Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 11-190 қбп бұйрығымен
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда, су айдындарында жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2015 жылғы 25 наурыздағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда, су айдындарында жөндеу, монтаж және басқа да жұмыс түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакция да жазылсын:
"Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңы (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына сәйкес әзірленген және Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін келісуді жүргізудің тәртібін нақтылайды.";
2-тармақтың алтыншы абзацы алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Келісу тәртібі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келісу келісу бастамашысының ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне хаты негізінде жүзеге асырылады.
Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған жағдайда, келісу бастамашысы шұғыл жұмыстарды жүргізеді, бірақ мұндай жағдай туындаған кезден бастап 12 сағат ішінде ҚР МКҚ-ны жазбаша хабардар етеді.
Хабарламаға осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етпесе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарастырылады.
Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етсе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырылады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қосымша зерделеу және тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарастыру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және қарастыру мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде келісу бастамашысы хабардар етіледі.
Қарастыру мерзімін субъект басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Келісу бастамашысы хатының мәтінінде болжалды жұмыстың қысқаша сипаттамасы, оларды орындаған кездегі жоспарланған нәтижелері, өндіріс әдісі, жүргізу орны мен мерзімдері көрсетіледі. Келісу бастамашысының хатына мынадай құжаттар қоса беріледі:";
8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) келісу бастамашысының хатын толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы, мұндай шешімнің қабылдануын дәлелдеп немесе дәлелдеместен;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қабылданған шешім туралы келісу бастамашысы жазбаша хабардар етіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыс өндірісінің мерзімі ұзартылған жағдайда, келісу бастамашысы ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне қайтадан хат жолдайды.";
осы Нұсқаулықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Үшінші және Сегізінші департаменттерінің басшылығына жүктелсін.
генерал-майор | А. Күреңбеков |
Нысан
АНЫҚТАМА
_______________________________________
(жұмыстың және ұйымның жалпы атауы)
1. Түскен күні/құжаттың кіріс №:_____________________________________
(құжаттың кіріс нөмірі)
2. Сұрау салу бастамашысы:___________________________________________
(жұмыс жүргізуді жоспарлаған компания,
жауапты адамның Т.А.Ә. (ол болған
жағдайда), байл.тел.)
3. Басшылықтың резолюциясы___________________________________________
(ҚР МКҚ басшылығының бұрыштамасы)
4. Қосымша:__________________________________________________________
(негізгі хатқа қоса берілген құжаттар, схемалар,
жұмыскерлер мен техниканың тізімі, басқа органдармен
келісу және т.б.)
5. Орындау мерзімі:__________________________________________________
(бақылау карточкасындағы орындау мерзімі)
6. Қысқаша мазмұны:__________________________________________________
(жоспарланған жұмыстардың сипаты мен сипаттамасы,
ұйымның өтінімі бойынша орындау мерзімі, өткізу
орны, сондай-ақ күзетілетін адамның қауіпсіздік
режиміне ықтимал жағымсыз салдарлар)
7. Тексеру нәтижелері (есептер бойынша персоналды тексеру,
реквизиттердің сәйкестігін, өзге де құжаттарды тексеру):_____________
_____________________________________________________________________
(тексеру қандай базалар арқылы жүзеге асырылды және ұйым
_____________________________________________________________________
қызметкерінің беделіне нұқсан келтіретін материалдың бар-жоғы)
8. Ерекше белгілер:__________________________________________________
(құжатты орындау жеделдігі, жұмысты орындау
мерзімдерін ұзарту және т.б.)
9. ҚР МКҚ мүдделі бөлімшелерімен келісу:_____________________________
10. Орындаушының тұжырымы:___________________________________________
(орындаушының жұмыстардың осы түрлеріне
рұқсат беру немесе бас тарту бойынша негіздемесі)
11. Іс-шаралар:______________________________________________________
(жұмыстардың аталған түрлеріне бақылау бойынша
шаралар кешені)
12. Орындаушының қолы:_______________________________________________
(орындаушының лауазымы, атағы және тегі)
13. Бөлімше бастығының қолы:_________________________________________
14. ҚР МКҚ Үшінші департамент немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы
басшысының қолы:____________________________________________________"