«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толылықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйырыққа 7-қосымшаға сәйкес.»;
осы бұйырықпен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
Мемлекеттік кызмет көрсету өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
7. «Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу шығыстарының төлемін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе КҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті көрсетілетін алушының ұйымның мөрі бар бірінші басшының қолы қойылған банк деректемелерін көрсете отырып, құралды алуға арналған өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсетілетін қызметті алушы мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
5) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
6) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
7) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмесі;
8) қызметтерді индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсету нәтижелері бойынша бірінші басшының немесе оның орнында отырған тұлғаның қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының бланкісінде еркін нысанда рәсімделген көрсетілетін қызметті алушының есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
9) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындаушысында қызметтер көрсету кезінде тартылатын ұсынылатын қызметтер саласындағы штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер;
10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
11) көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсынымдар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмесі;
12) қызметтерді көрсету кезінде тартылған штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
13) құрал операторының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы оң шешімінің көшірмесі.
Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе оны сараптау шығыстарының төлемін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе КҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мөрі бар бірінші басшының қолы қойылған банк деректемелерін көрсете отырып, құралды алуға арналған өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
4) Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсетілетін қызметті алушы мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
5) орындаушы Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
6) орындаушы Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
7) орындаушы карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;
8) көрсетілетін қызметті алушының Индустриялық картасына және Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
9) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген, Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
10) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушыда қызметтер көрсеткен кезде тартылатын ұсынылатын қызметтер саласындағы штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер;
11) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы құжаттар міндетті болған жағдайда);
12) қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
13) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (осы қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.»
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік - www.mid.gov.kz;
Комитет - www.comprom.gov.kz;
Көрсетілетін қызметті беруші - www.kidi. gov.kz, www.pp2020.kz;
КҚКО – www.palata.kz, www.business.gov.kz.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-99-20 (ішкі 1059, 1027, 1058, 1023, 1022).».
қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________ Е. Досаев
2016 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 309 бұйрығына 1-қосымша
«Индустриялық–инновациялық
жобаның кешенді жоспарының
әзірлемесіне және/немесе
сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
«Қазақстандық индустрия дамыту
институты» АҚ
______________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Құралды алуға өтінім
(сұраным беруші толтырады)
1. Өтініш берушінің толық атауы
2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефоны)
3. Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)
4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні
5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)
6. Саланың, қосалқы саланың атауы
7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)
8. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
9. Өтініш беруші қызметкерлерінің саны
10. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай көріністе)
11. Қуаттардың ағымдағы жүктелімі (пайыз)
12. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)
13. Ағымдық еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары/адам)
14. Жоба мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламаның қатысушысы бола ма (болған ба) (егер солай болса, онда қандай құралдарды алғаныңызды көрсетіңіз)
Қандай құралды қолдану жоспарлануда (қажеттісін белгісімен белгілеңіз):
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;
Индустриялдық картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау;
15. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды тартудың мақсаты (қысқаша сипаттама, қажеттілікті негіздеу, нәтиже)
16. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындардың жалпы құны (теңге)
17. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындар кезеңі (басынан бастап соңына дейін (жыл, ай)
18. Қызмет көрсететін орындаушының атауы
19. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету
Осы өтінім арқылы өтініш беруші ұсынған құжаттарының, бастапқы деректерінің, есептеулерінің, негіздемелерінің толықтығына және дұрыстығына жауапкершілікті өзіне алады.
Өтініш беруші сұралып отырған құралдар шеңберінде жасалған іс-шаралар бойынша келген шығындар республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
Құралды алуға өтінімді толтырушы, байланыс жасаушы тұлға (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефондарының нөмірі, электрондық мекенжайы): ______________________
Өтінімді толтырған күні ______________________________
Өтініш беруші басшысының қолы ________________________
______________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
М.О. (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 309 бұйрығына 2-қосымша
«Индустриялық–инновациялық
жобаның кешенді жоспарының
әзірлемесіне және/немесе
сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Орындаушыда, ұсынылатын қызметтер саласында жұмыс
тәжірибесінің, _______________ қызметтерді көрсету кезінде
тартылатын штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің болуын
растайтын мәліметтер
(өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады)
1. Орындаушының атауы ________________________________________.
2. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні
_______________________________________________________________
3. Орындаушының соңғы ______ жыл ішінде көрсеткен ұқсас қызметтерінің көлемі (ұсынылатын қызметтер саласында жұмыстар 2 (екі) жылдан кем емес).
Көрсетілген қызметтер атауы |
Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері |
Қызмет көрсеткен орны және жылы |
Шарт құны, теңге (көрсетілмеуі де мүмкін) |
1 |
2 |
3 |
4 |
4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін орындаушы жұмысқа тартқан қызметкерлер көрсетіледі)
р/с |
Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі |
Лауазымы |
Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс өтілі |
Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету) |
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) |
Азаматтығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтініш берушінің басшысы
______ _____________________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі) (бар болған жағдайда)
М.О.
Осы нысанды өтініш беруші «Технологиялық процестерді жетілдіру» құралы шеңберінде жүргізілген энергоаудит бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.
Осы мәліметтердің 3-тармағы өтініш беруші «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құралы шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау бойынша, сондай-ақ «Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру» құралы шеңберінде білім беретін және ғылыми ұйымдарда, ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.