар құрастыру). Адамгершілік білімдерді меңгеру үдерісі кезіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті. |
4 |
Лекция. |
Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Отбасындағы балаларға қарым-қатынас типтері. Отбасындағы өзара қарым-қатынас түрлерінің әрқилылығы. Әйелдер – рухани мәдениет бастауы. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Ынтымақтастықта тәрбелеу. Жақсы отбасының қасиеттері. |
4 |
|
Төртінші апта |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
Жалпы білім беретін мектептердегі өзін-өзі тану сабақтарына қатысу. Тыңдаушылардың сабақты жекелей жан-жақты талдауы. Сабақты топпен талдау. Жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша сабақ серияларының тізбегін жоспарлау. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
3 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпылау сипатындағы кері байланыс. Үшінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Үшінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
3 |
Практикалық сабақ. |
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі бойынша тыңдаушылардың өзін-өзі тану сабағы жоспарының жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. Үш модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |

Бағдарламаның үш модулі бойынша оқытудың нәтижесін жалпылау сипатындағы кері байланыс. «Құндылықтар практикасы» кезеңі тапсырмаларын шолу, топтық талқылау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі тапсырмалары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
Екінші кезең «Құндылықтар практикасы» (6 апта) |
|||
Құндылықтар практикасына мыналар кіреді: |
|||
Үшінші кезең «Жүректен жүрекке» (2 апта) |
|||
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Ынтымақтастық ахуалын құру. |
Үшінші кезеңге кіріспе (аудиториялық оқыту) және «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңін талдау. Нақты мектеп практикасындағы Бағдарламаны жүзеге асыруды шабыттандыратын мысалдарды топтық талдау. |
8 |
2 |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебі бойынша жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
Мектепте жалпы-адамзаттық құндылық-тарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарын дайындау, өткізу және бағалау. Жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграция-лау арқылы оқушылармен сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
3 |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебі бойынша жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарын дайындау, өткізу және бағалау. Жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы оқушылармен сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |

Квалификациялық емтиханға дайындық. |
Квалификациялық емтихан тапсыруға жеке дайындық. Бағдарлама мазмұны бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
4 |
Квалификациялық емтихан |
Квалификациялық емтихан тапсыру. |
8 |
5 |
«Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі аралығындағы тыңдаушылардың практикалық іс-әрекеттерінің шығармашылық есебі. |
Оқушылардың орындауы арқылы (қойылым, поэтикалық композиция, әндер, суреттердің көрмесі, журналистік есептер, ұсақ-түйек бұйымдар және тағы басқалар) тыңдаушылардың шығармашылық есебін өткізу. «Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі аралығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқушылармен өткізген сабақтан тыс іс-әрекеттерінің нәтижелері тыңдаушылардың баяндауында көрініс табуы тиіс. |
4 |
Қорытынды шығару. Курстың жабылуы. Сертификат тапсыру. |
Базалық курстың қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдер өткізу. Проблемалық сұрақтарды шешу жолдарын белгілеу және жағымды тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі. Әріптестерімен және тренерімен кеңесу. |
4 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілшік
білім беру бойынша «Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 3-қосымша
3 модуль бойынша тапсырмаларды бағалау критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критерилері |
1 |
Жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілген практик-мұғалімнің өзін-өзі танудан ашық сабақтарын талдау. |
Тыңдаушылар міндеті – сабақты келесідей параметрлер тұрғысынан талдау: |
2. |
Тыңдаушылардың өзін-өзі тану сабағын әзірлеуі |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілшік
білім беру бойынша «Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 4-қосымша
Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінің тапсырмаларын бағалау
критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критерилері |
1 |
Бағдарламаның түйінді идеяларын жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша қолдану арқылы сабақтардың (бес сабақтан кем болмауы керек) серияларын тізбектеп жоспарлау және өткізу. |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
2 |
Жеке басындағы және кәсіби өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде өзінде байқалған өзгерістерді көрсететін жеке тәжірибесін талдау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу. |
Жалпыадамзаттық құндылықтар мәнінің рухани-адамгершілік тереңдігін түсінуі. |
3 |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналар жиналысының жоспарын жасау және өткізу. |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі. |
4 |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдер үшін мектептің әдістемелік бірлестігінің жоспарын жасау және семинарлар өткізу. |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдермен жұмысты терең түсіну. |
5 |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде сабақтан тыс іс-әрекеттер бойынша жобалар жасау және жүзеге асыру. |
Жобада оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған және т.с.с іс-әрекеттерінің көрініс табуы. |
6 |
Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірінің адамгершілікті өмірі туралы және оның бір шығармасын оқып талдау барысында алған әсері бойынша эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
7 |
Гуманист-педагог Ш.А.Амонашвилидің бір еңбегі бойынша пікір жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
8 |
«Мені шабыттандырады…», «Мен шабыттандырамын…» тақырыптарында эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
9 |
Жалпы білім беретін цикл пәндеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялаудың мысалдары. |
5 мысалдан кем емес интеграцияның болуы. |
10 |
«Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбына эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
5-қосымша
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша
«Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру
курстарының білім беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Сыныптың тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты мұғалім тұлғасын қайта өзгерту, оның рухани-адамгершілік пікірлерін, жағымды және ажырата ойлауын, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу және мұғалімдердің практикада «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру дайындығы болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты:
Жоғары рухани-адамгершілік түсінік және теориялық-практикалық даярлық деңгейіне ие, «Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасын жүзеге асыруға дайын тәжірибелі мұғалімдерді даярлау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) үш модуль контексінде «Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының теориялық негіздерін тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету;
2) қазіргі мектеп жағдайында «Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын практикада табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар тыңдаушылардың бойында келесі дағдыларды қалыптастыру:
Бағдарлама негіздеріне мұғалімдерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
сабақтан тыс іс-әрекеттерде, жалпы білім беретін циклдағы басқа пәндерге және ата-аналармен жұмыста өзін-өзі танумен интеграциялау мәселелерінде пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне әдістемелік қолдау көрсету;
жеке және кәсіби өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесіне талдау жасау;
«Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеяларын практикада жүзеге асыру үдерісінде мұғалімдер мен оқушыларда болған өзгерістерді бақылау және талдау жасау.
3) тыңдаушыларды мұғалімдердің рухани-адамгершілік білім беру қауымдастығын ұйымдастыруға дайындау.
7. Оқыту нәтижелері:
Оқытудың нәтижелігіне қол жеткізудің қағидаттары:
1) тыңдаушының «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін терең түсінуі және тәжірибеде жүзеге асыру іскерлігі;
2) жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және өз ісімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
3) тыңдаушылардың курс аяқталған соң әріптестерін, басқа да тыңдаушыларды «Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негіздеріне төмендегі іс-әрекеттердің көмегімен оқыту қабілеттілігі:
интерактивті дәрістер, семинарлар, талқылаулар, дөңгелек үстелдер өткізу;
мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
жеке әңгімелесу және жеке кеңес беру.
4) мектептерде рухани-адамгершілік білім беруді келесі әрекеттердің көмегімен жандандыруға атсалысу:
«Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының тыңдаушыларына өзін-өзі танумен интеграциялау мәселелерінде сабақтан тыс іс-әрекеттерде, жалпы білім беретін циклдағы басқа пәндерде және ата-аналармен жұмыста қолдау көрсету;
ойы, сөзі және ісі бірлікте өмір сүретін шынайы көшбасшының рөлін атқару;
әріптестерімен тілектестік кәсіби қатынас орнату;
жалпымектептік тәрбие жұмыстарының аясында оқушылармен және мұғалімдермен рухани-адамгершілік мазмұнда іс-шаралар мен қайырымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу;
рухани-адамгершілік білім беру мұғалімдерінің қауымдастығын құру.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу (4-6 адамнан тұратын шағын топтарда мәселелер талқылау), тыңдаушылардың өзіндік жұмысы, консультациялар, сабақтарға қатысу және талдау, сабақтар және оқушылармен оқудан тыс іс-әрекет өткізу, Бағдарламаның түйінді идеялары аясында ата-аналар жиналысын және мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне семинар өткізу.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оқылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша меңгерілген білімдердің тереңдігін анықтау үшін бірінші және екінші модульдер бойынша презентацияларды бағалау критерийлері айқындалған:
1) Бағдарламаның оқытылатын модулінің тұжырымдамалық негізін түсінуі;
2) модульдің теориялық негізін білу және ұсынылған әдебиеттермен танысуы;
3) презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап бере білуі;
4) академиялық талаптарға сәйкес сауатты, нақты және аргументті баяндауы;
5) тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалды деңгейі, жалпы тұлғалық мәдениеті, әріптестерімен қарым-қатынасында және киіну стилінде этикалық нормаларды сақтауы;
6) сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтар әзірлеу кезінде іскерлік стилін сақтауы (алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).
13. Бұл курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның әрбір модулі бойынша үш жеке презентацияларын қорғауы негізінде жүзеге асырылады. Презентациялар топта (4-6 адам) қорғалады және үш балдық жүйе бойынша топпен және куратормен бағаланады.
14. Қорытынды бағалау портфолионы, портфолио мазмұны бойынша презентацияларды бағалауды, біліктілік емтиханының нәтижелерін қамтиды.
15. Портфолионы бағалау критерийлері:
1) мектеп бағдарламасындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін түсіну және ой елегінен өткізу;
2) оқушылар мен мұғалімдерді өзінің мысалдарымен шабыттандыратын, шынайы көшбасшы әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
3) мектеп практикасында әріптестерін оқыту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру;
4) өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау және оқушылар мен мұғалімдерде болып жатқан өзгерістерді талдау мен бақылауды жүзеге асыру және де олардың зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрініс табуы;
5) жалпыадамзаттық құндылықтар практикасындағы жеке тәжірибені және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізу және талдау бойынша курстық жұмыс жасау.
4. Пәнге шолу
16. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
17. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
18. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
19. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
20. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
21. Осы Бағдарлама құрылымы бойынша құрамдас болып табылады және оқу-әдістемелік материалдар кешені мен білімдік онлайн-платформадан тұрады.
22. Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – үш ай, үш кезеңге құрылымданған:
1) бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта) Бағдарламаның түйінді идеяларына және олардың мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасайды.
2) екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; алты апта).
3) үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).
23. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінің тақырыптық мазмұны курстық даярлықтың басты міндетінің шешімі – әрбір тыңдаушыға өзінің мұғалім және адам ретіндегі парызын жаңаша ұғынуына көмектесуге сәйкес құрастырылған. Курстың мазмұны нені және қалай оқыту туралы ақпарат алуға ғана емес, ең алдымен мұғалім тұлғасының трансформациялануына немесе қайта өзгеруіне есептелген. Бұл мұғалімнің әрбір оқушы өзінің ішкі рухани-адамгершілік әлеуетін аша алатын оқу іс-әрекетіне жағдай жасау іскерлігін дамытуына мүмкіндік туғызады.
Бірінші кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау міндеттеледі:
1) әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады;
2) тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау;
3) мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.
24. «Құндылықтар практикасы» кезеңінде мұғалім бір сыныптың мұғалімдерін өзін-өзі тануды пәндермен интеграциялауға үйрету арқылы Бағдарлама идеяларын сол сыныптың тұтас оқу үдерісіне, оқудан тыс іс-әрекетке және ата-аналармен жұмысқа интеграциялау бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ, мұғалім Мұғалім-Зерттеуші күнделігін жүргізеді, оның мазмұнында келесі жайттар баяндалады: мұғалімнің дүниетанымындағы және жеке өміріндегі өзгерістер, оқытылатын топтағы мұғалімдердің дүниетанымындағы, жеке және кәсіби өміріндегі және эксперименттік сынып оқушыларының өміріндегі және мінезіндегі өзгерістер, сынып пен оқудағы ахуалдың өзгеруі. Осы күнделік мәліметтері негізінде курстық жұмыс жазылады. Осы кезеңдегі тапсырмаларды бағалау 3-қосымша «Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінің тапсырмаларын бағалау критерийлеріне» сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.
25. Үшінші «Жүректен жүрекке» кезеңі (дәрісханалық оқыту; 11-12 апталар) мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асыратын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді.
Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Сыныптың тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
Оқу жоспары
І кезең «Жүректен жүрекке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Үшінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Төртінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Барлығы айына 160 аудиториялық сағат (1 сағ. – 45 мин.) |
||
ІІ кезең «Құндылықтар аптасы» |
||
Бірінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Екінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Үшінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Төртінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Бесінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Алтыншы апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Барлығы: 180 онлайн-сағат. (1 сағат – 45 минут) |
||
Үшінші кезең «Жүректен жүреккке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Барлығы: 80 аудиториялық сағат. (1 сағат – 45 минут) |
||
Барлығы: 240 аудиториялық сағат, 180 онлайн-сағат (1 сағат – 45 мин.) |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Сыныптың тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші кезең «Жүректен жүреккке» (4 апта) |
|||
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдар-ламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қызметімен таныстыру. Тыңдаушыларды бір-бірімен таныстыру, командаларды топтастыру ойындары. Оқытудың табыстылығына ықпал ететін жағымды психологиялық ахуал туғызу. Бағдарламаға кіріспе, бағдарламаның басымдылықтары мен курсты өткізудің ережелері туралы көкейтесті ақпараттарға шолу. Кіріс сауалнамасын толтыру. |
8 |
2 |
Лекция. |
Ғаламдық заманауи проблемаларды топтарда талқылау және оларды шешудің жолдары. Әр топ дағдарыстың бір түрінен қойылым және рухани-адамгершілік білім берудің көмегімен одан шығудың жолдарын көрсетеді. Білімдік сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігін топтарда талқылау. |
4 |
Лекция. |
Адамзаттың ұлы ұстаздарының өмірі мен ілімін не біріктіретінін топтарда талқылау. (Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы, М.Монтень, Р.Декарт, Э.Кант). |
4 |
|
3 |
Лекция. |
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидаттары мен оны топтарда оқытудың шарттарын топтарда талқылау. Сананың құрылымын, қабылданған ақпараттың бағасын және сананы тазартудың тәсілдерін топтарда талқылау. Сананы тазартудың қажеттілігін негіздеу және түйсіну. |
4 |
Лекция. |
Заманауи философия, психология және педагогикадағы рухани гуманизм идеяларын топтарда талқылау. Адамның тұлғалық құрылымын және ақылдың табиғатын топтарда талқылау. Педагогиканың үш типін және мұғалімнің үш стилін бейнелейтін қойылымдарды топтарда көрсету. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Өзін-өзі тану мен басқа пәндерді қалай интеграциялауға болады? Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Топтарда интеграцияны талқы-лау. Ғалымдардың нейрофизиологиядан, биологиядан, химиядан, физикадан жаңа ашылуларын және ұлы ғалымдардың өмірлерінен мысалдарды топтарда талқылау. Топтардағы шығармашылық жұмыс: Әрбір топ жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық цикл пәндерінен интеграциялауға өз мысалдарын келтіреді. |
4 |
Лекция. |
Сұрақтарды топтарда талқылау: Рухани-адамгершілік білім беруді сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы қалай жүзеге асыруға болады? Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Қайырымдылық акциялары ережелерін және мұғалімнің шабыттандыратын мысалдарының маңызды-лығын топтарда талқылау. Топтардағы шығармашылық іс-әрекеттер: Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қойылымдар. |
4 |
|
5 |
Практикалық сабақ. |
1 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс. Бірінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Бірінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
Екінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Практикалық сабақ. |
1 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың топтағы жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
1 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут., талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері |
|||
3 |
Лекция. |
Тұлғаның құндылық иерархиясы. Абсолют жалпыадамзаттық құндылықтар. Білім мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды кіргізудің маңызы мен топтарда сұрақтарды талқылаудың тәсілдері мәселелерін топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Жалпыадамзаттық құндылықтар және сананың құрылымы. Топтарда сұрақтарды талқылау: Абсолют ақиқат пен салыстырмалы ақиқаттың айырмашылығы неде? Шындықтың мәні туралы әңгіме. Топтардағы шығармашылық жұмыс «Нағыз шындық – бұл ар-ұждан»тақырыбына өлең немесе ән шығару. |
4 |
Лекция. Сүйіспеншілік энергиясы. |
Сүйіспеншіліктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан топтарда талқылау. Сүйіспеншіліктің түрлері туралы қойылымдар көрсету. Сүйіспеншілік энергиясы және сүйіспеншілік энергиясы жолындағы кедергілер туралы әңгіме. Сүйіспеншілікпен сабақ өткізу дегеннің не екендігі туралы сұрақты топта талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Сүйіспеншілікке толы өмірден мысалдар келтіру. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Дұрыс әрекетке оқыту үдерісіндегі білімділік мақсаттары мен, Дұрыс әрекетке тән қасиеттерді топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. Күнделікті өмірдегі дұрыс әрекет практикасын топтарда талқылау. «Қалаулар шегінің» төрт қағидатын және әрбір қағидат бойынша практикалық тапсырмалардың орындалуын топтарда талқылау. |
4 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Тыныштық деген не? Тыныштықтың ақылмен байланысы қандай? Ақыл дегеніміз не? Мен күнделікті өмірде ақылмен қалай жұмыс жасай аламын? Топта тыныштық туралы өлең жазу. Қиянат жасамаудың ерекшеліктерінің сипатын және күнделікті өмірдегі қиянат жасамау практикасын топтарда талқылау. Әріптестерімен тәжірибе алмасу. «Өзіңе қатысты қиянат жасамау» тақырыбында топтарда қойылым көрсету және талқылау. |
4 |
|
5 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Мұғалім мамандығы кәсіп пе, әлде шығармашылық па? Ал Сіз су ағатын құбырда флейтада ноктюрн ойнай алар ма едіңіз? Мұғалімдерге арналған ережелерді және мұғалімнің өміріндегі жағымды көңіл күйге келудің маңыздылығын топтарда талқылау. Мұғалімдердің құрбандығы туралы мысалдары. «Мұғалім» тақырыбына топтарда плакаттар безендіру. |
4 |
Лекция. |
Топтарда сұрақтарды талқылау: Шынайы көшбасшы – ол кім? Шынайы көшбасшының қасиеттері қандай? Неліктен риясыздық – шынайы көшбасшының негізі? Шығармашылық топтық жұмыс: «Шынайы көшбасшының қылығы» тақырыбында өмірден алынған қойылым көрсету. |
4 |
|
Үшінші апта |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
2 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс, екінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Екінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдау-шылардың топтағы жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 |
Практикалық сабақ. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдау-шылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 минут, талқылау 10-15 минут). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
|||
4 |
Лекция. |
Жалпыадамзаттық құндылықтар мен оның қасиеттеріне сәйкес өзін - өзі тану сабағының құрылымын, сабақты жоспарлаудың негізін, сабақтың мақсаты мен міндеттерін құра білуін топтарда талқылау. Өзін-өзі тану сабағын жопарлау мен өткізуден тәжірибе алмасу. Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күйдің маңызы мен дәйексөздермен жұмыстың түрлерін топтарда талдау. Өзін-өзі талдау рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы тұрғысынан мектептердің мониторингісі. |
4 |
Лекция. |
Музыканың адам өміріндегі мәнін және сабақтарда музыка жүргізудің әдістерін топтарда талқылау. Сабақтарға музыканы енгізудің шабыттандыратын тәжірибесін әріптестермен алмасу. Өзін-өзі тану сабақтарындағы шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің мәнін топтарда талқылау. Шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің мәнін топтарда талқылау. |
4 |
|
5 |
Лекция. Оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үдерісіне тартудың тәсілі ретінде оқиға(әңгіме) айту бойынша шығармашылық шеберхана. |
Оқытудың диалогтық әдісін, оқиға айту өнерін топтарда талқылау. Оқиға айтудың шабыттандыратын тәжірибесімен және терең рухани-адамгершілік әңгіме жүргізу тәжірибесімен әріптестерімен алмасу. |
4 |
Лекция. |
Бала тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлін рухани мәдениеттің тірегі ретіндегі ананың рөлін, әділеттілік пен тәртіптің сенімді қорғаушысы ретіндегі әкенің рөлін топтарда талқылау. Рухани-адамгершілік білім беру тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізудің өнегелі тәжірибелерімен топтарда алмасу. «Ынтымақтастықта тәрбиелеу. Жақсы отбасының қасиеттері» тақырыптарында қойылымдар көрсету. |
4 |
|
Төртінші апта |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
Жалпы білім беретін мектептердегі өзін-өзі тану сабақтарына қатысу. Тыңдаушылардың сабақты жекелей жан-жақты талдауы. Сабақты топпен талдау. Жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша сабақ серияларының тізбегін жоспарлау. |
8 |
2 |
Практикалық сабақ. |
3 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпылау сипатындағы кері байланыс. Үшінші модул бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Үшінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
3 |
Практикалық сабақ. |
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі бойынша тыңдаушылардың өзін-өзі тану сабағы жоспарының жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. Үш модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
4 |
Практикалық сабақ. |
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі бойынша тыңдаушылардың өзін-өзі тану сабағы жоспарының жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. Үш модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
5 |
Практикалық сабақ. |
Бағдарламаның үш модулі бойынша оқытудың нәтижесін жалпылау сипатындағы кері байланыс. «Құндылықтар практикасы» кезеңі тапсырмаларын шолу, топтық талқылау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі тапсырмалары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
Екінші кезең «Құндылықтар практикасы» (6 апта) |
|||
Оқытудың «Құндылықтар практикасы» кезеңі келесі тапсырмаларды орындауды ұйғарады: |
|||
Үшінші кезең «Жүректен жүрекке» (2 апта) |
|||
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
1.Ынтымақтастық ахуалын туғызу. Нақты мектеп практикасындағы Бағдарламаның үш модулі. |
«Жүректен жүрекке» үшінші кезеңге кіріспе (аудиториялық оқыту) және «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңін талдау. |
8 |
2 |
1. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебі бойынша жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Жалпыадамзаттық құндылық-тардың негізінде интеграциялау арқылы оқушылармен өзін-өзі тану, сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
3 |
1. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі тыңдаушылардың өз есебі бойынша жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарын дайындау, өткізу және бағалау. Оқушылармен жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде интеграцияланған өзін-өзі тану, сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
4 |
1. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебінің жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Оқушылармен жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде интеграцияланған өзін-өзі тану, сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |

«Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі тыңдаушылардың өз есебінің жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Оқушылармен жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде интеграцияланған өзін-өзі тану, сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
Екінші апта |
|||
1 |
1. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебінің жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарын дайындау, өткізу және бағалау. Жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы оқушылармен сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
2 |
1. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың есебі. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың өз есебінің жеке презентациясы (әрбір тыңдаушы үшін бір академиялық сағат). Баяндауды топтық талдау және өзара бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке жұмыстарына ұсынымдар және қорытынды бағалау. |
5 |
2. Мектепте жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы өзін-өзі тану сабақтарын және сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу. |
Тыңдаушылардың шығармашылық, топтық жұмыстары. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарын дайындау, өткізу және бағалау. Жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы оқушылармен сабақтан тыс, үйірме сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
3 |
|
3 |
Квалификациялық емтиханға дайындық. |
Квалификациялық емтихан тапсыруға жеке дайындық. Бағдарлама мазмұны бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
8 |
4 |
Квалификациялық емтихан |
Квалификациялық емтихан тапсыру. |
8 |
5 |
1. «Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі аралығындағы тыңдаушылардың практикалық іс-әрекеттерінің шығармашылық есебі. |
Оқушылардың орындауы арқылы (қойылым, поэтикалық композиция, әндер, суреттердің көрмесі, журналистік есептер, ұсақ-түйек бұйымдар және тағы басқалар) тыңдаушылардың шығармашылық есебін өткізу. «Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі аралығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқушылармен өткізген сабақтан тыс іс-әрекеттерінің нәтижелері тыңдаушылардың баяндауында көрініс табуы тиіс. |
4 |
2. Қорытынды шығару. |
Базалық курстың қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдер өткізу. Проблемалық сұрақтарды шешу жолдарын белгілеу және жағымды тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі. Әріптестерімен және тренерімен кеңесу. |
4 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Сыныптың тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 3-қосымша
«Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі тапсырмаларды бағалау
критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критериі |
1 |
Бағдарламаның түйінді идеяларын жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша қолдану арқылы сабақтардың (бес сабақтан кем болмауы керек) тізбектелген серияларын жоспарлау және өткізу. |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
2 |
Бағдарламаның үш модулі бойынша бір сыныптың мұғалімдері үшін бес лекция жоспарлау және өткізу. Өзін-өзі тану және басқа мектеп пәндерін интеграциялау мәселелерінде тыңдаушылардың мұғалімдерді жекелей әдістемелік қолдауы. |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдермен жұмысты терең түсіну. |
3 |
Сыныппен оқудан тыс іс-әрекеттерді жоспарлау және өткізу. Сынып сағаттары мен оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу мәселелерінде тыңдаушылардың мұғалімдерді жекелей әдістемелік қолдауы. |
Жобада оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған және т.с.с іс-әрекеттерінің көрініс табуы. |
4 |
Ата-аналардың екі жиналысын жоспарлау және өткізу (екінші кезеңнің басында және соңында). |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі. |
5 |
Зерттеуші-мұғалімнің күнделік жүргізуі. |
Зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрсетіледі: |
6 |
Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірінің адамгершілікті жеке өмірі туралы және оның бір шығармасын оқып талдау барысында алған әсері бойынша эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
7 |
Гуманист-педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі бойынша пікір жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
8 |
«Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы мақала. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
9 |
Жалпы білім беретін цикл пәндеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялаудың мысалдары. |
5 мысалдан кем емес интеграцияның болуы. |
10 |
«Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбына эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
11 |
Жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісінде өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізуі және жеке тәжірибесіне талдау жасауы бойынша курстық жұмыс жазу. |
Өзін-өзі танудың метапәндік рөлін түсінудің рухани-адамгершілік тереңдігі. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
6-қосымша
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша
«Мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру
курстарының білім беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты мұғалім тұлғасын қайта өзгерту, оның рухани-адамгершілік пікірлерін, жағымды және ажырата ойлауын, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу және мұғалімдердің практикада «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру дайындығы болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты:
Шынайы көшбасшы, ойдың, сөздің және істің бірлігімен өмір сүретін, жоғары рухани-адамгершілік түсінік және теориялық-практикалық даярлық деңгейіне ие, өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектеп үлгісін жүзеге асыруға және 5-қосымша «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының үш курсының құрылымы мен прогрессиясына» сәйкес мектептер желісінің деңгейінде ынтымақтастыққа және әріптестерін Бағдарлама негіздерін үйретуге дайын мұғалімдерді даярлау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының теориялық негіздерін үш модуль аспектісінде тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету.
2) «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын қазіргі мектеп жағдайында табысты практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, мұғалім бойында келесі дағдыларды қалыптастыру:
өзін-өзі тануды мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау;
өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектеп үлгісін жүзеге асыру;
өз мектебінің және мектептер желісінің мұғалімдеріне Бағдарлама негіздерін үйретуді жоспарлау және ұйымдастыру;
рухани-адамгершілік білім беру мәселелері бойынша мұғалімдерге жеке әдістемелік көмек көрсету;
жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке және кәсіби өмірде қолдану үдерісінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесін бақылау;
рухани-адамгершілік білім беру бойынша мектептерге мониторинг жүргізу;
мектеп базасында ғылыми зерттеу жүргізу;
рухани-адамгершілік білім беру мұғалімдерінің желілік қауымдастығын басқаруды ұйымдастыру;
Қазақстан мұғалімдерін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ортақ білім кеңістігін құруға дайындау.
7. Оқыту нәтижелері:
Курс соңында мұғалімдер:
1) Білетін және түсінетін болады:
жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін және өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алудың маңыздылығын;
тұтас білім берудің мәнін;
өзін-өзі тануды мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялаудың мәнін;
ғылыми зерттеулер жүргізудің әдістерін.
2) өз мектебінің аясында қабілетті болады:
өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектеп үлгісін жүзеге асыруға;
рухани-адамгершілік білім беру бойынша мектептерге мониторинг жүргізуге;
рухани-адамгершілік білім беру идеяларын оқу пәндерінің, сабақтан тыс іс-әрекетке, қосымша білім беру мазмұнына интеграциялау мәселелері бойынша әріптестерін оқытуға және жеке әдістемелік көмек көрсетуге;
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзін-өзі тану сабақтарын, интеграцияланған сабақтарды, сабақтан тыс іс-әрекетті және қосымша білім беру бойынша сабақтарды жоспарлау және өткізу бойынша жұмыстарды бастамашылық ету және өткізу;
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жалпымектептік іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу бойынша өзіне бастама алу.
Мектептер желісі аясында өз және өзге мектептерде:
ойдың, сөздің және істің бірлігімен өмір сүретін шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттерін көрсету, төзімді болу, жағымды ойлау және жұмысты табандылықпен атқару, қиындықтарға төтеп беріп, ұжымды алға бастау;
ұйымдастырушылық дағдыларды көрсету, әріптестермен, мектеп әкімшілігімен және мектептер желісіндегі әріптестермен сенімді қатынас орнату және бекіту;
мектептер желісі аясында әріптестерді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқыту жөнінде келіссөздерге бастамашылық ету және жүргізу;
рухани-адамгершілік білім беру бойынша бірлескен семинарлар, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге бастамашылық ету, жұмылдыру және қатысу;
тұтас білім берудің теориясы мен тәжірибесі туралы ғылыми-педагогикалық журналдарға мақалалар жазу;
басқа мектептердің басшылық топтарымен тығыз ынтымақтасу, тұтас білім берудің жағымды тәжірибесімен басқа мектептермен бөлісуге мүмкіндік туғызу, осылайша, мектептің рухани-адамгершілік тұрғысынан дамуына өз үлесін қосу;
өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектептерді ұйымдастыруға, пилоттық мектеп үлгісінің элементтерін жүзеге асыруға, рухани-адамгершілік білім беру бойынша мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтауға және барлық мектеп желілері үшін тұтас білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге көмектесу.
3) курс соңында мұғалімдер мектепте және мектеп желісінде әріптестерін келесі тәсілдердің көмегімен оқытуға қабілетті болады:
интерактивті дәрістер, семинарлар, талқылаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу;
мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету;
жеке әңгімелесу және жеке кеңес беру;
on-line оқыту.
3. Бағдарлама құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарының», «Оқу-тақырыптық жоспары» қосымшасында сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу (4-6 адамнан тұратын шағын топтарда мәселелер талқылау), тыңдаушылардың өзіндік жұмысы, консультациялар, сабақтарға қатысу және талдау, сабақтар және оқушылармен оқудан тыс іс-әрекет өткізу, Бағдарламаның түйінді идеялары аясында ата-аналар жиналысын және мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне семинар өткізу.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оқылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша меңгерілген білімдердің тереңдігін анықтау үшін бірінші және екінші модульдер бойынша презентацияларды бағалау критерийлері айқындалған:
1) Бағдарламаның оқытылатын модулінің тұжырымдамалық негізін түсінуі;
2) модульдің теориялық негізін білу және ұсынылған әдебиеттермен танысуы;
3) презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап бере білуі;
4) академиялық талаптарға сәйкес сауатты, нақты және аргументті баяндауы;
5) тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалды деңгейі, жалпы тұлғалық мәдениеті, әріптестерімен қарым-қатынасында және киіну стилінде этикалық нормаларды сақтауы;
6) сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтар әзірлеу кезінде іскерлік стилін сақтауы (алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).
13. Бұл курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның әрбір модулі бойынша үш жеке презентацияларын қорғауы негізінде жүзеге асырылады. Презентациялар топта (4-6 адам) қорғалады және үш балдық жүйе бойынша топпен және куратормен бағаланады.
14. Қорытынды бағалау портфолионы, портфолио мазмұны бойынша презентацияларды бағалауды, біліктілік емтиханының нәтижелерін қамтиды.
15. Портфолионы бағалау критерийлері:
1) мектеп бағдарламасындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін түсіну және ой елегінен өткізу;
2) оқушылар мен мұғалімдерді өзінің мысалдарымен шабыттандыратын, шынайы көшбасшы әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
3) мектеп практикасында әріптестерін оқыту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру;
4) өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау және оқушылар мен мұғалімдерде болып жатқан өзгерістерді талдау мен бақылауды жүзеге асыру және де олардың зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрініс табуы;
5) жалпыадамзаттық құндылықтар практикасындағы жеке тәжірибені және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізу және талдау бойынша курстық жұмыс жасау.
4. Пәнге шолу
16. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
17. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
18. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
19. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
20. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
21. Бағдарлама құрылымы бойынша құрамдас болып табылады және оқу-әдістемелік материалдар кешені мен білімдік онлайн-платформадан тұрады. Бағдарлама үш кезеңге құрылымданған:
бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта);
екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; алты апта);
үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).
22. Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңі «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының түйінді идеяларына және олардың мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасайды..
23. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде Бағдарламаның негізгі идеялары тыңдаушының жеке және кәсіби өмір тәжірибесінде жүзеге асуы тиіс. Осы кезеңнің барысында мұғалімдер өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектеп үлгісінің элементтерін жүзеге асыра отырып, Бағдарлама идеяларын мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялауды жүзеге асыратын болады. Жұмыс келесі бағытта жүргізілетін болады:
1) мектептің бастапқы ахуалына мониторинг жүргізу (3-қосымша «Өзін-өзі тану пәнінің оқытылу ахуалының жинақ кестесінде» сипатталған);
2) мектеп мұғалімдерімен жұмыс жүргізуді жоспарлау;
3) өзін-өзі тану бойынша пилоттық мектеп үлгісінің элементтерін жоспарлау және жүзеге асыру;
4) өзгерістер енгізу үдерісінің нәтижелерін және салдарларын бағалау;
5) желілік қауымдастықтар арқылы басқа мектептермен байланыс орнату;
6) ғылыми-зерттемелік дипломдық жұмыс жазу;
7) портфолио жабдықтау (4-қосымша «Портфолионы бағалау критерийлерінде» сипатталған).
«Құндылықтар практикасы» кезеңі кезінде мұғалімдерге білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер қатарындағы куратор тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.
24. Үшінші «Жүректен жүрекке» кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асыратын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқытушылардың, оқушылардың дамуына және тұтас мектеп ахуалына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. Тренерлер үшінші «Жүректен жүрекке» кезеңінің соңғы аптасы кезінде мұғалімдерге олардың дипломдық жұмысын дайындауына атсалысады, «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады.
25. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Мектептің тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
Оқу жоспары
Бірінші кезең «Жүректен жүрекке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Үшінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
40 аудиториялық сағат аптасына |
Барлығы айына 120 аудиториялық сағат (1 сағ. – 45 мин.) |
||
Екінші кезең «Құндылықтар аптасы» |
||
Бірінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Екінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Үшінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Төртінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Бесінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Алтыншы апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Жетінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Сегізінші апта |
5 сағат күніне* 6 күн. |
аптасына 30 онлайн сағат |
Барлығы: 240 онлайн-сағат. (1 сағат – 45 минут) |
||
Үшінші кезең «Жүректен жүреккке» |
||
Бірінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Екінші апта |
8 сағат күніне* 5 күн |
аптасына 40 аудиториялық сағат |
Барлығы: 80 аудиториялық сағат. (1 сағат – 45 минen) |
||
Барлығы: 200 аудиториялық сағат, 240 онлайн-сағат (1 сағат – 45 минут) |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Мектептің тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші кезең «Жүректен жүрекке» (3 апта) |
||||
Бірінші апта |
||||
Күн № |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
|
І модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
||||
1 |
Замануи әлемдегі тұтас білім беруді дамытудың көкейтестілігі. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
2 |
Тұтас білім беру тұжырымдамасының тарихы және заманауи дамуы. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
3 |
Тұтас білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
4 |
Өзін-өзі тану бойынша пилот мектебінің моделі. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
5 |
Өзін-өзі тану бойынша пилот мектебінің моделі. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
Екінші апта |
||||
Күн № |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
|
2 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері |
||||
1 |
Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
2 |
Жалпыадамзаттық құндылықтар ретіндегі дұрыс әрекет. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
3 |
Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы қағидат |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
4 |
Ішкі тыныштықтың және қиянат жасамаудың мәні. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
5 |
Мұғалім шынайы көшбасшы ретінде. Мұғалімнің өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар. |
Мәселелерді талқылау үшін топтар ұйымдастыру. |
8 |
|
Үшінші апта |
||||
3 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
||||
1 |
Бағдарлама идеясының арнасындағы мектептің даму жоспары. |
1. Өзін-өзі тану бойынша пилот мектептеріндегі әртүрлі пәндермен интеграцияланған элективтік курстардың бағдарламаларымен танысу. |
8 |
|
2 |
Бағдарлама идеясының арнасындағы мектептің даму жоспары. |
1.Қосымша білім беруден интеграцияланған үйірмелер мен клубтардың бағдарламаларымен танысу. 2. Сынып сағаттары мен әңгіме-сабақтардың тақырыптары және әзірлемелерімен танысу. |
8 |
|
3 |
Рухани-адамгершілік білім беру бойынша мектептің мониторингі. |
Рухани-адамгершілік білім беру бойынша мектептің мониторингісі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруберу бағдарламасы тұрғысынан мектептегі мониторингті қалай жүзеге асыруға болады? |
8 |
|
4 |
Ғылыми-практикалық зерттеу дегеніміз не? |
Сыныптағы ғылыми-практикалық зерттеу және оны өткізудің тәсілдері дегеніміз не? Ғылыми-практикалық зерттеулерді өткізу бойынша шағын жобаларды жоспарлау. |
8 |
|
5 |
«Құндылықтар практикасы» кезеңіне дайындық. |
«Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі тапсырмаларды орындауға дайындық, мектептің дамуын және қоғамдастық желінің дамуын жоспарлау, жоспарлау бойынша тренерлердің кеңесі. |
8 |
|
Екінші кезең «Құндылықтар практикасы» (6 апта) |
||||
Оқытудың «Құндылықтар практикасы» кезеңі келесі тапсырмаларды орындауды ұйғарады: |
||||
Үшінші кезең «Жүректен жүрекке» (2 апта) |
||||
Аптадағы сабақтардың мазмұны |
Бірінші апта |
|||
Бірінші апта |
8 * 5 |
|||
Екінші апта |
8 * 5 |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Мектептің тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 3-қосымша
Өзін-өзі тану пәнінің оқытылу ахуалының жинақ кестесі
№ |
Мектеп № |
Оқушылардың, мұғалімдердің жалпы саны |
Өзін-өзі тану мұғалімдерінің саны |
Оқулықтардың бар болуы |
Мектептегі жалпы ахуал (шартты ұпайлар): |
Сабақтарға қатысу (орташа шартты ұпайлар): |
Ұсыныстар |
Мектептің жалпы бағасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
№ 18 |
846 оқушы, 13 мұғалім |
13 мұғалім, 11 сертификатқа ие мұғалім |
Алмалы ауданы, №18 мектеп 1. + |
1 сабақ |
ұпайлар |
|||
1 |
||||||||
2 |
||||||||
3 |
||||||||
4 |
||||||||
5 |
||||||||
6 |
||||||||
7 |
||||||||
2. Мұғалімдерде серитификаттардың болуы көрсеткіші бойынша бағалау: |
Әрбір өлшем бойынша қойылған ұпайлар қосындысы |
|||||||
2 сабақ |
Ұпайлар |
|||||||
1 |
||||||||
2 |
||||||||
3 |
||||||||
4 |
||||||||
5 |
||||||||
6 |
||||||||
7 |
||||||||
Әрбір өлшем бойынша қойылған ұпайлар қосындысы |
||||||||
Әрбір сабақ бойынша қойылған ұпайлардың орташа арифметикалық мәні. |
Ескерту: |
Мектептің жалпы бағасы: |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Мектептің тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 4-қосымша
Портфолионы бағалау критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критериі |
1 |
Мектептің бастапқы жәй-күйінің мониторингісі. |
Мониторгті сауатты және сапалы өткізу. |
2 |
Мектеп мұғалімдері мен жұмыстың жоспары. |
Мектеп мұғалімдерімен жұмысты сауатты және сапалы жоспарлау. |
3 |
Өзін-өзі тану бойынша пилот мектебінің моделі элементтерін жоспарлау және жүезе асыру. |
Мектеп директорының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, мөрі басылған пилот мектебі моделінің элементтерін жүзеге асыру жоспарының болуы. |
4 |
Өзгерістер енгізу үдерісі салдарының нәтижесін бағалау. «Құндылықтар практикасы» кезеңінің соңындағы мектептің жәй-күйінің мониторингісі. |
Бағдарламаның идеялары аспектісіндегі нәтижесін бағалау, өзгерістер енгізу үдерісінің салдарларын терең түсіну. |
5 |
Желілік қоғамдастық арқылы басқа мектептермен байланыс орнату. |
Мектептер желілері көлемінде тығыз ынтымақтастық және рухани білім беруді қолдау. |
6 |
Ғылыми-зерттеу диплом жұмысын жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бойынша «Мектептің тұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 5-қосымша
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
Бағдарламасының үш курсының құрылымы мен прогрессиясы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
7-қосымша
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының
ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу практикасы»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім
беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Бөбек» ҰҒПББСО, «Өрлеу» БАҰО АҚ қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері және өткізу практикасы» оқыту курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада «Бөбек» ҰҒПББСО, «Өрлеу» БАҰО АҚ қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты өзінің үлгі-өнегесімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын мұғалім тұлғасын қайта өзгерту, оның рухани-адамгершілік пікірлерін, жағымды ойлауын, ойдың, сөздің және істің бірлігін дамыту болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты:
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқытуға және ынтымақтастыққа дайын рухани-адамгершілік саналылықтың және теориялық-практикалық дайындықтың жоғары деңгейін иеленген тәжірибелі тренерлерді дайындау.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) Үш модуль контексінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасының теориялық негіздерін тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету.
2) Қазіргі мектеп жағдайында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын практикада табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар тыңдаушылардың дағдыларын қалыптастыру:
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасы негіздеріне мұғалімдерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
сабақтан тыс іс-әрекеттерде, жалпы білім беретін циклдағы басқа пәндерге және ата-аналармен жұмыста өзін-өзі танумен интеграциялау мәселелерінде өзін-өзі тану мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне әдістемелік қолдау көрсету;
жеке және кәсіби өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы үдерісінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесіне талдау жасау;
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарласының негізгі идеяларын практикада жүзеге асыру үдерісінде мұғалімдер мен оқушыларда болған өзгерістерді бақылау және талдау жасау.
3) Тыңдаушыларды мұғалімдердің рухани-адамгершілік білім беру қауымдастығын ұйымдастыруға дайындау.
7. Оқыту нәтижелері:
1) Тыңдаушының «Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбиелік рөлін терең түсінуі және тәжірибеде жүзеге асыру іскерлігі.
2) Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және өз ісімен оқушылар мен мұғалімдерді шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу.
3) Сондай-ақ, курс соңында тыңдаушылар келесі қабілеттерге ие болады:
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының тыңдаушыларын келесідей оқытуды жүзеге асыру:
интерактивті дәрістер, семинарлар, талқылаулар, дөңгелек үстелдер өткізу;
мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
жеке әңгімелесу және жеке кеңес беру.
мектептерде рухани-адамгершілік білім беруді келесі әрекеттердің көмегімен жандандыру:
өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесін және сабақтан тыс іс-әрекеттерде жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау және ата-аналармен жұмыс жүргізу мәселелерінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тыңдаушыларына қолдау көрсету;
ойы, сөзі және ісі бірлікте өмір сүретін шынайы көшбасшының рөлін атқару;
әріптестерімен тілектестік кәсіби қатынас орнату;
жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының аясында оқушылармен және мұғалімдермен рухани-адамгершілік мазмұнда концерттік бағдарламалар мен қайырымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу;
рухани-адамгершілік білім беру мұғалімдерінің қауымдастығын құру.
3. Бағдарламаның құрылымы
8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған үш кезеңге құрылымдауға мүмкіндік береді (осы Бағдарламаның 1-қосымшасы «Оқу жоспарында», 2-қосымшасы «Оқу-тақырыптық жоспарында» сипатталған).
9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады
10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу (4-6 адамнан тұратын шағын топтарда мәселелер талқылау), тыңдаушылардың өзіндік жұмысы, консультациялар, сабақтарға қатысу және талдау, сабақтар және оқушылармен оқудан тыс іс-әрекет өткізу, Бағдарламаның түйінді идеялары аясында ата-аналар жиналысын және мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне семинар өткізу.
11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оқылған курстың бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады.
12. Бағдарлама бойынша меңгерілген білімдердің тереңдігін анықтау үшін бірінші және екінші модульдер бойынша презентацияларды бағалау критерийлері айқындалған:
1) Бағдарламаның оқытылатын модулінің тұжырымдамалық негізін түсінуі;
2) модульдің теориялық негізін білу және ұсынылған әдебиеттермен танысуы;
3) презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап бере білуі;
4) академиялық талаптарға сәйкес сауатты, нақты және аргументті баяндауы;
5) тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалды деңгейі, жалпы тұлғалық мәдениеті, әріптестерімен қарым-қатынасында және киіну стилінде этикалық нормаларды сақтауы;
6) сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтар әзірлеу кезінде іскерлік стилін сақтауы (алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).
13. Бұл курс білімдерді аралық және қорытынды бағалауды ұйғарады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның әрбір модулі бойынша үш жеке презентацияларын қорғауы негізінде жүзеге асырылады. Презентациялар топта (4-6 адам) қорғалады және үш балдық жүйе бойынша топпен және куратормен бағаланады.
14. Қорытынды бағалау портфолионы, портфолио мазмұны бойынша презентацияларды бағалауды, біліктілік емтиханының нәтижелерін қамтиды.
15. Портфолионы бағалау критерийлері:
1) мектеп бағдарламасындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін түсіну және ой елегінен өткізу;
2) оқушылар мен мұғалімдерді өзінің мысалдарымен шабыттандыратын, шынайы көшбасшы әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну және осы құндылықтарды өмірде басшылыққа алу;
3) мектеп практикасында әріптестерін оқыту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік рөлін жүзеге асыру;
4) өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау және оқушылар мен мұғалімдерде болып жатқан өзгерістерді талдау мен бақылауды жүзеге асыру және де олардың зерттеуші-мұғалімнің күнделігінде көрініс табуы;
5) жалпыадамзаттық құндылықтар практикасындағы жеке тәжірибені және сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне өзін-өзі тануды интеграциялау нәтижелерін ой елегінен өткізу және талдау бойынша курстық жұмыс жасау.
4. Пәнге шолу
16. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
17. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
18. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
19. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын, қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
20. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
21. Осы Бағдарлама құрылымы бойынша құрамдас болып табылады және оқу-әдістемелік материалдар кешені мен білімдік онлайн-платформадан тұрады.
22. Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – үш ай, үш кезеңге құрылымданған:
1) бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта) Бағдарламаның түйінді идеяларына және олардың мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасайды;
2) екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» (асинхронды оқыту; алты апта);
3) үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).
23. Бірінші кезеңде тыңдаушыларға әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау міндеттеледі, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады.
Бағдарламаның негізгі материалы тиісті сабақтарды зерделенетін үш модульге бөлінген. Осы модульдердің негізіне салынған идеялар өзара байланысты және өзара негізделген, сабақтарда қолданылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілімдемелер көптеген түрлі тақырыптардың идеяларын топтастырады.
Бағдарламаның үш модулі:
1) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.
2) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
3) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.
4) тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде 3-қосымша «3 модуль бойынша тапсырмаларды бағалау критерийлеріне» сәйкес жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау.
5) мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.
24. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңі (асинхронды оқыту; 5-10 апталар).
25. Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде Бағдарламаның негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1) бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану.
2) екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау. 4-қосымша «Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінің тапсырмаларын бағалау критерийлеріне» сәйкес тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезеңінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.
26. Үшінші «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; 11-12 апталар) кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асыратын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»
курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы» педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Оқу жоспары
№ |
Тараулардың атаулары |
Сағат саны |
|||
Барлығы |
Дәріс |
семинар |
Практикалық сабақтар |
||
I |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері. |
48 |
24 |
12 |
12 |
II |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері. |
40 |
24 |
12 |
4 |
III |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі. |
72 |
16 |
24 |
32 |
Барлығы: |
160 |
64 |
48 |
48 |
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»
курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы» педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасына
2-қосымша
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
«Бөбек» ҰҒПББСО қызметімен таныстыру. Тыңдаушыларды бір-бірімен таныстыру, командаларды топтастыру ойындары. Оқытудың табыстылығына ықпал ететін жағымды психологиялық ахуал туғызу. Бағдарламаға кіріспе, бағдарламаның басымдылықтары мен курсты өткізудің ережелері туралы көкейтесті ақпараттарға шолу. Кіріс сауалнамасын толтыру. |
4 |
Лекция. |
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Адамзаттың жалпығаламшарлық бірлігі. Дағдарыстардың түрлері. Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудің жолдары. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани-адамгершілік сипаты. Білім беру саласын руханилық, ізгілік және гуманитарландыру жағына жаңартудың, тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытудың жүйелерін табудың қажеттілігі. |
4 |
|
2 |
Лекция. |
Әлемдік тарихи ретроспективадағы рухани-адамгершілік білім. Адамзаттың ұлы ұстаздарының өмірі мен ілімі (Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы, М.Монтень, Р.Декарт, Э.Кант және тағы басқалар). |
4 |
Лекция. |
Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы (Парменид, Гераклит, Сократ, Платон, Демокрит, әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев, Д.И.Менделеев, К.Д.Ушинский, Я.Корчак, К.Г.Юнг, К.Р.Роджерс, А.Маслоу, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили). «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім Бағдарламасының қағидаттары. Сана арқылы оқыту. Сананың құрылымы туралы. Қабылданатын ақпаратты бағалау. Сананы тазарту. Шығармашылық әрекет («Жалғыз адам не істей алады?» ойыны). «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың шарттары. |
4 |
|
3 |
Лекция. |
Заманауи философиядағы рухани-адамгершілік білімге жаңа көзқарастар (А. Н.Нысанбаев, Г.Г.Соловьева, А.Г.Косиченко). Психологиядағы рухани-адамгершілік білімге жаңа көзқарастар (К.Г.Юнг, К.Роджерс, А. Маслоу, К.Уилбер және тағы басқалар). Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Педагогиканың үш типі. Мұғалімнің үш стилі. Ш.А.Амонашвили педагогикасындағы рухани ізгілік. Ізгілік педагогикасының Манифесі. «Жердегі жұлдызшалар» («Звездочки на земле») фильмінен үзінді көрсету. |
4 |
Лекция. |
Білімнің екі қанаты: сыртқы білім және ішкі білім. Ш.А.Амонашвили жанды, біртұтас білім туралы. Ғылымның жаңа постклассикалық емес философиясы. Нейрофизиология, биология, химия, физикадағы жаңа ашылулар. Сыртқы және ішкі интеграция. Интеграциялаудың жолдары. Ұлы ғалымдардың өмірлерінен мысалдар (И.Ньютон, Ч.Дарвин, М.Фарадей, А.Эйнштейн және басқалар). Гуманитарлық және жаратылыстану циклы пәндерімен интеграциялау мысалдары. Сумен тәжірибе көрсету. |
4 |
|
4 |
Практикалық сабақ. |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді гуманитарлық цикл пәндеріне интеграциялау. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді жаратылыстану циклы пәндеріне интеграциялау. |
4 |
Лекция. |
Оқудан тыс іс-әрекеттердің түрлері (спорт, драма үйірмесі, қызығушылығы бойынша клубтар, қайырымдылық акциялары, ақындар бұрышы, серуендер, спорт, ғылым күндері, пікірталас алаңдары және тағы басқалар). Оқудан тыс іс-әрекеттегі мұғалімнің шабыттандыратын мысалдары. Қайырымдылық акцияларын жүргізудің ережелері. Драма үйірмесіндегі қойылымдар үлгісі. Шығармашылық іс-әрекеттер (рөлдік ойын «Істеріміз сөзімізге сәйкес болуы тиіс пе?») Топтық іс-әрекеттер (жалпыадам-заттық құндылықтар тақырыбына қойылымдар). Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқудан тыс іс-әрекеттер жобасы. |
4 |
|
5 |
Практикалық сабақ. |
1 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс. Бірінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Бірінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
4 |
Семинар. |
1модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 мин., талқылау 10-15 мин). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
4 |
|
Екінші апта |
|||
Күн |
Күнделікті сабақ тақырыптарының атауы |
Күнделікті сабақтың қысқаша мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Семинар. |
1модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 мин., талқылау 10-15 мин). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 1 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
2 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері |
|||
2 |
Лекция. |
Тұлға құндылықтарының иерархиясы. Құндылықтардың тұлғалық жүйесі. Тұлға құндылықтары жүйесінің жіктелуі (Власова Т.И., Толстова О.С., Петракова Т.И.). Жалпыадамзаттық абсолют құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау – ізгіліктілік көрінісіне жол. Жалпыадамзаттық құндылықтардың білім мазмұнына енгізілуі (И.Я.Лернер, В.Оконь, Л.Я.Зорина, А.Джумсаи Ш.А.Амонашвили, Д.М.Маллаев, С.А.Назарбаева және тағы басқалар). Жалпыадамзаттық құндылықтар және сананың құрылымы. Барлық болмыстың бастапқы табиғаты жөніндегі білім (А. Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Мәшһүр Жүсіп Көпей және тағы басқалар). Шындықтың мәні туралы (П.П.Гаряев). Абсолют және салыстырмалы ақиқат. Шығармашылық іс-әрекет (көзді жұмып затты тану). Нағыз шындық – бұл ар-ұждан. |
4 |
Лекция. |
Сүйіспеншіліктің түрлері. Сүйіспеншілік мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық ретінде. Таза, риясыз Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік энергиясы. Физиктер сүйіспеншілік энергиясы жөнінде не айтады? Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер. Педагогикадағы сүйіспеншілік (Я.А.Коменский, Н.Толстой, Я. Корчак, В.А.Сухомлинский). «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікке толы өмірден мысалдар (Тереза ана, М.Ганди, Рейчел, Н.Вуйчич). Шығармашылық іс-әрекеттер: «Сүйіспеншілік энергиясын беру», «Ризашылық кристалы». |
4 |
|
3 |
Лекция. |
Дұрыс әрекет – жалпыадамзаттық құндылық ретінде (Пифагор, Л.Н.Толстой, Махатма Ганди, Бауыржан Момышұлы, Индира Ганди). Дұрыс әрекетке оқытудағы білім беру үдерісінің мақсаттары. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер. Парыз және ар-ұждан. Шығармашылық іс-әрекет (жақыныңа жәрдемдес). Әйел қағидаты туралы (әйел парызы). Болып жатқанға қарсыласпау, жазғырмау, байланып қалмау – адамгершілікті өмірдің үш қыры. Күнделікті өмірдегі дұрыс әрекет тәжірибесі. |
4 |
Лекция. |
Ішкі тыныштықтың мәні. Ақыл мен парасаттың (интеллект) табиғаты. Адамның жоғарғы рухани табиғаты тыныштық көзі ретінде. Ішкі тыныштыққа жету тәсілдері. Ойлану және ажырату. Даналық маржандары. |
4 |
|
4 |
Лекция. |
Ата-аналар мен мұғалімдер еліктеудің үлгісі ретінде (А.Дистервег, Д.И.Менделеев Ш.Құдайбердиев). Оқушы – лаулататын алау. Мұғалім мамандығы – кәсіп пе, әлде шығармашылық па? Шығармашылық тапсырма: (Мен оқушыларға не бере аламын?) Януш Корчак – мамандықтағы құрбандық мысалы. Мұғалімдердің үш типі. Мұғалімдерге арналған ереже. Оқушыларға ақпарат жеткізудің тиімділігі. Мұғалім өміріндегі жағымды күйге келудің маңыздылығы туралы. |
4 |
Лекция. |
Қазіргі әлемде көшбасшылықтың өзектілігі. Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы (Лао Цзы, әл-Фараби Ж.Баласағұни). Атақты және шынайы көшбасшылар мен қарапайым атақты көшбасшылардың арасындағы айырмашылық. Амбициялары қозғау салатын көшбасшылар мен идеялары қозғау салатын көшбасшылар арасындағы айырмашылық. Шынайы көшбасшылық тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының қосалқы нәтижесі ретінде. Риясыздық шынайы көшбасшылықтың негізі ретінде. Шынайы көшбасшының қасиеттері. Шынайы көшбасшылар мысалдары. |
4 |
|
5 |
Практикалық сабақ. |
2 модульді оқытудың нәтижесі бойынша жалпы-лау сипатындағы кері байланыс. Екінші модуль бойынша тапсырмаларды шолу, топтық талқылау. Екінші модульдің тақырыптары бойынша тренердің жалпы және жеке кеңес беруі. |
4 |
Семинар. |
2 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушы-лардың жеке презентациясы. Power Point форматындағы презентация (7-10 слайд, баяндау 5-7 мин., талқылау 10-15 мин). Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 2 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |

3 модуль. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі |
|||
2 |
Лекция. |
Өзін-өзі тану пәнінің құрылымы. Сабақты жоспарлау негіздері. Сабақтың мақсаты мен міндеттері, олардың жалпыадамзаттық құндылықтар және оның қасиеттерімен байланысы. Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемелік тәсілдері. Әдістемелік тәсілдерді қолдану тәртібі. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі. Сабақтағы жағымды көңіл-күйге келудің маңыздылығы. Жағымды көңіл-күйге келудің түрлері. Өзін-өзі тану сабағында дәйексөзбен жұмыс істеу. Сабақ дәйексөздерінің мысалдары. Өзін-өзі тану сабағы жоспарының үлгісі. Өзін-өзі тану сабағын талдаудың үлгісі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы тұрғысынан мектеп мониторингі. |
4 |
Практикалық сабақ. |
Гимназия оқушыларымен практикалық сабақ. |
4 |
|
3 |
Практикалық сабақ. |
Тыңдаушылардың гимназияда сабақ өткізуі. |
1 |
Лекция. |
Оқытудың диалогтық әдісі. Әңгіменің мақсаты. Классиктер әңгіме туралы (Сократ, әл-Фараби, М.Монтень, Ш.Құдайбердиев, В.А.Сухомлинский). Педагог кітапханасы. Әңгіме айту өнері. Әңгіме таңдау. Әңгімелердің дерек көздері. Шабыттандыратын әңгімелер мысалдары. Әңгіме айтуға қажет көрнекі құралдар. Әңгіменің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Әңгіме айтудың техникасы. Шығармашылық тапсырма (сюжетке қатысты сұрақтар құрастыру). Адамгершілік білімдерді меңгеру үдерісі кезіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті. |
4 |
|
Практикалық сабақ. |
Гимназия оқушыларымен практикалық сабақ. |
3 |
|
4 |
Практикалық сабақ. |
Тыңдаушылардың гимназияда сабақ өткізуі. |
1 |
Лекция. |
Адам өміріндегі дыбыстар (Х.А.Лингерман, М.Холл). |
4 |
|
Практикалық сабақ. |
Гимназия оқушыларымен практикалық сабақ. |
3 |
|
5 |
Практикалық сабақ. |
Тыңдаушылардың гимназияда сабақ өткізуі. |
1 |
Лекция. |
Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Отбасындағы балаларға қарым-қатынас типтері. Отбасындағы өзара қарым-қатынас түрлерінің әрқилылығы. Әйелдер – рухани мәдениет бастауы. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Ынтымақтастықта тәрбелеу. Жақсы отбасының қасиеттері. |
4 |
|
Практикалық сабақ. |
Гимназия оқушыларымен практикалық сабақ. |
3 |
|
Төртінші апта |
|||
1 |
Практикалық сабақ. |
Гимназиядағы өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және талдау. |
4 |
Семинар. |
3 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушылардың жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 3 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
4 |
|
2 |
Семинар. |
3 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушы-лардың жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 3 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
8 |
3 |
Практикалық сабақ. |
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы тренерлері іс-әрекеттерінің негіздері |
4 |
Семинар. |
3 модульдің бір тақырыбы бойынша тыңдаушы-лардың жеке презентациясы. Топтық талқылау және сөйлеген сөздерін өзара бағалау. 3 модуль бойынша тыңдаушының жеке жұмысына тренердің ұсынымдары және бағалауы. |
4 |
|
4 |
Практикалық сабақ. |
Квалификациялық емтиханға өз бетінше дайындық. |
8 |
5 |
Семинар. |
Квалификациялық емтихан |
8 |
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»
курсының ғылыми-әдіснамалық негіздері
және өткізу практикасы» педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасына
3-қосымша
Өзіндік тапсырмаларды бағалау критерийлері
№ |
Тапсырма |
Бағалау критериі |
1 |
Үш өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу. |
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін сауатты қою. |
2 |
Бағдарлама бойынша мұғалімдер үшін лекция жоспарлау |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдермен жұмысты терең түсіну. |
3 |
Сыныппен оқудан тыс іс-әрекеттерді жоспарлау және өткізу. Тыңдаушылардың сынып жетекшісіне сынып сағаттары мен оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу мәселелері бойынша жеке әдістемелік қолдау көрсету. |
Жобада оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған және тағы сол сияқты іс-әрекеттерінің көрініс табуы. |
4 |
Ата-аналар жиналысын жоспарлау. |
Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі. |
5 |
Ізгілік педагогикасының классиктерінің бірінің адамгершілік өмір салты туралы және оның бір шығармасын оқудан алған жеке әсерлер жөнінде эссе жазу. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
6 |
Гуманист-педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі бойынша пікір. |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
7 |
«Мені шабыттандырады...», «Мен шабыттандырамын...» тақырыптарына эссе жазу |
Көлемі – екі беттен кем болмайтын А-4 форматы. |
8 |
Жалпыадамзаттық құндылықтарды жалпы білім беру циклындағы пәндердің мазмұнында интеграциялау мысалдары. |
5 мысалдан кем емес интеграцияның болуы. |
10 |
Жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке және кәсіби өмірде қолдану үдерісі кезінде өз бойындағы өзгерістерді бақылау негізінде жеке тәжірибені талдау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу. |